Жаһандық ақпараттық кеңістік


Ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасу ортасы және негізі. Ғаламдық ақпараттық кеңістікті қалыптастыруда технологиялық түп қазық болып табылатын, ақпараттық қоғам дамып, қызмет ететін қазіргі компьютерлік технологиялардың маңызы зор. Қазіргі компьютерлік технологиялардың дамуында ғаламдық компьютерлік желі ғаламтордың құрылуы аса маңызды кезең болды. Ғаламтор желісі - бүкіл әлемде бірнеше миллион адамдарды қамтып, біріктіретін біртүтас ақпарат кеңістігі. Ғаламторды қолданушылар өте кең көлемдегі ақпараттық қызметтерге қол жеткізе алады: баспасөз сайттарын, радио, теледидар, электронды пошта, электрондық коммерция, телеконференциялар, хабарландырулар тақтасын, жаңалықтар топтамасын, чаттарды және т. б. көптеген қызмет түрлерін қолдана алады.
Қазіргі кезде жаһандану мəселесіне ерекше назар аударылуда. Əлеуметтік-гуманитарлық білім жаһандану үрдісінің жағымды жəне жағымсыз жақтарын зерделеп, методологиялық жəне танымдық, аксиологиялық тұрғыдан ой қорытуда. Жаһандану үрдісінің экономикалық, саяси, əлеуметтік, ақпараттық, мəдени астарлары терең зерделенуде. Бұндай қарқынды жəне жүйелі зерттеулер əсіресе ХХІ ғасырда кеңінен етек алып отырғанын атап өткен жөн.
Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар əкелуде. Жаһанданудың басты типтік жəне сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Сонымен қатар қазіргі қоғамдық даму тенденциясына сай келетін белгілі бір сипаттағы идеологиялық ұстаным, нарықтық экономика, демократиялық сипаттағы əлеуметтік-саяси жүйе, дүниетанымдық плюрализм, конституциялық тұрғыда бекітілген адам құқын қамтамасыз ететін институциялық тетіктер, мемлекетаралық жəне мемлекеттен жоғары тұратын саяси жəне құқықтық институттар құруды жаһандану үдірісінің басты көрсеткіштері ретінде қарастыруда.
Жаһанданудың экономикалық, саяси көрсеткіштерімен қатар, мəдени көрсеткіштеріне де ерекше назар аударылуда. Кейбір ғалымдардың пікірінше, жаһанданудың мəдени бөлімі жоғарыда аталған көрсеткіштердің негізгісі жəне «локомотиві», басқа салаларды анықтаушы күш ретінде танылуда. Ю. М. Лотман бойынша, «мəдениет - биосфера тəрізді құрлымдықтың генераторы, осынсымен ол адамдар айналасында əлеуметтік саланы құрайды, өмір сүруге жағдай туғызады, бірақ ол органикалық емес, қоғамдық» [2] . Шындап қарасақ, жаһанданудың негізінде белгілі бір сипаттағы құндылықтар, мəдени ұстанымдардың жатқаны белгілі. Жаһанданудың сценарийі американдық үлгіде жүруде. Ол жаһанданудың базисі, доминанты ретінде, оның салдарынан бұрын басты себебіне, детерминанттық күшіне айналып үлгірген.
Батыстық мəдениет негізінде пайда болғанмен, ол мəдениеттің мəні мен формасы жағынан американдық болып қалуда. Осындай жағдайда жаһанданудың əр түрлі баламалық тұрғыдан тарихи- мəдени негіздері болуы керек, жаһандану жергілікті, аймақтық мəдениеттің ерекшелігін ескеру негізінде даму керек деген де ойлар жиі айтылуда. Мəселен, Қытай, Рессей, Иран, Үнді, Түркия елдері жаһандану үрдісінің негізінде жергілікті аймақтардың мəдениеті мен тұрмыс-салтыныңерекшелігі жату қажеттігін көрсете отырып, баламалық негіздегі жаһанданудың тұжырымдарын жасауда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz