Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым


Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
«Бісмілла» деп баяндайын хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Қожа Ахмет Яссауй
КІРІСПЕ
Жобаның жалпы сипаты: Бұл ғылыми жобада профессор Қ. Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» еңбегіндегі Х. А. Яссауйдің шығармаларын танымдық тұрғыдан зерттеуі туралы сөз болады.
Тарих табалдырығын аттаған әрбір ұлы адам, тек қана еселі еңбек қалдырмай, өзі де жұмбақ ғұмыр кешеді. Олардың әрқайсысы өздері өмір сүрген кезеңнің төл перзенті бола тұрып, бір мезгілде ғасырларды көктей алға озып кетуі де, бір мезгілде өзінен бұрын өтіп кеткен көне дәуірлермен іштей үндесіп жатуы да мүмкін . . . [1]
Былай қарасаң өте қарапайым, жұрттың бәрі білетіндей, аты әлемнің алуан тілдерінде мың сан қайталанатын, жазған еңбектері күн құрғатпай басылып шығып жататын, ол туралы әдеби-мәдени іс-шаралар өткізілетін, аттарында көшелер, ауылдар, поселкелер, тіпті қалалар, облыстар, институттар тағысын тағылар бар, ескерткіштер тұрғызылған, энциклопедияға кіргізілген, көптеген диссертациялар қорғалған, сондай ұлы адамның, жұмбақ жаратылыстың жылдар өткен сайын жаңа бір қырлары ашыла түсетіні неліктен? Енді, мақаланың беташары ретінде қолданған ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Жарылқасын Боранбайдың мақаласының кіріспе бөлімінен алынған еді[1, 59] . Неге алдым? Не үшін? Бұл айтылған пікірде ұлы адамның, жұмбақ жаратылыстың жылдар өткен сайын жаңа бір қырлары ашыла түседі деген сөздерді оқып отырғанда, еріксіз Құдайберген Жұбанов еске түседі. ХХ ғасырда тіл білімінің дамуына А. Байтұрсынұлынан кейінгі, өлшеусіз үлес қосқан, қазақстан шыққан тіл білімінің тұңғыш профессоры, түркітанушы ғалым - Қ. Жұбанов еді. Небәрі 38 жыл ғұмыр кешті. Жасындай жарқ етіп, өзінің қысқа ғұмырында тіл білімін жан - жақты зерттеген ірі тұлға еді. «Ғалымның хаты өлмейді» демекші, Қ. Жұбанов мұралары күні бүгінге дейін өз мәнін жойған емес. Олай болатын себебі не еді десек, өзіміз білетін, таныс Жұбанов еңбектерінің осы заманның өзекті мәселесімен ұштасып жатқандығында. Қазірде, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, түркі әлемімен табысу, қандас бауырларымызбен байланыс орнату үшін қазақ тілінде латын әліпбиі негізделіп, 2025 жылдан бастап толық көшетініміз жоспарланған еді. Ал, Қ. Жұбанов болса, өзі өмір сүрген ХХ ғасырдың өзінде латын әліпбиінің толық пайдасын біліп кеткен болжампаз ғалым болатын. Біз латын әліпбиін алғашқы рет 1929-1940 жылдар аралығында қолдандық, сол кездегі жасалған әліпбиге өзгерту енгізген де Құдайберген Жұбанов еді. Қазақ тілінің тіл білімінен бөлек, ХХ ғасырда Абайға «үстем тап өкілі» сынды айыптар тағылған қытымыр кезде алғашқы болып, «Абай - қазақ әдебиетінің классигі» деген мақала жариялаған еді. Сонымен қатар, «Қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы» деген еңбегінде «күй» сөзінің түріктің «көк» сөзінен бастау алатынын айтады. Осындай өнімді еңбектеріне қарасақ, оның жан-жақтылығына көз жеткіземіз. 1899 жылы Темір ауданында туылған, кішкентай күнінен білім-ғылымға құмар, Оспан ишаннан сауатын ашқан бала үлкен ғалымға айналып отыр. 38 жылдық ғұмырында өлмейтін мұра қалдырған Қ. Жұбановтың еңбегін алып қарай бастасаңыз болғаны, қай жағынан болмасын белгілі бір ғылымның бастауы жатады. Олай деуімізге, оның Қожа Ахмет Яссауи жайлы мақаласы себеп болып отыр[2] .
Жобаның өзектілігі: Елбасы Н. Әбішұлы 21 қарашада «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты» деп нақты санамалап көрсеткен ірі жобаларының бірі «Ұлы дала есімдері» атты оқу-ағарту энциклопедиялық саябағын ашу, «Ұлы дала тұлғалары» атты ғылыми-көпшілік фильмдер шығарып, ұлтымыздың қаһармандарын өз елімізде ғана насихаттамай, шет елдерге де шығарып, әлем халықтарымен таныстыру болса, сондай Ұлы тұлғалардың бірегейі Құдаайберген Жұбановты да әлем халқы тануы тиіс деп ойлаймыз. Оның А. Яссауй туралы жазған шындығын біз ғана біліп қоймай, әлемге таныстыру біздің міндетіміз болатындығы жобаның өзектілігін айғақтай түседі.
Жобаның мақсаты мен міндеттері:
Құдайберген Жұбановтың Ахмет Яссауй өмірін, шығармашылығын танымдық тұрғыдан зерделеуіне байланысты тіл деректерін жинақтап, бір жүйеге келтіру, сопылық поэзияның тілдік ерекшеліктерін зерттеу;
Осыған байланысты жобада төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
- Хожа Ахмет Яссауи өмірі Қ. Жұбановтың талдауы бойынша;
- Хожа Ахмет Яссауи өмірін басқа ғалымдар көзқарасы бойынша;
- Қ. Жұбановтың Х. А. Яссауи өлеңдерін танымдық тұрғыдан талдауы;
- М. Ж. Көпеевтің Х. А. Яссауи жайлы мәліметтері;
Жобаның нысаны: Қ. Жұбановтың «Хожа Ахмет Яссауй кім?» деп аталатын Мұра-хаттар топтамасындағы Х. А. Яссауй өмірі, өлеңдерін танымдық тұрғыдан зерттеу.
Жобаның зерттеу дереккөздері: Зерттеудің материалы ретінде Қ. Жұбановтың «Хожа Ахмет Яссауй кім?», «Х. А. Яссауйдің 95-толғауы туралы», «Х. А. Яссауйдің армандары туралы», «Х. Ахметтің әлеуметтік көзқарастары», «Х. А. Яссауйдің шындық іздеуі», «Диуани хикмәттің жалпы мазмұны мен тілі туралы бірер ауыз сөз» деп аталатын мұра-хаттары алынады.
Жобаның ғылыми жаңалығы мен нәтижелері: Зерттеу нысаны бойынша төмендегідей мәселелер ғылыми шешімін тапты:
- Қ. Жұбановтың Яссауй туралы ғылыми көзқарастары кешенді түрде талданды;
- Қ. Жұбанов және басқа ғалымдардың Яссауй туралы көзқарастары салыстырыла зерттелді;
- Яссауй тіліндегі этномәдени тілдік бірліктер жинақталды.
Жобаның теориялық және практикалық мәні: Зерттеу барысында алынған тұжырымдар мен нәтижелер лексикология, семасиология, этнолингвистика, когнитивтік лингвистиканы дамытуға өзіндік үлесін қосады. Жұмыс нәтижелерін Жұбановтану, Яссауйтану сабақтарында пайдалануға болады.
Жобаның құрылымы: Жоба кіріспеден, екі тараудан, қорытынды бөлімнен тұрады.
Хожа Ахмет Яссауй - ұлы орта азиялық ақын - сопы
Қазіргі күні ұлт тарихын жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама бізге өткен бабалар ізімен үндестік болатынын, яғни бұл дегеніміз рухани мәліметтерді еске түсіру, сол еңбектерді дәріптеу болып табылады. Осы орайда қазақ жеріне ислам діні еніп, оның таралуынан соң сопылық ілімді қалыптастырған Қожа Ахмет Яссауйдің еңбегі ерекше. Яғни, еліміз үшін иассауилік ілім - қазақ дүниетанымы мен ислам өркениеті арасын үйлестіруші әдіснамалық тұғыр болуымен қатар қазіргі дәуір талаптарына сай жаңа мазмұнмен сомдалған және рухани азық бола алатын ілім ретінде санамызды тану [2] дейді еңбекте. Иә, өз-өзімізді тану үшін бізге дейінгі дана бабалар еңбектерімен толық таныссақ ақпарат көбейген заманда ақиқатты табатынымыз анық қой. Сонымен қатар, қазіргі күні технологияның өрістеп кеткен заманында Яссауй сынды тұлғаны толық тану рухани жаңғырудағы үлкен жеттістік болар еді. Тек қана бұл емес, халықтың санасын түлетіп, рухын ояту қызметтерін атқару да басты мақсаттың бірі болар еді. Яғни, көріп тұрғанымыздай халқымыздың бай қазынасы рухани жаңғырудың бағыт-бағдарын белгілеп береді екен ғой.
Қай жердің қазағы болса да, хазірет сұлтанды естумен келеді [3] дейді Алаш ардақтысы Міржақып Дулатов еңбегінде. Иә, олай болса Хожа Ахмет Яссауй жайлы ақпараттармен таныссақ. Қазақтың шежірешісі, өз заманында тегін кісі болмаған Мәшһүр Жүсіп Көпей еңбегінде [4] «Қожа Ахмет Яссауи туралы» бесінші мәтінде Қожа Ахметтің Ибраһим атаның бел баласы, Ысқақ баптың немересі екендігін, сүйегінің қожа екендігін айтады. Сонымен қатар, Яссауи басына ескерткішті Әмір Темір лаңның орнатқанын, яғни «лаң» дегені сарт тілінде ақсақ кісіні айтады екен. Қазақ арасында «тірінің жабдығы - төренікі, өлінің жабдығы қожада болған», - деген сөз тараған екен. Құдайберген Жұбанов зерттеулерінде де Хожа Ахмет Яссауйдің сүйегінің қырғыз екендігін, Ысқақ баптың ұрпағы екендігін айтқан.
Негізгі мәселеге келсек, Хожа Ахмет Яссауй қазақ жерінде сопылық ілімнің негізін қалаған. Шын мәнінде дейді автор [5] Қожа Ахмет Иассауидің түркі тарихындағы маңызы сопылық өлеңдер жазған ақын болуында ғана емес, ислам діннің түркілер арасында тарала бастаған алғашқы кезеңдерінде тұңғыш рет сопылық ағымның негізін қалай отырып, рухани өмірге билік жүргізгені болып табылады екен. Бұл, яғни қазақ даласында ислам дінінің кеңінен тарала бастауы болып шығады ғой.
Қожа Ахмет Яссауи - түркістандық ғұлама, әулие, түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінде айрықша орны бар ұлы ақын. Ең алдыменен оның сопылық негізін қалаған жан екенін ескеруіміз керек. Ол туылған жыл ислам дінінің шиеленісті кезінде туылған. Сопылық, яғни суфизм ілімінің негізгі мақсаты Алланың разылығын іздеп, адамның жанын тазарту екен. Сопылық бүкіл ислам дүниесіндегі мәдени және әлеуметтік жағынан сара жолы бар, өзіндік табиғаты бар, ислам дінінің аясында туған діни-мистикалық ағым. Қазақ жерінде сопылық насихатшысы болған Хожа Ахметтің туған жылы мен өмірден өткен жылы белгісіз. Арғы тегі қожалар әулетінен. Әкесі Ибраһим - Испиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы. Анасы Мұса шейхтің қызы Айша, ел арасына «Қарашаш ана» деп аталып кеткен екен. Қожа Ахмет Яссауидің Ибраһим атты ұлы мен Гауһар Хошназ атты қызы болған. Негізінен ұрпағы қызынан тараған екен, ұлы кішкентайында қастандықпен өлтірілген [6] . Белгілі жазушы Аян Нысаналин зерделі де зерек зерттеуші Əбсаттар қажы Дербісəлінің деректеріне сүйене отырып, өз ойын былай түйіндейді: «Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзияның көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпаны, кемеңгер ақын Ахмет Ясауи 1093-1094 жылдары Исфиджаб (Сайрам) қаласында туған. Оның ата-анасы Ибрагим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Олардың зиратына орнатылған күмбездер осы Сайрамда тұр. Ахметтің əкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болғанын көпшілік атап өтеді. Тіптен балауса бүлдіршін балаға араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдат шаһарларынан ұстаздар жалдап үйретеді [7] .
1. 1 Х. А. Яссауй жайлы пікірлерді Қ. Жұбанов зерттеулерімен салыстыру
Қ. Жұбанов ғылымының сан салалығы өзі ХХ ғасырда өмір сүріп отырған кезеңнің қиындығына қарамай, оқуға талпынып, нәтижесінде көп жетістікке жеткені еді. Құдайбергенді неге Яссауйтанушы дейміз? Оған себебі, «Диуани Хикмет» атты сопылық поэзиядағы еңбегінің 4400 жолдан тұратынын ең бірінші боп айтуы еді. Бұл еңбекті оқи отыра, түркітану саласына да үлес қосқандығын ескеруіміз керек. Оның айтуынша, бұл шығарма үстірт оқыған адамға мазмұны жалпылама бастан аяқ діни үгіт-насихат боп көрінетіндігі. Толғау текстеріне қарай отыра, негізді пікірлері талданып, идеялық жағынан алып қарағанда, «Диуани Хикметті» мазмұн құрылысы бойынша, бірнеше тақырыптарға бөледі. Оның бірқатар толғауларының таза діни сарындағы үгіт-насихат болуымен қатар, кейбіреулері діни үгіт үшін қажет тарихи уақиғалар, енді біреулері адамгершілікті дәріптейтін насихат түріндегі толғаулар санатына жатады. Сонымен бірге, өз кезінің қоғамдық құрылысына тән әлеумет теңсіздігіне толғану, әлеуметтік өмірге сай әділетті құрылысты аңсау, арман ету болып табылады. Қандай мазмұнды болса да, оның келіп тоқтар жері - құдайға ғашықтық, шындыққа ұмтылу, құдайға қолын жеткізу деп көрсетеді [2, 320] . Диуани Хикметтің тілі - түркі тілі. Түркістанда ислам діні бел алып, араб қатынастары күшейген кезде пайда болған түрік халықтарына ортақ тіл дегенді де айтады. Хикметтің тілі түркі тілінде екендігін Ахметтің өзі былай деген екен:
Хошламайдұр ғалымлар,
Сізні айған түркіні
Ғарыптардан естісең
Ашар көңіл мүлкіні
Міскін зағип Хожа Ахмет
Иетті пуштыңа рахмәт!
Парсы тілін білибан
Хоп айтадүр түркині! - деп, «Мен парсы тілін жақсы біле тұрсам да, кітапты түркі тілімен жаздым» деген екен [9, 320] . Осындай мысал келтіре отыра, Диуанды түркі халқына ортақ мұра екендігінде айтады. Сонымен, Құдайберген таныған Қожа Ахмет кім еді? Ендігі кезекте осыған тоқталайық. Ахметтің кім екенін, қандай тұлға екенін білсек Қ. Жұбанов зерттеулерімен салыстыра қарайық. Ал, Құдайберген Жұбанов Хожа Ахмет Яссауидің есіміне тоқталады. Мәселен, Хожа дегені нәсілдік лақап аты, Яссауи - меншікті мекеннің аты, өз аты - Ахмет. «Қай Ахмет?» деген сұрақ бойынша берілетін жауап «Бала Ахмет», «Шал Ахмет», «Молда Ахмет», «Хожа Ахмет» деген сөздер сияқты деп келтіреді. Әрі осылай екендігіне дәлел ретінде мына бір өлең жолдарын ұсынған:
Ахмет, сен әм ғашық болы,
Сыдықың бірлә Садық бол.
Дәргәһига лайық бол,
Жанан болған ғашықлар. Қазақша мағынасы: «Басқалар сияқты, Ахмет, сен де тәңірге ғашық бол, ғашықтығыңның растығын іспен көрсет, сонда ғана сен тәңірінің алдына баруға лайық боласың. Ғашық болғандардың бәрі де тәңірісіне солай сүйкімді болған», - деп мазмұнын да түсіндіріп береді [9, 289] . Бұл жерден, Құдайберген Жұбановтың өзінің аударғандығын көруге болады. Сондай-ақ, Қожа Ахметтің шәкіртінің мадақтау толғауын ұсынады:
Қаршығаны құшлаған,
Сұңқар, лашын ұшлаған.
Сансыз мүрит башлағап,
Шайых - Ахмет Яссауи, - қазақша мағынасын былайша түсіндіреді: «Менің ұстазым - қаршыға, сұңқар баптап, құс салып, аңшы болған, сансыз шәкірт үйретіп ұстаз болған Ахмет Яссауи», - дейді [9, 155] . Бұл сөзі де жөн-ақ. Ендігі бір мақалада, осы жолдармен үндес келетін өлең жолдарында:
Ысқақ бабтың жұрыны,
Ибраһим ата құлыны.
Шайқылардың ұлығы,
Сүлеймен Бақырғанидің «Ақыр заман кітабы» жəне «Бибі Мариям кітабы» деп аталатын екі дастаны бар. Олар негізінен діни аңыз-əңгімелер сюжетіне құрылған. Сопылық-мистикалық ой- пікірлерді уағыздайды. Хакім ата өзінің «Ақыр заман кітабы» атты дастанында айтылған екен. [1, 59] . Яғни, бұл жерден көретініміз Қ. Жұбанов Х. А. Яссауйдің қай шәкірті екенін анық бермеген. Неге? Себебі Ахметтің 90 мыңдай шәкірттері болған әрі олар Хожа Ахметтің насихатын жер-жерге таратқан екен. Атақты шәкірттері Сүлеймен Бақырғани Яссауй ілімін Үргеніш, одан әрі Маңғыстау жеріне таратқан. Мұхаммед Данышманд Зарнұқи ұстазының бұйыруымен Отырар еліне барып, сопылық қылған. Ол жерде көптеген жылдар бойы халыққа ілім үйреткен. Маулан Сафи ад-дин Орұң Қойлақы «Насабнамадағы» деректерге қарағанда Хожа Ахметтің орнында отырған, ұстаздық еткен екен.
1. 2. Қ. Жұбановтың Х. А. Яссауи өлеңдерін танымдық тұрғыдан талдауы
«Диуани Хикметте» Əзірет сұлтан өз ілімінің негізгі əдіснамалық принциптерін айқындайды. Негізгі принциптердің қатарына - Ақиқатқа, Абсолютке, рухани жаңғыруға - жеткізетін жолдарды іздеу жатады. Осы мақсатқа сəйкес адам мынадай сатылардан өтуге тиіс: «шариғат» - ислам заңдары мен əдет-ғұрпының жинағы; «тарихат» - сопылықтың идеясы, мұрат-мақсаты; «мағрипат» - дін жолын танып, оқып білу; «хақиқат» - Құдай жəне оған жақындау. Əрбір сатының өз тұрағы бар. Ол туралы ақын 32 хикметінде былай деген:
Өтті ғұмырым, шариғатқа жете алмадым,
Шариғатсыз тарихатқа өте алмадым.
Ақиқатсыз мағрипатқа бата алмадым,
Жолы қатты пірсіз қалай өтер, достар.
Ал, Қ. Жұбанов 32- хикмәтті былай береді және өзінше түсіндіреді.
Әй, құл Ахмет, сен юріп, ғам-қин көңілні аулағыл,
Аһлі діл болған кіши ғам-кин көңілни шат итәр. Мағынасы: «Ай, Ахметқұл, сен қарап отырма, тұр, қам көңілді кісінің көңілін аула, мүддесін ойла, көңіл-көзі ашық адамдар қам көңілді адамдарды шаттандырар болар», - деген сөз болады. Мұндағы «құл» деген сөз - «құдайдың құлымын» дегені. Өзін құл деп атауы шайхтардың толғауларында жиі кездеседі деп түсіндіреді. Енді, мына жерде 32 хикмәтті салыстыра қарасақ, өлең мағыналарының сәйкес келмейтінін көріп отырмыз. Неге? Себебі, біз талдап отырған мақалада [7] «Диуани хикмәттің» 70 хикмәттен тұратын жинаққа тоқталып отыр. Бұл жинақ М. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институтының Əдебиет тарихы бөлімінің жоспарлауымен іске асырылған бұл нұсқа əзірше көлемі жағынан ең үлкені болып табылады. Ғалым Н. Келімбетов «Ежелгі дəуір əдебиеті» деген оқулығында былай дейді [10] : «Ахмет Ясауи өлеңдер жинағының ең толық нұсқасы Қазан басылымы болып табылады. Мұнда 149 хикмәт (хикмет) берілген. Соған қарағанда, Қ. Жұбанов, біздің ойымызша, Қазанда басылып шыққан нұсқасын талдағанға ұқсайды. Сондай-ақ өзінің қазақша мағынасын беруі де осыны аңғартады.
9-Хикметте:
Құл, Қожа Ахмет, тағат қыл,
Ғұмырың білмәм неше біл.
Асылың білсең ап кіл,
Яна кілге кетерә! [9, 290] Деген жолдарды алады да, қазақшасы мағынасын былай береді: «Ай, қожа нәсілді құл Ахмет, өміріңнің қаншасы қалғаны белгісіз - құдайыңа құлшыдық қыл, өзіңді-өзің таны! Біле берсең, сенің негізің су мен топырақ - лай. Сен өлесің, қайтадан топырақ боласың, сенде күш жоқ»- деген мағынаны береді. Ясауидің жер астына түсуінің бір сыры, айналасын қоршаған надан, зұлымдар тобынан оғаштау, олардан аулақ, шын ниеттен зікір салу болса, екінші бір сыры, оның пайғамбар жасына жеткесін-ақ өлім қорқынышы зəресін алып, үрейін ұшыра бергендігі сияқты. Діншілдерге тəн ерекше қорқыныш үрейімен ақын өткен өмірін түгел еске алып, сол өмірінің ішіндегі істегендеріне 9 хикметінде өзінше мынадай баға береді:
Қан жұтып Алла дедім, рахым етті.
Дозақ ішінде қалмасын деп қамым жеді,
Шаттықпенен жер астына кірдім міне.
Жасым алпыс үшке жетті, ойым тұнық,
Уа, дариға, хақты таппай көңілім сынық.
Жер үстінде сұлтанмын деп болдым ұлық,
Ризалықпен жер астына кірдім, міне.
Шайыхпын деп уағыз айтып жолда қалдым,
Сəлдемді соқыр тиынға сатып келдім.
Нəпсім мені алдап кетті, жолда қалдым,
Алаңсыз жер астына кірдім, міне.
Басым топырақ, өзім топырақ, тəнім топырақ,
Хақ пайғамбарға жетемін деп рухым аңсап.
Күйдім-жандым бола алмадым əр кез шапақ,
Терлеп-тепшіп жер астына кірдім, міне.
Пірмұған ықлас етті, шарап іштім,
Шəбліге ұқсап зікір айтып жаннан кештім.
Масаң болып ел-жұрттан танып қаштым,
Зəмзəм болып жер астына кірдім, міне. Яғни, бұл жерде 63 жасында жер асты кіруі, қылуетке кіруі жайлы айтылған. Мына өлең жолы «Басым топырақ, өзім топырақ, тəнім топырақ, Хақ пайғамбарға жетемін деп рухым аңсап» деген жолдар Қ. Жұбанов үзіндісімен мәндес. Ол, біле білсең сенің негізің су мен топырақ - лай дейді. Мына өлең жолында да үсті-басың, өзің де топырақсың деп мағыналас боп келеді. Бұл жерден көретініміз, қанша бөлек жинақ болса да, «Диуани хикмәт» болғандықтан, дегенмен өзара мағына жағынан ұқсастық болатынына көз жеткізіп отырмыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz