Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту. Оқытудың арнайы және балама әдістерін қолдану

6 тапсырма
Тақырыбы: Оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын өзгерту. Оқыту нәтижелерін бағалау тәсілдерін өзгерту. Оқытудың арнайы және балама әдістерін қолдану.
Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау - білім, іскерліктерді анықтау, өлшеу және бағалау. Тексеру - бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету, оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы, білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі; тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру.
Тексерудің мақсаты - оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен бақылаудың маңызды принципі әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қойылу үшін диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұрыс қарым-қатынас болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес диагностикалық бақылау білімді қабылдаудан оны тәжірибеде қолдануға дейін жүру керек.
Көрнекілік принципіне сәйкес барлық оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып, тестілердің нәтижелері талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім, іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп, оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады.
Тексеру нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерліктеріндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материалдарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бөлім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іскерліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының соңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған білімдерін қолдана білуі анықталады.
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі, соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын сөзі, қазақшасы сынақ, тексеру. Тестілеу - білімді меңгеру деңгейін анықтау үшін қолданылатын тапсырмалардың жиынтығы. Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу - оқушының оқыту және тәрбие арқылы қандай деңгейге жеткенін анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің түрлері:
• Ақыл-ой қабілетін, дамуын тестілеу.
• Арнайы қабілетті тестілеу.
• Үлгерімді, тәрбиелікті анықтауға бағытталған тестілер.
• Жеке сапаларды есті, ойлауды, мінезді анықтауға арналған тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың даму деңгейін толық сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын талаптар:
• білім стандартына сәйкестігі;
• қате жауаптарды енгізу;
• дұрыс емес жауаптардың шындыққа жақын болу керек;
• дұрыс жауаптарды қате жауаптармен бірге беру;
• бір сұрақ жауабының басқа сұрақтарға жауап беруге көмектеспеуі.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе курсты түсіну бұрынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта алмайды, қажетті ақпаратты мұғалім бастапқы білімдерді тестілеу арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушыларының жетістігіне қосқан үлесі туралы қорытынды жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8 тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім мен іскерліктер тексеріледі. Жұмысты аяқтаған соң міндетті түрде қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың арасындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар беріледі. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.
Білімді тексерген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табылатын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы толықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.
Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалайды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскерлік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарламаларында жазылған.
7. Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады. [1]
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы) ;
• жеткілікті біледі (жақсы) ;
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық) ;
• білмейді (қанағаттанғысыз) .
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі) ;
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материалдар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіншілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады. [2]
Дамуында ауытқуы бар балаларды оқыту процесінде тұтастай іскерлік әдіс негізінде оқыту әдістерінің кең таралған сыныптар арасына және дидактикада қабылданған әдістерге сәйкес оқыту танымдық іскерлікті ұйымдастыружәне жүзеге асыру әдістері, оны қалыптастыру және мотивация бақылау және өзін - өзі бақылау әдістері ажыратылады. Арнаулы білім беру дидактикасы оқытудың әдістері мен тәсілдерінің жалпы педагогикалық арсеналы сонымен ьірге ерекше білімдік қажеттіліктерге ие оқушылардың әрбір категориясы үшін өзінің спецификалық тәсілдерін өзінше оригиналдық білім беру технологиялары болып табылатын коррекциялық - педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен әдістемелерін өзгелеріне қарағанда оқушының қажеттіліктеріне және онымен коррекциялық - педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен әдістемелерін қолданады.
Жалпы педагогикалық әдістер мен оқыту тәсілдерін өзгеруіне қарағанда оқушының қажеттіліктеріне және онымен корррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізу спецификасына жауап беретін әдістер мен тәсілдердің арнаулы таңдалуы мен әдістерінің компазициясын қарастыратын арнаулы педагогика ерекше түрде пайдаланылады. Сондай -ақ әдістердің бұл сәйкестілігінің ерекше таралуын қарастырылады. Жалпы педагогикалық әдістер оқшауланғаг түрде пайдаланылмайды, бірақ олар бір - бірімен қажетті сәйкестілікті болады, болашақта басты болатын қандай да бір әдіс бір - екі қосымшалармен толықтырылады және бекітіледі. Бастысы әдістердің өзара толықтырылуы болып табылады, осыған орай жаңа материалды түсіндіру кезінде оқытудың бастапқы сатыларында бастылар болып сөзбе -сөз түсіндіру және әңгімелесу элементтеріне ие көрнекілік -практикалық әдістер табылады. Оқытудың кейінгі кешеуілдеген жылдарында басты орынға көрнекіліктік және практикалық әдістерді толықтыруға ие сөзбе - сөздік әдістер ие болуы мүмкін.
Дамуында ауытқулары бар балаларды оқытудың оқыту - танымдық іскерлігін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың әдістемелерінің тобындағы таңдауды компазициясында және тәсілдерін қолдануда едәуір өзіндік бір ерекшелік орын алған. Бұл топқа әдістердің келесі топшалары кіретіні белгілі:
- перцептивтік ( сөзбе - сөз жеткізу және оны оқу материалын көру және есту қабілетті арқылы қабылдау әдістері және оны меңгерудің әдістері мен ұйымдастырылуы бойынша ақпарат беру әдістері көрнекілік және тәжірибелік әдістер)
-логикалық ( индуктивті және дедуктивті)
- гностикалық ( репродуктивті мәселелік - ізденістік зерттеулік)
Бұл барлық әдістер оқытушының сондай - ақ оқушының жеке басшылығымен жалпы арнаулы білім беру тәжірибесінде таралуы мүмкін. Арнаулы білім беру тәжірибесінде оқушылардың мүмкіндіктері өзінше жұмыс жүргізуге әрдайым мұрша бере бермейді. [3]
Дамуында ауытқуларға ие тұлғалармен коррекциялық педагогикалық жұмыс жүргізу үшін көрсетілген топтардан әдістерді таңдау бірқатар фокторымен анықталады.
Біріншіден оқушыларда перцептивті сфераның дамуындағы ауытқуларға сәйкес есту, көру тіреуіш - қозғалыстық жүйе және т. б. білім алу қабілеті ретіндегі естулік көрулік және тактильді вибьрациялық және өзге де ақпаратты толық қабылдау мүмкіндіктері едәуір төмендетілген сондай -ақ ойлау саналық дамуындағы ауытқулар да оқу аппаратын толық қабылдауға мүмкіндік бермейді. Сол себепті сақталған анализаторға функцияларға ағза жүйесіне яғни осы адамның ерекше білімдік қажеттіліктерінің табиғатына сүйене отырып оқушыларға жеткілікті түрдегі оқыту ақпаратын толық беруге қабылдауға тұрақтандыруға және өңдеуге мүмкіндік беретін әдістерге ерекше көңіл бөлінеді.
Екіншіден, дамуындағы кез - келген ауытқуы кезінде сөйлеу қабілетін дамуында бүліну болатыны белгілі. Мұның өзі әсіресе оқытудың бастапқы сатыларында оқытушының сөзі, оның ауызша түсіндірулері сөзбе -сөз тәсілдер бастылар ретінде қолданыла алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz