Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Оқыту мен оқудағы топтық жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі

Мазмұны:
І.Кіріспе
1.1. Топтық жұмыс термині және іс-әрекеттің құрылымы.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Топтық жұмыс ұйымдастырудың әдіс - тәсілдері
2.2. Топтық жұмыстарды тәжірибиеде ұйымдастыру
ІІІ. Қорытынды
3.1 Жаңартылған білім беру бағдарламасы ұғымына сәйкес оқушы моделі.

Мақсаты:
Топтық жұмыс ,топқа бөлу тәсілдерінің түрлерін тәжірибиеде қолдануға тиімділігі туралы бағыт-бағдар бере отырып,сыни ойлауды қажет ететін өзіндік пікірімен көзқарасын қалыптастыру арқылы ой қорыту ,өз ойларын жетілдіру арқылы оқыту мақсатқа жету.
Міндеті:
оқушының дүниетанымын кеңейтіп, өзіндік пікірі мен көзқарасын
қалыптастыру.
Оқушы топтық жұмыста тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуына қол жеткізу. Яғни, оқушылар біледі, түсінеді, қолданады, талдайды, бағалайды.
Оқушылардың сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артып,топпен жұмыс жасауда іздемпаз болу қабілеттері шыңдайды.
Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға жетелеу.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар топта сыныптастарымен ынтымақтаса отырып, қарым - қатынас жасауға, идеяларды ұсынуға және қорғауға,әртүрлі ұстанымдарымен алмасуға,барынша белсенді қатысуға мүмкіндік алады.
Топ - бұл ортақ мақсатқа жету үшін құрылған адамдар тобы. Топтық жұмыс термині-өзара іс-әрекет жасалып,соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің құрылымы.
Топтық жұмыстың мақсаты-оқыту мен оқу тәсілдері арқылы проблемаларды шешу тапсырмаларда орындау барысында оқушылар тобының бірлесіп жұмыс істеуі.
Топта жұмыс жасау үшін: Жақсы тыңдап білу. Күшті жетекшілік қасиеттер. Тиімді байланыс орнату. Міндетті тең бөлісу. Бірігіп жұмыс жасауға ұмтылу. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттер.
Топта жұмыс жасауда кездесетін кедергілер: Шамалы қарым - қатынас. Дұрыс тыңдап білмеу .Шамалы жетекшілік. Топқа тартылысы жоқ. Мақсатты дұрыс түсінбеу. Міндеттерді тең бөліспеу. Сәтті. Сәтсіз.
Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды топ болып шешуді көздейді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың артықшылықтары:
Игеретін материалдардың көлемі мен оларды түсіну қажеттілігі артады
Жаппай оқытуға қарағанда,жаңа ұғымдарды, түсініктерді,дағдыларды қалыптастыруға аз уақыт жұмсалады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылықпен жұмыс істеуі артады.
Оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
Өзіне сын көзбен қараушылық артады, сыныптастарымен жұмыс істеп үйренген оқушы өзінің қабілетін дұрыс бағалай біледі және жақсы бақылай алады. Өмірге қажетті дағдыларға үйренеді.
Топтық жұмысты ұйымдастырудың кемшілігі:
Топ мүшелерінің көп болуы
Үлгерімі төмен оқушылардың көптің көлеңкесінде қалып қоюы.
Бір топтың шуылының екінші топқа әсері.
Берілген уақыт ішінде тапсырманы орындай үлгермеуі
Шығармашылық жұмыс аяқсыз қалуы
Бір топ жұмысты қорғап жатса, басқа топ мүшелері өз жұмыстарын аяқтап жатумен шұғылданады.
Білім деңгейі бірдей оқушылар тобы бір топта жұмыс жасауы
Жақсы оқитын оқушылардың үлгерімі төмен оқушылардан жоғары тұруы.
Топтық жұмыс соңында әр оқушы қандай жетістікке қол жеткізе алады?
Оқушылардың ой ұшқырлығы пайда болады,бір-біріне деген сенімі артады
Оқушы өзінің топта орындалып жатқан жұмыстың маңызды екенін ,өз үлесін қосып жатқанын сезінеді.
Басқа топтардың жұмыстарын тыңдап олардың мүмкіншіліктерін салыстырады.
Бақылаудың нәтижесінде өте тұйық және көшбасшы оқушылар анықталады.
Бастауыш сынып жасы - бұл айналадағы өзге әлемді баланың өз бойына сіңіре бастау, білім жинақтау, осыларды басымдылықпен игеру кезеңі болып табылады. Осы бір аса маңызды өмірлік функцияны табысты орындау баланың өзіне тән бейімділігінің осы жаста қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды, яғни, ол мынадай бейімділіктер: адамның беделіне зор сеніммен қарауы, кездесетін барлық жағдайларды тез қабылдап, оған тез әсерленгіштігі, аңғал да ойын баласының қарым - қатынасы. Мұғалімдер бірінші сынып оқушыларының метатанымдық дағдыларын дамытуға ықпал ету үшін, өз іс - әрекеттерін жоспарлауда, оқушыларды қалай оқу керектігіне үйрену дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауға үйренеді. Көбінесе, мұғалімдерде тілдік цикл пәндерінде бірінші сынып оқушыларында белсенді тыңдау, оқу дағдыларын дамытуға тапсырма таңдауда қиындықтар кездеседі, әрине. Сол үшін де, оқыту мен оқуда жаңа тәсілдерді қолданады: сабақта топтық жұмыс істеу түрлерін тиімді қолдана бастайды. Мұғалімдер топтық жұмыс үшін тапсырмалар таңдайды, оқушылардың белгілі тапсырманы орындауға көбірек бағыттайды. Сондай - ақ, мұғалімдер 1-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, топтық жұмыстар ұйымдастырады.Ұштастыра келе, топта оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту мақсатында Б.Блумның сұрақ қою өлшемін жиі пайдаландым. Олар жеңілден ауырға, қарапайымнан терең ойлауға жетелейді. Осындай сұрақтар қойылған кезде, көшбасшылыққа бейім, озат оқушылар топтың басқа мүшелерімен ынтымақтастықта қарым-қатынас орнатып, шығармашылықпен жұмыс жасады. Топта оқушылардың сөздік қорын дамыту барысында топ мүшелері сөздіктерді жиі пайдаланады. Сабақта топтық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың сабаққа белсенділігі, қызығушылығы артқанын байқадым.
Зерттеу жұмыстары нәтижесінде оқушылар өз бетінше білімді меңгеретінін түсінуге болады.Сыныптарда бірлескен топтық түрлерін ұйымдастырып сабақтар өткізуге болады Сұрақ қойып, ойлануына уақыт беріледі.Өз ойларымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Қазақ тілі сабағында жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру
Топқа біріктіріп оқыту
Оқушының танымдық іс-әрекет белсенділігі
Тәрбие процесінде оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін есепке алу мүмкіндіктері
Суммативті бағалау құрылымы
Оқыту процесінде топтық технологиясы
Жаратылыстану пәнін оқытуда оқушының өзіндік жұмысының формалары мен міндеттері
Критериалды бағалау жүйесінің маңызы
Казіргі окыту жүйесіндегі білімді тексеру, бақылау, бағалаудың жаңа технологиясы
Пәндер