Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Қазақстан Республикасы Денсаулықсақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қызылорда жоғары медициналық колледжі
Мамандығы бойынша 0302000 Мейірбикеісі
Біліктілігі Қолданбалы бакалавр
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: "Миокард инфарктісіне әкелетін қауіп факторлардың таралуының алдын-алудағы мейіргер рөліне шолу"
Орындаған: Тлеумбетова Гулдана
Қорғауға бекітілген Ғылыми жетекшісі
арнайы пән оқытушысы
Алимжанова А
________________
қолы қолы
Қызылорда 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕР
КІРІСПЕ
1-тарау ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ
0.1. Қанайналымы жүйесінің аурулары медико-әлеуметтікмәселе
0.2. Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
0.3. Қанайналым жүйесі ауруларының профилактикасы және скринингте мейіргердің рөлі
2-тарау. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Миокард инфарктісіне әкелетін қауіп факторларын азайту бойынша жүргізілген әлемдік тәжірибиелерге шолу
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Қысқартылған сөздер
АГ - артериалды гипертензия
АҚҚ - артериялық қан қысымы
ГХС - гиперхолестеринемия
ГТ - гипертриглицеридемия
ГЛП - гиперлипидемия
ГУ - гиперурикемия
ГГ - гипергликемия
ДДҰ - Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымы
ДСИ - дене салмағының индексі
ЖҚА - жүрек-қантамыр аурулары
ЖИА - жүректің ишемиялық аурулары
ИЕА - инфекцциялық емес аурулар
ҚЖА - қанайналым жүйесі аурулары
ҚФ - қауіп факторлар
МИ - миокард инфарктісі
СЖЖ - созылмалы жүрек жетіспеушілігі
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
Кіріспе
Тіркес сөздер: қанайналым жүйесі аурулары, аурушаңдық, мүгедектік, өлім-жітім, қауіп факторлары, аурушаңдықтың таралуы, скрининг, қауіп факторын бағалау, шетелдік зерттеулер, стратегиялар.
Тақырыптың өзектілігі:Қанайналым жүйесінің аурулары әлемнің көптеген елдерінде өлімнің негізгі себебі болып отыр. Бұл ауру ересек халықты ұзақ мерзімді мүгедектігіне және зор экономикалық шығынға алып келеді. Жыл сайын 9,4 млн астам адамдар осы аурудан көз жұмған, немесе 16,5% барлық өлім жағдайлары жоғары қан қысымынан туындаған. Сондықтан да, 2018 жылды Дүниежүзілік артериалды гипертензиямен күрес күні деп жариялаған[1].
Әлемдік статистика бойынша, 2018 жылы қанайналым жүйесі ауруларынан 17,5 млн адам қайтыс болған, соның ішінде 7,4 млн адам жүректің ишемиялық ауруларынан және 6,7 млн адам инсульттан[2]. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2030 жылы шамамен 23,6 миллион адам ҚЖА қайтыс болады, соның ішінде жүрек ауруларынан және инсульттан[3].
Жыл сайын Еуропада 4,3 млн адам қанайналым жүйесі ауруларының салдарынан қайтыс болады.Қазіргі уақытта Еуропада 65 жастан асқан 800 000 адам жыл сайын осы аурудың салдарынан көз жұмады. Жүректің ишемиялық аурулары - Еуропадағы ең көп таралған өлім себептерінің бірі. Еуропалық Одақ елдерінде 16% ерлер және 15% әйелдер ЖИА қайтыс болады. Инсульт екінші орын алады және ол жиі әйелдерде туындайды: 17% өлім-жітім әйелдер арасында және 11% - ерлер арасында[4]. ТМД елдері үшін қанайналым жүйесі аурулары өлімнің негізгі себебі болып қала береді. 2020 жылы 57,7% , 2019 жылы 52,7% адамдар осы аурудан көз жұмған[5]. Соңғы онжылдықта Ресей халықының арасындаәлеуметтік тәуелді ақаулар дамып келе жатыр, басты орында қанайналым жүйесі ауруларының ішіне кіретін артериалды гипертония (АГ) және жүректің ишемиялық аурулары (ЖИА). Бұл ауру мүгедектік пен мерзімінен бұрын ерте өлімге алып келеді. Жыл сайын Ресейде қанайналым жүйесі ауруларынан 1 миллионнан астам адам көз жұмады. Бұл ұлттық экономикаға айтарлықтай нұқсан келтіруде[6].
Қазақстан Республикасында 2020 жылы қанайналым жүйесі ауруларынан 10 мың адамға шаққанда 404,0 адам қайтыс болған[7]. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметі бойынша 2019 жылы қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітімнің абсолюттік саны 100 мың тұрғынға шаққанда 217,8 құрады.Сонымен бірге, өлім-жітім жағдайларының арасында ЖИА және цереброваскулярлы аурулары бар науқастардың үлесі тиісінше 43,0% және 26,0% құрады. ЖИА көз жұмғандар арасында 47,3% 18 жастан 64 жасқа дейінгі еңбек жасындағы адамдар болды. Өлім-жітімді талдау кезінде 66% қала тұрғындары, 34% ауыл тұрғындары анықталды. Оның ішінде ерлер 52% және әйелдер 48% құрады.Сонымен қатар, ерлердің еңбекке жарамдылығының үлесі 72% құрайды. Дегенмен, қанайналымы жүйесі аурулары Қазақстан Республикасы халқының мүгедектігінің негізгі себебі болып отыр, қанайналым жүйесі ауруларынан мүгедектік деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 104,6 жағдайды құрады[8]. 2018 жылы ҚЖА-ның деңгейі 100 мың тұрғынға шаққанда 2413,0 құрады. 2019 жылы Қызылорда қаласы бойынша қанайналым жүйесі ауруларынан аурушаңдық көрсеткіші 48380 адам құрады[9]. Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдардағы қанайналым жүйесі ауруларынан мүгедектік деңгейі (Қосымша 1). Зерттеу жүргізілген қалалық емхана бойынша осы аурудан аурушаңдық 2994, мүгедектік 177 және өлім жағдайы 65 адамды құрады. Бұл көрсеткіш баска жылдарға қарағанда жоғары. Сондықтан да, қанайналым жүйесі аурулары аурушаңдық бойынша таралуы, асқыну мен өлім жиілігінің жоғарылығына қатысты денсаулық сақтау жүйесінің ең маңызды проблемалардың бірі болып саналады.
Зерттеу мақсаты:Миокард инфарктісіне әкелетін қауіп факторлардың таралуының алдын-алудағы мейіргер рөліне шолу
Зерттеу міндеттері:
* Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді шолу;
* Миокард инфарктісіне әкелетін қауіп факторларын азайту бойынша жүргізілген әлемдік тәжірибиелерге шолужәне нәтижелерін анализдеу
* Нәтижесін талдау және қорытынды жасау;
Курстық жұмыстың көлемі мен құрылымы
Курстық жұмыс 23 компьютерлік мәтін бетінен тұрады. Курстық жұмыс кіріспе, әдебиеттерді шолу, зерттеу материалдары мен әдістері, зерттеудің нәтижелері, қорытынды, пайдаланылған ақпараттар тізімі әдебиеттен,оның ішінде шетелдік әдебиет, отандық әдебиет, интернет көзі және қосымшалардан тұрады.
1-тарау. ҚАНАЙНАЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ АУРУЛАРЫ ҚОҒАМ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ПРОБЛЕМАСЫ
0.1 Қанайналым жүйесінің аурулары медико-әлеуметтікмәселе
Қанайналым жүйесінің аурулары - бұл жүрек және қантамырларының қызметінің бұзылуы. Әлемнің көптеген дамыған елдерінде денсаулық сақтаудың басты проблемаларының біріне айналып отыр. Ол көбіне ересек адамдарды мүгедектікке шалдықтырады, немесе өлімге әкеліп соқтырады. Жалпы өлім-жітімнің 52%жүрек-қантамыр аурулары құрайды[10].
Соңғы 30 жылда Қытайда елеулі және түбегейлі өзгерістер болды.Жүрек-қантамыр ауруларының эпидемиясы өмір салтын өзгерту, урбанизация және қартаю процесі нәтижесінде туындады. Жүрек-қантамыржүйесі ауруларының жиілігі тұрақты түрде артып келеді және келесі онжылдықта сақталады.2005 жылдан бастап ҚытайдағыҰлттық Орталықжүрек-қантамыр жүйесінің аурулары туралы жыл сайынғы есебін жазу үшін кардиология, неврология, нефрология, қант диабеті, эпидемиология, денсаулық сақтау, денсаулық сақтау экономикасы, биостатистика және басқа да салалардағы мамандарды ұйымдастырды.Баяндаманың мақсаты жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының эпидемиясының өсуін уақытылы анықтау, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының алдын алу және бақылау барысын бағалау болып табылады.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім.2018 жылы жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан өлім көрсеткіші ауылдық жерлерде 100 мың адамға 295,63, қалалық жерлерде 100 мың адамға шаққанда 261,99 құрады, 2019 жылдан бастап ауылдық жерлерде өлім-жітім көрсеткіші жоғары болуда. 2018 жылы ЖҚА өлім-жітімнің негізгі себебі болып қалуда, бұл 44,60% және 42,51% ауылдық және қалалық жерлердегі өлім-жітіммен салыстырғанда, қатерлі ісік немесе басқа аурулардан болатын өлімнен жоғары.2020 жылы стандартталған жас шамасына қарай жүрек-қантамыр ауруларынан өлім-жітім 21%-ға төмендеді.Инсульт ерлер мен әйелдер арасында өлімнің негізгі себебі болып табылады, ишемиялық инсульт 28,8% және геморрагиялық инсульт 37,7% құрайды. Алайда, Қытай халықтарының қартаюына байланысты 1990 жылдан 2020 жылға дейін ҚЖА өлім-жітімінің абсолюттік саны 46%өсті, ал ЖИА және өлім жағдайлары тиісінше 90,9% және 47,7% өсті[11]. Жүрек-қантамыр жүйесінің ең көп тараған аурулары: артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы, жедел миокард инфарктісі, жүрек жеткіліксіздігі және инсульт.
Миокард инфарктісі - бұл жүрек ұстамасының медициналық атауы. Жүрек ұстамасы өмірге қауіп төндіретін жағдай, жүрек бұлшық етінің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуынан онда өлі еттену (некроз) ошағының пайда болуы[17].
Коронарлық артерия ауруы 45 жастан асқан адамдарда жиі кездеседі.Үндістанда коронарлық артерия ауруы Батыс елдеріне қарағанда шамамен он жыл бұрын пайда болды. Бұл зерттеу жедел миокард инфарктісі бар жас пациенттердің қауіп факторларын зерттеу үшін өткізілген.
Қауіп факторларды анықтау үшін 40 жастан асқан жедел миокард инфарктісі бар 124 науқас зерттелді.Коронарлық ангиография жүргізілді. 124 науқастың 123 ерлер. Орташа жас +-35,94 жасты құрады.ST сегментінің жоғарлауы118 адамда(95,16%), ал 6 адамда (5,84%)ST сегменті қалыпты болды. Миокард инфарктісінің алдыңғы қабырғасы 88 науқаста (70,97%), 31 науқаста (25%) миокард инфарктісінің төменгі қабырғасында және 5 науқаста (4.03%) миокард инфарктісінің бүйірлік қабырғасында анықталды.73(58,8%) науқас темекі тартқан, 55 (44,35%) гипертониямен, 10 (8,06%) - диабетпен ауыратындығы анықталды.22 (17,7%) науқаста отбасында коронарлық артерия ауруы бар екендігі анықталды. 53 (42,7%) адамда жоғары тығыздықтағы липопротеин төмен екендігі және 60 (48,38%) адамда триглицерид жоғары екендігі анықталды. 88 (70,96%) науқаста коронарлық артерия ауруы анықталды, ал 13 (10,48%) адамда бұл ауру анықталған жоқ. Жедел миокард инфарктісі көбіне ерлер арасында кездеседі. Шылым шегу, гипертония, жоғары тығыздықтағы липопротеин деңгейінің төмен болуы және триглицерид деңгейінің жоғары болуы миокард инфарктісінің негізгі қауіп факторлары болып табылады[18].
1.2. Қанайналым жүйесі ауруларының қауіп факторларының маңыздылығы
Қауіп-қатер факторларды бағалау және оларды басқару аурушандықтың, мүгедектіктің және ерте өлім-жітімді азайтуға мүмкіндік береді. Мысалы: тұтынатын тұзды 10 г нан 5 г азайтса инсульттың дамуы 23%, жүрек-қантамыр аурулары 17% төмендейді. Ал темекі шегуді тоқтату, дене салмағын реттеу, дене белсенділігін сақтау қанайналым жүйесі ауруларының дамуын айтарлықтай төмендетеді[27].Көпжылдық зерттеулердің негізінде халықтың денсаулығы 49 - 53% өмір сүру салтына, қоршаған ортаға 17-20% (экология, климат), тұқымқуалайтын ауруларға (генотип, адам биологиясы) 18-22% және 8 -10% денсаулық сақтау жүйесібайланысты.
Қауіп факторларды екі түрге бөлуге болады: басқарылатын және басқарылмайтын.
БАСҚАРЫЛМАЙТЫН
Жас. Қартаю-жүрек-қантамыр аурулары үшін қауіп фактор; 55 жастан кейін әр 10 жыл сайын инсульттің дамуы екі еселенеді.
Жыныс. Ер жынысы жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторы болып табылады. Жас ұлғайған сайын ағзадағы гормондар мөлшері азаятын болғандықтан, аурудың даму қаупі жоғарылайды.
Тұқымқуалаушылық. Егер туысыңыз (әкесі, ағасы) 55 жасқа дейін миокард инфарктісінен зардап шеккен болса сізде жүрек ауруының даму қаупі жоғары болады. Егер ата-ананың екеуі де 55 жасқа дейін жүрек ауруына шалдықса, жүрек ауруының даму қаупі жалпы халықпен салыстырғанда 50%-ға дейін артуы мүмкін[28].
БАСҚАРЫЛАТЫН
* Шылым шегу
Шылым шегу бірнеше механизмдер арқылы жүрек-қантамыр ауруларына ықпал етеді.Эндотелияға зиянын тигізеді, артерияларда майдың жиналуын, қанның ұюын арттырады, төменгі тығыздықты липопротеин холестерин деңгейін жоғарылатады, жоғары тығыздықты липопротеинді төмендетеді және коронарлық артерияның спазмын арттырады.Темекіге тәуелділікке ие никотин, жүректің соғу жылдамдығын арттырады және қан қысымын жоғарылатады[29].
Темекі шегу денсаулыққа жағымсыз әсер етеді, алайда оның таралуы байқалады. Бұл зиянды әдет коронарлық жүрек ауруларының, цереброваскулярлық аурулардың, перифериялық қанайналым бұзылыстарының және төменгі дене мүшелерінің тамырларының зақымдануына алып келеді. Шын мәнінде, бұл адам ағзасына ұзақ әрі созылмалы қауіпті химиялық қоспалардың әсері туралы болып отыр.
Жүрек-қантамыр жүйесінің физиологиялық реакциясын кішкене дене жүктемесіне ұқсас никотиннің әсерлері:жүрек жиілігін арттырады (минутына 5-7), АҚҚ жоғарылатады, артерияларды уақытшатарылтады, тыныс алудың минуттық көлемін арттырады, лактат пируваттың үлесі азаяды[30].
Жыл сайын Америка жүрек ассоциациясы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен, Денсаулық сақтау ұлттық институтымен және де басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отыра жүрек аурулары, инсульт және басқада қауіп факторлардың (темекі шегу, дене белсенділігі, диета, дене салмағы, холестерин, қандағы қант мөлшері, артериалық қан қысымы) соңғы статистикалық деректер біріктірген.
1. 2019 жылы 18 жастан асқан ересектер арасында темекі тұтынудың жалпы көрсеткіштері 15,2% (ерлердің 16,7% және әйелдердің 13,7%, халық денсаулығына қатысты сауалнама жүргізу) бойынша бағаланды.
2. АҚШ-та темекі тұтынудың айтарлықтай жоғары көрсеткіші төмен әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы адамдарда кездесті, үндістер, бисексуал, транссексуалдар арасында, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдар мүгедектік туралы хабарлаған.
3. Ең жоғары көрсеткішке ие аймақ - Орта Батыс (20,7%), ал ең жоғары пайызы бар мемлекет - Батыс Вирджиния (26,7%). Өңірлік деңгейде ең төменгі пайыз Батыста (13,1%) және Юта штатында (9,7%).
4. 2019 жылы электронды сигареттер орта мектептің оқушылары (5,3%) және орта мектептер (16,0%) арасында ең көп тұтынылатын темекі өнімдері болып табылады.Соңғы бірнеше жылда темекі мен кальяндарды қолдану кеңінен таралды.
5. 2020 жылдың мамыр айында АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету басқармасы электрондық сигареттерді дәстүрлі жанғыш сигареттер сияқты бірдей ережелер мен шектеулерге сәйкес орналастырды.
6. Бұдан басқа, темекі өнімдерін сатып алу үшін 21 жасқа дейінгі темекі заңнамасы 21 жастан асады[31].
* Алкогольді тұтыну
Алкогольді зиянды пайдалану жүрек бұлшықетіне зақым келтіреді және инсульт пен жүрек аритмиясы қаупін арттырады.Дүниежүзі бойынша ішімдік ішу (бір мезгілде көп мөлшерде алкогольді тұтыну) 2,5 миллионға жуық адамның өліміне және әлемдік ауыртпалықтың 4,5 пайызына жауапты.Тым көп алкогольді тұтыну, артериялық қысымды, өткір миокард инфарктісін, кардиомиопатияны, бауыр циррозын, зорлық-зомбылықты және өз-өзіне қол жұмсау сияқты басқа да мәселелерді тудыруы мүмкін[32].
Алкогольді тұтыну өлім мен мүгедектіктің үшінші маңызды факторы болып табылады.Дегенмен, алкогольді тұтынудың артықшылықтар мен зиянды жақтары бар.Бес құрлықтағы экономиканың түрлі деңгейлеріндегі елдердің алкогольді тұтыну мен ықтимал когорттары арасындағы байланыстар зерттелді. 12 елдің ақпаратын қосып, 35-70 жас аралығындағы адамдар арасында проспективті когортты зерттеу жүргізілді.
Зерттеу 114 970 ересек адамдардан тұрды, оның ішінде 12 904 (11%) жоғары табысты елдер, 24 408 (21%) орта табысы бар елдер, 28 813 (25%) төмен табысты елдерден тұрды. Алкогольді тұтыну 36 030 (31%) адамда тіркелді, миокард инфарктісінің төмендеуі байқалды, бірақ рак ауруының және жарақаттардың санын көбейді. Қазіргі жағдайдағы алкогольді тұтыну клиникалық нәтижелерге және кіріс аймағына байланысты әр түрлі қауымдастыққа ие болды.Дегенмен, алкогольді тұтынуды азайту жөніндегі жаһандық денсаулық сақтау стратегиялары және ұлттық бастамаларды қолдауға жеткілікті жалпы белгілер анықталынды[33].
Жыл сайын Америка жүрек ассоциациясы ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарымен, Денсаулық сақтау ұлттық институтымен және де басқада мемлекеттік органдармен бірлесе отыра жүрек аурулары, инсульт және басқада қауіп факторлардың (темекі шегу, дене белсенділігі, диета, дене салмағы, холестерин, қандағы қант мөлшері, артериалық қан қысымы) соңғы статистикалық деректер біріктіреді.
Тығыздығы төмен липопротеин холестерині 2019 жылдары ересек американдықтар арасында 2020 жылдары 126 мгдл-ден 111 мгдл-ға дейін төмендеді. Жасы шамасы бойынша, жоғары тығыздықтағы липопротеин холестеринінің таралуы 1999-2000 жылдары 42,9%-дан 2020 жылдары 28,5% -ға дейін төмендеді.
2011 жылдан 2019 жылға дейінгі NHANES үшін 1999-2000 жылдардағы Ұлттық денсаулық және тамақтану туралы сауалнаманың деректері (NHANES) бойынша, холестеринді төмендететін емді қолдану ересектерде 1999-2000 жылдары 8%-дан 2020 жж. 18% -ға дейін айтарлықтай өсті.Осы кезеңде статиндерді пайдалану 7% -дан 17% -ға дейін өсті.1988 жылдан 1994 жылға дейін, 2019 жылдан 2020 жылға дейін 12-ден 19 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған сарысудағы жалпы холестериннің орташа деңгейі барлық жыныстық топтарда төмендеді[47].
1.3. Қанайналым жүйесі ауруларының профилактикасы және скринингте мейіргердің рөлі
Қанайналым жүйесі ауруларын алдын-алу бойынша Еуропалық ұсынымдар
Алдын-алу стратегиялары. Жүрек-қантамыр ауруларын алдын алу үшін 3 стратегия бар: халықтық, жоғары тәуекелділік стратегиясы және екіншілік профилактика.Бұл үш стратегия бір-бірін толықтырады. Халықтық стратегия жүрек-қантамыр ауруларын азайтудың кілті болып табылады, өйткені ол өмір сүру салтын өзгерту арқылы бүкіл халықтың қауіп факторларын төмендетуді қамтиды және медициналық тексеруді талап етпейді. Қалған екі стратегия жоғары қауіпті (алғашқы профилактикалық) науқастарда және жүрек-қантамыр аурулары бар науқастарда (екіншілік профилактика) осы аурудың қаупін азайтуға бағытталған. Біріншілік профилактиканы жүрек-қантамыр ауруларының қауіп факторлары бар дені сау адамдарға жүргізеді, ал екіншілік профилактиканы жүрек-қантамыр ауруларының көріністері бар адамдарға жүргізеді. Бір қолайсыз нәтижеге жол бермеу үшін, алдын алу жұмыстарын жеткілікті саны бар адамдар арасында жүргізу қажет[52].
Қазақстандағы алдын-алу стратегиясы
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы негіз болды.
Бағдарламаның мақсаты мемлекетіміздің әлеуметтік әл-ауқаты мен экономикалық өркендеуінің негізі ретінде азаматтардың денсаулығын сақтаудыңтиімді және орнықты жүйесін дамытуды қамтамасыз ету.
Бағдарламаның міндеттері:
1.Санитариялық әл-ауқатты, қауіп факторларыныңпрофилактикасын қамтамасыз ету, дұрыс тамақтануды насихаттаумен саламатты ӛмір салтын ынталандыру негізінде халықтыңденсаулығын нығайту.
2.Халықтың мұқтаждығына бағытталған, интеграцияланғанденсаулық сақтау жүйесінің негізінде медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін, тұтастығы мен сапасын қамтамасыз ету
3.Ұлттық денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту, оның тиімділігін,қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету
4.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылымемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың ортақжауапкершілігіне негізделген денсаулық сақтауды қаржыландыружүйесін құру[53].
Қазіргі уақытта елімізде міндетті скринингтік зерттеу жүргізілуде.Бұл ауруды ерте кезеңдерде анықтауға, сондай-ақ аурудың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтауға бағытталған зерттеу.
СКРИНИНГ (SCREENING) - 1951 жылы АҚШ-тың Созылмалы аурулар жөніндегі комиссиясы скринингкке анықтама берді: Тесттерді, сауалнамаларды немесе басқа да оңай қолданылатын процедураларды жүргізу арқылы ауруларды анықтау. Скринингтік тексерулер адамдар арасында ауруды ерте кезеңінде және қауіп факторларды анықтауға мүмкіндік береді.Скринингтік тексеру диагнозға арналмаған. Тексеру барысында күдікті нәтижелер анықталған жағдайда, диагноз койдыру үшін және қажетті емді белгілеу үшін адамдарды өздерінің дәрігерлеріне жіберілуі керек.Әдетте, скрининг созылмалы ауруларға және медициналық көмекке қол жеткізбеген ауруларды анықтауға бағытталған.Скрининг аурудың қауіп факторларын, генетикалық бейімділігін және аурудың ерте көрінісін анықтауға мүмкіндік береді.Медициналық скринингтің әртүрлі түрлері бар, олардың әрқайсысының өз бағыттары бар.
Скрининг түрлері
Бұқаралық скрининг - жалпы халықты скринингтен өткізу дегенді білдіреді.
Кешенді немесе көп өлшемді скрининг - түрлі скринингтік сынақтарды бір уақытта қолдану.
Профилактикалық скрининг - сау адамдарда ауруларды ерте анықтауға бағытталған, олар ерте сатысындада анықталса, соғұрлым нәтижесі жақсы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz