Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджеттің теоретикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мазмұны мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және оның елдің әлеуметтік . экономикалық дамуындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2 Тарау. Экономикалық дамудың негізі ретіндегі Қазақстан Республикасының бюджеттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістің ұйымдастырылуы және бюджет.салық саясатының бағыты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қазақстан Рсепубликасындағы бюджет саясатының заңдық аспектілері және 2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы бағдарлама ... ... ... .25

3 Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатын жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

Қосымша мәліметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..42

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 Тарау. Мемлекеттік бюджеттің теоретикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... .5

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мазмұны мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Мемлекеттік бюджеттің құрылымы және оның елдің әлеуметтік –
экономикалық дамуындағы
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..10

2 Тарау. Экономикалық дамудың негізі ретіндегі Қазақстан Республикасының
бюджеттік
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.1. Қазақстан Республикасының бюджеттік үрдістің ұйымдастырылуы және
бюджет-салық саясатының бағыты
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2. Қазақстан Рсепубликасындағы бюджет саясатының заңдық аспектілері және
2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы
бағдарлама ... ... ... .25

3 Тарау. Қазақстан Республикасының бюджеттік саясатын жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...41

Қосымша
мәліметтер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 42

Кіріспе

Кез-келген дамыған қоғамның экономикалық құрылымының қалыптасуы мен
дамуында үкіметпен таңдалған экономикалық саясат шегінде іске асырылатын
мемлекеттік реттеу анықтаушы, жетекші роль атқарады. Мемлекетке
экономикалық және әлеуметтік реттелуді іске асыруға мүмкіндік беретін
механизмдердің бірі, қаржылық механизм – мемлекеттік бюджет маңызды буыны
болып табылатын, қоғамның қаржылық жүйесі. Қаржылық жүйе арқылы мемлекет
орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорының қалыптасуына әсер ете
отырып, мемлекетке тиесілі қызметтерді орындау мүмкіндіктерін қамтамасыз
етеді. Әлеуметтік – экономикалық процестерді мемлекеттік реттеу жүйесінің
негізін табыстарды қайта бөлу құрайды. .
Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау және шығындаудың негізгі құралы
бола отырып, мемлекеттік бюджет саяси үкіметке экономикаға әсер етуге, оның
құрылымдық қайта құрылысын қаржыландыруға, экономиканың ерекше секторының
дамуын ынталандыруға нақты мүмкіндік береді.
Бюджет – ұдайы өндірісті іске асырудың құралы мен маңызды алғышарты.
Оның көмегімен әлеуметтік бағдарламаларды өткізуге, қоршаған ортаның
қорғауын қамтамасыз ету, ғылыми – техникалық прогресті ынталандыру, қорғану
қабілеттілігін қолдау, басқа да мемлекеттік істерді іске асыруға жағдайлар
жасалынады. Сәйкесінше, шаруашылық механизмді қалыптастыру бюджеттік
қатынастарды жетілдірусіз, бюджеттік саясатты ғылыми өңдеусіз, бюджеттік
басқарудың тиімді жүйесінсіз қалыптастыру мүмкін емес. Нарықпен,
корпорациямен және мемлекетпен басқарылатын экономикаға көшу мемлекеттік
бюджетті, кәсіпорындар мен салалардың қаржыларын, аймақтық және жергілікті
деңгейдегі, бюджеттен тыс қорлардың қаржылық қатынастарының жаңа буынының
дамуы тереңдетілген қайта құрылысты қажет етеді.
Бюджеттерге және салықтарға байланысты бюджеттің жаңа түрі
мемлекеттің қоғам мүшелеріне, салық төлеушілерге ұсынылатын қоғамдық
игіліктер категориясының негізінде құрылады. Бұл бағыт қазіргі өмірдегі
бюджетке, оның қызметтеріне нарықтық көзқараспен қарайды. Мемлекеттік
бюджетті ерекше игіліктерді, қоғамдық өнімдерді, ұсынуға мүмкіндік болу
үшін құрайды.
Біздің елімізде экономикалық реформалар табысы қоғамның қаржылық
жүйесінің қайта қалыптасуы қай бағытта жүргізілетіні, мемлекеттің бюджеттік
саясаты қаншалықты уақыт талабына жауап беретініне байланысты болады.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қоғамның қаржылық жүйесінің маңызды
элементі ретіндегі бюджеттің қалыптасуы, орындалуы және ұйымдастырылуын,
бюджеттік процестің және бюджеттік жүйенің негізгі сипаттарын талдау болып
табылады. Сонымен қатар қазіргі уақыттағы жүргізіліп жатқан бюджет
саясатының жағдайын сипаттай отырып, оның жетілдірілу жолдарын талдау,
болашақ бағыттарын айқындау. Осы мақсатты орындау барысында, келесі
міндеттерді шешу алға қойылды:
- мемлекеттік бюджеттің мәнін ашып, оның қызметі мен құрылымына
талдау жасау;
- мемлекеттік бюджеттің қазіргі жағдайдағы әлеуметтік-
экономикалық ролін анықтау;
- Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп жатқан бюджет саясаты
мен салық саясатының бағдарын айқындау;
- Қазақстан Республикасындағы бюджеттік саясаттың мәселелері мен
жетілдіру жолдарын көрсету;
Курстық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан және қорытындыдан тұрады. Бірінші
тарауда бюджеттің мәні мен құрылымына,қызметіне түсінік берілсе, екінші
тарауда Қазақстан Республикасындағы бюджет саясатының заңдық және салықтық
бағдары зерттеледі. Үшінші тарау бюджет саясатының жетілдіру жолдарын
қарастыруға бағытталған.
Осы курстық жұмысты жазу барысында ресейлік, ағылшын, қазақстандық
ғалымдарының әдебиеттері, Отандық бұқаралық ақпарат құралдары және интернет
желісінің мәліметтері қолданылды.

1 Тарау. Мемлекеттік бюджеттің теоретикалық негіздері

1.1 Мемлекеттік бюджеттің мазмұны мен қызметі

Мемлекеттің ақша қаражатының негізгі орталықтандырылған қоры –
мемлекеттік бюджет қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Мемлекеттің
кәсіпорындармен, ұйымдармен, мекемелермен және халықпен болатын қаржы
қатынастары бюджеттік деп аталады. Бұл қатынастардың қаржының бөлігі болу
себебі: біріншіден, қатысушы мемлекет болып табылатын бөлу процесімен;
екіншіден, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған,
орталықтанған ақша қаражат қорын құру және жұмсаумен байланысты.
Бюджет қатынастары объективті сипатта болады. Жалпы қоғамдық
масштабтағы ұдайы өндірісті ұлғайту қажеттілігі мен азаматтардың әлеуметтік
мәдени шараларын қанағаттандыруға, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын
жабуға арналған, мемлекет қолында жыл сайын шоғырланатын ұлттық кірістің
анықталған бөлігінен көреміз. Бюджет қатынастарының жүруі мемлекеттен тыс
болуы мүмкін емес, бірақ та олар мемлекетпен байланысты бола отырып,
базистің элементі болып табылады. Бюджет қатынастары – қоғамның
экономикалық құрылымының орталық бөлігі, өйткені мемлекет өз қызметтерін
жүргізу үшін материалды – қаржылық базасы болуы керек.
Елдің бюджет қорының құрылуы мен жұмсалуындағы бюджеттік қатынастардың
жиынтығы бюджет түсінігін құрайды. Экономикалық мәні бойынша мемлекеттік
бюджет дегеніміз халық шаруашылығының, әлеуметтік мәдени шаралардың
дамуының қажеттерін, мемлекеттік басқару орындарын ұстау, еліміздің
қорғанысын қаржылындыру үшін бюджеттік қорды құру және жұмсау мақсатындағы
ұлттық кірісті қайта бөлу кезінде болатын, мемлекет пен заңды және жеке
тұлғалар арасында қалыптасатын ақша қатынастары. Мемлекеттік бюджет көмегі
арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың басты орындарында қаржы
ресурстарын шоғырландыру мүмкіндігі бар.
Мемлекеттік бюджетті экономикалық мәні бойынша және экономикалық
категория ретінде, ал мемлекеттің заңмен бекітілген қаржы базасы – қаржы
жоспары ретінде қарауға болады.
Бөлу және бақылау қызметтер арқылы мемлекеттік бюджеттің экономикалық
категория түріндегі мәні ашылады. Бөлу қызметі арқылы мемлекет қолына ақша
қаражаттары шоғырланады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыру мақсатында олардың қолдануы іске асады. Бақылау қызметі
арқылы, мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының уақытылы және толықтай
түсуін, бюджет қаражатының бөлінуі, үнемді жұмсалуын қадағалау жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік бюджет – қаржы жоспары ретінде үкімет арқылы экономиканы
дамытуға және әлеуметтік мәселелерді шешуге қолданады. Ол қаржы жоспары
бола отырып: заң күшін иемденеді; үкімет мәселесін анықтайды (жергілікті
бюджет – мемлекеттің қаржы саясатының жол серігі); жоғарғы бюджеттің
орындалуы мен құрылуы жергілікті бюдетпен есептесулі болуы керек.
Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше бөлігі ретінде келесідей
сипатталынады:
1) ерекше экономикалық бөлу қатынасы, яғни мемлекеттің жалпы ұлттық
өнімінің құндық бөлігі мен қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру мен
байланысты;
2) шаруашылықтың ұлттық салалары арасында, территориялар, экономика
секторлары арасындағы құндық қайта бөлу үшін тағайындалған;
3) құндық бөлу кезіндегі тауарлы түрдегі қоғамдық өнімінің жылжуымын
байланыссыз кезеңді қамтиды.
Мемлекеттік бюджет басқа да экономикалық категория сияқты өндірістік
қатынастарды білдіре отырып, сәйкесінше материалды – затты түрде жүзеге
асады және бюджеттік қатынастар мемлекеттің ақша құралдарының орталықтанған
қоры – бюджеттік қормен қызмет етеді. Осының нәтижесінде қоғамда
жүргізілетін экономикалық үрдістер мемлекетпен қолданылатын және
мобилизацияланатын ағымдар түріне ие болады. Бюджеттік қор – бұл қорғаныс
пен басқару, халықты әлеуметтік мәдени қамтамасыздандыру және
қажеттіліктерді қанағаттандыруда қайта өндірісті кеңейтуде белгілі
кезеңдерден өткен қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың объективті шарталған
экономикалық қозғалыс түрі. Бюджеттік қордың құрылуы мен қолданылуы құнның
бөліну және қайта бөліну үрдісімен байланысты.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде, мемлекеттің ақшалық
құралдарының орталықтанған қорының қалыптасуы және оның ұдайы өндіріс және
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында қолданылу жолымен
қоғамдық өнімнің құнының бөлінуі және қайта бөлінуі жөніндегі мемлекет және
қоғамдық өндірістің басқа да қатысушылары арасындағы қатынастарды
көрсетеді.
Бюджеттік қатынастардың материалдар мен қорлармен толығуы орталықтанған
қор арқылы жүзеге асады. Берілген қор басқа да қор ерекшеліктеріне ие
қаржылық қатынастар негізінде құрылған. Бірақ бұл ерекшеліктер нақты
сипатта : 1) бұл қор тек мемлекеттік және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға арналған; 2) мемлекеттің заңдарымен және нормативтік
актілерімен қатаң регламенттеледі; 3) қор көздері болып азаматтық және жеке
тұлғалардың салықтық және салықтық емес төлемдері; 4) қайтарылмайтын
негізде қолданылады; 5) қарқындылығы жоғары және ол көптеген кішкентай
мақсатты қорларға бөлуге және иелендіруге бейім; 6) тек қана қорлық түрінде
қолданылады.
Мемлекеттің ақша құралдарының орталықтанған қорының құрылуы ұлттық
табысты бірінші бөлу кезеңінде және қайта бөлу кезеңінде де жүзеге асады.
Бірінші бөлу үрдісі кезінде мемлекет өзінің алымын қосылған құн салығының
жартылай өсу құны арқылы алады. Қайта бөлу нәтижесінде мемлекеттің
орталықтанған қорына кәсіпорындардың, ұйымдардың жарты пайдасы әр түрлі
салықтар, акциздер және басқа да алымдар арқылы түседі.
Мемлекеттің ақша құралдарының орталықтанған қорының қолданылуы жалпы
ұлттық өнімнің құнының әрі қарай бөлінуінің көп кезеңдік үрдісі. Берілген
бөліну экономикалық жүйеде қаржылық ағымдар қозғалысымен бірге жүреді.
Мемлекет жалпы орталықтанған ақша қорынан экономиканың дамуына және
әлеуметтік мәдени шараларды қолдауға әжептәуір бөлігін бөледі. Мемлекеттің
орталықтанған қаржылық ресурстары құрамына сонымен қатар басқару аппаратын
ұстауға және қорғаныс саласын нығайтуға арналған арнайы қорлар енеді. Әр
аталған қорлар көпқатарлы бөлінуге түседі: экономика салалары бойынша,
қоғамдық қызмет түрлері бойынша, мемлекет территориясы және мақсатты
бағыттар бойынша және т.б.
Мемлекеттің ақша құралдарының орталықтанған қорының көлемі келесі
факторларға тәуелді болады: 1) экономиканың дамуының жағдайы;
2) кәсіпорындарды басқару әдістері 3) экономикалық және әлеуметтік
мәселелерді шешу сипаты 4) халықшаруашылығындағы белгілі құрылымдық
қлзғалыстың масштабы.
Бюджетті мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде сипаттау үкіметтің
бюджетті экономика дамуында және әлеуметтік мәселелерді шешуде дұрыс
қолдана білуінде деп түсінуге болады. Мұндай объективті қаржылық
категорияны мемлекеттің реттеуі орталықтанған ақшалай қорды жоспарлау
арқылы жүзеге асырылады. Бұл жоспарлаудың нәтижесінде мемлекеттік бюджет
деп аталатын елдің негізгі қаржылық жоспары пайда болады. Негізінен
мемлекеттің қаржылық жоспарында мемлекеттік бюджеттің барлық мазмұны, яғни
барлық бөлу үрдістері көрініс табады. Кез- келген қаржылық жоспар сияқты,
мемлекеттік кіріс пен шығыс бөлімінен құралады. Өз кезегінде бюджеттің бөлу
бөлімдері әртүрлі баптардан құралады. Бюджет шығысының спецификалық бабы
оның құралу көздері мен қолдану бағыттарын көрсетеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті өз бетінше мемлекеттік
және жергілікті бюджеттен тұрады. Мемлекеттік бюджет қаржылық жылға
жасалынып, құқықтық тәртіпте бекітіледі.
Мемлекеттік бюджет жоспар ретінде келесі сипаттарға ие: 1) заң күшін
иемденеді; 2) үкімет директиваларын көрсетеді; 3) негізделген; 4) оның
құрылуы мен қолданылуы жергілікті инициативамен орталықтандырылған
сәйкестігіне негізделеді.
Барлық қаржы жүйесінің құрамды бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
қаржыларымен ортақ белгілерге ие және сол қызметтерді атқарады. Сонымен
қатар, ол орталық орын мен қаржылық құралдарды дараландыратын
ерекшеліктерге ие. Мұндай ерекшеліктерге:
1) Мемлекеттік бюджет мемлекет қызметтерін орындау үшін құрылса, күмәнсіз
басқарушылық. Берілген қорларды басқару әдістері мемлекетпен қолданылатын
экономиканы басқаруға тәуелді
2) Орталықтандырудың бірлігі мен жоғарғы деңгейлігі. Бюджеттің әртүрлі
әкімшіліктік – территориялық бірлігіне қарамастан, олар ҚР бір
мемлекеттік бюджетіне бірігеді. Мемлекеттік биліктің әр органы өздерінің
бюджеттік қорларына ие және бюджеттік құқықтармен қолданылады.
Бұл екі кезең мемлекеттік бюджеттің құралдарына дұрыс ие болу мен икемді
бюджеттік саясат жүргізу үшін көптеген мүмкіншіліктерді алдын – ала
анықтайды.
Қоғамдық өнімді бөлудің негізгі қаржылық құралы ретінде, мемлекеттік
бюджет бірнеше ерекшеліктерге ие. Көбінесе, қаржылардың бөліну функциясы
көптеген сатып – алу – сату актілерінің құн түрінің жиі ауысуы шарттарында
жүзеге асады. Ал қоғамдық өнімді мемлекеттік бюджет арқылы бөлу айырбас
сияқты түрге ие емес. Құнның мемлекеттік бюджет арқылы қозғалуы толығымен
материалдық өніммен жекешелініп таза құндық сипатта болады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі қызмет атқрады:
бөлу және бақылау қызметтері.
Бюджеттің бөлу қызметі арқылы территорияаралық және салааралық
қаржылық ресурстардың бөлінуі және арнайы белгіленген қорлардың құрылуы мен
қолданылуы жүзеге асады. Территорияаралық бөлу бюджеттік кірістерді бекіту
сәйкесінше мемлекеттік билік пен басқаруды және әртүрлі бюджетішілік
реттеулер арқылы жүзеге асады (субвенциялар, дотациялар, қоғамдық
салықтардан пайыздық шегерімдер, бюджеттік алымдар т.б.). Территорияаралық
бөлу нәтижесінде әр әкімшілік – территориялық бірлікте меншікті бюджеттік
қор құрылады.
Салааралық бөлу бір жағынан әр түрлі эконимика саласына жататын
кәсіпорындар мен ұйымдардың бюджетке төлемі болса, екінші жағынан бюджеттік
құралдар әр түрлі салалар мен өндіріс түрлерінің қажеттіліктерін
қамтамамсыз ету үшін қолданылады. Мысалы: экономиканың кен қазу саласына
және ауылшаруашылық кәсіпорындарға бюджеттік инвестициялар.
Сонымен, мемлекеттің бюджеттің бөлу қызметі көп қайталануымен
сипатталады, ол қоғамдық қатынастардың барлық сфераларында көрініп
мемлекетпен экономиканы дамыту үшін, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық
сақтау, қорғаныс және басқа да мақсаттар үшін қолданылады.
Мемлекеттік бюджеттің бақылау қызметі болашақ экономикамен органикалық
байланысты, бюджеттің бөліну үрдісі кезіндегі пайда болатын жақсы және
жаман тенденцияларымен тікелей байланысты. Әртүрлі жоспарлаудан ауытқу,
яғни жоспар бюджеттің кірісі мен қаржыландырудан ауытқу – қоғамдық
өндірістің әртүрлі сфераларындағы жайсыз жағдайларды тудыру болып табылады.
Бұл осы ауытқулардың себебі мен шығу көзін анықтауды қажет етеді. Бұл
белгілер диспропорциялардың дер кезінде алдын алуға мүмкіндік береді.
Бақылау қызметі объективті сипаттарын көрсете отырып, бөлу категориясында
туындайды. Кез- келген бөлу осы үрдістің бір мезгілінде бақылаумен бірге
жүреді.
Мемлекеттің бақылау қызметі кейбір ерекшеліктерге ие. Бюджеттің
салалармен органикалық байланысы қоғамдық өндірістің бөлімшелерінің
жағдайын әрдайым ақпараттандырып отыруын қамтамасыз етеді.

2. Мемлекеттік бюджет құрылымы және оның елдің әлеуметтік-экономикалық
дамуындағы ролі.

Мемлекеттік бюджет құрылымы бойынша 44 бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімде ресми трансфертпен, кредит қайтарымымен, табыстардан тұратын
түсімдерден құралады. Екінші бөлім бюджеттің барлық шығыстарын, кредиттерін
қарастырады. Үшініші бөлімде бюджеттің тапшылығы көрсетіледі. Ал төртінші
бөлім тапшылықты қаржыландыру қызметін қарастырады.
Мемлекеттік бюджет кірісі салықтық және салықтық емес түсімдерден
және капиталмен операциялардан түсімдерден құралады. Мемлекеттік бюджеттің
кірістері екі жақты табиғи сипатқа ие. Бір жағынан олар, мемлекет пен
азаматтар арасындағы туатын бөлу және қайта бөлу үрдісіндегі ЖҰӨ құнының
мемлекеттік ақша құралдарының орталықтанған қорын құру болады. Бұл мағына
да, қаржылық категорияға ие. Екінші жағынан олар бюджеттік қатынастардың
көріну түрі болып табылады. Бұл мағынада олар мемлекеттік бюджеттің нақты
табыс түрлерінің сандық парамертлерін қарастырады.
Мемлекеттік бюджеттің кірісінің көп бөлігі салықтарға байланысты
түседі. Мұндай қарқындылық барлық елге тән. Салықтық емес түсімдерге
кәсіпкерлік қызмет меншіктен, салықтық емес түсімдер қаржылық мекемелер мен
азаматтардан, коммерциялық емес саудадан, айыппұлдар мен санкциялар бойынша
кірістер капиталмен операциялардан кірістер, негізгі капиталды сатудан,
мемлекеттік қордағы тауарларды сату, мемлекеттік капиталмен басқа да
операциялар.
Мемлекеттік бюджеттің шығыстары ұлттық табысты қайта бөлуде маңызды
орын алады. Мемлекеттік бюджет шығындары арқылы қаржылық ресурстардың
салааралық және территориялық қайта бөлудің жарты үрдісі жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңында әр
деңгейдегі бюджет ағымдық бюджеттік бағдарламалардан және бюджеттік даму
бағдарламаларынан тұрады деп қарастырылады. Сондықтан мемлекеттік бюджет
құрамында ағымдық бюджет шығыстары және даму бюджеті ерекшеленеді.
Ағымдық бюджеттік бағдарлама болып әртүрлі немесе тұрақты сипатқа ие
шараларды қарастыратын заңдық актілермен сәйкес мемлекеттік қызметті
басқаруға бағытталған бюджеттік бағдарламалары табылады.
Бюджеттік даму бағдарламалары деп адами ресурстармен қоса Қазақстан
Республикасының әлеуметтік – экономикалық және инстутционалды дамуына
бағытталған бюджеттік бағдарлама аталады.
Даму бюджеті экономиканы құрылымдық қайта құруды қамтамасыздандыратын
инвестициялық жобаларды өткізуде инвестициялық институттар мен меншік
инвесторларды тарту үшін жасалынатын мемлекеттік ынталандыру құралы болып
табылады.
Даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жаңа
шығындарына жан – жақты және салмақты қарауға мүмкіндік береді. Бұл жерде
сәйкесінше келесі принцип қолданылады: қажеттіліктерді қатаң түсетін көздер
шегінде қаржыландыру.
Қаржылық теорияда бюджеттік шығыстар әртүрлі белгілеріне байланысты
бөлінеді:
1) қоғамдық ұдайы өндірістегі ролі
2) өндірістің қызметі мен саласы бойынша
3) қоғамдық белгісі бойынша
4) мақсатты белгісі бойынша
Мемлекеттік бюджет шығыстары кейейтілген ұдайы өндіріспен тығыз
байланысты, бірақ біржақты бола бермейді. Шығыстардың бір бөлігі өндірістік
сипатқа ие, яғни өндірістің материалды салаларын жаңаландыру мен дамытуға
бағытталады. Ал қалған бөлігі өндірістік емес сипатқа ие, яғни өндірістік
емес сфераны тұрақты дамытуға, қамтамасыздандыруға қолданылады.
Шығыстардың бірінші тобы ресурстарды қорлар жинау мақсатында қолдану
және өндірісті кеңейтумен шарттастырылған. Мұнда мемлекеттік шараларға және
мемлекеттік материалды резервтер құруға шығындар жатады.
Әлеуметтік сферада іске асатын шығындар қоғамға керекті болып
табылады. Оларсыз ешқандай жалпы мемлекеттік масштабта әлеуметтік мәдени
шараларды өткізу мүмкін емес. Сонымен қатар өндірістік емес шығыстар
қатарына елдің қорғанысын нығайтуды қамтамасыз ету шығындары жатады.
Өндірістік сферада шығыстар экономика салалары бойынша жіктеледі -
өндірісті, ауылшаруашылық, көлікті, байланысты дамытуға бағытталса,
өндірістік емес сферада шығыстар қызметі және саласы бойынша: тұрғын үй
коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау,
әлеуметтік мұқтаждық, басқару, қорғанысты дамытуға бағытталады.
Осылайша бюджеттік шығыстар экономиканың әртүрлі салаларында ақша
қорларын құру үшін жасалған сапалы қаржылық база болып табылады.
Экономиканың дамуына шығыстар мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасқан.
Олар өндірісте жаңа құрылыс жүргізуге, жер шаруашылығын, көлік және
байланысты дамытуға, экономиканың басқа да салаларында қайта қарулануға
мүмкіндік береді.
Мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуы, қызметтердің орындалу
деңгейі, мәселелердің шешілу сипаты және олардың ақша құралдарының
орталықтанған қордағы масштабы мемлекеттік бюджетте көрінеді. Бюджеттік
қордың кірістік және шығыстық бөлімдерімен балансталған және бюджеттік
тапшылық пен артықшылық тәуелді болады.
Бюджеттің кірістерінен шығыстарының артып кетуінен кері сальдо немесе
бюджет тапшылығы туады. Ал бюджет артықшылығы – кірістерден шығыстарының
арту себептерінен оң сальдоны тудырады. Балансталған бюджет ол кіріс бөлігі
мен шығыс бөліктерінің бір – бірімен өзара теңдігі саналады.
Бюджет жағдайына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың үш түрін бөліп
көрсетуге болады:
1) салықтық түсімдер мен мемлекеттік шығыстар динамикасындағы ұзақ
мерзімді тенденциялар
2) қарастырылған кезеңде экономикада болатын ұдайы өндірістік цикл
3) облыстағы бюджеттік кірістер мен шығыстар туралы үкіметтің ағымдық
саясаты
Бюджеттік тапшылық ұдайы өндіріс үрдісінде белгілі өзгерістерді
көрсетеді, осы өзгеріс нәтижесін тіркейді.
Бюджеттің тапшылықғын тудыратын негізгі себеп, бюджеттік кірістер
көлемінің бюджеттік шығыстар көлемінен қалу қарқыны болып табылады. Осы
бюджеттік тапшылықты қысқарту немесе жоюға байланысты ең бірінші
істелінетін шара ол экономиканы қаржылық сауықтыру болып табылады. Бұл
жердегі маңызды бағыт, бюджеттің тапшылығы көлемінде шараларды және
жекелеген бюджет шығыстарын қысқартуда, бюджетке түсімдерді ұлғайту.
Мемлекетте әкімшілік – территориялық бөлінулер болғандықтан сәйкесінше
бұл билік пен басқару деңгейіне байланысты әр түрлі деңгейлі бюджет өмір
сүреді және олардың арасында белгілі бір байланыс болады, олар бір –
бірімен бюджетке біріккен.
Бұл, яғни бюджеттік жүйенің өмір сүруін білдіреді. Бюджеттік жүйе деп
белгілі бір байланыстағы барлық бюджет түрлерінің жиынтығы түсініледі.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі экономикалық және құқықтық
нормаларғы негізделген мемлекеттік және жергілікті жүйелерінің жиынтығы.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік жүйе туралы Заңының 4 бабында ҚР
бюджеттік жүйесі бірліктік, толықтылық, нақтылық және дербестік болуына
негізделеді деп жазылған.
Бюджеттік жүйенің бірлігі біркелкі құқықтық базамен, бірдей бюджет
классификациясын қолданумен, бюджет құжаттарының түрлерінің бірлігі,
керекті статистикалық және басқа да бюджеттік ақпараттардың бюджетінің бір
деңгейімен екіншісіне жеткізілуімен қамтамасыздандырылады.
Толықтық принципі салықтық және бюджеттік заңдылықтармен анықталатын
міндетті түрдегі бюджеттік кірістер мен шығыстардың толық түрде көрініс
табуы.
Нақтылық принципі мемлекеттің кірістері мен шығыстарының нақты жағдайының
суреттелуімен түсіндіріледі. Ол ҚР әлеуметтік – экономикалық дамуға
бағытталған индикативті жоспар парамертлерімен сәйкес және әр жылдық
Президент жолдаумен жүзеге асады.
Мәлімділік принципі бюджеттің анықтылғын анықтайтын келесі міндеттерден
тұрады: бюджет жобасын алдын – ала Парламенттің ашық жиналыстарында
талқылау; бекітілген бюджет туралы заңды бекіткеннен кейін оны жариялау;
бюджеттің орындалуын хабарлап отыру.
Дербестік принципі әртүрлі бюджет деңгейлерінің арасындағы бюджеттік
қорларды шығындау бағыттарын анықтаумен байланысты табыстардың бөлінуіндегі
тұрақты нормативтерді тағайындаумен байланысты қамтамасыздандырылады.
Сонымен қатар, бұл жерде қаржыландыру шығындары мен кірістердің тең немесе
сәйкес болуы, ақша құралдарының бюджетке ағымының тұрақты болуы маңызды,
және бюджетті бекіткеннен кейінгі жоғарғы құрылымдар шешімдерімен
шарттастырылған міндетті түрдегі төменгі органдарға биліктің шығындалуы.
Қазақстан Республикасының бюджеттік жүйесі унитарлы мемлекет ретіндегі
сипаты: екі буынды болуы. Ол мемлекеттік бюджет және жергілікті бюджет.
Жергілікті бюджеттер – облыстық, қалалық (мемлекеттік және облыстық
мағыналардағы қала), аудандық бюджеттер, экономикалық аймақтық арнайы
бюджеттер. Қосымша 1
Кейбір мемлекеттерде бюджеттік жүйеге мемлекеттік консалидирленген
қаржылық балансты енгізеді. Консалидирленген қаржылық баланс деп өз бетімен
жергілікті және мемлекеттік ақшалай қорлардың сәйкес болуы (арнайы
экономикалық аймақ бюджетімен қоса), бюджеттен тыс қорлардың қызмет етуін
айтамыз. Мемлекеттік консалидирленген қаржылық балансы өзіне бюджеттен тыс
қорлармен мемлекеттік бюджетті енгізеді (арнайы экономикалық аймақ
бюджетімен қоса). Консалидирленген қаржылық баланс мемлекеттің қаржылық
ресурстарын басқару мақсатындағы бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарының
көрінуі және бюджеттік жүйенің көрсеткіштерінің қалған экономика салалары
көрсеткіштерімен және мемлекеттік шоттың жүргізілуі арасындағы байланысты
айқындайды.
Мемлекеттік бюджеттің қоғамды дамытудағы ролі ең бірінші оның
көмегімен жалпы мемлекеттік масштабта Ұлттық табыспен ЖҰӨ құнының бөліну
және қайта бөліну үрдісінің жүргізілуі жүзеге асады. Мемлекеттік бюджеттің
үлесіне бөлу үрдісіндегі ақша құралдарының әртүрлі экономика салаларында,
өндіріс секторларында, экономикалық қызмет сфераларында және республика
территорияларындағы бөлінуі тиеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қоғамдық ұдайы
өндіріске, әлеуметтік сфераға, экономикаға белсенді түрді әсер етеді. Бұл
әсерлер сандық және сапалық сипаттарға ие. Сондықтан бюджет арқылы қайта
бөлінетін қаржылық ресурстардың пропорциясын сипаттайды. Ал бюджеттің
экономикаға сандық әсер етуі елдің экономикалық өсуінің тездетілуіне,
өндірістің тиімділігін арттыруға және оның әртүрлі қызығушылықтарды
арттыруға бағытталған нақты бюджеттік қатынастар түрі.
Сәйкесінше, тәжірбиеде мемлекеттік бюджет мемлекетпен өзінің қаржылық
саясатында қолданылатын экономикалық тұтқасы ретінде қарастырылады.
Бюджет саясатының мазмұны өзіне жалпы мемлекеттік ақшалық қорларды
құру және қолдану белгілі бір бағыттарды, түрлерді, мәселелерді мемлекет
қызметі енгізеді.
Бюджеттік саясатта маңызды орынды экономиканы реттеу алады.
Мемлекеттік бюджетті экономиканың реттеушісі, әлеуметтік, өндірістік
үрдістердің ынталандырушысы ретінде қолданылады.
Бюджеттік қайта бөлудің арқасында қоғамдық өндірістің құрылымын
жаңаландыруға болады. Сол уақытта мемлекет экономикаға әсер етудің әртүрлі
формаларын қолданады: кәсіпорындарды субсидиялау, мемлекеттік
инвестициялар, қорғаныс салаларын бюджеттік қаржыландыру.
Бюджеттік механизм – бюджеттік қатынастардың барлық ұйымдастыру
түрлерін, мемлекет территориясында, экономика саласында, қоғамдық қызмет
сфералары арасында қайта бөлуді қамтамасыздандыратын қаржылық ресурстардың
бөлуші әдісін, тәсілін қарастырылады.
Мемлекеттік бюджет экономикамен өте тығыз байланысты, сондықтан оның
көлемі қоғамның экономикалық өсуімен анықталады. Осыған байланысты
өндірістің құлдырауы, ұзаққа созылған терең экономикалық дағдырыс
мемлекеттің бюджеттің мазмұнында көрініс табады.
Мемлекеттік бюджеттің ролін көтеру үшін мақсатты түрде бюджеттік
механизмдерді нарық конъюктурасына қарай және кәсіпкерлерді белсенді
қызметінің деңгейіне қарай бейімдеу керек. Салықтар, салықтық жеңілдіктер
бюджеттік қаржыландыру көлемінің бағыты арқылы рентабельділіктің
жоғарылауына, өндіріске ҒТП тездетіп енуіне, өндірістік қорларды жылдам
жаңартуға және кәсіпкерліктің әр түрлі жағына әсер ете алады.
Ғылыми ашулар мен жаңа техникалық дамуларды ынталандыру әдістеріне: 1)
бюджетті қаржыландыру ғылымының жаңа принципиалды механизімін құру; 2)
экономика салаларына кадрлерді дайындау және қайта дайындаудың мемлекеттік
жүйесін жетілдіру; 3) жаңа өнімді өткізуден пайдаға салықтарды жеңілдетуді
қолдану.
Мемлекеттік бюджеттің әлеуметтік үрдістердегі рөлі қатая түспек. Тек
қана бюджеттік құралдар және бюджеттен тыс қорлар жиынтығы халықтың жоғары
әлеуметтік қамтамасыздаудың жоғары деңгейін қалыптастыру үшін қаржылық база
бюджет.
Нарықтық қатынастарға өтуде бюджет мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік саясатын жүргізудің маңызды бірден бір құрамы бюджет.

2 Тарау. Экономикалық дамудың негізі ретіндегі Қазақстан
Республикасының бюджеттік саясаты

2.1 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік үрдістің ұйымдастырылуы және
бюджет салық саясатының бағыты

Бюджеттік үрдіс – бюджеттің орындалуындағы билік органдары мен басқару
органдарының заңмен регламенттелген қызметі. Бюджеттің әртүрлі деңгейі
арасындағы қаржылық ресурстардың қайта бөлінуін қарастыратын бюджеттік
үрдістің құрамды бөлігі бюджеттік реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасыдағы бюджеттік үрдіс Қазақстан Республикасының
бюджеттік жүйесі туралы Заңы, мемлекеттік бюджет туралы Заң және басқа да
заңдар және атқарушы билік органдарының шешімдерімен анықталынады.
Бюджеттің құрылуы мен орындалуы атқарушы билік органдарының қызметі болса,
бюджеттің бекітілуі мен бақылануы – Парламент пен жергілікті Мәслихат
қызметіне кіреді. Мемлекеттік пен жергілікті бюджеттердің құрылуы мен
орындалуы қаржы Министрлігімен бекітіледі.
Бюджеттік жобалардың құрылуы Президенттің жыл сайынғы халыққа
жолдауындағы мақсатты бағдарламалар, жоспарлар мен даму бағдарламаларының
жобаларына негізделген.
Атқарушы органдар бюджеттің шығындарының баптар бойынша бекітілуіне
жауапты. Осымен бір уақытта мемлекеттің салықтық қызмет органдарымен
кірістер бойынша мәліметтер беріледі. Мемлекеттік бюджет жобасы мен
жергілікті бюджет параметрлерін келесі қаржылық жылға дайындауда
мемлекеттің консалидирленген қаржылық баланс жобасы қолданылады. Ол өзіне
мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорларды енгізеді. Мемлекеттің
консалидирленген қаржылық балансында келесі жылға бюджеттік саясатының
негізгі бағыттары мен қаржылық ресурстардың жағдайы көрсетіледі. Сонымен
қатар, бюджеттік жүйе мен экономиканың қалған секторларының
көрсеткіштерінің байланысы көрсетіледі. Бұл жұмысты Қаржы Министрлігі
жүргізе отырып, мемлекеттік бюджет туралы Заң жобасы, бюджеттік
топтастыруға сәйкес консалидирленген қаржылық баланс жобасымен бюджеттік
саясаттың негізгі бағыттарына қарай отырып, Үкіметпен келісілген
республикалық бюджет жобасын құрайды.
Республикалық бюджет заң жобасында барлық түсім түрлері, реттеуші
жалпы мемлекеттік салықтардың бөлу нормативтері, бюджеттік топтастырылуға
сәйкес шекті шығындар көлемі, тапшылық көлемі мен оларды жабу көздері
көрсетіледі.
Республикалық бюджеттің Қазақстан Республикасының Парламентімен
бекітілуі жыл бойында Үкімет қарауымен жүзеге асырылады.
Жергілікті бюджеттің құрылуы, бекітілуі және орындалуы Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің бекітілуімен бюджеттік топтастыруға
сәйкес жүргізіледі.
Жалпы мемлекеттік салықтар мен кірістердің облыс және облыс
негізіндегі қала мен аудандар бюджеттерінің арасында бөлінуі облыстық және
басқарушы органдар шешіміне сәйкес жүргізіледі.
Жергілікті бюджеттерде жоспарлық қаржылық жылдың басына құралдар
қалдығынан айналым резерві пайда болады. Ол жергілікті атқарушы органдармен
қаржылық жыл бойындағы өтімділікті басқаруға қолданылады.
Республикалық бюджеттің орындалуын Қазақстан Республикасының Үкіметі
ұйымдастырады. Ұйымдар бюджеттік белгілерге сәйкес Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігінің Қазынашылық Департаментімен қазыналық
шешім негізінде шығындарды жүзеге асырады. Жергілікті атқарушы органдар
әкімшілік – территориялық бірлікке сәйкес бюджеттің орындалуын
ұйымдастырады. Алдын – ала қарастырылған түсімдер мен бюджет бойынша
кірістер, бюджеттік құралдарды тиімді және мақсатты басқаруды
қамтамасыздандырады.
Облыстық және қалалық бюджеттердің бекітілуімен қатар төмен деңгейлі
бюджеттермен қоса облыс территориясында орналасқан арнайы экономикалық
зоналар бюджеті мен қарым – қатынастар қарастырылады.
Бюджеттің орындалуы туралы есеп беру, яғни айлық, тоқсандық және
жылдық республикалық бюджеттің кірісі мен шығысы бойынша есеп беруді
Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі қамтамасыз етеді.
Үкімет республикалық бюджеттің өткен жылға орындалуы туралы айлық,
тоқсандық және жылдық есеп беруді Парламентке өткізеді.
Жергілікті атқарушы органдар бюджеттің орындалғаны туралы жоғарғы
атқарушы және басқарушы органдарға ай сайын есеп береді.
Қаржы Министрлігі ай сайын республикалық және жергілікті бюджеттің
орындалуы туралы қорытынды есеп беруді Үкіметке ұсынады.
Министрліктің бюджет құралдарының дұрыс құүрылуын, тиімді және
мақсатты қолданылуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы
Министрлігімен, мемлекеттік комитеттермен, ведомстволармен, ұйымдармен
жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау бойынша есептік комитет
жүзеге асырады.
Жергілікті бюджеттің құрылуы мен қолданылуын бақылау сәйкес деңгейдегі
басқарушы органдардың тексерістік комиссиясымен және Қаржы Министрлігімен
жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттердің құралдарының жоспарлануы
мен қолданылуын бақылаудағы тексеріс жүргізудің реттілігін Қазақстан
Республикасының Қаржы Министрлігі жүзеге асырады. 07.10.2004 жылы
республикалық бюджеттің орындалысын бақылайтын Есеп комиссиясы Мемлекеттік
Қаржы бақылауының стандарттары туралы қаулы бекітті. Осы қаулы Қазақстан
Республикасының Әділет Министрлігінде 20.10.2004 жылы № 3164 тіркеуден
өткен. Мемлекеттік бақылау стандарттары Қазақстан Республикасының бюджеттік
кодексіне, республиканың бюджеттік заңдарына және жоғарғы бақылау органдары
халықаралық ұйымдарының стандарттарына сәйкес жасалынған. Бұл стандарттар
бақылау органдарының, олардың қызметкерлерінің бақылауға қатысатын басқадай
мемлекеттік органдардың қызметкерлері орындауға міндетті.
Бюджет – салық саясаты мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі
буыны болып табылады. Себебі бюджет сапасынан және оған салынған
параметрлерден, азаматтардың әлеуметтік қорғау деңгейі, елдің инвестициялық
мүмкіндіктері және Қазақстанның халықаралық аренаға әсер ету дәрежесіне
тәуелді.
Шаруашылықтың нарықтық негізге өтуі қоғамдық өндірісті экономикалық
реттеу әдістерінің артықшылығымен қолдану керектігін енгізді. Түбегейлі
өзгеріске бюджеттік кірістердің жүйесі өзгерді: ол салықтық төлем базасы
негізінде құрыла бастады; азаматтық және құқықтық тұлғалардың мемлекеттік
бюджет пен салықтық қатынастары заңмен реттелетін құқықтық негізге көшті.
Бұл шарттардағы артықшылық макродеңгейде экономикалық үрдістерді, салықты
қолдануды реттеу болып табылады.
Осылайша, қаржылық саясаттан тәуелсіз облыс салық саясаты пайда
болды.
Салық саясаты – салық салу облысында мемлекетпен жүргізілетін шаралар
жүйесі.
Салық саясатының мақсаты мен мазмұны қоғамның әлеуметтік –
экономикалық құрылысы, және экономикалық саясаттың жалпы бағыттылығы,
сонымен қатар мемлекеттің қаржы саясатының әдістерімен шарталынған.
Салық саясатының мақсаты мемлекет пайдасына қаржылық ресурстарды
максималды ұтымды қолдану. Осы қатынаста салық саясатының нәтижесінде
келесі мәселелер шешіледі:
- жеке және заңды тұлғалардың кірістерінің бөлігін жалпы мемлекеттік
шығынды жабу мақсатында тарту;
- жеке және заңды тұлғалардың кірістерін реттеу.
Сонымен қатар, салық саясаты келесі кезеңдердің бағытталуын асыру керек:
1. Ұдайы өндіріс үрдісін қамтамасыздандыру. Бұл салық үлесінің Ұлттық
табыс көлемінде тағайындалуын білдіреді.
2. Жоғарғы пайданы қалыптастыру. Бұл салықтың ынталандыру мүмкіндігімен
жүзеге асырылады.
3. Кәсіпкерлік қызметтің дамуына қолайлы жағдай туғызу
4. Әлемдік нарықта ұлттық шаруашылықтың бәсекелестік қабілеттілігін және
шаруашылық үрдістерінің жергілікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні жайлы
Облыстық бағыныстағы қалалар бюджеті
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешудегі бюджеттің рөлі
Қазақстан Республикасы бюджет жүйесін ұйымдастырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді макроэкономикалық саясаты
Мемлекеттік бюджет және оның экономикаға қосар үлесі
Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет кірістерінің жүйесі
Фискалдық саясатты іске асырудың негізгі бағыттары
Бюджет мәні, оның экономикалық мазмұны мен функциялары
Пәндер