Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика
Жүйе ретіндегі Ұлттық экономика.
1. Ұлттық экономиканың құрылымы.
2. Қоғамдық ұдайы өндірістің мазмұны мен түрлері.
3. Макродеңгейдегі өндірістің үлгілірі. Ұдайы өндірістің экстенсивті және интенсивті типтері.
1. Ұлттық экономиканың құрылымы
"В.Леонтьев көзқарасы бойынша: Ұлттық экономика - бір-бірімен өзара байланысқан көптеген әр түрлі қызметтер түрінен тұратын, өзін-өзі реттейтін жүйе." "Ұлттық экономиканың құрылымы - бұл оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тұрақты сандық қатынастар. Классификациялау критерийіне байланысты келесідей құрылымдарды бөліп көрсетеді:
-- ұдайы өндіріс құрылымы - ұлттық экономиканың біртектес экономикалық субъектілер топтарына бөлу (фирмалар, үй шаруашылықтары, мемлекет);
-- әлеуметтік құрылымы - бұл құрылымның негізінде меншік қатынастары, еңбек түрлері және т.б жатады;
-- салалық құрылым - ұқсас әлеуметтік-экономикалық қызметтер орындайтын біртектес шаруашылық бірліктерінің жиынтығымен сипатталады;
-- территориялық құрылым - ұлттық экономиканы экономикалық аймақтарға бөлу;
-- сыртқы сауда құрылымы - экспорт пен импорттағы тауарлар топтарының ара қатынасымен анықталады;
-- инфрақұрылым - өндіріске қызметтер көрсететін салалар.
Ұлттық экономика құрылымын қарастыруда қоғамдық өндіріс құрылымы (ҚӨҚ) түсінігін анықтаудан бастаған жөн.ҚӨҚ деп отырғанымыз,сол мерзімде экономикада әр қилы факторлар ықпалымен,қоғамдық еңбек бөлінісі мен қоғамдық ұдайы өндіріс тепе-теңдігін сипаттайтын салалардың арақатынасы. Қоғамдық ұдайы өндірістің пропорциялары өндірістің әр қилы элементтері мен бөліктерінің қалыптасқан арақатынасы және ұдайы өндірістік процестің жеке фазаларының,факторларының,салаларын ың т.б. арасындағы өзара байланыс пен өзара тәуелділікті сипаттайды.
Қоғамдық ұдайы өндіріс пропорцияларының құрылуы объективті экономикалық заңдар ықпалымен қалыптасатын күрделі әрі қайшылықты экономикалық процесс.Оны орнату, ұстау,өзгерту шаруашылық тетігінің тиімді қызмет етуіне әсерлі ықпал етеді және өз кезегінде сол елдің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалына,өндіргіш күштерінің даму дәрежесіне,ғылыми-техникалық прогресс қарқыны мен ауқымына тәуелді.
Экономикалық процестердің арасындағы байланыс белгісі бір сандық пропорциялар арқылы көрсетуге қарай былайша бөлінеді:
1. Жалпы экономикалық қоғамдық ұдайы өндірістің элементтерінің арасындағы сандық арақатынас (мысалы, тұтыну мен қор жинау, жалпы ұлттық өнім мен ұлттық табыс, өндіріс құрал-жабдықтары өндіріс пен тұтыну заттары, өндірісі т.б. арасындағы);
2. Салааралыққа -- қоғамдық өндірістің әр қилы салаларының сандық арақатынасы (мысалы, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы материалдық пен материалдық емес, өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп т.б. арасындағы);
3. Ішкі салааралыққа - сала мен өндіріс ішіндегі сандық арақатынас (мысалы, шойын мен болат, мақта-мата өндірісі т.б.);
4. Мемлекетаралыққа - ұлттық шаруашылықтар мен әр қилы елдердің жекеменшік өндіріс салаларының сандық арақатынасы жатады.
Ұлттық экономиканың құрылымы жалпы өнімнің ұлттық салалық құрылымы арқылы көрініс алады.
Ұлттық экономиканың салалық құрылымындағы сияқты, жұмыспен қамту саласында да осы заңдылықтар байқалады,ауыл шаруашылығында қызмет ететіндер үлесі күрт қысқарады да,өнеркәсіп өндірісіндегі еңбек ететіндер үлесі артады.Қазіргі кезеңде ұлттық экономиканың құрылымына ғылыми-техникалық революция шешуші ықпал етеді.
Ғылыми-техникалық рефолюция қоғамның өндіргіш күштерін дамытуда жаңа тарихи дәуірдің бетін ашып отыр. Ғылым қоғамның өндіргіш күштерінің маңызды элементтерінің біріне айналып отыр.
Ұлттық экономика және оның қызмет ету деңгейі барысында қоғамның басты өндіргіш күші - адамның өндіріс процесіндегі ролі мен орны түбегейлі өзгереді.Техника дамуының әр қилы тарихи кезеңдерінің критерийі атқарушы қызметтің адамнан техникаға көшуі, осыған сәйкес адамның машинамен байланысының технологиялық әдісі түбірлі өзгеріске ұшырады.Осы критерийге сай қоғамдық өндіріс дамуының былайша айтқанда, технологиялық өндіріс әдісінің дамуының негізгі кезеңдерін бөлуге болады:
-- Қол еңбегіне негізделген өндіріс. Бұл кезеңнің ерекше сипаты технологиялық процесте адамның техникамен байланысының күшеюінде,адам еңбек процесінің материалдық негізіне,ал еңбек құралдары оның жұмыс орындарына қуат беріп отырады;
-- Еңбек процесін механикаландыруға негізделген машина өндірісі. Еңбек процесінің материалдық негізін машина қалайды,адам оны толықтырады.
-- Автоматтандырылған өндіріс.Өндіріс процесінің материалдық негізін машина автоматтар құрайды.Адам өндіріс қатарында творчестволық,жасампаздық қызмет атқарады.Мұндай жағдайда өндіріс технологиясы адамның физикалық және психологиялық мүмкіндіктерімен де шектелмейді.
Енді дамыған елдердің қоғамдық өндірісіндегі құрылымдық өзгерістердің қазіргі тенденциясын қарастыруға көшелік,ол барынша жоғары дәрежеде ғылыми техникалық революциялық дамуымен сипатталады Бұл мыналармен байланысты:
Біріншіден,ғылыми-техникалық прогресс жетістігі,принципиалды жаңа технологиялар, осымен байланысты ұлттық экономиканы қайта құруды талап етеді.
Екіншіден,салалық құрылымдағы интенсивті қозғалыс пен өзгерістер ғылыми-технологиялық жетістіктердің қолдану дәрежесін,қоғамның өндіргіш күштерінің дамуының объективті қажеттілігі дәрежесінің көрсеткіші. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың дамуының негізгі бағыты экономиканы қайта индустрияландыру ол болса бүкіл қоғамдық өзгерісті одан әрі интенсивтендіруді мына негізде қамтамасыз етеді: өндірісті принципиалды жаңа ресурстар мен энергияны үнемдейтін,әрі экологиялық тұрғыдан таза технология негізінде қайта құру,өндірілетін өнімдер мен өндірістің техникалық-экономикалық параметрінің сапасын жақсарту,өнеркәсіптің сапасын жақсарту,өнеркәсіптің ғылымды көп қажет ететін салаларын одан әрі дамыту және олардың жалпы ұлттық өнімдегі үлесін көтеру,ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін енгізу жасымен өндірістік емес саланы индустрияландыру.
Алға қойылған міндеттерді практикалық тұрғыдан шешу жолы мемлекеттің экономикалық саясатын,ең алдымен инвестициялық саясатының икемділігіне тәуелді. Ұлттық өнімнің өсу қарқынын тездетуге бағытталған мемлекеттің экономикалық процестерді реттеуге белсенді араласуын қолдайды.
Мұндай жағдайда мемлекеттің инвестициялық саясаты күрделі қаржы көлемін сандық тұрғыдан өсіру арқылы өндіріс көлемін ұлғайтуға бағытталады.Қоғамдық өндірісті интенсивтендіру негізінде экономикалы құрылымдық қайта құрудың міндеттері жаңа инвестициялық саясатты ұсынады.
Қоғамдық өндірістің құрылымы:
* Материалдық өндіріс;
* Материалдық емес өндіріс;
* Өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, материалдық-техникалық жабдықтау, сауда, қоғамдық тамақ саласы, құрылыс, су шаруашылығы және т.б. Денсаулық сақтау, білім беру, көлік, байланыс, мәдениет, несиелік мекемелер, қоғамдық мекемелер, басқару органдары.
Өндіріс үзіліссіз, қайталанып отыруы қажет.Өндіріс процесінің тұрақты қайталануын, үзіліссіз жаңғыруын ұдайы өндіріс деп атайды.
Ұдайы өндірістің типтері:
-- Жай ұдайы өндіріс;
-- Ұлғаймалы ұдайы өндіріс.
Жай ұдайы өндірісте өндіріс процесінің көлемі мен ауқымы үзіліссіз өзгермеген күйде қалады.Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануын және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз.
Нақты өмірде адамдар алтернативті (баламалы) шығындармен кездеседі. Барша ресурстар бір нәрсеге жұмсалуы мүмкін емес. Бұдан қортынды жасасақ ресурстарды пайдалану -- бұл кейбір мүмкіндіктерді жоғалту, яғни қорларды бір мақсатта пайдалансақ, оларды басқа мақсатта пайдалану мүмкін емес. Бұл жоғалған мүмкіндіктерді өлшеп бағалауға болады.Баламалы шығындарды өндірістік мүмкіндіктер сызбасы арқылы бейнелеуге болады.
Барлық жүйелер қоғамдық өндірістің негізін құрайтын 5 мәселені шешу әдістеріне қарай анықталады.
1.Не өндіру керек? Қандай қызмет көрсету қажет?
2.Қанша өндіру керек? Қанша қызмет көрсету керек?
3.Қалай өндіру керек? (Қандай технология керек?
4.Кім үшін өндіру керек?
5.Өзгерген жағдайларға бейімделе алама? (яғни кәсіпкерлердің еркіндігі).
Қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы
Адамзаттың және қоғамның үстемелі дамуының материалдық негізі - ол өндіріс. Қоғамдық өнімнің төрт сатыдағы қозғалысы қоғамдық өндірісті құрайды.
1. Өндіріс - материалдық игіліктерді пайдалы өнімді өндіру процесі.
2. Бөлу - әрбір адамныңөндірілген өнімділігі үлесін анықтау.
3. Айырбас - белгілі бір өнімді басқа өнімге айырбастау процесі.
4. Тұтыну - өндірілген өнімді қажеттілікті қанағаттандыру үшін пайдалану.
Тарихи дамудың қандай сатысында болмасын, адамзат қоғамында, адамдар өмір сүру үшін қажет тамақ, киім, тұрған үй және басқа материалдық игіліктер болуы керек. Адамдардың өмір сүруіне қажет заттар өндірілуге тиісті. Бұлар өндіріс процесінде жасалады.
Өндіріс - бұл қоғам дамуына қажет материалдық игіліктер мен қызметтер жасау мақсатымен табиғат заттарына адамның ықпал ету процесі. Бұл процестің дамуы ұзақ мерзімді қамтиды жабайы өнімдер өндіруден өте күрделі техникалық жүйелер, өзгерістерге икемді кешендер, есептеу машиналар өндірісіне дайын. Өндіріс процесінде игіліктер мен қызметтер жасау тәсілдері және түрлері өзгеріп қоймайды, осымен бірге адамның өзінің өнегелілігі дамып жетіле түседі.
Қандай жүйеде болмасын өндіріс қоғамының табиғатпен қатынасы, байланысы болып табылады. Осы қатынастар өндірістік ресурстар арқылы білінеді. Экономикалық теорияда ресурс деген түсінік өндірістің әр түрлі элементтерінің жиынтығы болып табылады, бұлар материалдық және рухани игіліктер мен қызметтер жасауға қолдануы мүмкін. Экономикалық ресурстар: табиғи ресурстар және материалдық ресурстарға бөлінеді.
Табиғи ресурстар - дегеніміз бұлар адамның өмір сүруінің табиғаттық шарттарының жиынтығының бөлшегі, өндіріс процесінде қолдануға болатын қоршаған ортаның өте маңызды компоненттері. Мысалы, күн қуаты, су ресурстары, пайдалы қазбалар.
Материалдық ресурстар - дегеніміз өздері өндірістің (еңбек құралдары және заттары) нәтижесі болып табылатын, құрал - жабдықтардың барлығы жатады. Қоғамның қандайында болмасын табиғи, материалдық және еңбек ресурстары тән ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz