Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
5 тапсырма
Тақырыбы: ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы.

1. Ерекше білім беру қажеттілігін анықтау.
Қазіргі қоғамның заманауи дамуы кезеңінде бір жағынан алып қарағанда кіріктіруге бағытталған (техникалық және технологиялық жүйелердің, ақпараттық-коммуникативтік құралдардың дамуы), екінші жағынан қарағанда адамзаттың дербестікке ұмтылып қоғамнан оқшаулана бастауы анық байқалатын, жалпы әлеуметтік өмірдің қарама-қайшылықтарға толы динамизмі нақты көрініс беріп отыр. Көптеген күнделікті мәселелер, нақты өмірдің тауқыметі, қоғамның өзгеру деңгейлерінің жылдам алмасуы адамдардан жоғары белсенділікпен қатар алға ұмтылуды, ізденімпаздықты және де үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан болар, заманауи әлеуметтік жағдай өмір мен тұрмыстың бітпейтін мәселелерін, әрбір жаңа буынның, әрбір жеке адамның алдында тұрған және жалпы адамзатта қалыптасқан мәдени-тұрмыстық түсініктер мен шешімдерге тәуелсіз түрде, жаңаша тұрғыда қайтадан ой елегінен өткізуді алдыңғы орындардың біріне шығарып отыр. Қазіргі қоғамда заманауи әлеуметтік- экономикалық ахуалда өсіп келе жатырған жас ұрпақтың нақты да сенімді әлеуметтік бағыттарды жоғалтып ала бастағаны байқалады. Әлеуметтендірудің қалыптасқан дәстүрлі формаларының қазіргі заманға лайықталмаған жарамсыздығы, олардың бір жолды таңдауын, яғни жастардың өз болашағы үшін өздерінің жауапкершілігі жоғары болуын талап етеді. Бұл жағдайда жастар мен жасөспірімдердің заманауи қоғамдық қатынастарға бейімделмегендігі мен дайын еместігі көптеген маңызды мәселелердің туындауына себеп болады. Бұл мәселелерге тән ортақ белгі бұл өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен оқыту қазіргі заманның талаптары мен тілектері ескеріле отырып жүргізілуі керек. Қазіргі әлемде, сонымен қатар Қазақстанда да әлеуметтік-экономикалық ахуалдары ауыр жағдайдағы отбасылар санының өсуіне байланысты педагогика мен психологияда өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар түсінігі жиі қолданыла бастады. Кейінгі жылдары бұл өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау қазіргі күннің көкейтесті мәселелерінің біріне айнала бастағаны да белгілі болды. Бұл мәселенің басты себептерінің бірі өскелең ұрпақтың қалыптасуында айтарлықтай әсері бар, балалар мен жасөспірімдердің дамуы үшін аса маңызды отбасы, білім беру, дем алу уақытын ұйымдастыру, денсаулықты сақтау секілді салаларға әсер еткен соңғы онжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың зардаптары да болуы мүмкін. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымының мағынасы қөптеген мәселелерді қамтитын күрделі мазмұн болып табылады. Өмірлік қиын жағдайға душар болған балалар қатарына элеуметтік аз қорғалған және жағдайы төмен отбасылардан шыққан, ата-аналарының қамқорлығынан айрылған, мүгедектігі бар және дамуында бұзылыстары бар, оқыс жағдайларға тап болған, зорлық-зомбылық көрген және де бұл қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар жатады. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар ұғымына толық түсінік бере отырып, бұл балалардың әлеуметтік-педагогикалық сипаттамасын берудің маңызы бар. Бала - бұл әрбір жас кезеңіне тән өзіндік морфологиялық, физиологиялық және психологиялық ерекшеліктері бар, үнемі өсу және даму үстіндегі организм [1]. Әрбір бала, өз өмірінің әртүрлі кезеңдерінде, әлеуметтік жағдайына да қарамастан, өзінің де қалауынсыз түрліше қиын жағдайларға тап болып әртүрлі деңгейдегі көмекке, қолдау мен қорғауға мұқтаж болуы мүмкін. И. Г. Кузина өмірлік қиын жағдай ұғымын, адамның өзінің айналасындағылармен әлеуметтік қарым- қатынасы мен қалыпты өмір сүру дағдыларын объективті түрде бұзатын және субъективті тұрғыдан күрделі деп танылатын, ақырында адамды өз мәселелерін шешу үшін арнайы әлеуметтік қорғау қызметтерінің көмегі мен қолдауына жүгінуге мәжбүрлейтін жағдайлар деп қарастырады [2]. Н. Г. Осухова болса, бұл ұғымды сыртқы жағдайлардың немесе іштей өзгерістердің әсерінен баланың өмірге бейімделуі бұзылады да, нәтижесінде ол осыған дейінгі қалыптасқан мінез-құлық тәсілдері мен модельдері арқылы өзінің күнделікті өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындай күйге жетеді деп түсіндіреді [3]. Жалпы әлемдік тәжірибедегі инклюзивті білім беру, білім беруге ерекше қажеттіліктері бар адамдарды оқыту мен тәрбиелеуде жекелей оқыту ұстанымын жүзеге асыруға негізделген. Білім беруге ерекше қажеттіліктері бар балаларға мыналар жатады: - мүмкіндіктері шектеулі балалар; - мигранттардың, оралмандардың, босқындардың, саны аз ұлттар отбасыларынан шыққан балалар; - қоғамда әлеуметтік бейімделуде қиындықтары бар балалар (жетім балалар, виктимді балалар, девиантты мінез-құлықты балалар, әлеуметтікэкономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен отбасынан шыққан балалар) [4]. Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар [5].
2. Ерекше білім беру қажеттіліктерінің топтарына сипаттама беру.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар - қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын балалар; арнаулы білім беру ұйымдарындағы, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарындағы балалар.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар категориясына жататындар:
1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар);
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар);
3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар;
4. Сөйлеуінде кемістігі бар балалар;
5. Ақыл-ойында кемістігі бар балалар;
6. Психикалық дамуында ауытқуы бар балалар;
7. Эмоционалды-ерікті сферасы мен мінез-құлқында кемістігі бар балалар;
8. Күрделі кемістігі бар, оның ішінде соқыр және саңырау балалар.

1. Естуінде кемістігі бар балалар (құлағы естімейтін, нашар еститін, саңыраулар) - Мектеп жасына дейінгі нашар еститін балалардың сөйлеу тіл деңгейінің диапазоны кең: бала нақты заттарға қатыстырмай, жеке буындарды айтып, былдырлағаннан қысқа сөз тіркесіне тіпті аграмматизмді және онсыз сөз тіркестерін пайдаланып, сөйлеу тілін меңгерген болуы да мүмкін. Бірақ есту қызметі бұзылған бала қарым-қат8ынастық сөйлеу тілі дамыған кезде де оның тілінде өзіндік ерекшеліктері болады. Дыбысталудың өзіндік бұзылушылықтары болады (жазылған артикуляция, екпінді бұрып айту және т.б.). Нашар еститін балаларда пассивті және активті сөздігінің көлемі қатысты, ал есту қызметі қалыпты мөлшерде пассивті сөздік қорынан әлде қайда басым болады. Есту қызметі бұзылған бала өзі сөйлеу тілінде қолданатын сөздерді ғана жақсы түсінеді. Бұл балалардың сөздігінде жалпы мағыналы сөздер болмайды (керемет, жеңіс, арман, еркін, байсалды және т.б.), сол сияқты бүтіннің бөліктерін білдіретін нақты сөздер де бар. Бала ұқсас заттардың атауын білмейді. Мысалы,үй деп шалашты да, ит үйшігін де атайды. Сол сияқты мағынасы мен дыбысталуы, ұқсас сөздерді ауыстырады (бақ-гүлзар және т.б.). Мағынасы ұқсас сөздер лексиконында қажетті сөздер болмағандықтан, есту қызметі көмегімен ажырата алмағандықтан акустикасы ұқсас дыбыстарды шатастырады.
2. Көруінде кемістігі бар балалар (көзі көрмейтіндер, нашар көретіндер, соқырлар) Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды - тифлопедагогика деп атайды.
Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда tiflus - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.
Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар. Көру ақаулығы бар балаларды мемлекет жүйесінде арнайы білім беру және тәрбиелеу аркылы ерекше қажетті жағдайда білім беру ,оқыту барысында принциптер негізінде ісие асыралады .Арнаулы оқытудың өзіндік принциптерімен ерекше келген міндеттері негізінде тәрбиелеп және оқытаотырып түзетуге бағыттала отырып,жүргізіледі.Сондықтан да соқыр және көзі нашар балаларды оқытуға арналған мектепкелесі қызметтерді орындайды оқу - тәрбие,түзету ,дамыту,санитарлық-гигиеналық,емдеу - қалпына келтіру әлеуметтік-бейімделу,бағдарлау.Бұла р көруі бұзылған балаларды қалыпты тәрбиеге келумен (қамтамасыз етеді)оларды қоршаған ортамен (табиғат әлеуметтік)бұзылған байланыстарын қалпына келтіру қамтамасыз етеді.Мұндай тұлғадағы балалардың психикалық дамуының қалыптасуы ең алдымен білім беруге байланысты болып келеді.

3. Тірек-қозғалыс аппаратының функциясында кемістігібар балалар - Бұл категориядағы негізгі контингент балалар (ДЦП) ауырған балалар. ДЦП-аурулардың толықтай пісіп- жетілмеген, яғни әртүрлі әсер етуші зиянды факторлардың ішкі даму жағдайында және дүниеге келу әрі 1 жасқа дейінгі кезенде пайда болады.Бұл туғаннан және жүре бара пайда болған ауру және тірек қимыл аппаратқа зақым келу балаларда 5-7% кездеседі.Сонда тірек - кимыл аппаратының қызметіне зақым келу сипаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Ересек жастағы жасөспірімдердің агрессивті мінез - құлқын түзету ерекшеліктері
Синтаксистік стилистика
Педагогикалық зерттеулердің логикалық құрылымы, зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс)
Қазақстан Республикасында экологиялық проблемалардың даму жағдайы және одан сақтану шаралары
Балаларды мектепке шығарып салу мерекесі
Дарынды балалармен жұмыстың стратегиясы
Қоршаған орта экологиясы
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқығын, еркіндігі мен бостандығын сақтаудағы отандық және халықаралық нормативтік құжаттар
Балалар бақшасындағы балаларды тәрбиелеудегі еңбектің маңызы
Пәндер