Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   


Жаратылыстану және биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы

Баспаға Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығының
Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

(C) Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ
Педагогикалық шеберлік орталығы, 2021

Барлық құқықтар қорғалған. Осы басылымды кез келген түрінде және кез келген құралдармен, фотокөшірмені және кез келген электронды нұсқаны қоса алғанда, авторлық құқық иесінің жазбаша рұқсатынсыз толық немесе ішінара басып шығаруға немесе таратуға тыйым салынады.

МАЗМҰНЫ

1. Жалпы ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4
2. Глоссарий ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
3. Бағдарламаның тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері ... ...
9
5. Бағдарламаның құрылымы мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
6. Оқу процесін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
7. Бағдарламаның оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі ... ... ... ... ... ... ...
11
8.Оқу нәтижелерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11
9. Курстан кейінгі қолдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
12
Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
11.Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
17

1. Жалпы ережелер

1. Жаратылыстану және биология мұғалімдерінің пәндік құзыреттілігін дамыту педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) жалпы білім беретін мектептердің жаратылыстану және биология пәндері мұғалімдерінің (бұдан әрі - Тыңдаушылар) біліктілігін арттыру курсындағы оқыту процесін реттейді.
2. Бағдарлама Тыңдаушылардың Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша пәндік білімін жетілдіру, пән мазмұнын Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының, Педагогтің кәсіби стандартының талаптарына сәйкес жоспарлау және жүзеге асыру мәселелері бойынша пәндік құзыреттілігін жетілдіруге бағытталған.
3. Бағдарламаның өзектілігі оқу процесінде алған білім мен дағдыларды қолдану нәтижесінде ХХІ ғасыр дағдыларын меңгерген тұлғаның функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған мектептегі биологиялық білім беруді модернизациялау қажеттілігімен айқындалады. Осыған орай жаратылыстану және биология пәндерінің мұғалімдері өздерінің кәсіби құзіреттілігін, атап айтқанда, пәндік құзыреттілігін үнемі жетілдіріп отыруы керек.
4. Курста оқу ұзақтығы осы Бағдарламаға қосымшадағы оқу жоспарына сәйкес 80 академиялық сағатты құрайды.

2. Глоссарий

Бақыланатын айнымалы - тәуелді айнымалыға әсер етпейтініне сенімді болу үшін өлшенетін және өзгермейтін айнымалы. Бұл айнымалылар зерттеу нәтижелеріне қалай және неге әсер етуі мүмкін екенін түсіндіру керек.
Білім беру технологиясы - педагог пен педагогикалық принциптер және мақсат - мазмұн - әдістер арасындағы өзара байланысқа сәйкес білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған білім беру процесі.
Білім беру мазмұнын игерудің ілгері деңгейі - білім алушылардың білім мен дағдылардың кеңейтілген және тереңдетілген көлемін меңгеру деңгейі.
Гипотеза - жай ғана болжам емес, ол қолданыстағы теориялар мен білімге негізделуі керек. Гипотеза тексеріледі, яғни оны ғылыми зерттеу әдістерімен растауға немесе жоққа шығаруға болады.
Ғылымилық принципі - оқыту мазмұны бірліктерінің ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелеріне сәйкестігін анықтайды.
Жаһандық құзыреттер - мәдени шығу тегі әртүрлі адамдармен өзара сенім мен ынтымақтастыққа қол жеткізу үшін саяси, әлеуметтік, экономикалық айырмашылықтарды еңсеруге мүмкіндік беретін нақты жағдайларда білімді, дағдыларды, құндылықтар мен қатынастарды пайдалану қабілеті (ЭЫДҰ 2016).
Зерттеу дизайны - зерттеу немесе проблемалық сұрақтарға жауап алу үшін жасалған зерттеу жоспары, құрылымы немесе стратегиясы.
Зерттеу сұрағы - зерттеу жобасын жүзеге асыру арқылы жауап берілуі тиіс сұрақ. Зерттеу сұрағы зерттеу жобасының және әдебиетке шолудың негізгі бірлігін құрайды. Бұл зерттеуді бағыттауға, әдіснаманы таңдауға, аналитикалық есеп құрастыруға және зерттеу нәтижелерін бағалауға көмектесетін құрал.
Мұғалімнің АКТ-құзыреттілігі - әртүрлі ақпараттық құралдарды қолдану (АКТ сауаттылық) және оларды педагогикалық іс-әрекетте тиімді қолдану.
Концепт (Тұжырым) - белгілі бір шығу тегі, тақырыбы немесе орны, уақыты сияқты аспектілерден тыс болатын принцип немесе түсінік (Wiggins және McTighe 1998). Мысалы, жүйе, өзгеріс, байланыстар, қатынастар және т.б. ұғымдар пәндік мазмұннан тыс болып келеді. Концептілер (тұжырымдар) ақпаратты қайта оқудың алдын алады; білімді практикада қолдануға ықпал етеді; ақпаратты жүйелеуге және топтастыруға мүмкіндік береді.
- негізгі концептілер - пәндік топтардан аясы кең, ұйымдастырушылық, маңызды идеялар. Негізгі концептілер кең ауқымды түсінуді қамтамасыз етеді. Мысалы, өзгерту негізгі концепті әмбебап және абстрактылы. Оны математикада ұзындықтың, массаның өзгеруі ретінде де, биологияда жасуша құрылымдарының өзгеруі ретінде, химия мен физикада энергия түрлерінің өзгеруі ретінде қолдануға болады. Әртүрлі пәндік топтарға (нақты, тілдік, әлеуметтік ғылымдар және басқалар) топтастыруға болатын 16 негізгі концепті бар. Олар пәнаралық сипатқа ие болып, оқытудың интеграциясын қамтамасыз етеді.
- пәндік концептілер - нақты пәндердің пәндік мазмұнының құрамына енеді және пән мазмұнын тереңдетуді қамтамасыз етеді. Өзара байланысты пәндік концептілер оқуды тереңдетуге ықпал етеді және оқу материалының мазмұнын түсінуде келісімділікті қамтамасыз етеді. Биологияда 12 пәндік концепт бар.
Көп деңгейлі тапсырмалар - оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, сараланған оқытуды ұйымдастыру үшін қолданылатын әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар.
Құзыреттілік - оқушының белгілі бір әлеуметтік және жеке маңызды саладағы (Федоров А.Э. және т.б.) тәжірибесіне байланысты жеке тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы (құндылықты-мағыналық бағдарлар, білім, білік, дағды, қабілет).
Қысқа мерзімді жоспар - оқыту мақсаттары (мұғалімнің іс-әрекетіне арналған бағдар) және оқу мақсаттары (оқушылардың іс-әрекетіне арналған бағдар), оқу процесінің ресурстары мен кезеңдері айқындалатын сабақ жоспары.
Мазмұнның жаһандануы - бүкіл ғаламшардың проблемалары мен перспективаларына қатысты көзқарас, оның негізінде биология пәнінің бөлімдерін зерделеуге болады.
Мұғалімнің пәндік-әдістемелік құзыреттілігі - оқытылатын пән саласындағы білім жиынтығы және оны жүзеге асыру мақсатындағы заманауи зерттеулердегі бағдар деңгейі, оқыту әдістемелерін меңгеру және нақты білім беру процесі үшін қажетті оқыту мазмұнын, стратегиясын, оқыту технологиясы мен әдістемесін таңдау немесе әзірлеу дағдылар жиынтығы.
Оқытудың концептуалдық (тұжырымдамалық) тәсілдемесі - бұл жеке фактілерге емес, концептілерге (тұжырымдарға) бағытталған оқыту. Концептілер арқылы оқыту сыни, креативті, рефлексиялық, жаһандық ойлауды дамытудың кең тәсілдемесіне, пәнаралық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ ұлттық және мәдени құндылықтарды дарытуға ықпал етеді. Концептуалдық оқыту оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін жүзеге асыруды, түсінуін қалыптастыруды талап етеді, ол әлемді түсінуге және осы әлемде өзін-өзі тануына мүмкіндік береді.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың білім беру мақсаттарына жетуге бағытталған бірлескен іс-әрекеті.
Оқытудағы құзыреттілік тәсілдеме - оқыту әдістері жүйесін қайта бағдарлауды талап ететін оқушылардың білім мен дағдыларды кешенді түрде игеруін көздейтін педагогикалық тәсілдеме. Құзыреттілікке негізделген оқу жоспары оқушыларға бағдарланған және оқу әрекеті мен оқыту ортасы меңгерген дағдылар мен құзыреттерді қалыптастыруға жетелейтін жағдаяттық міндеттерді шешуде қолдануға ықпал ететіндей қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес бейімделген оқыту процесін ұйымдастыру тәсілдемесі.
Педагогикалық тәсілдеме - оқыту немесе тәрбиелеу стратегиясын анықтайтын принциптер жиынтығы. Сонымен қатар, әр принцип оқу процесінде туындайтын нақты қарама-қайшылықтардың шешілуін және олардың өзара әрекеттесуі мен оның негізгі қарама-қайшылықтарын шешуді реттейді.
Интеграция принципі - оқушылардың білім жүйелілігін күшейту және пәнішілік, пәнаралық және транспәндік интеграцияны жүзеге асыру мақсатында оқыту мен тәрбиені жандандыру негізінде бірқатар пәндердің оқу материалын іріктеу және құрылымы.
Оқыту стратегиясы - оқытудың нақты нәтижелерін анықтайтын және оқытудың арнайы әзірленген мазмұны мен тиісті оқу іс-әрекеті арқылы оларға қол жеткізуге бағытталған оқу моделі.
Проблемалық принцип - ақыл-ой функцияларын белсендіру, танымдық процестерді, эмоционалдық-сауық саласын ынталандыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру.
Проблемалық оқыту - мұғалім проблемалық жағдайларды тудыратын және білім беру мәселелерін шешуде оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыратын, ғылымның дайын тұжырымдарын игерумен олардың тәуелсіз іздеу қызметінің оңтайлы үйлесімін қамтамасыз ететін оқыту.
Саралау - әр оқушыға дұрыс қолдау мен тиімді оқытуды қамтамасыз ететін сабақтарды құру үшін мұғалімдер қолданатын тиімділігі жоғары оқыту стратегиясы.
Спиральдік принципі - білім алушы оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуіне қарай білім мен ұғымдарды қайталап қарастыруы негізінде оқыту.
Тәуелсіз айнымалы - бұл өзгертуге болатын және тәуелді айнымалыға әсер ететін айнымалы. Қандай мәндер таңдалғанын және неге, сондай-ақ осы айнымалының өзгеруі тәуелді айнымалыға қалай әсер ететінін түсіндіру үшін қажет құрал.
Тәуелді айнымалы - зерттелетін айнымалы. Зерттеу сұрағына жауап беру үшін таңдалған айнымалы неге өлшенуі керек, айнымалы қалай өлшенеді және қандай есептеулер жүргізілуі керек екенін түсіндіру үшін қажет құрал.
Тақырыптық зерттеу - нақты тақырыпты зерттеуге және оны бағалауға бағытталған оқыту шеңберіндегі зерттеу. Мысалы, бағаналы жасушалардың өмір мен ғылымның әртүрлі салаларында қолданылуын зерттеу.
Функционалдық сауаттылық - адамның өмір бойы алған білімін адам қызметінің, қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларындағы өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалану қабілеті.

3. Бағдарламаның тақырыбы


Модуль атауы
Қысқаша сипаттамасы
1
1-модуль.
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша пәндік білімді тереңдету аясында оқу бағдарламаларын құрылымдау және іске асыру ерекшеліктері
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша мұғалімдердің пәндік білімді тереңдету мен оқытуды жүзеге асырудағы құзыреттілігі.
Тәжірибе: 5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша пәндік білімді тереңдету және оқытуды іске асыру
2
2-модуль.
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша білім мазмұнын жүзеге асырудың әдіснамалық тәсілдемелері
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша білім мазмұнын жүзеге асырудың тұжырымдамалық (концептуалдық) тәсілдемесі. Тәжірибе: Заттар тасымалы бөлімі. Диффузия және осмос. Белсенді тасымал тақырыбын оқыту арқылы Жаратылыстану және Биология пәндерін оқыту мен оқудағы саралап оқыту тәсілдемесі.
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндерінің мазмұнын жүзеге асыруды жоспарлау және жобалау. Педагогикалық дизайн және жаратылыстану және биология сабақтарын жобалау. Тәжірибе: Микробиология және биотехнология, Жасушалық биология бөлімі бойынша негізгі және жоғары мектептегі биология сабағын жоспарлау.
5-11-сыныптардағы жаратылыстану және биология пәндерінің мазмұнын жүзеге асыру шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту. Жаратылыстану және биология сабақтарында ақпараттық және оқу сауаттылығын дамыту. Жаратылыстану және биология сабақтарында жаратылыстану-ғылыми сауаттылықты дамыту. Жаратылыстану және биология сабақтарында оқушылардың математикалық сауаттылығы мен креативті ойлауын дамыту.
Тәжірибе: Негізгі және жоғары мектептің жаратылыстану және биология курстарының түрлі тақырыптары бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыру мақсатында PISA форматындағы тапсырмаларды қолдану
3
3-модуль. Жаратылыстану және Биология пәндерінің мазмұнын жүзеге асыру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
Биомедицина және Биоинформатика бөлімдерінің мазмұнын жүзеге асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану. Жаратылыстану және биология сабақтарында АКТ технологияларын қолдану. Жаратылыстану және Биология пәндерінің мазмұнын жүзеге асыру шеңберінде ресурстық қамтамасыз ету. Тәжірибе: 10-11-сыныптардағы Биомедицина және Биоинформатика бөлімдері бойынша АКТ технологияларын қолдану негізінде сабақ жоспарларын әзірлеу.
4
4-модуль.
Пәндік білім мен құзыреттілікті тереңдету мақсатында Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша оқытуды ұйымдастыру және іске асыру ерекшеліктері
10-11-сыныптардағы Тыныс алу, Заттарды тасымалдау, Қоректену бөлімдері бойынша оқытуды ұйымдастыру және жүзеге асыру ерекшеліктері.
11-сыныптағы Биосфера, экожүйе, қоныстану бөлімі бойынша биологиядан зертханалық және практикалық жұмыстарды ұйымдастыру
5
5-модуль.
Заттарды тасымалдау бөлімі бойынша биологиядан зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жүзеге асыру
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша зерттеу сабақтарын ұйымдастырудың ерекшеліктері. Биология сабақтарында деректерді түсіндіру және ғылыми дәлелдемелерді пайдалану. Тәжірибе: Транспирация процесіне әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар тақырыбы бойынша биологиядан зерттеу жұмысын ұйымдастыру және іске асыру. Заттарды тасымалдау бөлімі. 9-10-сыныптар
6
6-модуль. 5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу және өзара бағалау
Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша 5-11-сыныптардағы бір тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын әзірлеу.
Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша 5-11-сыныптардағы бір тақырып бойынша қысқа мерзімді сабақ жоспарын өзара бағалау.
7
7-модуль.
5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша ықшамсабақ өткізу тәжірибесі
Ықшамсабақ - педагогтердің өзара оқыту құралы. Ықшамсабақ өткізу (1 сабақ). Оқытудан күтілетін нәтижелерге қол жеткізу дәрежесін анықтау және бағалау. Біліктілікті арттыру курсы бойынша рефлексия және оқуды қорытындылау

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және күтілетін нәтижелері

5. Бағдарламаның мақсаты: жаратылыстану және биология мұғалімдерінің оқытылатын пән бойынша пәндік білімі мен оқу бағдарламасының мазмұнын іске асыру мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.
6. Бағдарламаның міндеттері:
1) жаратылыстану және биология курстарының құрылымы мен мазмұнының әдіснамалық негіздерін меңгеру;
2) Тыңдаушылардың оқытылатын пәндер бойынша пәндік білімдерін тереңдету және оқу бағдарламасы талаптарының деңгейіне сәйкес жүзеге асыру дағдыларын жетілдіру;
3) зертханалық және практикалық жұмыстарды жүргізу, пәндік мазмұнды жүзеге асыру барысында әртүрлі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалану дағдыларын жетілдіру;
4) Тыңдаушылардың Жаратылыстану және Биология пәндерінің мазмұны аясында оқушылардың жаратылыстану-ғылыми ойлауын, функционалдық сауаттылығы мен экологиялық мәдениетін дамыту бойынша заманауи құралдарды меңгеруін қамтамасыз ету.

7. Оқу нәтижелері:
Тыңдаушылар:
1) жаратылыстану және биология курстарының құрылымы мен мазмұнының әдіснамалық негіздерін зерделейді;
2) жаратылыстану және биология пәндері бойынша пәндік білімдерін тереңдетеді және оқу бағдарламасы талаптарының деңгейінде оқыту дағдыларын жетілдіреді;
3) заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу дағдыларын жетілдіреді;
4) Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша оқыту шеңберінде оқушылардың жаратылыстану-ғылыми ойлауын, функционалдық сауаттылығы мен экологиялық мәдениетін дамытудың заманауи әдіс-тәсілдерін меңгереді.

5. Бағдарламаның құрылымы және мазмұны

8. Бағдарлама пән мазмұнын құрылымдау тәсілдерін зерделеуді, мұғалімдерде қиындық туғызатын тақырыптар бойынша пәндік білім мен дағдылардың теориялық және практикалық аспектілерін, 5-11-сыныптардағы Жаратылыстану және Биология пәндері бойынша оқытуды жоспарлау мен іске асырудың практикалық аспектілерін зерделеуді көздейді.
9. Тыңдаушылар 5-11-сыныптардағы жаратылыстану және биология бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнын жоспарлау мен іске асырудың практикалық аспектілерін және тиісті оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастырады.
10. Оқу жоспарына сәйкес Бағдарлама шеңберіндегі оқу Дэвид Колбтың төрт сатылы эмпирикалық оқыту моделінің негізінде іске асырылады.
11. Бағдарлама мазмұны шолу дәрістері, таныстырылым материалдары, практикалық тапсырмалар мен ресурстар қамтылған 7 модульден тұрады. Белгіленген тақырыптар бойынша күнделікті вебинарлар өткізу жоспарланған.

6. Оқу процесін ұйымдастыру

12. Оқу процесі оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Біліктілікті арттыру курсы келесі форматта ұйымдастырылады:
- бетпе-бет оқу;
- қашықтан оқу.
13. Бағдарлама материалдарын игеру мақсатында сабақ тақырыптары бойынша шолу дәрістері мен вебинарларын іске асыру барысында оқытудың әртүрлі технологиялары, тәсілдері мен әдістері, жаратылыстану және биология сабақтарында пәндік мазмұнды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі сабақтың педагогикалық ресурстары
Биология анықтамалылығы журналы
STEM технологиясының негізгі ұғымдары
Биология пәніннің жүйесі және түсініктері
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Биология сабақтарында оқытудың белсенді әдістерін іске асыру
Биология мен экологияны оқытуда оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру
Биология сабақтарында техникалық құралдарды пайдалану жолдары
Биологияны оқытуда АКТ қолданып сабақ өту
Заманауи педагогикалық технологиялар
Пәндер