Қасиетке толы - Қараман ата


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы
"№7 мектеп-лицейі" ММ

Қасиетке толы - Қараман ата.

https://i1.photo.2gis.com/images/geo/0/30258560048989054_775a.jpg

Нурбергенова Жанар Мендибаевна

Бастауыш сынып мұғалімі.

2020-2021 о. ж

Қасиетке толы - Қараман ата.

Маңғыстау - ежелгі өркениет елі. 11 мың тарихи ескерткіш, ашық аспан астындағы мұражай, ерекше діни ғимараттар мен мешіттер өлкесі. Сондай киелі орындардың бірі- талайларды таңғалдырып келе жатқан Қараман ата жерасты мешіті.
Қараман ата кесенесі Шетпеден 35 км жерде, Бекі елді мекенінің батыс жағындағы Қандыбас қырқасына таяу жерде, Қандыбас қыстағының батысында 5 км жерде орналасқан. Қараман Ата жерасты мешіті үш бөлмеден тұрады. Кіре беріс бөлме, оған жалғас намаз оқитын зал және Қараман ата жерленген дөңгелек бөлме. Онда төбені тіреп тұратын ұстындар бар. Екі бөлменің төбесінен жарық түсетін дөңгелек терезелер ойылған. Төбе сол жердің бетін алып жатқан ұлутастан тұрады. Қараман ата мешіті жазық тегіс даладағы жер астындағы қалың бор қабатын ойып салған.

Қараман ата жер асты мешіті - бағзы заманнан бері ант берісіп, ақ-қараны айыратын бірден-бір қасиетті де киелі орын. Маңғыстау адайларының тағдыры шешілген тарихи жер. Сондықтан да бұл орын тарихта әділдіктің орны ретінде белгілі. Бұл жерде күні бүгінге дейін халық келіп анттасып жатады.

Ғалымдар Қараман Ата мешітінің салыну кезеңін ХІІІ ғасырға жатқызады.

Әскери қорғаныс мақсатында да пайдалануға болады. Бұған осы Қараман ата мен Шопан ата жерасты жол каналы куә. Шақпақ ата мешіті де бірнеше шақырым жерасты жолымен осы аталмыш әулиелер мекенімен байланысқан. Қараман ата кесенесінен Есен ата кесенесі 28 км жерде орналасқан, аңыз бойынша, осы екі нысанның арасын жалғастырған жерасты жолы бар делінеді. Қараман ата осы жерасты жолымен келіп, мешіттен 6-7 шақырым жердегі Ақсай тұйығынан су алып тұрғандығы жайында айтылады. Қараман ата туралы түрлі аңыз-әңгімелерді ашып тарқатсақ, Қараман атаны бүкіл халық құрмет тұтқан. Ол тіпті көзі тірісінде-ақ әулие атанған жан. Адасқанда тура жолға бастап, жастарды қолдап, тілегінің орындалуына себепкер болып отырған дейді.

Бір аңызда («Маңғышлақтағы адайлықтардың өлі аруақтар туралы қасиетті аңызы») Қараманның Есен атаның баласы, Шопан атаның немересі екендігінен дәйек келтірілген. Шопан атаның бір баласы - Эхсан (Исан ата), одан бір бала - Қараман ата дүниеге келеді. Бала кезіндегі аты ол деректе Қагерман (Қаһарман) деп жазылған. Шынында да, Қараман көптеген келелі істер атқарып, атасының ізін қуып ұқсас болған. Соның бірі, Шопан атасының қорымының жанынан жер асты мешітін салды. Қараман қайтыс болғаннан кейін сүйегін мешіт қасына жерлейді.

Қараман атауы түркімен аңыздарында да кездеседі: сонау ертеде түркімендер арасында екі ағайынды бауыр өмір сүреді Ақман мен Қараман. Олар ел тұрғындары арасында жоғары сый мен құрметке ие болған. Күндердің күнінде Қожа Яссауимен арада текетірес туындап ағайынды бауырлар батыс аймақ, яғни Маңғыстауға бет бұрады. Ағайындының бірі қайтыс болғаннан кейін бауырына арнап салынған өңірде қорым пайда болып, кейін жер асты мешіті салынады.

Ал, кей деректерде Қараман Атаны Балқаннан түркімендерді Маңғыстауға бастап келген бектердің бірі дейді. Қараман ата Маңғыстау өңіріне суфизмді таратушы 300-ге жуық миссионерлердің бірі болып табылады.

Маңғыстауда Қара-Ман атамыздың атқа мінген бейнесі де толықтай суреттелген. Қаражамбастың теңізге сұғынып тұрған жері шынында да суыр атқа (Қазар (қазақ) теңізіне) мініп отырған адамның жамбасы, ал Ақтау бағытынан Таушыққа жақын жердегі теңіздің құрлыққа сұғынған жері адамның шатынан (бұтынан) айнымағандықтан Шат деп қойылса, Қараманның кеудесі (жүрегі) Жетібай мен Шетпенің арасындағы Бекі мен Қарақия ойының орта жеріндегі Қараман ата атты алқаппен осы атамыздың атындағы әулие қорымы болса, басы Жетібай мен Жаңаөзеннің ортасында Қарамандыбас, яғни Қаралардың басы деп аталады. Қараман атамыздың қолында құрық та бар. Ол жер теңіз жағасының Ақтау мен Өзен қаласы арасында, тура Жетібайдың тұсында, күні бүгінде де Құрық (Қарақия ауданының орталығы) деп аталады. Ал, айналасында Құланды атты бірнеше топоним бар. Соның бірі осы Қарақия ауданының аумағында, Құрыққа жақын жерде орналасқан. Сонда ежелден бергі қазақтың ата мекені Қапқаз (тау), Қазар (теңіз) және Манқыстау (жер) атты топонимнен Қазақтың ұлы тауы Қапқаздың баурайында, суыр атқа мініп, құрықпен құлан аулап жүрген «Қарға бойлы қазтуғанның» (Қазақтан туған қазақтың), яғни Қараман атаның бейнесін көреміз.

Қараман атаның қай жағынан да белгілі құдырет иесі болғандығы жайлы әңгіме, аңыздар көп айтылады. Оның алғашқы табан тіреп, білім нәрін таратқан орны, қазіргі соның атындағы үлкен қауым тазалық, адалдық анты өткізілетін жер болыпты. Ел мен елдің, ру мен рулар арасындағы шешілмей дауға айналып бара жатқан, арты қантөгіске ұласар қиын мәселелерге осы жер тоқтау айтқан, тәубесіне келтірген.

Ертеректе осы түбекті қатар жайлап, қатар өмір сүрген екі елдің арасындағы суын жылқыға бола басталған дау арты бітпес, түйіні шешілмес мәселеге айналыпты. Егер бұл дау уақытында шешілмесе оның ақиқатына жеткенше талай-талай қантөгіс болып, талай боздақтың ат жалын құшып өмірден өтетіні белгілі болатын. Ақыры екі ел Қараман ата басында анттасуға келіпті. Ол кезде үрдіс бойынша анттасуға тігілетін адам дау қуушының ең қимасы болу керек екен. Антқа түрікмендердің талабы бойынша оған Қожаназардың кенже баласы Қошан апарылыпты. Қазылыққа құдыретіне екі ел бірдей бас иіп, мойынсұнған Бекет тағайындалыпты. Бекет тәңірге жалбарынып «Уа, құдайым, біз айыпты десең - бізді ат, қара айыпты десең - қара атты ат!» - дегенде, қара ат антқа керілген ала арқаннан аттай бере құлапты да, Қошанның астындағы ерінің алдыңғы қасына шаншылған біз анадай жерге ұшып кетіпті. Аттан құлаған сәби Қошан бір аунап барып, түрегеліпті. Бұған көнбей дау салған қарсы жақ: «Басына келіп ант ұстасып тұрған Қараман әулие қазақтарға жақтасып кетіпті. Көне Үргеніш бегі Шикабір (Шейх Күбра) әулиеге барып, қайта анттасамыз!» - деп қиқулапты, Бекет: «Айтқандарың болсын, ертең таң намазда сонда кездесейік», - деп, қара киімді Қошанды алдына алып, қара сәйгүлікпен ұша жөнелгенде. дауласқандар: «Бүйтіп құдіретін көрер көзге асырып тұрған жұртпен тайталасып болмас!», - деп мәмлеге келіпті. Жауласып жүрген екі ел солай татуласыпты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысының тарихы мен физикалық -географиялық жағдайы
Маңғыстау ауданы аумағындағы әулиелер
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Батырлар жыры туралы
Маңғыстау облысының туристік әлуеті.
Батыс Қазақстан аймақтарының туризмінің дамуы
Қобыланды батыр жайлы
Алпамыс батыр
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ ЖӘНЕ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
Қоңқаева Салтанат Қазақ эпосының көркемдік шеберлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz