ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Мазмұны
1. Әр түрлі мектеп өкілдерінің. Экономикалық теория пәнін анықтауы.
2. Экономикалық теория курсының логикасы мен құрылымы.
3. Негізгі экономикалық түсініктер - қажеттіліктер, экономиалық ігілік
4. Ресурстарының шектеулілігі - сиректілігі.
1. Экономикалық теорияның пайда болуы және даму кезеңдері.
Әлемде сан алуан халықтар еңбек етіп, қоғамдық өндіріс, өзара байланыс, айырбас жүргізіп, түрліше табиғи жағдайда өмір сүріп келеді. Адам өміріндегі ең қажетті шарт -- аш-жалаңаш, баспанасыз болмауы үшін еңбек ету, еңбек нәтижесін тұтыну, өзара айырбас қатынастарының болуы. Адам жападан-жалғыз күн көре алмақ емес. Алғашқы қауымда адамдардың табиғи ортада хайуанаттардан бөлініп шығуының өзі бірлескен еңбекке байланысты. Тарихтағы тұңғыш экономикалық ой-пікір алғашқы адамдардың бірлесіп тағы аңдарды аулауы деуге болады. Экономикалық қатынас өмір қажеттілігінен туады. Ежелгі дүниедегі экономикалық кейбір құбылыстар мен процестер Египет, Қытай, Үндістан, Греция, (Ксенсфэнт, Платон, Аристотель т. б.) ойшылдарының еңбектерінде қарастырылды. Мәселен, Аристотель тауар құны деген ұғымға тоқталып, оның айырбас қатынасынан шығатынын байқаған. Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікір ғылым болып қалыптаспады. Оның себебі ол заманда тауар-ақша, рынок, сауда дамымады, шаруашылық негізінен тұйық натуралды -- заттай жүргізілді.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұжырымдалып қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауына байланысты болды. Бұл кезең негізінен Еуропада XVI -- XVII ғасырларды камтиды. Ал Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 жылғы реформадан соң дамыды. Қазақстан елінде XIX ғасырдың соңы, XX ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық рынок, еңбек бөлінісіне қамту процесі бірте-бірте жанданған. Еліміздің Солтүстік, Батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысына басым қатынаста болса, Оңтүстік Шығыс, Орталық аудандарға Орта Азия, Қытай т. б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады. Тарихтагы белгілі Жібек жолы осының айғағы. Тауар-ақша қатыңасының экономикада үстемдік етуін белгілі ақын Шортанбай төмендегіше суреттеген еді:
Мініп көрер күші жоқ,
Сауып ішер сүті жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Бұдан, ақынның натуралдық тұйық шаруашылықты көксеуімен бірге, тауар-ақша қатынасының алғашқы қадамдарын бейнелегенін байқаймыз.
Экономикалық теорияның алғашқы қаланған мектебі - меркантилизм. XVI-XVIII ғасырлардағы феодализмнің құлдырау дәуіріндегі бүгінгі заман батырлары, яғни ең бай касталары - көпестер болды.
Меркантелистердің талабы тауарды шет елдерге мүмкіндігінше көп сату, олардан мейлінше аз сатып алу, сөйтіп ақша қорын молайту жолдарын іздеуі. Демек, меркантелистер сауда капиталының мүддесін қорғаған. Меркантелистер рынок экономикасы теориясы мен практикасының негізін қалаушылар қатарына жатады. Олар ақша неғұрлым көп болса, қоғамның байлығы да мол болады деген ұғымды басшылыққа алды. Әрине, сауда капиталы тұрғысынан бұл ұғым дұрыс та шығар. Себебі саудагерлер, көпестер ақшасы көбейген сайын, мал-мүлкі көп байлардың қатарына қосылып, қоғамға қажет тауарларды тасымалдау, сату ісі жанданады. Сауда капиталының қызметі айырбас, айналыс процесін үздіксіз жүргізу арқылы экономиканы ілгері бастыруға көмектеседі. Бірақ сауда капиталы қоғам байлығын, адамдардың әл-ауқатын көтеретін күш емес. Бұның себебі айналыс, айырбас саласында тек қана құн формасы ауысып тұрады, екінші сөзбен айтқанда, тауар, онын құны бір қолдан екінші колға өткенде ешбір жаңа тауар, жаңа құн жасалмайды. Демек, меркантелистер теориясы ғылыми дәлелденбеген, ол халық шаруашылығын толық қамтитын ілім болған жоқ.
Меркантелистердің осы осалдығын физиократтар байқады да, қоғамдық байлық саудада емес, өндірісте екенін дәлелдеді. Бірақ физиократтар Ф. Кенэ, А. Тюрго т.б. өндіріс қатарына тек ауыл шаруашылығын жатқызды. Олардың пікірінше, қоғам байлығының бірден бір көзі ауыл шаруашылығы өнімдері, сондықтан өсімтал тап қатарына тек қана шаруалар жатады деген ұғымды дәріптеп, Ф. Кенэ тұнғыш рет ұдайы өндіріс теориясына қатысты Экономикалық кесте жасады. Бұл кестеде бір жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінің ұдайы өндіріс процесі зерттелінді.
Ф. Кенэнін Экономикалық кестесі қоғамдық өндірістің ұдайы даму процесін зерттеуге арналған, өз заманындағы даналықпен болжалған ғылыми тұжырымдамалар қатарына жатады. Физиократтардың өндіріске көңіл аударуы экономикалық ой-пікірдегі күрделі жаңалық, алға басу. Бірақ олардың өндірісті тек қана ауыл шаруашылығымен шектеуі халық шаруашылыгының басқа салаларын өнімсіз деп есептеуі дұрыс болмады .Оны буржауазиялық саяси экономиканың көрнекті өкілдері У. Петти, А. Смит, Д. Рикардо, С. Сисмонди еңбектері айқын көрсетті. Қоғам байлығы жалпы өндіріс салаларында пайда болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығымен қатар өнеркәсіптің материалдық игіліктерді өндіру, өңдеу процестерін жалғастыратын байланыс, халыққа қызмет көрсету салаларында да жаңа құн өндіріліп, қоғамдық байлық молаяды деген кағида берік қалыптасты.
Экономикалық теорияның дамуындағы екінші кезең -- классикалық саяси экономия (XVIII ғ.). Ол физиократтар мен Адам Смит (1723-1790) және Давид Рикардоның (1772-1823) мектептеріне бөлінеді. Физиократтардың меркантилистерден ерекшелігі, олар қоғамның қоғамның байлық көзі - пайда түсіруші айналым емес, өндіріс деп түсіндірді. Классикалық саяси экономиканың басты жетістігі сол, ол құнның негізгі еңбектік теориясының негізін қалады. Адам Смит тауардың құны, оны жасауға кеткен еңбекпен анықталатынын дәлелдеді. Адас Смиттің ең ұлы еңбегі - ол рыноктың қоғамдық шаруашылықты ұйымдастырудың күрделі жүйесі екенін алғаш ғылыми ашуында болып саналады. Ол оған көрінбейтін қол деген бейнелі ат тағып, барлық экономикалық агенттерді көрінбейтін басқарушы ретінде көрсетті.
Еңбек құн теориясын маркстік саяси экономия ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді жан-жақты талдады. Маркстік экономикалық теория XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, XX ғасырдың алғашқы ширегінде В. И. Лениннің еңбектерінде дамыды. Маркстік теорияның негізін қалаушы - Карл Маркс. Маркс ілімінде еңбек құн теориясына сәйкес қосымша құн теориясына басты назар аударылған, онда қосымша құн өндіру - капиталистердің пролетариятты қанауы арқылы өз байлығын арттырудың тұрақты көзі екендігі зерттелді.
Маркстік саяси экономия -- еңбекшілердің, жұмысшы табының мүддесін қорғайтын теория. Сондықтан да оған қарама-карсы буржуазиялық тұрпайы (вульгарлық) саяси экономия пайда болды. Марксшілер капиталистік қоғамды дәріптеуші барлық экономикалық теорияларға сьн көзбен қарады. Оның себебі, капиталистік экономикалық қатынастарда негізінен екі тап: біріншісі, үстемдік жасайтын буржуазия болса, екіншісі, пролетариат -- қаналушы тап өмір сүреді. Олардың арасында антогонистік бітіспес қайшылық бар. Маркстік теория бойынша, пролетариат барлық еңбекші қауымды капиталистік қанаудан азат етіп, қоғамдасқан социалистік өндіріс орнатуы қажет. Тарихта 70 жылдан астам кеңес елінде, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Еуропа, Азияның бірсыпыра мемлекеттерінде, Кубада социалистік революция басталып, социализмнің көбінесе кеңестік моделі (үлгісі) жүзеге асырылды. Сонымен бірге XX гасырдың екінші жартысынан бастап капиталистік дүниеде де елеулі өзгерістер болды. Бір топ дамыған елдер (АҚШ, Жапония, ФРГ, Англия, Канада, Италия), соңғы жылдары Оңтүстік Корея, Сингапур, Гон-Конг сияқты елдер қазіргі заманғы ғылыми-техникалық революцияға бейімделіп, әлемдік озық тәжірибені дұрыс пайдалану нәтижесінде қоғамдық өндірістің тиімділігін айтарлықтай арттырып келеді.
Бұл елдерде еңбек жағдайын жақсарту, жұмысшылардың тұрмыс дәрежесін көтеру, олардың кәсіпорындарды басқаруға, демократияны дамытуға қатысуы сияқты жаңалықтар Ресейдегі Қазан төңкерісінің әсерінен деуге болады. Себебі, социалистік қоғамның міндеті, оның ұсынған ұрандары капиталистік елдерге әсерін тигізбей қойған жоқ. Капиталистер дүниедегі өзгерістерді ескеріп, жұмысшыларға қолайлы жағдай туғызу жолдарын іздеді. Әрине, еңбекақының өсуі, тұрғын үй, әлеуметтік қорғау мәселелерін шешу алдымен жұмысшы табының еңбек өнімділігіне, өндірісте жаңа техника, технологияны енгізуге байланысты екені айқын. Қазіргі ілгері дамыған елдерде еңбек өнімділігі дәрежесі, еңбектің интенсивтілігі өте жоғары екені белгілі. Мәселен, ФРГ-де бұрынғы ГДР-мен салыстырғаңда еңбек өнімділігі дәрежесі 2 есе жоғары болды. Сол сияқты Оңтүстік Корея, Жапония, Сингапурда жұмысшылар 10 -- 12 сағат қажырлы еңбек ететіні құпия емес. Капиталистік дамыған елдердің артта қалған, бұрын отарлық тәуелділікте болған халықтардың еңбегін арзан пайдаланудан түсірген пайдасын айтпасқа болмайды. Ресейдегі 1917 жылғы Қазан төңкерісі экономикалық жағынан мешеу қалған елде жүзеге асырылды. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс салты, экономикалық укладтары жетілмеді, соның салдарынан дүниежүзілік мәдениет пен ғылымнан шектеліп қалды.
Қазан төңкерісінің қазақ жеріне тарауына байланысты озат елдің пролетариатының кемегімен капитализмге соқпай, социализмге өту теориясы қолданылды. Ұрандарында бәрі де адам үшін, адамның игілігі үшін деген сөз жазылған социализмнің әкімшілдік жүйесі кеңес халқын дүниежүзілік ғылыми-техникалық прогрестен шетте қалдырып, үлкен дағдарысқа ұшыратты. Бұл өте өкінішті және қынжылтатын жағдай. Әңгіме ауыртпалық пен дағдарыс туралы сөзді қайталай беруде емес, керісінше, осы дағдарыстан тезірек шығу жолдарын анықтау, халықаралық еңбек бөлінісіне негұрлым ұйымдасқандықпен өтуде болып отыр. Әр халықтың егемен ел болғысы келетіні табиғи талап деп карасақ, сонғы уақытта басқа республикалар тәрізді Қазақстанның ез алдына мемлекет болып әлемдік кеңістіктен, Біріккен Ұлттар Ұйымынан орын алуы тарихи маңызы зор оқиға.
Экономикалық тәуелсіздік болмайынша, саяси тәуелсіздіктің де баянды болуы қиын. Қоғамдық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын неғұрлым тиімді пайдалану, өз экономикасының құрылымын жетілдіру, сыртқы сауда, айырбас қатынастарының заңдылықтарын меңгеру қажет. Қазақта сауда сақал сипағанша деген мақал бар, сондықтан халықаралык сауда-саттықтың, дүниежүзілік рыноктың тәртібін мұқият зерт-теудің, бәсекелік күрестің ұтылмас жолын меңгерудің маңызы арта бермек. Ежелден саудага шорқақ қазақтың алдында рынок теориясы мен тәжірибесін жедел және жан-жақты игеру міндеті тұр. Қазіргі жоғары оқу орындарында барлық мамандыққа оқып жүрген студент жастардың экономикалык теория негіздерін үйрену арқылы практикалық мәселелерді тезірек дұрыс шешуіне болады. Республикамызда дарынды, шет тілдерді білетін жастар аз емес, олардың бір тобы АҚШ-та, Англияда, Францияда, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Түркия сияқты елдерде бизнес, маркетинг, менеджмент, банк жүйесі, финанс-валюта, баска да қалыптасқан казіргі замангы рыноктық инфрақұрылымның заңдылықтарын үйренуде. Бұл прогрессивті бағыт одан әрі дами бермек.
Қазіргі экономикалық ғылым ерекше дағдарысқа ұшырап отыр. Бұл дағдарыстың себептері көп, оның негізін экономика, саясат, идеология т.б. қоғамдық өмір саласында байқаймыз. Қазіргі таңдағы көкейтесті проблемалар еңбекші қауымның еңбек және тұрмыс жағдайын жақсартуға, адамдардың күнделікті қажеттерін өтеуге керек тауар қорларын молайтуга, әсіресе азық-түлік мәселесін шешуге келіп тіреледі. Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының зацдылықтарын зерттейді. Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі.
Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті, адамдар арасында әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен, ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардын еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс. Ал қоғамдык қатынастардың негізі -- өндірістік қатынастар. Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс, айырбас, бөлу, тұтыну қатынастары кіреді, оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды. Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихи орын алған кеңестік экономикага саяси экономикалық талдау жасау, сол аркылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу.
2.Экономиканың зерттеу пәні ретінде.
Экономикалық теория пәнінің дамуында үш кезеңді бөліп көрсетуге болады: экономия, саяси экономия, экономикс. Экономикалық теорияның пәні ғылым ретінде бірден қалыптасқан жоқ, ол ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде болып табылады. Экономикалық ойдың алғашқы көзі өзінің тамырларын ежелгі дәуірден бастайды. Алғашқы адамдардың өздерінде игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну бойынша алғашқы қауым мүшелері арасында қалыптасатын қатынастар жөнінде белгілі бір ой-пікірлер қалыптасты. Алайда, олар білімнің дербес саласына айналмай діни көзқарасқа негізделген тармақталған қоғамдық танымнің шеңберінде болды. Ежелгі шығыста алғашқы қоғамдық кластардың қатысуымен экономикалық ойдың орталығында мемлекеттік шаруашылықтыұйымдастыру және басқару мәселелері тұрды. Нәтижесінде мемлекет пен қоғамдағы тұрақтылықты ұстап тұруға бағытталған теориялар мен арнайы шығармаларпайда болды. Алайда ежелгі шығыс ойшылдарының көзқарастары экономикалық ғылымның қалыптасуына жанама ықпал етті.
Экономистердің барлығынан - ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғылымдарға дейін бір жалпы сипат байқалады: олардың көздеген мақсаттары - қоғам байлығын өсу жолдарын зерттеу. Мәселен, меркантилистер экономика ғылымының зерттеу объектісі ретінде елдегі ақша капиталының (алтын, күміс) қорлануы және сыртқы саудамен байланысты тауар мен ақша айналыс процесстерін қарастыру. Классикалық мектептің өкілдері экономикалық теорияны байлық туралы ғылым ретінде және сол байлықты көбейту жолдарын қарастырды, ал марксизмнің классиктері әр түрлі әлеуметтік топтардың арасындағы материалдық игіліктерді иемдену, айырбастау және бөлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған.
Қазірде кейбір теориялық нарықтық экономика жағдайында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану әдістерін зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның пәні ретінде адамдардың шексіз қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатындағы игіліктерді өндіру процессіндегі адамдардың іс-әрекеттерін қарастырады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, жоғарыда аталған көзқарастарды ескере отырып, экономикалық теорияның пәніне мынадай анықтама беруге болады. Экономикалық теория ресурстардың шектеулі жағдайында адамдардың қажеттіліктерін толық қамтамасыз ету үшін, олардың арасындағы өндіріс, бөлу, айырбас, және тұтыну процестерінде пада болатын экономикалық қатынастарды зерттейді.
Экономикалық теория - бұл шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жолындағы адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастар және олардан туындайтын экономикалық мәселелерді зерттейтін қоғамдық ғылым.
Экономикалық теорияны зерттеудің мақсатты түрде бірнеше түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Экономикалық зерттеу пәні - бұл экономикалық субъектілер-дің нарықтағы өмір сүру ерекшеліктері мен тәртіптері.
Экономикалық теорияның зерттеу аясы - бұл адамдардың экономикалық әрекеттері жүзеге асырылатын экономикалық орта.
Экономикалық теорияның зерттеу объектісі - бұл экономи-калық құбылыстар мен экономикалық мәселелер, экономикалық қатынастар мен экономикалық үдерістер.
Экономикалық теорияның зерттеу субъектісі - бұл адам, үй шаруашылығы, фирма, мемлекет.
Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А. Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым объективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыруы қажет. Сондай-ақ әртүрлі топтар арасындағы өнімді бөлудің табиғи заңдылығы және онымен байланысты бөлу қатынастарын да қарастырады.
К. Марксың пайымдауынша, саяси экономика заттарды, материалдық игіліктерді емес (оны ғылымдыр шешеді), адамдар арасындағы өндіру, бөлу айырбастау және тұтыну туралы экономикалық, өндірістік қатынастарды қарастырады. К. Маркстың Саяси экономикаға сын (1859ж.) еңбегіне Ф. Энгельс комментарий жасап, былай деген: Саяси экономия затпен емес, адамдар арасындағы қатынастардың іс-әрекетін қарастырады, бірақ бұл қатынастар затпен байланыстары және заттар арқылы байқалады.
П. Самуэльсон: экономикалық теория пәнінің ешқандай анықтамасы дәл болуы мүмкін емес, тіпті олай болудың қажеті де жоқ -- дейді. Оған қарамастан П. Самуэльсон өзінің пәнге деген қорытынды анықтамасын берді.
Экономикалық теория қайдағы бір сирек өндіруші ресурстарды адам мен қоғам уақыттың өтуіне қарай, ақшаның көмегімен немесе олардың қатысуынсыз, әртүрлі тауарды өндіру үшін таңдайды және оларды қазір мен болашақта тұтыну мақсатында әртүрлі адам мен қоғам топтары арасында бөлуді қолдану туралы ғылым. Сонымен , экономикалық теорияны оқытудың пәні әлеуметтік-экономикалық қатынастар болып табылады және олар барлық қоғамдық өндіріс фазаларында (өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну) қалыптасады.
Экономикалық теорияның пәнін анықтаудағы екінші көзқарас батыстық экономикалық ойларға тән болады, оның қазіргі заманғы бейнесі экономикс болып саналады. Экономикс терминін ғылым айналымына енгізген және сипаттаған А.Маршалл. Ол экономиксті -- экономиканы қолданбалы түрде оқып - зерттеп, соның негізінде экономикалық саясатта қолданылатын тәжірибелік ұсыныстарды құрастыратын экономикалық ғылым деп түсінеді.
Экономикс пәнінің мазмұнын келесі тұжымдамалармен ашып көрсетуге болады:
1.Экономикстің пәні болып шаруашылық қатынастары, яғни шаруашылық қызметтерін ұйымдастыру барысындағы қатынастар саналады. Ал, бұлар адамдардың өздеріне байланысты болғандықтан, экономикс шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-әрекеттерінің, марапаттарын ынталандырушы мотивтерін оқып зерттейді
2.Экономикстің негізгі болжамды принциптері болып 2 фактор саналады.
а) Адамдардың материалдық қажеттіктерін шексіз және қанағатсыз;
ә) Игіліктерді өңдіруге қажетті экономикалық ресурстар сирек және шектеулі.
Бұдан, экономиксті адамның іс-әрекетін, оның мақсаттары мен балама пайдалану мүмкіндігі бар шектеулі қаражаттар арасындағы қатынастар тұрғысынан зерттейтін ғылым ретінде (Л.Роббинсон), немесе адамның материалдық қажеттіліктерін ең жоғарғы деңгейде қанағаттандыру мақсатында шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану туралы ғылым (К.Р.Макконнелл, С.Л.Брю) ғылым деп анықтайды.
3.Экономикс екі бөлімнен тұрады: микро- және макроэкономика.
Микроэкономика - жеке шаруашылық субъектілерінің қызметін зерттейді, олардың шешім қабылдау кезіндегі іс-әрекетін, тәртібін талдайды.
Макроэкономика - экономиканы біртұтас шаруашылық жүйесі түрінде оқып зерттейді. Бірақ бұл бөлімдердің арасында кедергілер жоқ: экономикстің көпшілік тақырыптары осы екеуінің де шеңберіне кіреді.
4.Экономиксті партиядан, класстан тыс ғылым деп көрсетеді, бірақ экономикстің көптеген оқулықтарының авторларының өздері экономикалық құбылыстарды сипаттау мен талдауда және экономикалық саясат үшін ұсыныстар жасауда әлеуметтік мәселелерді көңілден тыс қалдыруға болмайтындығын мойындайды. Қазіргі кезде экономикалық теорияның пәнін анықтау екі тұрғыдан қарастырылады. Біріншіден, маркстік көзқарас, оның мағынасын төмендегідей түрде түсіндіруге болады. Адамзат қоғамы өмірінің негізі болып материалдық игіліктер өндірісінің процессі саналады. Өндіріс қоғамдық және ұтымды мақсаттық сипатта болады және оның құрамына, бір жағынан адам мен табиғаттың өзара іс-әрекеті, ал екінші жағынан - адамдардың бір-бірімен өзара іс-әрекеті кіреді.
Адамдардың табиғатқа қатынасын қоғамның өндіргіш күштері сипаттайды. Олар адамның табиғат күштерінен үстемдігін, оның деңгейін көрсетеді және саяси экономияның пәні болып есептелмейді. Оларды жаратылыстану және техникалық ғылымдар зерттейді.
Қазіргі экономиканың негізгі элементтері болып мыналар табылады:
1. Адам, яғни ол экономиканың мақсаты мен құралы ретінде.
2. Шынайы табиғат - ресурстардың көзі және адамзаттың өмір сүру ортасы.
3. Жасанды табиғат - адамның қолымен жасалған барлық құрал-дар, яғни өндіріс құрал-жабдықтар, инфрақұрылым, тұтыну заттары, ақпарат, т.б.
3.Экономикалық теорияның зерттеу әдістері ретінде.
Ғылым мен оқу пәні арасында айырмашылық бар. Оқу пәнінде ғылымға тікелей қатысы жоқ нақтылы өмірлік мысалдар, түрлі түсіндірулер қолданылады. Бірақ ғылымға да, оқу пәніне де методология бірдей қажет. Методология дегеніміз -- ғылыми танудың нысаны (формасы), әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы ілім.
Экономикалық теорияның пәні нені зерттейтіндігін түсіндірсе, оның зерттеу әдістері экономикалық құбылыстарды қалай зерттейтіндігін түсіндіреді. Экономикалық процестерді танып-білу әдістерінің жаратылыстану ғылымдарындағы зерттеу әдісінен айырмасы бар. Бірақ барлық жағдайда да зерттеу мен білім беруде диалектикалық тәсілді колданады. Бұл әдістің негізін ежелгі гректер қаласа, ал оны гылыми жүйеге салуда неміс философы Гегельдің еңбегі зор. Шын мәнісіндегі ғалым адам барлық процестерді даму үстінде ойлап қарайды, яғни диалектикалық тұрғыдан ойлайды деген сөз. Олай болса ғылыми тану процестер мен құбылыстардың мәніне, олардың арасындағы өзара байланысты, дамудын себебін және қозғаушы күшін зерттеуге тиіс. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері көп. Олар объективті жағынан есептелген (статистикалық), жинақталған материалдарды анализ және синтез, индукция, жүйе (система) түрінде қарау, болжамдар жасау және оны тексеру, эксперименттер жүргізу, логикалық және математикалық модедьдер жасау.
Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі -- ғылыми абстракция. Ол басқа да гуманитарлық, жаратылыстану, техиикалық ғылымдарда қолданылады. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді окшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Осылай болған жағдайда ғана объектіні мүмкіндігінше жан-жақты қамтуға, оның заңдарын белгілеуге, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz