Шығарма тілін лингвистикалық талдаудың сипаты



Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін шешуге тигізеді. М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың семантика.стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады. М. Жұмабаев шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік.эмоноциалдық бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік.стилистикалық қызметін саралау, соның негізінде М. Жұмабаев шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз поэзияллық шығармаларын мен прозалық шығармларын салыстыра талдағанымызда көркем шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды. Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып табылады. М. Жұмабаев шығармаларындағы көркемдегіш амалдардың қолданылуы әрқилы.Өлењдегі эпиттер: жалғыз жан, толқын шаш, қарақат көз, алма қан, қозы көз.. Эпитеттер, біріншіден, кейіпкердің келбетін, портретін, өзіндік ерекшілігін нақты, дәл көрсетуге қызмет етеді; екіншіден, кейіпкердің көңіл.күйін, ішкі жан сезімін ашады. Эпитеттердің құрылымдық жағына келсек, сын есімнен, кейде зат есімнен жасалынған эпитеттер көп кездеседі. Ақын өлендегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде кеейіпкердің кескін.келбетін, бет пішінін, сыртқы көрінісін, тұлғасын, портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын, көңіл.күйін,

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ШЫҒАРМА ТІЛІН ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ СИПАТЫ

Шығарма тілін лингвистикалық талдау әдеби туындының эстетикалық
табиғатын, көркемдік қырын түсінуге құбылыстардың көптеген мәселелерін
шешуге тигізеді.
М. Жұмабаевтің шығармалары тіліндегі тілдік құралдар мен олардың
семантика-стилистикалық жақтары бүтіндей лингвистикалық талдауға түскен
жоқ. М. Жұмабаев прозасы мен өлендеріңдегі тілдік құралдар лексикалық
деңгей элементтері мен одан жоғарғы тілдік қабаттардағы бірліктермен
шектелмей, жүйелік құрылымдағы барлығы тілдік деңгей элемнттері мен
дыбыстың көркем әдебиеттегі поэтикалық қызметімен де ұштастырылады.
М. Жұмабаев шығармаларындағы тілдік құралдардың қолдану мақсатын
айқындау, шығарма шырайын кіргізетін сөздердің экспрессивтік-эмоноциалдық
бояуын көрсете отырып, олардың көркемдік-стилистикалық қызметін саралау,
соның негізінде М. Жұмабаев шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктерін
көрсету, сол арқылы қаламгердің көркем шығармаларының басқа суреткерлерден
ерекшеленетін стильдік қолтаңбасын анықтау, үшін біраз поэзияллық
шығармаларын мен прозалық шығармларын салыстыра талдағанымызда көркем
шығармадағы лингвомәдени тілдік бірліктерді айқындап, олардағы ұлттық
сипаттық басымдығы, метафораның фразеологиялық тіркестермен арақатынасы
фразеологияның бейнелігін тудырудағы метафораның орны және оның жазушы
тіліндегі қолданыс ерекшеліктері байқалды.
Жазушы шығармаларының тілдік ерекшелігі кейіпкер тіліндегі берілу
жолдары, тілдік құралдардың қолданыс мақсаты, троп түрлерінің стильдік
қызметтері, жазушы шығармаларындағы кірме сөздердегі өзгерістерді көрсету
үшін қоғам, ондағы адам келбетін таныту мақсатында алынған бірліктер болып
табылады.
М. Жұмабаев шығармаларындағы көркемдегіш амалдардың қолданылуы
әрқилы.Өлењдегі эпиттер: жалғыз жан, толқын шаш, қарақат көз, алма қан,
қозы көз..
Эпитеттер, біріншіден, кейіпкердің келбетін, портретін, өзіндік
ерекшілігін нақты, дәл көрсетуге қызмет етеді; екіншіден, кейіпкердің көңіл-
күйін, ішкі жан сезімін ашады. Эпитеттердің құрылымдық жағына келсек, сын
есімнен, кейде зат есімнен жасалынған эпитеттер көп кездеседі.
Ақын өлендегі теңеудің стильдік мәніне көңіл аударсақ, теңеулерді бірде
кеейіпкердің кескін-келбетін, бет пішінін, сыртқы көрінісін, тұлғасын,
портретін беру үшін қолданса, бірде кейіпкердің мінез құлқын, көңіл-күйін,
ішкі сезімін ашу үшін таптырмас тәсіл ретінде пайдаланады.
-Ақ қанатты періште,
Былдырлаған бұлақтай,
Көрінген жанды күлдірген,
Жаңа піскен
бүлдірген,
Балауса нәзік
құрақтай
(Мені де, өлім, әлдиле Шығармалар жинағы., 111 бет)
М. Жұмабаевтың өлеңіндегі теңеулер-эпитетті теңеулер. Мысалы,
былдырлаған бұлақтай, нәзік құрақтай, оттай сұлу.
Ақын өлендерінде метафоралар көп кездеседі.
Метафора тек ауыспалы мағына емес, ол өзі бойыа көптеген қасиеттер мен
қызметтерді сыйғыза білген күрделі процесс. Метафораның табиғи болмысы бір
уақытта екі мағынаны бір сөзде қатар өмір сүруіне икемделген (3),-деп
көрсетеді А. Нысанбаева Жібек бау, жынды жүрек, жібек мінез (Қарындасыма
Шығармалар., 78 бет), жібек түн (Фетше 97бет), жібек жел, отты сүйіс
(Күміс нұрлы ай 68 бет) жібек тіл (Анама 124бет) метафоралары тек ақын
қаламына тән метафоралар.
Жазушы кейіптеу тәсілін де ерекше, өзінше бояу қосып қолданған. Жансызға
жан бітіре суреттеп, көз алдымызға әкеледі. Мысалы:
Суға-айнаға қаранып,
Салқынша леппен таранып,
Қамыс та тұр
тербелеп.

(Жазғы жолда 38 бет)

Жұлдызды-жүзік, Айды
алқа ғып берейін
!,
күн бетіңді көрей

(Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып берейін161бет)
Ақын өлеңдерінде синекдоха да эмоционалды- экспрессивті мәні жағынан
ұтымды шыққан. Адам ұғымының орнына көбінесе табиғаттың керемет қырларынан
немесе белгілі бір зат қолдану арқылы ақын өлеңнің кімге арналғанын және
сол кейіпкердің қандай да бір ерекшелігін ашады. Мысалы:
-Келші көзім, күн бетінде көрейін,
Сүйші, сәулем, тұншығып мен өлейін.
Жет, жұлдызым, жылжып қана
жібектей,
Жұлдызды-жүзік, Айды алқа ғып
берейін.
(Жұлдызды-жүзік,
Айды алқа ғып берейін 161 бет )
Ақын синекдохасы қаратпа сөз болып келеді. М. Жұмабаев кейіпкерлердің іс-
әрекетіне, мінез құлқына қарай метонимия табады. Мысалы:
Жас қырандар-балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Мен жастарға сенемін ! (Мен жастарға

сенемін 163 бет)
Бұлардың барлығы образды қолданыстар. Ақын өлеңдерінде орыс сөздерін
өркениетті өзгерістерді көрсетуде кейіпкердің мінез-құлқын ашуда, оның
білім дәрежесін аңғартуда пайдаланады. Ақын өлендеріндегі кірме сөздер
стильдік мақсатта қолданған.
-Толстов, Колчак,
Давй сюда коньяк

Ой,Иван,аламан,
Мені өйт, атаман !
Өрледі батыр, өрледі,
Ағаш найза сермеді...
Қарсы алдында қалтиған
Николайды көрмеді... (Жай әшейін саясатымыз ғой... 162 бет 162 бет)
Әр қаламгердің өзіне тән стилі, сөз саптау мәнерлі, ой-толғау әдістері
болады. Қаламгер ойын билейтін қуатты құрал-тіл, шұрайлы сөз. Осы шұрайлы
сөз-халықтың тіл байлығы.
М. Жұмабаевтың шеберлігі-халық тіліндегі қарапайым сөздермен өз айтарын
оқырманына бейнелі, мәнерлі, айқын етіп жеткізуінде.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ситилистика және жалпы халықтық тіл
Мәшһүр Жүсіп шығармаларын лингвостилистикалық талдау
Көркем мәтінді тілдік талдаудың әдістемесі
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
Ауызша мәтін артикуляциясы
Көркем мәтінді оқытуда авторлардың өмірбаянын оқытудың маңыздылығы
Аударма теориясы - сұрақ-жауап түрінде
М.Мағауин шығармаларындағы «автор бейнесі» мен кейіпкер бейнесінің берілу жолдарын анықта
Көркем мәтіннің тілі
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Пәндер