Витаминдер туралы түсінік. Гипо және гипервитаминоз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МЕББМ ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ

НУО КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ

№ 5-практикалық сабақ
Тақырыбы: Витаминдер туралы түсінік. Гипо және гипервитаминоз.

Мақсаты: Студенттердің витаминдер, гипо және гипервитаминоз жайлы білімін толықтыру.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
1. Витаминдер туралы түсінік?
2. Гипо және гипервитаминоз деген не?
3. А витамині дегеніміз не маңызы?
4.витаминдер қанша топқа бөлінеді?
5 Адам организмінде витаминдер жетіспеген жағдайда қандай ауру пайда болады?

Витаминдер - аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар ( лат . вита -өмір + аминдер - құрамында азоты бар химиялық заттар ). Олар тіршілікке өте қажетті. Қазіргі кезде клеткадағы және организмдегі зат алмасуының түрлі жақтарына әсер ететін 30 шақты витаминдер бар. Бұл әсер витаминдер ферментердің құрамына кіретіндігі белгілі. Егер организмде витаминдер жеткіліксіз болса, онда ферменттер түзілуін тоқтатады, яғни зат алмасу пролцесі бүлінеді. Егер тамақта витаминдердің біреуі немесе бірнешеуі жеткіліксіз болса немесе мүлде болмаса, тіршілікке қауіп төнеді, зат алмасуы бұзылады т. б. күрделі өзгерістер туады. Витаминдерді латын әрпімен А, В,С ,Д,Е,К,Р,РР деп белгілейді және химиялық құрамдарына сай атайды ( Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) . Барлық витаминдерді екі топқа бөледі: майда еритіндер және суда еритіндер. Майда еритіндер тобына А, Д, Е витаминдері , ал суда еритіндер тобына басқа қалған витаминдер (В 1-12, С, Р т.б.) жатады. Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т.б.биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы ( Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.
Көптеген витаминдер адам денесінде өндірілмейді. Олар ішкен , жеген тамақтың құрамында п р о в и т а м и н (витамин алды) түрінде болады. Провитаминдер витаминдердің белсенді түрі емес, бұлар адам организмінде ғана белсенді түрге ауысады. Кейбір витаминдер организмде химиялық жолмен түзіледі. Инозит, пангам қышқылы, убихинон, холин т.б.витамин тәрізді органикалық қосындылар да витаминдердің рөлін атқарады.
Ұзақ мерзім бойы жеген тамақтың құрамында витаминдер мүлде болмаса, онда а в и т а м и н о з, ал жеткіліксіз болса г и п о в и т а м и н о з , мөлшерден артық болса г и п е р в и т а м и н о з деп аталатын сырқаттар пайда болады. Гипервитаминоз көбінесе майда еритін витаминдердің денеде көп болуына байланысты туады. Витаминдердің мөлшеріне байланысты сырқаттар көпке созылса , адам өліп те кетүі мүмкін. Ал жетіспеген витаминдерді тағамдарға қосып немесе жеке өзін қабылдаған жағдайда адам ауруынан сауығады.
Өсіп келе жатқан бала организміне витаминдер өте қажет, сондықтан баланың жасына лайық витаминдердің мөлшері ішіп - жейтін тамақтың құрамында тиіс. Қазіргі кезде баланың жасына лайық витаминдердің қажетті мөлшері толық анықталған.
А витамині (аксерофтол) майда ериді, қыздырғанда ыдырамайды, тек оттегі мен күннің күлгін сәулесінің әсерінен ыдырайды. Сырт көрінісі сары май түсті зат. Сәбіздің құрамында каротин түрінде болады. Каротин 2 молекулаға бөлінгенде А1 витамині болады. Балықтың майында, етінде А2 витамині түрінде кездеседі. А1 және А2 - А витаминының түрлері.
А витамині жетіспесе, онда баланың өсуі тежеледі және көзінің өткірлігі нашарлайды халық арасында соқыр тауық деп аталатын, яғни іңірде көрмеушілік пайда болады. Оған қоса қуықтың , жатырдың, ішектің, өкпенің кілегей қабығы бұзылады. Балалардың жұқпалы ауыруларға төзімділігі төмнгднйді. Бұлар құрамында А витаминдері бар балық майын, жұмыртқаны, сәбізді жесе біртіндеп жойылады.
В1 витамині (тиамин). Асқорыту, жүрек, жүйке жүйесінің қызметіне өте қажет. Ол белок, май, көмірсу алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді, өсу мен даму, жүрек, қан тамырларының т.б. ішкі мүшелердің қызметінің нервтік реттелуіне қатысады. Бұл витамин ішкен тамақта болмаса, не қажеттіліксіз болса адам бери-бери (аяғын сүйретіп басу) немесе полинефрит деген сырқатқа ұшырайды. Ең алғаш Индокитайда, Филипин аралдарында және Жапонияда осындай науқанстар байқалған. Бұл күрішті қабығынан тазартып тағамға пайдаланғанның нәтижесі екені анықталған. Кейін күрішті қабығымен пісірген тағамды жегенде оның болмайтыны белгілі болады. В1 витамині бидайдың қабығында , бұрыштарда, бауыр, бүйрек, жүрек етәнде көп болады.
Тиамин денеде өндірілмейді және қорға жиналып, сақталмайды. Тағаммен келген тиаминнің артық мөлшерінің біразы сыртқа шығарылады, ал біразы тиаминаза ферментінің әсерінен ыдырап пирамин, пирамидин және тиазол деп аталатын заттарға айналады.
Ішек қабырғасынан тиамин қанға өтіп, ұлпаларда фосфоферилаза ферментінің көмегімен фосфарландыру жолымен өзгеріп, декарбоксилаза коферментіне айналып, катализаторлық қызмет атқарады.
В2 витамині (рибофлавин) - сары түсті кристал зат. Суда жақсы ериді. Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен оңай тез ыдырайды да, люмифлавин және лиюмихромға айналып, витаминдік қасиеттерінен айырылады.
Ал пісіргенде оның ішіндегі рибофлавин бұзылмайды.
Рибофлавин авитаминозы кезінде адамның көзі ауырып катаракта, анемия, яғни қан аздылық, өкпе сырқаты және әлсіздік пайда болады.
Рибофлабин жауарлар текті тамақта көп болады. Әсіресе бауыр, бүйрек, ми және бұлшық еттерде көбірек. Оның адамға қажетті тәулік мөлшері 2-3 мг.
В6 (пиридоксин) витамині табиғатта пиридоксаль және пиридоксамин түрінде болады. Олар тотықтырғыш ферменттердің құрамында болады және зат алмасуына қатысады.
Пиридоксин жануар текті және өсімдік текті азықтың құрамында жиі кездеседі; бауырда, бұлшық етте, балықта, бидайда, картопта, капустада, күріште, сәбизде және ашытқыда мол болады.
Бұл витаминнің қажетті мөлшері тәулігіне 1,5 мг.
В12витамині (цианкобаламин). Бұл витаминді антианемиялық витамин деп те атайды, себебі оның организмінде жетіспеуінен анемия, яғни қан аздылық пайда болады.
Бұл витаминді тағаммен бірге әдеттегідей қабылдағанда оның витаминдік қасиеті азаяды, өйткені ішек - қарындағы микроорганизмдер оны бойына сіңріп, адамға пайдасы болмайды, сондықтан қарын сөліндегі апоеритеинмен қосылып, оны микорбтардан сақтайды да қанға өтіп, қан өндіру мүшелеріне барып, өз қызметін атқарады. Адамның бұл витаминге тәуліктік қажеттілігі 10 - 20 мкг.Мөлшері аз болғанымен, оның тіршіліктегі маңызы зор.
С витамины ( аскорбин қышқылын ) антицингалық фактор деп те атайды. Бұл организмде жетіспесе, құрқұлақ (цинга) ауруы пайда болады және қан тамырларының, әсіресе капилляр тамырларының серпімділігі төмендейді. Сондықтан құрқұлақпен ауырған кісі қансырайды, алдымен қызыл иектері қанағыш болады. Мұның нәтижесінде тіс босап, түсіп қалады және терінің қан тамырларының серпімділігі бұзылып, бетінде қоңыр дақтар пайда болады. Ең қиыны сүйек ұлпасының белок коллагенібұзылып, сүйек сынғыш болады.С гиповитаминоз қыста, көктемде азық-түліктің құнарлығы азайғанда пайда болуы мүмкін, сондықтан оның алдын алу үшін жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын ішу қажет.
Аскорбин қышқылы тирозин және фенилаланин сияқты амин қышқылдарының құрамында болып, белоктың алмасуына қатысады. Жағымсыз жағдайда ол организмнің төзімділігін арттырады, әсіресе сыртқы орта жағдайының өзгеруіне бейімделу қабілетін арттырады. С витаминінің бұл қасиеті баланың бір мектептен екінші мектепке, не сыныптан сыныпқа ауысқанда тұрақты бейімделуіне көмегі көп болады.
С витамині көкеністер мен жемістерде көп болады, әсіресе капустада, картопта, пиязда, бұрышта, жемісөжидекте жеткілікті мөлшерде болады.
С витаминіне тәулік қажеттілігі 50 мг шамасында. Бұл мөлшер көктем айларында көбірек болуы тиіс.
Д витамині (кальциферол) организмде жетіспеуінен мешел немес рахит (грек. рахис - омыртқа) ауруы пайда болады. Ол Англияда жиі тараған ауру, сондықтан оны ағылшын ауруы деп та атайды. Күн сәулесә аз болатын аймақта, қыс кезінде туған балаларда мешел жиі байқалады.
Мешелмен ауырған балада кальцидің және фосфордың алмасуы бұзылады, сондықтан олардың сүйектері дұрыс өсіп жетілмейді. Сүйектер жұмсарып, борпылдақ болады, дене салмағының ауырлығынан аяқ сүйектері қисаяды, бас сүйегі мөлшерден тыс үлкен болып, тістері кешігіп өседі.
Д витаминінің жетіспеуінен әйелдің, кей кезде ер адамның да жыныстық қабілеттері бұзылуы мүмкін.
Дені сау дұрыс өскен балалардың қанында фосфор 5 мг % болады, ал мешелмен ауырғанда 2-3 мг%-ға дейін азаяды. Дәрігерлер қанның фосфор көрсеткіші бойынша мешелдің пайда бола бастағанын анықтай алады. Науқастың алдын алу үшін Д витаминін немесе осы витаминге бай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спазмофилия
Дәруменді препараттар
Құстардың полигиповитаминоз аурулары
Витаминдердің түрлері
“Клиникалық биохимия” пәнінен дәрістер
Суда еритін дәрумендер
витаминдер
Алиментарлық аурулар, олардың алдын алу
Дәрумен немесе витамин - салыстырмалы құрылысы күрделі емес және әртүрлы табиғаты бар төменгі молекулярлы органикалық қосылыстардың тобы
Витаминдердің топтары мен түрлері
Пәндер