Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Тұлғаның негізгі көреткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық

Жалпы тұлға туралы.

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес. Ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, соның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен және т. б.

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан "тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиетгері болып саналады. «Тұлға” ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Тұлға дегеніміз - ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б. Г. Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зертгеулер үшін кызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді. Ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т. с. с.

Осы белгілер адам баласын хайуанан ажыратады. “Индивид" ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке аралығын анықтайды. Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санктпетербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп өкілдері “субъект” деңгейін бөлмей, адамның психологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” үғымына біріктіреді. Бірақ, бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.

Қабілеттер дегеніміз - бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері. Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар. Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиытығы болса, әлеуметтік нұсқаулар - адамдардың наным-сенімдері.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық құбылыстардың құрылымын психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық касиетгерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Eрік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты.

Алайда осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер - жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіпеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.

Тұлғалық қасиеттер үш дәрежеде болады:

  • Әрбір адам ең алдымен адамзат қауымының мүшесі ретінде шыққан нәсілінен, ұлтынан, туысынан, туған жерінен тәуелсіз есті адамның барлық өкілдеріне ортақ жалпы қасиеттерді иелену. Олардың қатарына: қуану, қайыру, болжамдық, елді сүю, арамдық -зұлымдарға, әділетсіздіктерге, әділеттікке және т. б. көптеген рухани-психологиялық қасиеттер жатды.
  • Әр адамның физикалық ерекшеліктерінен жоғары жүйке жүйесінің қызметінен туындайтын және тек өз басына тән психологиялық өзгешеліктер. Бұлар, оның мінез-құлықында, сезім көрінісінде, темперментінде, қимыл мен жүріс тұрысында, сөйлеу ерекшелігінде, сыртқы әсерлерге қайтаратын жауаптарында, басқа адамдармен қарым-қатынсында т. б. тіршілік әрекеттерінде байқалады. Осы қайталанбайтын ерекшеліктерінің арқасында әр адамның басқаларға ұқсамайтын өзіндік қырлары туады. Бұл қырларының негізгі физиологиялық ерекшеліктерінде жатқанмен оған әрине өмір сүру ортасының да қатысы бар.
  • Адам белгілі бір елде, рухани дәстүрде белгілі дәрежеде жеткен материалдық және рухани мәдениет жемістерін сусындап өседі. Сол дәуірдің тарихи ортаның жемісі осының бәрі адамның жан-дүниесінде өзінің ізін қалдырады.

Тұлғаны анықтайтындар қатарыны: нені және қалай білетіндігі, нені және оны қалай бағатыны, нені және оны қалай жандандырады, кіммен және қалай қатынас жасайтыны, оның көркемдік қажеттілігі жән оны қалай байланысты. Ең негізгісі өзінің әрекетіне, шешіміне, тағдырына деген жауапкершілігіне сай өлшемі тұлғаны толық көрсетеді.

Даралылық.

Даралық - түрлі тәжірибе, білім, пікір, сенім, мінез-құлық, темпераменттермен көрініс береді. Даралық негізгі параметрлері: себеп, темперамент, қабілет, мінез. Эмоциялық, белсенділік темпераменттің екінші функциясы. Белсенділік пен өзін-өзі реттеу қабілетінің сипаттамасы. Даралықта-тұлға мен организм бірлікте қарастырылады.

Белсенділік.

Адам белсенділігінің табиғатты тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп адамның, іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, тапшы және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды.

Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардың әрекетттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Балалардың саналы түрде істейтін мұндай әректтерін ырықты немесе ерікті белсенділік дейді. Бұл жасатғы балалардың үлкендердің әрекеттеріне және лоармен өзара қатынас жасауға еліктеуі рөлді ойындарды атқару барысында байқалады.

Қарым-қатынас белсенділігі әсіресе, мектеп жасындағы балаларда айқын көріне бастайды. Ата-аналармен, мұғалімдермен, құрдастары және достарымен, үлкендермен балалардың қатынас жасауларында әр алуан ерекшеліктер болады. V-VI сынып оқушылары қарым-қатынас жасау үшін ең алдымен өзіне дос және жолдас болатын құрбы-құрдастарын іздестіреді. Мектеп оқу жылы басталысымен-ақ балалар жолдастық қатынастарын дамыта түседі. Сыныпта болатын түрлі іс-шараларына қатысып отыруға тілек білдіреді. Бұл жастағы балалар сынып бойынша өткізілетін жарыстарға, жорықтарға, басқа да түрлі іс-әрекеттеріне қатысып отыруға ынталы болады. Түрлі іс-әрекеттеріне жаппай қатысып, балалардың өзара тілектестік және жолдастық сезімде болуы олардың әлеуметтік белсенділігін арттырады. Осыған орай ұжым мүшелеріне әрбір мүшесінің өсіп жетілуіне достық, жолдастық негізінде жағдай жасап қамқоршы болады. Ал ұжымның қамқорлығын сезген жеке мүшелері, оның талабын орындауға, бірігіпе қызмет етуге әр уақытта дайын екендігін білдіреді. Қарым - қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (мархабаттық, қайырымдылық, тқамқорлық, өзі үшін және басқа адамдар алдында өзінің қылықтары жайлы жауапкершілік сезамі т. б. ) қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Мектеб жасына дейінгі (5-6жас) балалар заттарды түсіне, формасына қарап ажырата бастайды, олардың құрлысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Балалардың бірнәрсені құмартып, білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, әр нәрсеге үңіле қарайды, кейде тереңі ойға шомылады. Мысалы, олар легені магнит қалай ұстап тұр? Жапырақтың түсі қалай жасыл болады? Жаңбыр қайдан пайда болады?-деген сияқты сұрақты балалар үлкендерге әрдайым қойып, жауап күтеді. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Сондықтан да олар өзара таласуды, пікір айтуды, түрлі заттарды салыстырып дәлелдеуді, есеп шығаруды жанындай сүйеді. Мектеб жасына дейінгі балалардың “неге?”, “не үшін?”, “қалай?” депқоятын сұрақтары үлкендермен қарым-қатынас жасауларының алғашқы белгілері. Олар осындай сұрақтарға ата-аналарынан немесе тәрбиешілерден дұрыс жауап алуды күтеді, кейде олардың жауаптарына өзінше қанағаттанбай шүбаланады. Егер ересек адамдар балалардың сұрақтарын қостап, таным белсенділігін дамсытуда бағыт беріп отырса, олардың құмарлық, талпынғыштық және бақылағыштық қасиеттерінің қалыптасуына игі әсер етеді.

Мектеп жасындағы балалардың таным ынтасын қалыптастыруда білім тәсілдерінің ерекше маңызы бар. Оқу барысында балалар түрлі заттардың, құбылыстың мәніне, ғылыми ұғымдар мен заңдылықтарға терең түсінуге, алған теориялық сауатттылығымен шеберлігіне байланысты. Мұны оқушылардың ауыл шаруашылық тәжірибелік, жұмысынан да байқауға болады.

Баланың өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігін қоғамдық пайдалы жұмыстарға байланысты тапсырмалар беріп, орындау арқылы дамытуға болады. Тапсырмалардың толып жатқан түрлері бар. Оларға: сынып старостасы, қабырға газеті редакциясының мүшесі, тазалық камиссиясының төрағасы болу, мектеб кітапханасына көмек көрсету, шетелдер балаларымен хат жазысып тұру т. б. қоғамдық пайдалы тапсырмалар жатады. Осындай тапсырмаларды сапалы етіп дер кезінде орындап отыруға балаларды үнемі жаттықтыру және дағдыландыру мұғалімнің және тәрбиешінің төл ісі. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен жеке қабілеттерін ескере отырып, барлығын тапсырмалармен, түлрлі қоғамдық іс-әрекеттерімен қамтамасыз ету керекк. Егер тапсырма балаға бұйрық есебінде немесе көтеріңкі дауыспен берілсе, онда ол іштей наразылық білдіріп, тапсырманы орындамай аяқсыз қалдыруы мүмкін. Сондықтан мұғалім әр уақытта өзінің ілтипатты және ұстамды болуын естен шығармай, тапсырманы тыңғылықты орындау үшін балаға рухани күш беріп, сенім білдіреді. Кейбір баланы еріктік қасиеттері тұрақсыз болады. Ол бір інші қиыншылықты сезісімен-ақ қоғамдық тапсырманы орындаудан бас тартады. Мұндай сангвиник балаға көмек бере отырып, оның намысына тимей, тапсырманы орындауын табандылықпен талап ете білу керек. Сонда ғана баланың ісінде жаңа қарқын туып, ол алдана қойған мақсатын орындаудың қажет екенін сезеді. Қоғамдық пайдалы тапсырмалар арқылы балалардың белсенділігін арттыру мектеп бойынша дәстүрлі іске айналғанда ғана тиісті нәтиже береді.

Өзін-өзі тәрбиелеудің бастр құралдарының бірі- түрлі тақырыптарға жазылған ғылыми, тарифи және әдеби кітаптар, кинофильмдер. Балалар кітаптар мен кинофильмдер арқылы халықтың бостандығы мен бақыты үшін күресіп, қорықпай, өлім жазасына бас изеп ержүрек адамдардың іс-әрекеттерімен танысып, өздерінше талдау жасайды, олардың өнегелі және ерлік қайраты мен төзімділігіне бас иеді. Мұндай табандылық пен ер лік көрсеткен азаматтар көптеп саналады. Олардың ішінде өзінің халқы мен келешегі үшін жан- тәнімен аянбай күрескен қазақ халқының аяулы ұлдары А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Т. Рысқұлов, Ш. Құдайбердиев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев т. б. кеңес өкіметі жылдарында жазықсыз ұсталып, күнәсіз қаза тапты. Бұлар өздерінің мақсаттарының орындай алмай арманда кетті . Осындай ғұлама көрнекті адамдардың өмірі мен іс-әрекеттері жас өспірімге кошті ықпал жасайды, сана-сезімін оятады, толғандырады. Олар өз өмірінде, оқу-тәнрбие процес інде зор ыждахатпен терең білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге тырысады.

Саналылық.

Саналылық- бейнеге сүйене қоғаммен қарым- қатынасқа түсе алатын адам қабілеттілігі, адамның заттармен байланыс іс- әрекеті, табиғи және мәдени қатынасы, қашықтағы, жақындағы адамдардың өзара қатынасы мен қызметі, яғни осы образдарды өзінің мінез- құлық бағыттында әдіс- тәсілі ретінде пайдалану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлға туралы ұғым
Тұлғаның дамуы оны тәрбиелеу және қалыптастыру
Мұғалімнің талабына сай болуы үшін қойылатын талаптар
Білімдендіру философиясы дүниетанымының жаңа үлгісі (ғылыми мақалалар жинағы)
Дене мәдениеті мен спорттың қоғамдағы орны
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық негіздері
Психикалық құбылыстардың топтастырылуы
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz