Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Абай атындағы Қазақ ұлттық Педагогикалық университеті
Педагогика және Психология
Слям Альбина 1топ 2курс ДОйВ

№ 11 - 12 Дәріс
Лекция
Өнер философиясы. Қоғам және мәдениет.

Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең.
Мәдениет - тарихи құбылыс. Оның дәрежесі мен сипаты қоғамдық өмірдің жағдайларына байланысты өзгеріп отырады. Тарихи дәуірлердің алмасуы мәдениеттің мазмұны мен формаларына сөзсіз терең өзгерістер енгізеді.
Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары:
мәдени әрекет,
мәдени орта,
мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және
мәдени ұйымдар мен ұжымдар.
Иоганн Готфрид Гердер
Бұлардың арасында ең түбегейлісі -- мәдени әрекет. Әрекеттену -- жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.
Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. Белгілі философ Иоганн Готфрид Гердер :

Салт-дәстүр, тіл мен мәдениет бастауларының анасы

- деген
Қоғам және мәдениет.
Қоғам және мәдениет ұғымдарың жиi ұштастырады, бiр мағынада қолданады. Бiрақ бұл дұрыс емес, өйткенi бұлар әр-түрлi екi ұғым болып табылады. Қоғам дамып отыратың тiрi организм ретiнде көпсапалы қатынастарда болатың адамдар жиынтығы болап табылады.
\r\n
\r\nМәдениет феноменiн көптеген ғылымдар зерттейдi, олардың әрқайсысы мәдениетке әр-түрлi тұрғыдаң өз анықтамасың бередi. Солардың iшiнде эвристикалық мәнi бар анықтамалар келесiПродуктивтiлiк (өнiмдiлiк), мұнда мәдениет бiрiккен, материалды және рухани өндiрiстiң нәтижесi деп түсiндiрiледi.
Креативтiлiк, мұнда мәдениет шығармашылық, жасампаз әрекет ретiнде көрiнедi.
Аксиологиялық (құндылықтық), мұнда мәдениет феноменi қоғамға маңызды болатың құндылықтар жиынтығы деп қарастырылады.
Барлық айтылған түсiнiктерге жалпы ортақ негiз, ол мәдениеттi шығармашылық әрекет бағытта қарастыру, оның нәтижесiнде қоғамға құнды өнiмнiн жасалуы болып табылады. Жоғарыда айтылғанның бәрiн синтездей келiп, келесi түйiн жасауға болады: Мәдениет- дегенiмiз iс-әрекеттiң оның нәтижелерiмен бiрге бейiмдi болатың жаңашылдық түрлердiн жиынтығы, олар өз көрiнiсiн адамның күш-қуатының мәнiнде табады. Мәдениет- бүкiл қоғамдық өмiрдi өзгертуге және қайтадан жаңғыртуға мүмкiндiк беретiн үнемi даму үстiнде болатын iс-әрекет, мiнез-құлық және қарым-қатынас жасаудың биологиялық емес бағдарламаларының күрделi жүйесi. nМәдениеттер типологизациясы, бiрнешеiс-әрекет мiнезiне және оның нәтижелерiне қарай- материалдық және рухани деп бөлiнедi. Бiрiншiсi өндiрiстi, материалдық игiлiктердi айырбастау және таратуды қамтиды; екiншiсi- өнер туындыларың, бiлiмдi, идеалдарды, идеяларды, мораль және құқық нормаларың т.б. қамтиды шетел әдебиеттерiнде мәдениет ұғымың жиi тар мағынада алып рухани мәдениет ұғымына тенестiредi, онда ғылымдар, бiлiм беру, тiл және өнер көлемiне енгiзiп (Кассирерт.б nРухани мәдениет ерекшелiгi, ол ерекше таңбалар және мәндер әлемiн бiлдiретiнде. Бұл мәдениеттiн таңба- символдар жүйесiнде iргелi мәндердi игеру мен түсiну жатыр. Гегелдiң аытуынша субъектiнiң мәдениетке енуiнiң екi өзарабайланысты жақтары бар: жалпыға ортақ тәжiрибе мен бiлiмге көтерiлу және ерекше бiр формада субъективтендiрiлу. Сонда тек бiлiмдi қана емес, сондай-ақ шығармашылық күшi бар, әр-түрлi мәдениеттер контекстiнде жұмыс iстей алатың адам қалыптасады.\ ) мәдениеттер дифференциациясы (бөлiнуi) оның субъектiсiне қарай да болады. Мысалы, бұқаралық мәдениет субъектiсi, оның негiзгi бағыты құндылықтар үлгiқалыптарың төмендету және комерциялық табысқа жету, көпшiлiкке немесе әлеуметтiқ қауымдарға тән. 4) мәдениеттi географиялық негiзден де қарастыру орын алады. Мысалы, Батыстық және Шығыс мәдениетi деп бөлу. Л.Гумилев, мұндай бөлiнудiн шартты және абстрактiлi екенiн ашып көрсеттi, Еураазиялық құрылықты (континент) бiрiншi немесе екiншi iргесiнен қарамай, үстiнен қарау қажеттiгiн айтып. Бiрақ, мұндай бөлiнудiн өз пайдасы бар екенiң де ескеру керек, өйткенi оның (географиялық бөлiну) өз дұрыс жақтары бар, әсересе ол субэтникалқ мәдениеттердi талдауда ең аса маңызды мiнездемелерiнде тоқталуға мүмкiндiк бередi. Мәдениет дамуының негiзгi заңдылығы, бұл- сабақтастық (преемственность) болып табылады. Материалдық мәдениетте ол бiр ұрпақтан келесi ұрпаққа өндiргiш күштердiң (еңбек құралдары, технологиялар, өндiрiстiк тәжiрибе т.б.) және өндiрiстiк қатынастардың (ақша-товар қатынастары, т.б. материалды қатынастардың) элементерiнiң жетуi, осыз материалдық өндiрiстiн жүзеге асуы мүмкiн емес болар едi Рухани мәдениетте ондай ккомпоненттердiң тамырлары ғасырлар тарихында жатыр, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, идеалдар т.б. Оларды шауып тастау- дегенiмiз рухани мәдениеттi өз мәнiн үнемi жаңартып отырудаң айыру б.т. Сонымен қатар, мәдениет формаларының сабақтастығы тек ұлттық, таптыққты ғана емес, сонымен қатар жалпы адамдықты да қамтиды. Мысалы, әдеби шығармаларда ашылатың махаббат, әдiлеттiк, өлiм және өмiр т.б. мәселелер және оларға деген қатынас бәрiне де ортақ болып келедi. Мәдениетке ұғымы сияқты, өркениет ұғымы да әр-түрлi мағынада қолданылады:

Мәдениет философиясы[[1]] -- мәдениеттің идеясын, мақсаттарын, принциптері мен алғышарттарын зерттейтін философиялық пән. Мәдениет философиясы мәдениетке, оның формалары мен мән-мағынасына филос. талдау жасайды. "Мәдениет философиясы" терминін XIX ғасырдың басында неміс философы А.Мюллер енгізді. XX ғасырдың басында Мәдениет философиясы мәдениет эволюциясының әр түрлі кезеңдерін зерттеуге бағыт алды. Осыған орай мәдениет феномендерін зерттеуде ерекше тәсілдерді қолданып, онымен айналысатын арнайы ғылым саласын қалыптастыру идеясы туды. Мысалы, неокантшылдар В.Виндельбанд пен Г.Риккерт "мәдениет туралы ғылымдар" мен "табиғат туралы ғылымдарды" ажыратуды ұсынды. Осылайша олардың тұжырымдамасы мәдениет пен табиғат арақатынасы мәселесін, сондай-ақ мәдениеттің құндылықтық мәнін айқындады. Мәдениеттің теоретикалық ілімдерінің көптігі оны пайымдаудың барлық баламаларын көрсетеді. Олар әр түрлі ғылыми теориялар негізінде Мәдениет философиясының принциптері мен тәсілдерін айқындайды. Мәдениеттануда "дәуір мәдениеті", "этнос мәдениеті", "ұлттық мәдениет", "христиандық мәдениет", "мұсылмандық шығыс мәдениеті", тағыда басқа ұғымдар көп кездеседі. Осы секілді ұғымдар әр түрлі мәдени тұтастықтарды тарихи, әлеум., филос. көзқарастар тұрғысынан жіктеу нәтижесінде тізбектеледі. Білімнің гуманитарлық саласы мәдениеттің алуан түрлілігін белгілі бір жіктелімге енгізіп, мәдениеттің типологиясына немесе философиясына әкеледі; Мәдениет әлемі - құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Философиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Техника философиясы
Философия мен мәдениет
Теориялық дінтану
Классикалық философия сұрақтарына жататындар
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Философия (лекциялар)
Даналыққа құштарлық және философиялық пікірлер
Таным, шығармашылық және интуиция арақатынасы. Философиялық концепциялардағы білім мәнінің анықталуы
Философия пәні және оның қызметі
Философияның мақсаты мен мәні
Пәндер