Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Әбдуайт Ерсұлтан ЖМ-910

Жоспары:

1. Әлеуметтанулық білімнің құрылымы. Макро және микро әлеуметтану. Теориялық және қолданбалы әлеуметтану

. 2. Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары. Әлеуметтанудың әдістемесі Әдістемелік ұсынымдар. Әлеуметтану пәні

1. Макроәлеуметтанудың дамуы қазіргі заманғы теориялық әлеуметтанудың қалыптасуына, ал микроәлеуметтанудың дамуы эмпирикалық (қолданбалы) әлеуметтанудың қалыптасуына алып келді деген түсінік бар. Мұндай баға негізсіз емес, бірақ оны толық мәніндегі ақиқат нәрсе деп мойындауға болмайды. Макроәлеуметтануда да, микроәлеуметтануда да теориялық және эмпирикалық деңгей бар. Макроәлеуметтанушылар (Э. Дюркгейм, М. Вебер, Ф. Теннис, П. Сорокин, т. б. ) эмпирикалық әлеуметанушылық зерттеулермен белсене айналысқан, ал микроәлеуметтанушылар (мысалы, американ әлеуметтану мектебінің өкілдері) маңызды әлеуметтанушылық теориялардың негізін қалаған.

Қазіргі микро және макроәлеуметтанудың жақындасуы оның объектісі мен пәнін қазіргі заман тұрғысынан түсіну үшін аса маңызды. Бұл жақындасу макротеоретиктер де, микротеоретиктер де материяның әлеуметтік нысанының алғашқы “клеткасы” болатынын және қоғамды да, нақты адамдардың мінез-құлқын да әлеуметтанушылық талдау ісін содан бастау қажеттігін мойындауда бір-бірімен үндес екендігінен көрінеді.

Әлеуметтану барлық гуманитарлық, әлеуметтік ғылымдармен тығыз байланыста. Әлеуметтану әлеуметтік философиямен, қоғамның өмір сүруінің мәні мен мақсатының, оның дамуының, тағдыры мен перспективаларының, бағыттылығының, қозғаушы күштерінің және оның дамуының проблемаларын талдаумен байланысты. Әлеуметтануға жақын ғылым тарих қоғамды хронологиялық жүйемен нақты. Әлеуметтану қоғамның мемлекетке ықпалың қоғамға тигізетін әсерін қарайды.

Егер әлеуметтанупәні ретінде тұтас қоғамды зерттеуге және оның неғұрлым жалпыға ортақ заңдарын ашуға тырысатын болса, психология психикалық құбылыстарды, яғни мінез-құлықтың белгілі бір түрі тудыратын ішкі субъективті күйзелісті зерделейді. Психологияның пәні болып табылатындар - адамның мінез-құлқының ішкі қырлары, оның субъективті күйзелістері. Әлеуметтануға жақын ғылым экономика ғылымы өз күш-жігерін материалдық өндірісті, адамдардың экономикалық қызметін зерттеуге шоғырландырады, экономикалық өзгерістер әлеуметтік процестерге әсерін тигізеді.

Сондықтан әлеуметтану экономикалық теорияға сүйенбей, онымен өзара әрекетке бармай тұра алмайды. Екінші жағынан алғанда, өмір көрсетіп отырғанындай, экономикалық процестердің өзі өндірісте, бөлуде, алмасуда және тұтынуда әлеуметтік шарттар мен факторлардың және оларды пайдаланудың ықпалына барған сайын тәуелді бола түседі.

Әлеуметтанудың ғылым ретінде айтарлықтай күрделі, көп деңгейлі құрылымы бар. Кез келген ғылымдағыдай оның негізгі құрамдас бөліктерін атауға болады

Бірінші құрамдас бөлігі - білім - өзіне әдістемелік және дүниетанымдық принциптерді; жалпы, арнайы және салалық теорияларды, іргелі және қолданбалы теорияларды; әлеуметтану пәні туралы ілімді, әлеуметтанулық әдістер, оларды жасау және қолдану туралы білімді; әлеуметтану білімінің нысандары, тұрпаттары мен деңгейлері туралы ілімді, арнайы түзілген жіктелімдерді немесе типологияларды; тұжырымдамалық үлгілер мен болжамдарды қамтиды.

Екінші құрамдас бөлігі - білім алу құралдары - бұл жеке әдістер мен әлеуметтану зерттеулерінің өзі.

Білімнің деңгейіне қарай әлеуметтану теориялық және эмпирикалық болып бөлінеді.

Теориялық білім - теориялық білімнің әлеуметтанушылық теориялары, болжамдары, типологиялары және т. б. нысандары .

Эмпирикалық білім - эмпирикалық білімнің статистикалық мәліметтері, фактілері, жіктелуі және басқа да нысандары .

Әрбір ғылымның атқаратын қызметі қоғамның күнделікті өмірімен өзара әрекеті және байланыстарының сан қырлылығын көрсетеді. Мұнда қоғамның сол ғылымның нақты танымдық немесе түрлендіруші әрекеттеріне деген сұранысы қамтылады. Әлеуметтанудың қоғам өмірімен байланысының алуан түрлілігі, қоғамдық мақсаты бірінші кезекте оның ерекше әлеуметтік ғылым ретінде атқаратын қызметімен айқындалады. Осынған байланысты әлеуметтанудың бірнеше функциялары бар.

Танымдық функция, ең алдымен, әлеуметтік даму заңдылықтарын зерттеумен, әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердің өзгеру үрдістерімен байланысты.

Теориялық-танымдық функцияны жүзеге асыру әлеуметтануға қоғамның мәні, оның құрылымы, заңдылықтары, негізгі бағыттары мен үрдістері, жолдары, оның қызмет атқаруының және дамуының нысандары мен тетіктері туралы білімді кеңейтуге және нақтылауға мүмкіндік береді.

Тәжірибелік функция әлеуметтанудың әр түрлі әлеуметтік процестерді басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі тәжірибелік ұсынымдар мен ұсыныстар жасауға ат салысуымен айқындалады.

Әлеуметтанудың тәжірибелік функциясы оның танымдық функциясымен тығыз байланысты. Әлеуметтанулық зерттеулер қоғамның түрлі салаларының даму заңдылықтарын ашып көрсете отырып, әлеуметтік процестерге пәрменді әлеуметтік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті нақты ақпарат береді.

Әлеуметтік жобалау - болашақ объектінің өлшем жүйесін немесе бар объектінің сапалық жаңа күйін ғылыми негіздеп құрастыру. Әлеуметтік жобалау жаңа әлеуметтік проблемаларды шешудің әр түрлі нұсқалары жасалынған кезде мақсатты көздей отырып, қызмет етудің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде пайдаланылады және басқарудың маңызды элементі ретіндегі нысаны болады. Әлеуметтанудың басқару функциясы - нақты қоғамдық проблемаларды шешу жөнінде ұсыныстар жасау.

Басқа ғылымдар сияқты, әлеуметтанудың да өзінің категориялары бар. Категорияларда ғылымның маңызымен мазмұны бар. Категорияларды білген адам пәнді игере алады.

Әлеуметтану категорияларының қатарында жалпы ғылыми, жалпы ұлттық және арнайы категориялар бар. Жалпы ғылыми категориялар (құрылым, функциялар, процесс, механизм, элемент, байланыс, орнықтылық, құбылмалылық, заңдылықтар, даму және т. с. с. ) жалпы әдістеме тілінен алынған. Басқа гуманитарлық ғылымдарда пайдаланылатын жалпы әлеуметтік категорияларды әлеуметтану осылардан алған. Ол, мысалы, философияның (қоғамдық сана, қоғамдық қатынастар, қоғам), әлеуметтік психологияның (ұжым, тұлға, мінез-құлық, уәждеу, сәйкестендіру, бейімделу, конформизм, өзара әрекет) және бірқатар басқа да ғылымдардың категорияларын пайдаланады. Әлеуметтанудың ерекшелік категориялары - оның ішінде пайда болған және қоғамды зерделеудің тек өзіне тән көзқарастары мен тәсілдерін көрсететін категориялар.

Қолданбалы социология - социология ғылымының бір саласы.
Ол ғылыми теорияға сүйене отырып, әр түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру түрлері мен механизмдерін зерттейді. Мұнда нақтылы іс-тәжірибелік ұсыныстардың ерекше маңызы бар. Осыған байланысты қолданбалы социология әлеуметтік технология, әлеуметтік гигиена, әлеуметтік терапия секілді ғылым салаларымен ұштасады.

Теориялық және қолданбалы әлеуметтану нақтылы әлеуметтік зерттеулерге сүйене отырып, бір-біріне қарсы тұрмайды, олар әр уақытта бірлікте болып, бір-бірінің одан әрі дамуының әсер етеді.

Теориялық әлеуметтану - ол алуан түрлі теория мен тұжырымдардың жиынтығы. Бұлар қоғамның әлеуметтік дамуын тұжырымдап, оларға терең, жан-жақты түсінік береді.

2. Объект дегеніміз - бізді қоршап тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі бір-ліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, институт- тар, мемлекет, т. б. ), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, т. б. Бұлар зерттелетін объекті болғаннан кейін субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүреді. Оларды адам өзінің теориялық немесе практикалық мәселелерін шешу арқылы алға қойған мақсатына жету үшін пайдаланады "Әлеуметтік" деген ұғымға ғылыми терең анықтама, түсінік берген К. Маркс пен Ф. Энгельс болды. Олар қо-ғамды, ондағы үдерістер мен қатынастарды зерттегенде екі ұғымды қолданды. Бірі - "қоғамдық", екіншісі - "әлеу-меттік", Маркс пен Энгельс қоғамның әр салаларының байланысы туралы әңгіме еткенде "қоғамдық", "қоғамдық қатынастар" ұғымдарын, ал, адамдардың бір-бірімен қаты-настарының табиғатын, мазмұны мен мәнін, олардың қо-ғамдағы жағдайын, ондағы оның алатын орнын, рөлін меңзегенде "әлеуметтік" ұғымын кең қолданьп, осыған сәйкес "әлеуметтік қатынастар" ұғымы туралы айтқан. "Әлеуметтік" дегеніміз, нақтылы қоғамдағы қоғамдық қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастардың жиынтығы жеке тұлғалар мен олардың белгілі бір тобының белгілі бір іс, кеңістікте, уақытта іс-әрекеттерінде атқарған қызметте-рінде байқалады. Категориялардың негізінде әлеуметганудың заңдары қалыптасады. Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі болады. Бүған адам қоғамына тән қасиеттердің бәрі кіреді: "әлеуметтік жүйе"; "әлеуметтік байланыс"; "әлеуметтік қатынас"; "әлеуметтік процесс", "әлеуметгік тұлға"; "әлеуметгік бірлік"; "әлеуметгік құрылым", "әлеуметтік ұйым", "әлеуметтік институт"; "әлеуметтік бақылау"; "әлеуметтік басқару"; "әлеуметтік ережелер" (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі) ; "әлеуметтік стратификация", "әлеуметтік рөл", "статус", "әлеуметгік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік талап-тілек", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік", т. б. категория-лардың көмегімен нақтьлы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні жасалады

Әлеуметтануда әлеуметтік құбылыстар мен процестер-дің бес негізгі заңы тұжырымдалған: 1. Әлеуметтік құбылыстардың қатар өмір сүру заңы. Мысалы, егер "А" қүбылысы болса, ол әруақытта "Б" құбылысын қажет етеді. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын) анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың езгеруін талап етеді. 10 2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстарды, қатынастарды анықтау заңы. Бұл заң іс-қимыл, атқаратын қызмет деп те аталады. Ол әлеуметтік объектінің әрбір элементінің, бөлігінің арасындағы байланысын, қатынасын бейнелейді. 3. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы себепті байланыстарды бейнелейтін заң. Мысалы, әлеуметтік бірліктің негізгі, қажетті шарты - ол қоғамдық және жеке мүддені сәйкестендіру, үйлестіру болып саналады. 4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы байланыстардың болу мүмкіндігін білдіретін ықтималдылық заңы. 5. Әлеуметгік құбылыстар мен процестерді және олардың арасындағы байланыстарды, қатынастарды біліп-тануда әлеу-меттану жалпы теориялық ғылыми зерттеу әдістеріне сүйенеді. Әлеуметтанушы өз назарын қоғамдық өмірдің кез келген құбылыстарына аударады. Бұл - көпжақты әлеуметтік байланыстар мен адамдар арасындағы қатынастарды қамтыған тұтас қоғам болуы мүмкін немесе қоғамдық өмірдің бір ғана саласы, айталық, экономика, әлеуметтік, саяси, рухани жағы болуы да ықтимал. Бұл үлкенді-кішілі әлеуметтік топтар және адамдардың ұлттық қауымдастығы, сонымен қатар таптар, ұлттық, ұлыстық, кәсіби және демографиялық, топтар, бұларға қоса жастардың, әйелдердің, аға ұрпақ өкілдерінің топтары, өндірістік және басқа да ұжым-дар, саяси партиялар, кәсіподақтар, шығармашылық ұйымдар болуы да мумкін. Әлеуметтанудың пән ретінде көңіл аударатыны - жеке тұлға, оның қажетті мұқтажы, мүддесі, құнды бағдары, сондай-ақ қоғамның бас-тапқы ұясы ретінде отбасы және тұрақты яки тұрақсыз әлеуметтік-психологиялық байланысы бар кіші топтар, сонымен бірге алға қойған муддесіне, қызығушылығына қарай құрылған топтар, көршілер, достар, т. б. болуы әбден мумкін. Көріп отырғанымыздай, әлеуметтанудың ғылым ретіндегі обьектісінің шеңбері өте ауқымды, көпқырлы және көпжакқты. Бұл жағдай оның білімдік құрылымын анықтауга мейлінше көмектеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтану пәнінің институционалдануы, негізгі категориялары
Әлеуметтану білімінің құрылымы
Тұлға әлеуметтенуі түсінігі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтанулық теория
Әлеуметтік мобильдік теориясы
ӘЛЕУМЕТТАНУДЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Әлеуметтанудың қалыптасуы, оның зерттеу объектісі мен пәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz