Наркоздың сатысы және дәрежесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып:
Жалпы және жергілікті жансыздандыру.

ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.

АУЫРУ ЖӘНЕ АУЫРТПАУ ТУРАЛЫ ТҮСППК
Ауыруды сезу дененің әр түрлі морфологиялык кұрылымдарында жүйке ұштарының болуына байланысты болады. Әсіресе олар эктодермаль ұлпалар (тері, көз пердесі, тістер), кілегей кабаттары, іш пердесі және сірі қабық, сүйек кабығы, қан тамырлар кабатында көп кездеседі. Әр түрлі күшті әсер цитоплазманын денатурациясына жеткізеді, бұл клеткаларда Н - заттар (гис-томин, ацетилхолин, гистоминге ұксас заттар және кейбір ксантин туынды-лары) бөлініп шығады, олар ауыратын сезімтал жүйкелердің тура немесе косымша козуына әкеледі. Ауыру жүйкелердін іштерінен жүйке талшыкта-ры арқылы жұлынға өтеді. Жұлын арқылы жоғары көтеріліп, ауыру серпілі-стері бас ми қабығына жетеді.
Ауыру әрдайым басқа сезімдерменен бірге пайда болады. Сезімдер әсерді күшейтіп немесе бәсендетіп, бір-біріне өз ара әсер етуі мүмкін. Ауыруды басқа күшті қоздырушымен (ауқат, жыныстык қатынас т. б.) койдыру мүмкін екендігін И. П. Павлов дәлелдеген. Ауыруды сезу бас ми кабығынын бас-тапкы жағдайына байланысты болатындығын еске алу керек. Ауыру сезімін наукас куте берсе, ол күшеиінкірейді. Бас ми қабығынын жұмысы нашарлап кетсе, ауыру онша болмайды, кейбір уақыттарда сезілмейді де. Ауыру сезілгенде дене де ылаж көрмей тұра алмайды. Рухани сала және анималь-дық жүйке жүйесі (қанка бұлшык еттерінің кыскаруы, корғану және сөз әсерлестігі) әсерінен жауап әлсіздігі байқалып тамырлардың күш-куаты және жүрек жұмыстары және баскалар озгереді. Бұл өзгерістердің барлығы қосылып ауыру шогіне әкеліп соғуы мумкін.
Қазіргі уакытта еш бір операция алдын ала ауырғанын білдіртпей жаса-лынады. Бұл үшін ауыртпау тәсілі колданылады. Ауыру сезімін білдіртпеу үшін колданылатын көптеген шаралардың жинағын жансыздандыру деп атайды. Жансыздаидырудың төмендегі түрі пайдаланылады:
1) арнаулы наркотик заттарды (эфир, азоттың шала тотығы және т. б.) дем алу мен арнаулы заттарды (тиопентал-натрий. гексенал, нарколан т. б.) көк тамырға не месе тік ішек аркылы жіберіліп жансызданлыру жағдайына жетуге болады;
2) ауыру сезімдерін болдырмау тек кана операция жасалатын жерге арнаулы дәрілер жіберіледі (новокаин, совкаик, тримекаин және т. б.; бүл жергілікті жансызданлыру деп аталады;
3) жансыздандырудың аралас және кұрама (комбинация) турлері (әр түрлі наркотик заттарды тыныс жоддарымен дем аддырып жалпы жансыздандыру, дем алдыру және дәрі-дәрмектерді көктамырларына жіберу, жалпы жансыздандыру және жергілікті жансыздандыру т. б.).
Ауыруды білдірмеу жоне оның зардаптарымен күрес жүргізу анестезио-логияның міндеті. Анестезиологияның үлесіне тек ауруды білдірмеу ғана емес, операция жасалып жаткан уакытында және операциядан кейінгі ке-зеңде дененін аткаратын қызметтерін баскаруға тура келеді.
Медицина ғылымынын бұл тарауымен шуғылданушы дәрігер анестезио-логтар, орта мелицина қызметкерлері анестезистер деп аталады. Анестезио-логтар казіргі заман наркозын орындаудын әдісі жағынан басқа олар әдеттегі және калыптан ауыткушылык физиологияны, биохимияны және фар-макологияны білуі тиіс.
Жергілікті жансыздандыруды операция жасайтын хирург жасайды. Бұнда анестезиолог наукастың жалпы жағдайын бакылап тұрады.
Операциядан кейінгі кезенде немесе наукас жаракатқа, улануға және т. б.-ларға душар болғаннан кейін наукасты клиникалык өлімнен, ауыр жағдайлардан шығару ушін арнаулы ем жүргізіледі. Бұл мәселелерді үйретуші ғылымды реаниматология деп, ал дәрігерді реаниматолог деп атай-ды. Практикада көбінесе анестезиология және реаниматологиямен бір дәрігер анестезиолог-реаниматолог шүғылданады.
Ірі ем мекемелерінде бул максаттар үшін арнаулы кызмет орны - реани-мациялык бөлім бар. Бөлімде анестезиолог-реаниматологтар, анестезист мейіркештер, кіші медицина кызметкерлері жұмыс істейді. Бөлім арнаулы аспаптар және дәрілік заттармен жабдыкталған.
ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТАРИХЫ
Хирургиялык операциялар әлем замандардан бастап істеліп келсе де жансыздандыру қазіргі заманның тек XIX ғасырдын орталарында ғана пайда болды. Қазіргі замандағы жансыздандыру тәсілі жүзеге келместен бұрын операция жасағаңда наукасты ауыру сезімінен құтқару үшін әр түрлі тәсіл-дер колданылып келді: есінен тандырды, жүйке бағаналарын механикалык қысу колданылды, жаракаттанган жерге кар немесе мұз койылады.
Ерте заманда Египетте, Қытайда, Грецияда, Римде мандрагора тамыры, дурман, индия кендірі, белладонна экстракты, арак, опии, цикуру т. б. қол-данылды. Бұл заттар ішуге тұндырылған және қайнатылған түрінде колда-нылды, теріге жағылды, сондай-ақ наркоз губкасы деп аталушы клизмалар пайдаланылды. Бірақ жансыздандырудын бұл түрлері ауыру сезімін тек ша-малы ғана әлсіретіп және көбінесе ауыр асқынуларға әкелетін болған.
Тек эфирді, хлороформды және азоттың қос тотығын қолдану ғана жан-сыздандырып операция жасауға мүмкіншілік берді. 1844-жылы тіс дәрігері Уэльс жансыздандыру зат ретінде азот қос (шала) тотығын ұсынды, 1846 -жылы Мортон - эфирді, 1847 жылы Симпсон - хлороформды ұсынды.
Бірінші операция - төменгі жак суйектін астындағы ісікті эфир наркозын беріп алып тастауды Уоррен 1846 жылы 16 октябрьде жасады.
Ресейде бірінші рет эфир наркозын соғыс майданында 1847 жылы. Кав-каздағы Салты ауылы қоршауда қалғанда Н. И. Пирогов қолданды. Ол нар-коздын кенірдектің іші арқылы берілетін наркоз (эндотрахеальды), көк та-мырға, тік ішекке жіберу түрлерін, сондай-ақ эфир наркозының түпнұсқа қисынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
1902 жылы Н. П. Кравков тәжірибе жүзінде және 1909 жылы С. Ф. Федоров клиникада орыс тәсіл (русский метод) деп аталған көк тамырға гедонал мен наркоз беру колданылды.
Жергілікті жансыздандыру үшін, орыс ғалымы Анреп 1879 жылы былжыр қабыкты жансыздандыру үшін кокаинды ұсынды. 1905 жылы Эйнхорн қазіргі уакытта жиі пайдаланып жүрген новокаинді ұсынды. 1889 жылы неміс хирургі Бир жұлын анестезиясын ұсынды: жұлын төңірегіне ауыртпайтын затты жібергеннен кейін дененің төменгі жағы және аяқтардың толық жансыздануы жүзеге асады.
А. В. Вишневский жылжымалы, сініру инфильтрат және футляр жан-сыздаңдыру тәсілімен жергілікті жансыздандыруды ұсынды және клини-калық практикаға кеңінен тарады.
Жансыздандырудың жергілікті түрлерінен өткізгіштік жансыздандыру ((Куленкамф), жұлынның сыртқы қабын (перидурильдік - Долиотт) жан-сыздандыру, жергілікті жансыздандыру, баска да түрлері шығарылды.
Қазіргі уакытта наркоздык заттардың (эфирдің, хлороформның және т. б.) мөлшерін кеміту үшін наркоз аддынан морфин, скополамин, барбитура кышқылы дәрілері, фентанид және т. б. колданылады. Наркоздың аралас және құрама түрлері бар. Жансыздандырудын бұл түрінде бұлшық ет релаксанттары деп аталушы релаксанттар (курареге ұксас дәрілер) кең қол-данылады, олар бұлшык ет күш-куатын болдырмайды, бүл кенірдекке трубка жіберуге және жансыздандыруды басқармалы дем алуға мүмкіншілік береді.
Басқармалы дем алу наркозлың кауілсіздігін азайту және қиын опера цияларды орынцауға мумкіндік береді.
Жүрекке жөне қан тамырпарына істелінетін операцияларда жасанды кан айналысы, жасанды гипотермия тәсілдері қолданылады
ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ (НАРКОЗ)
Жалпы жансыздандыру дегеніміз - орталык жүйке жүйесінің терең қабаттарына әсер ету. Бүл жағдайда дәрі-дәрмектердін әсеріне наукас біртіндеп есінен танып, сезімін жоғалтады булшык еттер босаңсып, тітіркен-діктер әлсірейді, көздің карашығы кішірейіп. жарыкты сезбейді.
Наркоз уакытында сопакша мидын дем алу, кан тамырын қозғалтатын, кызметі сакталады. Наркоздык дәрілердін әсерінін бара-бара терендеуі, нар-козда жатқан кауқастың өліміне себепші болады (осы жагдайлар параличке1 алып келуі мүмкін).
Наркоздың түрлері. Наркоздык заттарды жіберу жолдарын карап инга-ляциялық және ингаляциялык емес жансыздандыру болып екіге бөлінеді.
Ингаляциялық наркоз жалпы жансыздандырудын бір турі болып, бұңда наркоздык. зат дем алу жолдары арқылы жіберіледі. Ингаляциялык емес наркоздарға көк тамырға, тік ішекке, тері астына жіберу жатады.
Наркоз ұйкысының терендігіне карай наркоз үстіртін наркоз жэне те-рендетек наркоз болады.
Бір наркоздық заттың немесе олардын коспасының жіберілуіне қарай, олар бір зат (азоттын қос тотығы, эфир, фторотан жэне т. б.) жіберілгенде таза наркоз, бұл заттардын қоспасы колданылғанда аралас наркоз тек наркоздык заттар емес, ал баскада заттар қолданылып күрастырылған (комби- нацияланған) наркоз, тек наркоздык заттар ғана емес, ал олардың жіберү жолдары да түйдектелген болады. Көбінесе наркоздын бір түрі негізгі (базис) наркоз ретінде жіберіледі. ал ол баска наркоздык затпен әрі карай жүргізіледі.
Ингаляциялык наркоз. Наркоздын бұл түрі әр түрлі наркоздык заттарды (эфирді, фторотанды, хлорэтилді және т. б.) немесе газдарды (азот к.ышқы-лы, циклопропанды және т. б.) дем алу жоддары арқылы жіберу мен іске асырылады. Ингаляция үшін төмендегі наркоздык заттар кеңінен колданы-лып жур.
А. СYenЙЫҚ НАРКОЗДЫҚ ЗАТТАР
Эфир ( Aether pro narcori) өзіне тән иісі және күйдіргіш дәмі бар, түссіз, мөлдір сүйықтық. Женіл тұтанады. Эфирдің буыньң ауамен қоспасы жа-рылуы мүмкін. Эфирдін сапасын анықтау үшін төмендегі тәсілдер жасалады: 1) фильтрлік қағазда буланғаннан кейін исі қалмауы тиіс; 2) шыныда буы ұшқаннан кейін әсер ететұғын ашқылтым шөгінді қалмауы тиіс (ерігенде көк лакмус қағазының қызаруы пайда болады). Сарғыш түрдегі шыны флакондарда 100 мл бағдарда шығарылады. Жарық жерге қоймай оттан алыс сақталады.
Хлороформ ( Chloroformium) -түссіз мөлдір сүйықтық. Жарықта бұзылады. Көбінесе денеден зәр арқылы шығады. Тазалығын сынау тәсілі: 1) фильтрлік қағазда буы кеткеннен кейін исі калмауы тиіс; 2) көк лакмус қағазын хлораформға салғанда, ол оны қызыл түске өзгертуі тиіс. Сарғыш түрдегі шыны флакондарда 50 мл бағдарда шығарылады. Салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Хлорэтил ( Atylicum chloratum) - өзіне тән исі бар, өте ұшқыш түссіз сүйықтық. Жылдам тұтанады, 20 мл шыны ампулаларда шығарылады. Салқын, жарық түспейтін жерде сақталынады.
Фторотан (флюетан, наркотан) (Phtorotanum) -- жақсы исі бар түссіз сүйықтық. Жанбайды және жарылмайды. Эфирден едәуір күштірек, бірақ улырақ. 1 -- 2 минуттан. кейін науқас есін жоғалтып, тез наркоз басталады. Көбінесе азоттын қос тотығымен бірге қолданылалы. Сарғыш түсті шыны флакондарда шығарылады.
Пентран (Pentran). метоксифлуран, ингалан -- жанбайтұғын және жа-рылмайтұғын, өзіне тән көкөніс иісті, мөлдір, түссіз сүйықтық. Наркоздық әсері жағынан эфир және хлороформнан күштірек. 0.5 -- 0.8 көлем процентін иіскеткенде едәуір ауырсынбау пайда болады. Наркоздық аппараттардың резенке детальдарьна сіңіп және соңынан кері, сіңу қасиеті бар, сондықтан операция бітерден 10 -- 20 мин. бұрын анестетикті беру тоқтатылады. қара, тығыз етіп жабылған ыдыста сақталады.
Трихлорэтилен (Trihlorethylenum) - трилен, наркоген -- өзіне тән исі бар түссіз, мөлдір жылдам ұшқьш сүйықтық. Күшті наркоздық зат, 0.4 -- 0.7 көлем процент шоғырлығы аналгезия, 2 -- 3 көлем процент шоғырлығы нар-коздык нәтижеге жетуге болады. Қысқа уакытқа созылатын операцияларда жансыздану үшін қолданылады. Тығыз қақпақты ыдыста, салқын, жарық түспейтін жерде сақталады.
Винетен (Wineten) -- бензин исі бар. мөлдір, ұшқыш сүйықтық. Күшті анестетик. Дем алу араласпасының 0.2 көлем процент шоғырлығында ол
ауырсынбау, 2 -- 5 көлем процент шоғырлығында есін жоғалту, 4 көлем про-
цент шоғырлықга наркоздың хирургпялық сатысын береді. Төменгі темпе-
ратурада жарық түспейтін ыдыста сақталады.
Б. ГАЗ ТӘРІЗДІ НАРКОЗДЬІҚ ЗАТТАР
Азоттың қос тотығы (Nitrogenium oxydatum} -- шаттық беретін газ, темір баллондарда сақталады, жанбайды, иісі жоқ, оттегімен араластырып, көбінесе 70-80 көлем процент азоттың қос тотығын және 20-30 көлемді процент оттегі қолданылады.
Циклопропан (С.Н6) - өртену қаупі бар газ. Жарылуы мүмкін. Баллондарда сақталады. Наркоздық әсері тез. Көбінесе басқа заттармен (азоттың қос тотығы, эфир) түйдектеліп, құрастырылып қолданылады.
Наркоздық заттардын фармакологиялық әсері
Наркоздык заттардын әсер ету механизмі әлі толық анықталмаған. Наркоздың бірнеше теориялары бар. Көпшілік ғалымдардын ойлауынша нар-коздық заттар орталық жүйке жүйесінің терең қабаттарына әсер етеді дейді.
Наркоздың сатысы және дәрежесі
Наркоздың жүргізілуі, наркоздык заттың шоғырлығына және түріне қарай ол белгілі сатыға және дәрежеге бөлінеді. Төменде эфир пайдаланылғанда наркоздың жіктелуі, топталуы, өтуі керсетілген. Басқа наркотиктерді қолданғанда наркоздың журуінде кейбір өзгерістердің болуы мүмкін.
I саты ауырсынбау сатысы -- 1-4мин өтеді және есінен тана бастауы, ауыру сезімінің жоғалуы мен сипатталады. Көз қарашықтары жарықты сезеді, тітіркенулер сақталады, қан қысымы және тамыр соғысы бұрынғыдай болады. Бұл сатыда (есін шала жоғалту - рауш - наркоз) кішігірім опе-рацияларды (іріңдіктерді жару), ауыратұғын манипуляцияларды жасайды.
П саты -- көтерілу, қозу, абыржу - ұзағырақ созылады жөне қозғалу әсерлігі күшеюі, иауқастың көтеріліп беталды сөйлеу әсерлігі менен (өз сөзіне мән бермей көп сөйлеу) сипатталады. Қан қысымы көтеріледі, тамыры тез соғады, бұлшық ет күш-қуаты және тітіркену күшейеді және дем алуы жиілеп, бір қалыпта болмайды, құсуы мүмкін. Бұл сатыда араққа мас болған адамның жағдайы сияқты болады. Ішімдікке көп салынған науқастарда қозу күштірек болады.
Ш саты -- хирургиялық сатысы. Басталу уақыты наркоздық затқа бай-ланысты болады. Бұл сатыда хирургиялық операциялар жасалады. Саты төрт дәрежеге бөлінеді.
Бірішпі дәрежесі (Ш1): есі толық жоғалады. Ауыру және қозғалу сезімдері болмайды. Көз қарашықтары кішірейеді, бірақ көздің сыртқы қабатының тітіркеніштігі және бұлшық еттердің қатаюы сақталады. Көз алмасының бір тегіс жылжымалы қозғалысы сақталады.
Екінші дәрежесі (ІП2): көз қарашықтары кішірейеді, көздің сыртқы қаба-тының тітіркеніштігі әлсірейді немесе жоғалады. Бұлшық еттер толық бо-саңсымайды. Бұл дәрежеде тілдің таңдайға жабысуы қауып туғызады. Үшінші дәреже (Шз): тамыр соғысы сирейді, қан қысымы төмендейді, дем алуы нашарлайды. Көздің қарашығы үлкейеді, көздін сыртқы қабатының тітіркеніштігі жоғалады, бұлшық еттер толық босайды.
Төртішпі дәреже (IV): дем алуы біраз үстіртін, көз қарашықтары кеңейеді, жарықты сезбейді, сыртқы көз қабығы көмескіленген, тамыры тез соғады, науқас қалсізденеді. Қан қысымы барған сайын төмендейді. Наркозды бұл дәрежеге жеткізуге болмайды, себебі науқасты өлімге алып келуі мүмкін.
Бұлшық еттердің толық босауын талап етпейтұғын операциялар үшін ІІІ1- Ш2 дәрежеде ең қолайлы болады. Іш қуысы мүшелеріне жасалатын опера-цияларда бұлшық еттердің жақсы босауы (релаксация) талап етіледі, осыған байланысты, өте керек болған жағдайда Ш3тің бастапқы кезеңіне дейін қысқа уақытта ұстап, содан кейін наркозды Ш2 дәрежесінін жоғарғы шекарасында беру дұрыс болады. III дәрежесінде ұзақ наркоз беруге болмайтындығын естен шығармау керек. Қазіргі заман анестезиологиясында бұлшық ет ре-лаксанттарын қолдануда III дәрежесі толық жеткілікті болады.
IV саты -- ояну сатысы. Наркоздың барлық белгілері кері тәртіпте жоғала-ды. Бұл саты ұйықтау дәрежесіне қарағанда едәуір ұзағырақ болады.
Маскалар және ингаляциялык наркоз үшін арналғая аппараттар
Наркоздың берілу сатысынан бастап көп маскалар және аппараттар бар, олардың сапасы және құрылысы көбінесе наркоздың өтуіне тығыз байла-нысты болады. Олардың көбісі казіргі уақытта хирургиялык практикада қолданылмайды, тек қана тарихи мақсаты бар.
Эсмарх және Шиммельбуш маскалары қарапайым, жабайы болып істелген. Олар сымнан жасалып, операция алдында бір неше марлі қабаты оралып наркозға дайын болады. Садовенко маскасы кигізбен толтырылған темір ыдыстан тұрады, оған наркоздық зат құйылады, дем алуда бақылау үшін резеңке қалта және наркоздык заттар беру үшін реттегіш бар.
Қазіргі уакьпта маскалық наркоз сирек қолданылады. Арнаулы аппараттар А-27, АН-І, УН-І, УНАП-2, полинаркон және тағы басқалар кеңінен пайдаланылады. Әртүрлі құрылыс айырмашылықтарына қарамастан, барлык наркоздык аппараттар төрт блоктан тұрады: редукторлы баллоннан, дозиметрден, буландырғыш әр түрлі: оттегі бар баллон көк түсті, азоттың қос тотығы бар баллон-сұр түрге, циклопропан баллоны қызыл бояуға боялған.
Баллоннан наркоз аппаратына берілетін газдын қысымын азайту үшін ар-найы редуктор бар, ол өзара тұтастырылған жоғары және тәмен басымдағы екі камерадан тұрады. Екі камерада манометрлер менен қамтамасыз етіліп және қысымды өлшейтін автоматты реттегіштер бар.
Дозиметр -- газдың жұмсалуын көрсететін аспап болып есептелінеді. Аспаптағы көрсеткіш ретінде белгілі дәрежеде (уровень) тоқтап, берілетін заттың мөлшерін (әдетте минутына литрлеп) көрсететұғын арнаулы қалтқьшар болады. Арнаулы реттегіштің көмегімен, науқасқа берілген газ-дың келемін бақылап отыруға болады.
Буландырғыш -- сұйық наркоздык заттар (эфир, хлороформ, фторотан) үшін арналған аспап. Буландырғышта сұйық наркоздық зат газға айналады. Әдетте оның саны көлем проценттердегі мөлшерге бөлінеді және арнаулы құрал арқылы реттеп жіберіледі.
Наркоз аппаратының дем алу жүйесі оттегін және наркоздық затты ап-параттан науқасқа беру үшін арналған. Дем алу жүйесіне кеңірдектенген дем алу жөне шығару түтікшелері (шлангалар), клапандар жүйесі, адсорбер (натрон ізбесі (эк) көмір қышқылының (углекислота) химиялық сорушысы бар аспап), дем алу қалташасы 'гармошка" типіндегі үрлегіш, маска немесе инкубациялық түтікше және адаптер - шлангалардан маскаға немесе инку-бациялык түтікшеге өткізгіш (переходник) кіреді.
Аппарат наркозы үшін арналған маскалар науқастың жасы есепке алынып ауыз жөне мұрынды жақсы тығындап жауып тұру мақсатында әр түрлі мөлшерде даярланады. Интубациялык түтікшелер әртүрлі мөлшерде (жаңа туғандар үшін № 00 ден бастап ересек адамдар үшін N° 12-ге дейін) бір қуыс-ты (трахеаны интубациялау үшін) және екі қуысты (бронхтарды жеке-жеке интубациялау үшін) болып істелінеді.
Шлангалар арқылы оттегі наркоздық заттармен араласып, дем алғанда науқастың өкпесіне барады, дем шығарғанда дем алу қалташасына немесе сыртқа шығады. Дем алу қалташасы немесе үрлегішпен басқарылуы не жәрдемші дем беру жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уакытта басқарылатұғын дем беру наркоз үшін наркоз аппаратына тұтастырылушы РО (көлем реттегіш) типіңдегі арнаулы аппараттың жәрдемінде жүргізіледі. Наркоз және дем алу аппараттары блоктары бар, құрастырылған аппараттарда бар.
Аппараттар жәрдемінде наркоз берілгенде төрт үлгінің біреуі бойынша іске асырылады.
Ашық нобай, кескін. Наркоз уақытында науқас наркоздық затты атмо-сфералык ауамен бірге ішіне тартады, дем шығаруы атмосфераға шығады. Бұл жүйенің артықшылығы дем шығаруға қарсылықтың болмауы және жүйеде көмір қышқылының жиналмауы болып табылады. Кемшілігі нар-коздық заттардың қанша берілген мөлшерін білу қиын және операция бәлмесінің ауасын былғайды.
Жартылай ашық кескін. Алдыңғы кескіннен айырмашылығы. бұнда науқас атмосфера ауасының орнына наркоздық затпен бірге ішіне оттегін тартады, демі атмосфераға шығады. Кемшілігі алдынғы жүйедегідей. Ал ар-тықшылығы науқастың оттегімен дем алуы және наркоздық заттың мөлшері есептеледі.
Жартылай жабық кескін. Оттегін және наркоздық затты ішке тарту аппарат арқылы беріледі, ал дем шығару аздап атмосфераға және шамалап аппараттын дем алу жүйесінде болады. Артықшылығы наркотиктің жақсы мөлшерленуі және операция бөлмесінің ауасы наркоздык затпен ластанбауы, ал кемшілігі - дем алуға үлкен қарсылык болады.
Жабық кескін. Алдыңғы кескіннен айырмашылығы шығатүғын ауа тугел дем алатын қалташаға жиналады және адсорбер арқылы қайтадан науқасқа айналып келеді. Артықшылығы -- ішке тартылатын заттардын дәл мәлшерленуі және операция бөлмесінін ластанбауы, ал кемшілігі -- науқас-тың. ауаны шығаруына үлкен қарсылық болуы және жүйеде көмір қышқылы-ның артық жиналуы болып есептеледі.
ИНГАЛЯЦИЯЛЫК НАРКОЗДАҒЫ АСҚЫНУЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Бұл асқынулар екі топқа бөлінеді: I) наркоздың берілу уақытындағы асқынулар, 2) наркоздан кейінгі кезеңдегі асқынулар.
Наркоз уақытындағы асқынулар наркоздың берілу қателіктері, аппара-тураның дүрыс жұмыс істемеуі, науқастың ауыр жағдайына байланысты.
Бұл жағдайларда түншығу және жүректің қызметінің тоқтауы мүмкін. Тұншығудың себептері: I) механикалык себептер: (тілдің түсіп кетіп дем алатын жерді тығындау, құсық массалары дем алатын жерге кетіп қалуы және т. б.); 2) улану себептер (наркоздық заттардың мөлшерінің артықшылы-ғы); 3) рефлекторлык себептер (наркотиктердің әсерінен жүректің және дем алудың тоқтап қалуы). Әдетте жүректің тоқтауы тұншығу кезіңде болады.
Наркоздан кейінгі кезеңде әр түрлі асқынулар болады. Дем алу мүшелерінің асқынулары (өкпенің қабынуы, онын кішірейіп қалуы, бронхиттер) көбінесе эфир наркозынан кейін кездеседі. Бұл асқынулардың алдын алу үшін операциядан соңғы кезеңде науқастарға жиі қозғалу (дем алу гимнастикасын, қақырықты уақытында түкіріп тастау, ерте тұру) сондай-ақ антибиотиктерді және сульфамидтерді қолдану керек.
Жүрек жұмысының бұзылуы көбінесе циклопропанда және эфирді қол-данудан кейін олардың улы жағдайынан болады. Кейде науқасты өлім жағдайына әкелетін жүректің осал қызметіне байланысты. Алдын алу үшін жүректің жұмысын жақсартатын дәрі-дәрмектерді беру және наркоздық заттарды қолдануын кеміту болып есептеледі.
Бауырдың асқынулары көбінесе эфирді және хлороформды қолданғаннан кейін пайда болып олар қызметінің бұзылуларымен, кейде май басып көлемі кішіреюі мүмкін. Алдын алу шаралары: миорелаксанттарды қолданып, науқасты ұйықтау сатысында наркоздық заттарды аз беру керек.
Бүйректердің асқынулары көбінесе шығатын зәрдің азаюы (олигурия) және зәрде белок болу (альбуминурия) түрінде болады. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы көбеюі, қанның ақ және қызыл қан түйіршіктері пайда болады. Әдетте бұл өзгерістер тез өтіп кетеді және арнаулы ем жүргізуді керек етпейді.
Наркоздан және операциядан кейін заттардың көбінесе углеводтық алмасуы бұзылады, осыньің салдарынан қан мен ұлпаларда қышқылдардың көбеюі (ацидоз) пайда болады Клиникалық белгілері: ацидозда науқастың. басы ауырады, жүрегі айнып құсады, ұйқысы бұзылады. Ауыр жағдайларда есінен танады, сандырақтайды, терең ұйқыда болуы мүмкін. Ацидозды дәл анықтау үшін сілті - қышқыл жағдайын білу керек. Бұл үшін қазіргі уақытта "Микро "Аструп'' немесе "АЗИВ" аппараттары пайдалынады. Ацидозды емдеу үшін натрий бикарбонаты, инсулинмен глюкоза қолданылады. Басқа асқыну организмді сусыздануға және қанда хлордың азаюына (гипохлоремия) әкеліп су-тұз алмастыруының бұзылуы болып есептелінеді. Су-тұз алмасуының бұзылуында бөлініп шығатын зәрдің көлемін және ондағы натрий хлоридінің шоғырлығын бақылау керек. Көп сұйықтықтар, ас тұзы, изотоник ерітіндісі жіберіледі.
Наркоз уақытында ол немесе бұл жүйке бағанасының қысылып жа-рақаттануы нәтижесінде наркоздық заттардың. орталық жүйке жүйесіне тигізген әсерінен қиян, шеткі жүйкелердің осал болуы мүмкін. Көбінесе иык өрімі немесе жеке қол жүйкелері (білек, шынтақ. ортаңғы) қол жазылып, жүйкелердің созылуымен немесе жүйке бағанасының операция столының шетімен сүйектің арасында қысылып қалуынан болады. Жеңілірек салдық тез кетеді. Едөуір ауыр салдық арнаулы емдеу: прозерин, электрмен емдеу әдістері қолданылады.
ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ АРҚЫЛЫ ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ
(НАРКОЗДЫ) БЕРІЛУІ ЖӘНЕ БЕРІЛМЕУ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Казіргі уақытта тыныс жолдары арқылы наркоздың қолданылуы анағұрлым кеңейді. Тыныс жолдары арқылы наркозбен барлық ауыр операциялар жасалады.
Тыныс жолдары арқылы жалпы жансыздандырудың берілмеу жағдайларына асқынулардың болуын ойлау керек. Мүлде берілмейтін жағдайлар: I) жүрек-қан тамырлары жүйесінің қызметін қалыптағыдай атқара алмау жағдайы; дәрілермен емдеуге бой бермейтұғын қан қысымының көтерілуі, естен тану, жүрек-тамыр жұмысының бірден төмендеуі (коллапс), қан аздық (анемия), улануға байланысты айтарлықтай қан қысымының төмендеуі; 2) өкпенің жедел қабынуы; 3) бауырдың атқаратын қызметінің бірден бұзылуы (гепатит) және т. б.; 4) бүйректердің атқаратын қызметінің бұзылуы - жедел нефриттер; 5) қатты жүдеп, арықтағанда және қан аздықтың ауыр түрлері; 6) бас, ми ісіктері және тағы басқалар.
Жалпы жансыздандырудын салыстырмалы берілмеу жағдайларына жоғарыда атап келтірілген аурулар жатады, бірақ олардың қызметі онша бұзылған болмауы керек.
Науқасты жалпы жансыздандыруға даярлау операцияға жалпы даярлаумен бірдей болады. Айырмашылығы, дәрілерді даярлау немесе науқасқа жалпы жансыздандыру берер алдында ауыру сезімін төмендететін дәрілер беру (премедикация) болып есептеледі. Ауыру сезімін төмендету кешкі - операция алдында және таңертеңгі операция жасайтын күні болып екіге бөлінеді. Ауыру сезімін төмендетудің мақсаты науқастың қорқьнышын басу және жалпы жансыздандырудың өтуін жақсарту.
Кешкі ауыру сезімін төмендету үшін ұйықтататұғын дәрілер (барбамил, этаминал-натрий, ноксирон және т. б.), анальгетиктер (промедол, омнопон), нейроплетиктер және гистаминге қарсы препараттар (атропин, аминазин, димедрол, пипольфен), аналептиктер (кордиамин, лобелин, прозерин, ци-титон) және транквилизаторлар (реланиум, родедорм, триоксазин, седуксен, элениум және т. б.) пайдаланылады.
Таңертеңгі ауыру сезімін төмендету үшін әдетте анельгетиктер, нейролептик және гистаминге қарсы дәрі-дәрмектер қолданылады. Ауыру сезімін төмендету әрбір адамға сәйкес, қатаң түрде тағайындалады.
Ауыру сезімін тәмендетуде анестезиолог ол, немесе бұл дәрі-дәрмектерді жіберілуінің уақытын жазып қояды. Мейіркештің міндеті осы жазылған дәрілерді уақытыңда беру болып есептеледі. Осы көрсетілген ем жүргізілген-де науқаска көмек болмаса, ол туралы мейіркеш кезекші дәрігерге хабар-лауы тиіс.
Жалпы жансыздандыруды беру тәсілі. Маскалық тәсілде эфирді, хлоро-формды және қысқа уақытта берілетұғын жалпы жансыздандыру үшін хлор-этилді пайдалануға болады.
Мұрынның, жақтың және иектің күйіп қалмауы үшін оларға вазелин жағылады. Алмалы-салмалы тіс протездері операцияның алдыңда алынып қойылады. Эсмарх және Шиммельбуш маскаларымен жалпы жансыздан-дыру беруде, темір тіректі жауып тұрған дәкеге берілетін жалпы жансыз- дандыру заты құйылып, науқас оның исіне уйрену үшін оның бетіне жақындатады, сонда науқаста демігу және жөтел болмайды. Маска науқас-тың бетіне жақсы қойылғаннан кейін жалпы жансыздандыратын заттың буы сыртқа ұшпауы үшін маска орамалмен оралып жабылады және жалпы жан-сыздандыратын зат масканың үстінен тамшылатып қүйылады. Маска әлсін-әлсін көтеріліп тұрады немесе дем алуды жақсылау үшін оның астына оттегі көпшігінің шлангісі қойылады.
Жалпы жансыздандыру берілу жолдарын пайдаланғанда, тілдіңтамаққа түсіп тығылып қалмауын еске алу керек. Бүның алдын алу үшін төменгі жақты саусақтармен басып алдына қарай тартылады.
Жалпы жансыздандырудын маскалық берілу түрлері қазіргі уақытта сирек пайдаланылады, жалпы жансыздандыру арнаулы аспаптары жоқ жағдай-да тез операция жасау үшін жалпы жансыздандыру маскамен берілуі жақсы тәсіл ретінде болады.
Аспаптық жалпы жансыздандыруда алдын ала аспапты даярлау жүргізіледі:
1) аспап жерге қосылады (сымы);
2) абсорбер 23 көлемінде таза натронмен толтырылады (3-4 сағатқа жету үшін);
3) ауадан көмір қьшқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды наркозға дайындау
Наркоздың теориялары
Наркоздың өту сатылары
Жалпы және жергілікті жансыздандыру
Антигистаминді препараттар
НАРКОЗДЫҢ САТЫЛАРЫ
Залалсыздандырудың физикалық әдістері
Наркоздың түрлері
Наркоздың жіктелуі
Жануарларды жалпы наркозға дайындау
Пәндер