Әкімшілік айыппұлдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Абай Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы - техникалык колледж

Баяндама

Тақырыбы : Әкімшілік айыппұлдар

Орындаған : Диханова Д.М
Тобы : БҚ 11-19
Қабылдаған : Рахимбаева А.С

2020 - 2021 оқу жылы

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім
1 Әкімшілік айыппұл түсінігі
2 Әкімшілік айыппұл қолданудың ерекшеліктері

КІРІСПЕ

Қоғамдық қатынаста тек атқарушы билік органының (атқарушы органның)
ғана болуы оны барлық жағдайда да сөзсіз басқарушылық қатынасқа жатқызуға,
әрі әкімшілік құқықтың пәніне енгізуге жеткілікті негіз бола бермейді. Олай
болатын себебі, бұл сияқты органдар заңнамалар бойынша әкімшілік құқықпен
емес, құқықтың өзге салаларымен регламенттелетін іс-әрекеттерді жиі
жасайды. Мысалы, олар реттелуі азаматтық құқық пәнін құрайтын мүліктік
мәмілелер жасай алады. Олардың бюджет -- салық аясында жасайтын бірқатар іс-
әрекеттері конституциялық және қаржылық құқық нормаларының реттеушілік
ықпалына жатады, т.с.с. Бұл мынаған байланысты, мұндай жағдайларда қандай
да болмасын атқарушы орган атқару -- өкім етушілік сипаты бар функцияларды
орындамайды; мысалы, мәміле жасаған кезде ол өзінің мүліктік құқығын іске
асырады.
Ішкі басқарушылық қатынастар тек атқарушы билік органдары қызметінің
процесінде ғана емес, сонымен бірге заң шығарушы және сот биліктері
субъектілерінің, сондай-ақ прокуратура органдарының өздерінің аппараттарына
басшылық жасаған кезде пайда болады.Сыртқы қатынастар атқарушы билік
органдары жағынан басқарылатын сыртқы объектілердің (азаматтардың,
мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, мекемелердің және
ұйымдардың) мінез-құлқына тікелей басқарушылық ықпал етуге байланысты пайда
болады. Әкімшілік құқық өзінің пәнінің шегінде, қазақстан құқығының өзге де
салалары сияқты, реттеушілік функциясын атқарады. Оның мазмұнын атқарушы
билік органдарының құрылуы мен қызметінің белгілі бір құқықтық режимін
жасау констиуциялық мақсат-міндеттеріне сәйкес, сондай-ақ реттелінетін
қоғамдық қатынастардың қатысушыларының заңды мінез-құлқын қамтамасыз ету
құрайды. Әкімшілік құқықтың субъектісі деп ҚР-ның қолданылып жүрген
заңнамаларына сәйкес әкімшілік құқықпен реттелетін басқарушылық қоғамдық
қатынастардың қатысушылары (тараптары) бола алатын адам немесе ұйым
түсініледі. Бұл сияқты субъектілер тобы әр түрлі. Бірақта мұндай субъект
болу үшін ерекше заңдық қасиеті болуы қажет. Бұл қасиет-әкімшілік құқық-
субъектілігі.
Әкімшілік құқық субъектілігі дербес құқықтық маңызы бар екі элементтен
тұрады: әкімшілік құқық қабілеттіліктен және әкімшілік әрекет
қабілеттіліктен. Әкімшілік құқық реттеушілік функциясын жүзеге асыра
отырып, осы мақсат үшін басқарушылық қоғамдық қатынастарға, яғни солардың
қатысушыларының мінез-құлқына реттеушілік ықпал жасаудың құқықтық
құралдарының немесе тәсілдерінің белгілі бір жиынтығын пайдаланады. Бұл --
қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің әдістері.
ҚР-ның құқық жүйесінің ерекше саласы бар, оның негізгі мақсат-міндеті
айырықша сипаты бар қоғамдық қатынастарды реттеу болып табылады. Бұл
қатынастардың ерекшелігі сол, олар атқарушы билікті нақты жүзеге асыру
аясында пайда болуы (тиісінше өзгертілуі және тоқтатылуы) мүмкін. Ал оларға
реттеушілік ықпал жасау өзінің жиынтығы бойынша әкімшілік құқықғы құрайтын
құқықтық нормаларға жүктелген.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары
Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен
тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар
енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық
құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.
Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды
реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының
нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас
бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында
басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет
болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер
белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Айыппұл (штраф) -- заңда белгіленген ретте және тәртіпте белгілі бір
қағидаларды бұзушы тұлғаларға қолданылатын ақшалай айып салу, материалдық
ықпал ету шарасы:
а) қылмыстық құқықта -- жазалаудың негізгі немесе қосымша шарасы
ретінде қолданылады;
ә) азаматтық құқықта - өнімдер мен тауарлар жеткізу жөніндегі
келісімшарттық міндеттемелерді орындамағандығы үшін, жеке мүліктік емес
құқыларға нұқсан келтірілген кезде қолданылады;
б) тұрақсыздық айыбының бір түрі;
в) әкімшілік құқықта -- әкімшілік құқықтың бұзылуына кінәлі тұлғаларға
судьялар, уәкілетті органдар (ішкі істер бөлімі, өрттен қорғау, санитарлық,
мал дәрігерлік қадағалау және т.б.), лауазымды адамдар айыппұл тартқызады;
г) іс жүргізушілік құқықта -- заңда көзделген (мысалы, сот мәжілісінің
тәртібін бұзған) реттерде және мөлшерде сот айыппұл сала алады.
Негізгі бөлім
1 Әкімшілік айыппұл түсінігі
Қазақстан Республикасының аумағында әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған
адам осы Кодекс бойынша жауаптылыққа тартылуға тиiс.
Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғасқан, не
аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған әкiмшiлiк
құқық бұзушылық болып танылады. Осы Кодекстiң күшi Қазақстан
Республикасының континенттiк қайраңында және айрықша экономикалық аймағында
жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа да қолданылады.
Қазақстан Республикасының портына тiркелген және Қазақстан
Республикасының шегiнен тыс ашық суда немесе әуе кеңiстiгiнде жүрген кемеде
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының
халықаралық шартымен өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк
жауаптылықта болуға тиiс. Тұрған жерiне қарамастан, Қазақстан
Республикасының әскери кемесiнде немесе әскери әуе кемесiнде әкiмшiлiк
құқық бұзушылық жасаған адам да осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта
болады.
Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және қорғанышты пайдаланатын
өзге де шетел азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында құқық
бұзушылық жасаған жағдайда, осы адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы туралы
мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.

Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк
жазалар қолданылуы мүмкiн:
1) ескерту жасау;
2) әкiмшiлiк айыппұл салу;
3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты
өтемiн төлеп алып қою;
4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты,
сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi
тәркiлеу;
5) арнаулы құқықтан айыру;
6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен)
айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер
жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру, оның ішінде тізілімнен алып тастау;
7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
8) заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып
тастау;
9) әкiмшiлiк қамауға алу; V021963
10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының
шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың
бiрiншi бөлiгiнiң 1)-6), 8) тармақшаларында аталған әкiмшiлiк жазалар,
сондай-ақ заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн
тоқтата тұру немесе оған тыйым салу қолданылуы мүмкiн
Әкімшілік айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ерекше
бөлімінің баптарында көзделген жағдайларда және шекте, әкімшілік жаза
қолдану кезінде қолданылып жүрген заңнамалық актіге сәйкес белгіленетін
айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін көлемде
салынатын ақшалай жаза.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа
толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға:
айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық
жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру
жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың
кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу -- бұл сот
тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам
ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.
Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма
бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі
аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде
тағайындалады.
Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және
адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған
адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған
жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар -
бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық құқық бұзушылық: түсінігі, ерекшеліктері
Салықтан жалтару мәселелерінің қазіргі жағдайын талдау
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Қытайдың салық жүйесі жайлы
Жамбыл облысындағы өндірістік шығарындылардың атмосфералық ауаға әсері
Ұйымдағы бухгалтерлік міндеттеменің маңыздылығы
Кезең шығындарының есебі
Салықтық әкімшілік мәселелері
Салық берешегін тексерудің экономикалық мәні
Салықтардан жалтарыну проблемалары және оларды шешу жолдары
Пәндер