Жеңіл атлетиканың түрлері (көпсайысқа мінездеме)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті

СӨЖ
Тақырыбы : Жеңіл атлетиканың түрлері (көпсайысқа мінездеме)

Орындаған: Оразханова Бибі
Тобы: Кя-903
Тексерген: Королева С. Н.

Семей
2020

Жеңіл атлетиканың түрлері (көпсайысқа мінездеме)

Жеңіл атлетика бұқара көп айналысатын спорт түріне жатады.Жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысу адамның қимылын жақсартып, өмірге деген құштарлығын арттырады. Жеңіл атлетика дене мәдениеті және спорт жүйесінде спорттың ең басты түрінің бірі болып саналады. Себебі оны игеру өте оңай.
Жеңіл атлетикалық спорт түрлерін әр түрлі параметрлеріне байланысты топтауға болады: жеңіл атлетиканың түрлері, жасына және жынысына байланысты топтау, өткізу орындары.
Жеңіл атлетиканың негізгі бес түрі бар: спорттық жүру, жүгіру, секіру түрлері, лақтыру, көпсайыс. Жынысқа және жасқа қарай топтау: ерлер мен әйелдерге арналған, әр түрлі жастағы ер балалар мен қыз балаларға арналған.
Жеңіл атлетика бойынша әйелдерге арналған, ашық стадиондарда өтетін 50 спорт түрі,ер адамдарға арналған - 56түрі, ал жабық ғимараттарда өтетін әйелдерге де, ерлерге де арналған 14 спорт түрі.
Келесі спорт түрін топтастыру жаттығатын және жарыс болатын орынға байланысты бөлінеді: стадиондар, жүргінші жолдары, ойлы-қырлы жолдар, жергілікті жолдар, спорт алаңдары мен залдары.
Құрылымы бойынша жеңіл атлетика спорт түрлерін бір бағытты, қарсы бағытты және аралас деп бөледі. Сондай-ақ,жылдам, күш, жылдамдық пен күштің бірігуі, жылдамдық пен шыдамдылықтың бірігуі, арнайы төзімділік.
Сонымен қатар, жеңіл атлетиканы классикалық (К) (олимпиадалық) және классикалық емес (қалғандары)деп бөледі. Қазіргі таңда олимпиада ойындары бағдарламаларына ерлерге арналған жеңіл атлетикалық ойынының 24 түрі, ал әйелдерде 22 түрі кіреді.
Жеңіл атлетика топтарының түрін қарастырайық.
Спорттық жүру- арнайы бағытты түрі, арнайы шыдамдылықты қажет етеді. Бұл ерлермен бірге әйелдерге де қатысты.
Әйелдерге : стадионда -3,5, 10км
Манежде - 3,5 км
Жол бойында -10,20 км
Ерлерге: стадионда -3,5,10,20 км
Манежде - 3,5 км
Жол бойында - 35, 50 км
Классикалық (К) түрі ерлерде - 20, 50 км, әйелдерде -20 км.
Жүгіру - мынадай категорияларға бөлінеді: тегіс жермен, кедергіден жүгіру,тосқауылдан өтіп жүгіру, эстафеталық, кросстық жүгіру.
Тегіс жермен жүгіру -жылдамдықты талап ететін қысқа қашықтықтағы жүгіру(спринт), 100-400м аралықты жүгіру жылдамдықты және шыдамдылықты қажет.етеді.
Спринт немесе қысқа қашықтыққа жүгіру. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі.30, 60, 100(К), 200 (К)м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық. Ұзақ қашықтықтағы спринт стадиондар мен манеждерде өткізіледі.300, 400, (К), 600м, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
Шыдамдылылыққа жүгіру: - орта қашықтық: 800(К), 1000, 1500 (К) м, 1миль. Стадиондар мен манеждерде өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- алыс қашықтық: 3000, 5000 (К), 10 000 (К)м, тек стадиондар мен манежде (3000) өткізіледі,әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- өте алыс қашықтық:15; 21,0975; 42,195(К); 100 км жолдарда өткізіледі, әйелдер мен ерлерге бірдей қашықтық.
- ультра алыс қашықтық: тәуліктік жүгіру стадионда немесе жолда өткізіледі. Ерлерге де, әйелдерге де бірдей қашықтық. Сонымен қатар 1000миль(1609,3м) мильге және ең ұзақ қашықтық 1300 мильге жарыс ұйымдастырылуы мүмкін.
Кедергімен жүгіру құрылымы бойынша шыдамдылық пен жылдамдықты, алғырлық пеникемділікті қажет етеді.Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 60, 100 (К) м, 400 (К) м. Ерлерге: 110(К), 300 м 400 (К) м соңғы екі қашықтық тек стадионда ғана өткізіледі.
Тосқауылдан өтіп жүгіру - арнайы шыдамдылықты, ептілікті және жылдамдықты қажет етеді. Стадионда немесе манежде өткізіледі. Әйелдерге қашықтық: 2000м; Ерлерге: 2000, 3000 (К) м. Жуырда осы жүгіру түрі әйелдер арасында болатын олимпиадалық жарысқа қосылуы мүмкін.
Эстафеталық жүгіру - құрылымы бойынша бір бағытты жүгіруге сай келеді. Топтық жарыс, икемділік, шыдамдылық пен жылдамдықты қажет етеді. Классикалық түрі 4х100 м және 4х400м, ерлер мен әйелдерге бірдей, стадионда өткізіледі.Манежде 4х200 м және 4х400 м, бұл да ерлер мен әйелдерге бірдей. Сонымен қатар стадионда әр түрлі қашықтықта мысалы, 800,1000, 1500 м және адам санына шек қойылмай өткізіле береді. Қала көшелері бойымен де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көпсайыс - спорт жарыстарының бір түрі
Жеңіл атлетика спортының даму тарихы
Жеңіл атлетика жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жаттығуларынан біріккен спорт түрі
Жеңіл атлетиканың даму тарихы
Жеңіл атлетика жаттығуларынының құрылымы
Жеңіл Атлетиканыі Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы
Жеңіл атлетиканың Қазақстанда дамуы туралы
Жеңіл атлетиканың шығу тарихы
Жеңіл атлетиканың даму жолы
Пәндер