Негізгі метрологиялық түсініктемелер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Негізгі метрологиялық түсініктемелер
Эталондарды жіктеу
Өлшеу мен ауытқу негіздері
Өлшеу құралдарын калибрлеу
Қолданылған әдебиеттер

Негізгі метрологиялық түсініктемелер

Метрология деген сөз гректің метрон - өлшем және логос - ілім дейтін екі сөзінен құралған.
Метрология тәжірибелік қызмет ретінде ерте заманнан бері келе жатыр. Адам қоғамының даму барысында өлшеулер адамдар арасындағы, олардың сыртқы ортамен, табиғатпен қарым-қатынаста негізгі рөл атқарды. Сол кезден бастап өлшемдер, пішіндер, заттардың, құбылыстардың қасиеттері, сонымен оларды салыстыру туралы ережелер мен әдістер дайындалып шығарылды.
Бұрын өлшеу бірліктері мен олардың өлшемдерінің атаулары арнайы қоңдырғыларды қолданбай, қол, аяқ астында болған заттардың атауына сәйкес қойылды. Мысалы: Ресейде ұзындықтың негізгі бірліктері ретінде пядь және локоть қолданды. Кейінірек, аршин атты бірлік пайда болғанда пядь қолданыстан алынды.
Атаулары бар өлшемдердің бірліктерін біріктіру үшін үлгілі өлшемдер шығарыла басталды. Оларға өте ұқыпты қарады: бұл өлшемдер шіркеулерде, басқа да құнды заттарды сақтауға болатындай жерлерде сақтады.
Францияда 1840 жылдың басында өлшемдердің метрлік жүйесі енгізілді. Метрлік жүйенің маңыздылығын Д.И. Менделеев терең бағалады. Менделеевтің арқасында 1875 жылы Парижда өткен Дипломатиялық метрологиялық конференцияда Метрлік конвенция қабылданды, конференцияға 17 ел қатысты.
Қазақстандағы өлшемдер мен өлшеу техникасының дамуы Ресейдегі метрологияның дамуы мен қалыптасумен тығыз байланысты. Қазақстан аймағындағы ең алғашқы мекеме 1923 жылы Семейде Омбылық салыстырып-тексеру палатасының Семейлік бөлімшесі ашылды. Ол аспаптарды қолдануға жарамдылығын анықтау сияқты мәселелермен айналысты. Яғни нақты дәл жүретін өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштері мен саудада, кәсіпорындарда қолданылатын өлшемдер мен аспаптардың көрсеткіштерін салыстырды. Бұл салыстырып-тексеру деп аталды, ал мұндай мекемелер салыстырып-тексеруші мекемелер деп аталып кетті.
Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нысандарына қысқаша тоқталайық.
Шама бірліктер. Қазақстан Республикасы территориясында Халықаралық SI бірліктер жүйесі қолданылуға рұқсат етілген. ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитеттің шешімі бойынша SI жүйесініне кірмейтін шама бірліктерін қолдану рұқсат етілуі мүмкүн.
Шама бірліктерінің Мемлекттік эталондары өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің техникалық негізін құрайды. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін ұдайы қайталау және сақтау үшін арналады және Қазақстан Республикасы территориясында шама бірлігінің өлшемлерін басқа өлшеу құралдарына беру мақсатында бастапқы құрал ретінде қолданылады.
Өлшеу құралдары бірліктері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шамаларды анықтау үшін қолданылады және өздеріне қойылатын талаптарға және қолдану жағдайларына сай болуы керек.
Өлшеулер жүргізу өдістемелері мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүргізу сфераларында қолданылатын жағдайда міндетті түрде аттестациядан өтуі және өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркелуі керек. Өлшеулер жүргізу өдістемелерін әзірлеуші және аттестациядан өткізуші метрологиялық қызметтер бекітілген тәртіп бойынша . ҚР техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетінде аккредитациядан өтуі керек.
Мемлекеттік метрологиялық қызметтің құрамына мыналар кіреді:
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелері;
шама бірліктерінің мемлекеттік эталондарын жасауды, сақтауды және қолдануды, шама бірліктерінің мөлшерлерін беру жүйелерін құруды қамтамасыз ететін, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлейтін, шама бірліктерінің эталондарын, өлшем құралдарын салыстырып тексеру мен калибрлеу нәтижелерін салғастыруды, шама бірліктерінің эталондарын және жоғары дәлдікті өлшем құралдарын салыстырып тексеруді, ғылыми-зерттеу жұмыстарын, кадрлардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды жүргізетін мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық..
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасында өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың мемлекеттік басқаруын жүргізеді.
Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтың мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі:
- метрология саласында іргелі зерттеулерді, ғылыми-техникалық, тәжірибелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыстарды жүргізу;
- Қазақстан Республикасының шама бірліктерінің эталондық базасын құру және жетілдіру;
- шама бірліктерінің өлшемдерін тапсыру жүйелерін құру;
- өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі нормативтік құжаттарды жасау және жетілдіру, оларды халықаралық талаптармен үйлестіру;
- өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету саласында жүргізілетін мемлекеттік саясатқа сай Қазақстанда метрологияның дамуына бағытталған жұмыстарды жүргізу.
Уақыт пен жиіліктің мемлекеттік қызметтерінің мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі:
- уақыт пен жиіліктің өлшем бірегейлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды аймақаралық және салааралық үйлестіру;
- уақыт пен жиіліктің бірліктерінің өлшемдерін тудыру, сақтау және тапсыру;
- Қазақстан Республикасының үйлестірілген уақыт шкаласын қалыптастыру;
- Қазақстан Республикасының аймағында уақытты есептеудің орнатылған тәртібін сақтауға бақылау жасау.
Заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерінің мемлекеттік қызметтерінің мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі:
- аймақаралық, салааралық үйлестіру және заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін жасау мен енгізуге байланысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің қажетті өлшеу дәлдігі мен бірегейлігін қамтамасыз ету;
- заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің стандарттық үлгілерін әзірлеу, дайындау, аттестациялау және енгізу.
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметтерінің мақсаттары мен қарастыратын мәселелері келесі:
- өңіраралық, салааралық үйлестіру және заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары және қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді жасау мен енгізуге қатысты жұмыстарды жүргізуді қамтамасыз ету;
- ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және жобалық жұмыстардың тиімділігін жоғарлату;
- физикалық тұрақтылардың нақты мәндерін орнату және заттар мен материалдарының қасиеттері жөніндегі нақты деректерді әзірлеу;
- шартты белгіленулердің, терминдердің, анықтамаларының бірыңғай принциптерін жасау және заттар, материалдар мен олардың қасиеттерінің атауларын кодтау.
Заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректердің мемлекеттік қызметі аймақаралық және салааралық үйлестіруді жүзеге асырады, заттар мен материалдардың физикалық тұрақты шамалары мен қасиеттері туралы стандарттық анықтама деректерді әзірлеуге және өндіруге байланысты жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.

Эталондарды жіктеу

Эталондар пайдалану сипатына қарай бастапқы және тәуелді эталон болып бөлінеді. Бастапқы эталондар, қолда бар эталондардың ішіндегі ең жоғарғы метрологиялық сипаты бар эталон. Тәуелді эталондар бірлік мөлшерін бастапқы эталондардан алады. Эталондар дәлдігіне қарай алғашқы, екінші эталондар және жұмыстық 0-ші, 1-ші, 2-ші, З-ші және одан кейінгі разрядтағы эталондар болып бөлінеді. Өздерінің метрологиялық сипаттарына қарай олар мемлекеттік және мемлекетаралық салыстырып тексеру сұлбасына сай келуі тиіс.
Шама бірліктерінің мөлшерін беру бір-біріне өзара тәуелді эталондардың разрядтарының тізбегі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте әдетте, осы тізбектегі соңғы эталоннан бірліктің мөлшері жұмыстық өлшем кұралдарына беріледі.
Қазақстан Республикасының эталондары мемлекеттік эталон және мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшелеріне, мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызметтеріне, жеке және заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтеріне жататын эталондар болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органның шешімімен бастапқы ретінде танылған және оның қарауында болатын эталондар мемлекеттік эталондар болып табылады.
Топтык эталондар, бірлікті қайталаудың дәлдігін жоғарлату немесе оны сақтау үшін қолданылатын, бір типтегі өлшем құралдарының, номиналдық мәнінің немесе өлшем ауқымының жиынтығынан тұрады.
Эталондық жиынтыктар, көрсетілген өлшем құралдардардың ауқымдарының бірігіуін көрсететін бірлікті ауқымда қайталауға және (немесе) сактауға мүмкіндігі бар, өлшем құралының жиынтығы.
Эталондық жиынтықтарды физикалық шама мәнінің белгілі бір саласын қамту қажеттілігі үшін құрылады.
Эталондарды құрудың тәртібі
Мемлекеттік эталондарды құрудың негіздері:
- берілген өлшем түрін метрологиялық қамтамасыз ету үшін эталонның қажеттілігі;
- эталон құрудың техникалық мүмкіндігі және оның бірлік мөлшерін қажетті дәлдікпен қайталап беруі;
- мемлекеттік жоғарғы тұрған эталондарды мерзімінен бұрын тозуын болдырмау қажеттілігі;
- салыстырып тексеру жұмыстарын мейлінше оңтайлы ұйымдастыру мүмкіндігі;
- эталондарды салыстыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен;
- мемлекеттік жоғары тұрған эталондармен қайталанған бірлік мөлшерінің өзгермеуін бақылау қажеттілігі негіз болып табылады.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын құрудың негізі өлшем құралдарын салыстырып тексеру жөне калибрлеу болып табылады.
Мемлскеттік эталондарды бекітудің тәртібі
Мемлекеттік эталондар мемлекеттік ғылыми метрологиялык орталықтың ұсынысы бойынша уәкілетті мемлекеттік органда бекітіледі.
Мемлекеттік эталондарды бекіту үшін уәкілетті мемлекеттік органға келесі құжаттарды ұсынады:
- баяндама;
- мемлекеттік эталонды құруға арналған техникалық тапсырма;
- мемлекеттік эталондарды сақтау және қолданудың тәртібі;
- мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына арналған нормативтік құжат жобасы;
- метрологиялық аттестатталуы туралы сертификаты;
- мемлекеттік эталонның аттестаттау бағдарламасы (салыстыру әдістемесі);
-мемлекеттік эталонды Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізіліміне енгізу туралы мәлімет;
- мемлекеттік эталонның ғалым-сактаушысын тағайындау туралы ұсыныс;
- мемлекеттік алғашкы эталонның төлкүжаты;
- комиссияның мемлекеттік эталонды бекіту мүмкіндігі туралы қорытындысы.
Уәкілетті мемлекеттік орган берілген құжаттарды, берілген күннен бір ай аралығында қарайды және мемлекеттік эталонды бекіту туралы шешімін шығарады.
Мемлекеттік эталондар белгісінде "МЭ" индексі және ҚР СТ 2.7 сәйкес тіркеу нөмір қолданылады.
Бұл кездерде мемлекеттік алғашқы эталонның белгіленуіне "МАЭ", ал мемлекеттік екінші эталондарға "МЕЭ" индекстері қолданылады.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын бекітудің тәртібі
Метрологиялық қызметтердің бастапқы эталондары, өлшем құралдарын салыстырып тексеру жөне калибрлеу құқығына аккредиттеудің нәтижесі бойынша мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықпен бекітіледі.
Бекітілген мемлекеттік эталондар және метрологиялық қызметтердің эталондары Қазақстан Республикасы өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесінің мемлекеттік тізбесіне белгіленген тәртіпте тіркеледі. Метрологиялық қызметтердің эталондарына 'МҚЭ" индексінен тұратын белгі және ҚР СТ 2.7 сәйкес тіркеу номірі беріледі.
Эталондарды сақтау және қолдану тәртібі
Шама бірліктерінің эталондары тек мөлшерін берумен байланысқан (салыстырып тексеру, калибрлеу және салыстыру) жұмыстар үшін қолданылады.
Мемлекеттік эталондарды мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасы талаптарына сәйкес және де осы жұмыстарды жүргізудің бекітілген тәртіптеріне сәйкес сақтайды, зерттейді және қолданады.
Егер мемлекеттік алғашқы эталонды қолдану мүмкін болмаған жағдайда (жоғалуы, бас тартуы және т.б.), оның міндетін уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша уақытша мемлекеттік екінші эталондарға береді.
Мемлекеттік эталондардың барлық қызмет ету мерзімінде, олардың қайталаған және (немесе) сақтаған бірлігінің мөлшерін өзгеріссіз қалуын қамтамасыз ету және мемлекеттік эталонның дәлдігін жоғарлату мақсатында, зерттеулер жүргізіліп түрады.
Мемлекеттік эталондар халықаралық салыстыруға түсіп түрады.
Мемлекеттік эталондарды салыстыру, аттестаттау және зерттеу нәтижелерін сәйкес эталондармен жұмыс журналына және эталонмен бірге сақталатын, эталонның төлқұжатына жазу керек.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын, метрологиялық аттестаттауды жүргізгендегі белгіленген қосымша талаптарға сай және салыстырып тексерудің нормативтік құжаттарында және де пайдалану құжаттарында белгіленген тәртіпте және қолданудың дұрыстығын қамтамасыз ететін шарттарда қолданылуы және сакталуы қажет.
Метрологиялық қызметтердің эталондарын қажет болған жағдайда салыстырып тексеру қондырғысының құрамына қосады. Оларды төмендегідей бөлуге болады:
- метрологиялық қызметтердің эталондарының қүрамына қосылған, одан, бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін жүмыстық эталондардан жүмыстық өлшем қүралдарына беруге арналған салыстырып тексеру қондырғысы. Мұндай салыстырып тексеру қондырғысына мемлекеттік салыстырып тексеру сұлбасына сөйкес, разрядтар тағайындауға болады;
- басқа шаманың бірлігін сақгайтын, метрологиялық қызметтердің тәуелді эталондарына және жүмыстық өлшем қүралдарына функционалды байланысқан қайталайтын, және мөлшерін беретін, метрологиялық қызметтердің эталондарының көмегімен жанама өлшем өдісімен бір немесе бірнеше шама бірлігінің мөлшерін қайталауға арналған салыстырып тексеру қондырғысы.
Салыстырып тексеру қондырғысына кіретін метрологиялық қызметтердің эталондары метрологиялық аттестатталуы туралы жәненемесе салыстырып тексеру туралы күші бар сертификаттары бар болуға тиісті.

Өлшеу және ауытқу негіздері

Өлшеу құралы, біріншіден, нормаланған метрологиялық сипаттамаларға ие болу керек. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар - өлшеу құралының осы типінің, өлшеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлшеу – адамның тәжірибелік әрекеттер теориясын біріктіретін табиғаттың адамға тағайындалған жолдарының бірі
Өлшеу қателіктерінің жіктелуі
Кедендік бақылау зертханалары
Газ және сұйықтың шығынын өлшеу
Өлшеу қателіктері және өлшеу құралдары
МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӨЛШЕУ Оқу құралы
«ақпараттық жүйелерді жобалау» электрондық оқулықты өңдеу және жобалау
Негізгі электрлік шамалар
Әкімшілік полиция департаменті
Технологиялық процестің метрологиялық қамтамасыз етілуі
Пәндер