Бір жұп белгінің тұқым қуалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тапсырма - 7

Бір жұп белгінің тұқым қуалау.

Ата-ана формалары тек бір жұп белгілері бойынша ғана ерекшеленетін шағылыстыру моногибридті будандастыру деп аталады. Моногибридті будандастыру -- бір-бірінен тек 1 ген аллельдері ғана жауап беретін альтернативті белгілер жұбымен өзгешеленетін түрлерді будандастыру.
Моногибридті будандастыруда зерттелетін моногендік мұралану -- пайда болуына басқа түрлері аллель деп аталатын 1 ген жауап беретін белгілерді мұралану.
Қағида бойынша моногибридті будандастыру екі аллель арасындағы қатынастың доминанттылығын анықтау үшін қолданылады. Мысалы, сәйкес келетін белгілер бойынша гомозиготалы 2 өсімдікті будандастырғанда бірі сары тұқымды өсімдік (доминантты белгі), ал екіншісі жасыл тұқымды өсімдік (рецессивті белгі) болса, бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болады, себебі, сары тұқымдардың аллелі жасыл тұқымдардікінен басым.
Моногибридті будандастырудың мысалдарына Грегор Мендель жасаған тәжірибелерді жатқызуға болады. Өз тәжірибелерінің бірінде, асбұршақтың тұқымдарының сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Бірінші ұрпақтағы моногибридті будандастырудың нәтижесі -- бірінші ұрпақтың біркелкі болуы. Қызыл және ақ гүлді асбұршақты будандастырғанда бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болып, ақ түс байқалмады. Осы зерттеулердің нәтижесінде Менделдің бірінші заңы -- бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп те атайды. Тұқым қуалаушылықты зерттегенде Менедль ең қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен. Мендельделдің ұсынысы бойынша гендер латын әріптерімен белгіленеді. Бір аллельді жұптың гендерін бірдей әріппен, яғни доминантты (басым) генді үлкен әріппен, рецессивті (басылыңқы) генді кіші әріппен белгілеу ұсынылған. Олай болса доминантты қасиет көрсететін асбұршақтың гүлінің қызыл түсі мен тұқымының сары түсін -- А, рецессивті -- гүлдің ақ түсі мен тұқымының жасыл түсін -- а деп, тұқымының доминантты тегіс пішінін -- В, рецессивті кедір- бұдырлы пішінін -- b деп белгілейді. Ата-аналық формалар Р әріпімен белгіленеді (латынша "parents" -- ата-ана). Аналықты белгісімен, аталықты белгісімен, будандастыруды Х, ұрпақтарын Ғ әрпімен (латынша "Fіlіus" -- ұрпақ), гаметаларды Г, ал бірінші, екінші және үшінші ұрпақтарын Ғ1, Ғ2, Ғ3 және т.б. деп белгілейді. Бірінші ұрпақтың біркелкі болуы. Менделдің бірінші заңы. Ата-аналары бір-бірінен бір жұп белгі бойынша ажыратылатын дарақтарды будандастыруды моногибридті деп атайды. Мендель өз тәжірибелерінің бірінде асбұршақтың тұқымдары сары және жасыл түсті екі сортын алып будандастырған. Сонда бірінші ұрпақтан алынған будандардың барлығы сары тұқымды болып, жасыл түс көрінбеген 7Дәл осындай нәтиже, асбұршақтың қызыл гүлді және ақ гүлді формаларын алып будандастырғанда да көрініс берді. Яғни, қызыл гүлді және ақ гүлді асбұршақты будандастырғанда бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болып, ақ түс байқалмады. Осы зерттеулердің нәтижесінде Менделдің бірінші заңы -- бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық генетика. Негізгі түсініктері мен терминдері
Генетика ғылымының даму тарихы
Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтары
Г. Мендель белгілерінің тұқымқуалаушылық заңдары жайлы
Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы
Тұқым қуалаушылықтың негізгі зандылықтары
Ғылым ретіндегі генетика. Тұқым қуалаушылық заңдары
Генетика және селекция негіздері лекциялар
Белгілердің тұқым қуалаушылық заңдылықтары мен тұқым қуалаушылықтың принциптері
Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздер
Пәндер