Сұраныс және ұсыныс туралы


Тақырып 7. Сұраныс және ұсыныс
Жоспар:
- Сұраныс заңы. Сұраныс кисығы. Сұранысқа әсер ететің факторлар.
- Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететің факторлар.
- Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті. Нарық тепе-теңдік.
Сұраныс әрқашанда сатып алушылар (тұтынушылар, үй шаруашылықтары) тарапынан болады.
Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі - бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы - бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы.
Сұраныс заңы дегеніміз - тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді.
Сұраныс функциясы - бұл сұранысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол сұраныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік. Әрине сұранысқа әсер ететін маңызды фактор баға болып табылады. Сонымен қатар, сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар да бар: а) тұтынушылардың табысы; ә) алмастырушы және толықтырушы тауарлардың бағасы; б) тұтынушылардың талғамы; в) алдағы уақытты немесе болашақты күту; г) нарықтағы тұтынушылардың саны, т. б. Сұранысқа және сұраныс көлеміне әсер ететін барлық факторларды сұраныс детерминанттары деп те атайды. Сұраныс барлық осы факторлардың функциясы болып табылады:
QD = f (Р, I, Z, W, Psub, Pcom, N, В),
мұндағы, QD - сұраныс; Р- баға; I- табыс; Z- талғамдар мен қалаулар; W- күтулер (waiting) ; Psub - алмастырушы (субститутты) тауарлардың бағасы; Pcom - толықтырушы (комплементарлы) тауарлардың бағасы; N - сатып алушылардың саны; В - басқа да факторлар.
Ұсыныс дегеніміз - бұл сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі - бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы - бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді. Мысалы, 20 теңге бағамен сатушылар Х тауарының 2 бірлігін сатады, 30 теңге бағамен - 4 бірлікті, ал 50 теңге бағамен Х тауарының 6 бірлігін сата алады.
Өндірушілердің берілген игіліктерді сатуға дайындығы ұсыныс детерминанттарымен сипатталады. Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар:
а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы;
ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары;
б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты;
в) болашақ бағаны және тапшылықты күту;
г) салықтар мен субсидиялардың көлемі;
д) сатушылардың саны; т. б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады. Ал ұсыныс функциясы дегеніміз ұсынысқа әсер ететін әртүрлі факторлардың өзгеруінен сол ұсыныс көлемінің өзгеру сипатын бейнелейтін тәуелділік және ол мынадай формуламен беріледі:
Qs = f (P, Pr, К, Т, N, В),
мұндағы, Pr - ресурстардың бағалары; К - технология; Т - салықтар мен субсидиялар; N - сатушылардың саны; В - басқа да факторлар.
Нарықтық тепе-теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе - теңдік баға және тепе - теңдік көлем табылады. Тепе-теңдік баға - бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесіндегі сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасын теңестіретін ортақ баға. Ал тепе-теңдік көлем - бұл сатып алушылар мен сатушылардың өзара әрекеттері нәтижесінде сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемін теңестіретін ортақ сату және сатып алу көлемі.
Икемділік ұғымы. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
Біз енді нарықтық механизмнің әрекет етуі мен даму заңдылықтарын және оның негізгі элементі болып табылатын сұраныс пен ұсынысты одан әрі терең талдау үшін икемділік деген ұғымды қарастырамыз. Экономикалық агенттердің тарапынан бағаның және табыстың өзгеруіне деген мүмкін реакцияларын зерттеуде икемділік ұғымы маңызды рөл ойнайды. «Икемділік» ұғымын да жоғарыда аталған, ағылшын экономисі Альфред Маршалл өз зерттеуінде алғаш рет қолданып микроэкономика ғылымына енгізген болатын. Кейін, бұл ұғым туралы идеяларды ағылшын экономисі Джон Хикс пен американ экономисі Пол Самуэльсон және тағы басқа да ғалымдар әріқарай дамыта түсті.
Икемділік дегеніміз - бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:
1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі - бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:
EDP = ∆Q% / ∆Р%,
мұндағы, EDP - сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ∆Q% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ∆Р% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар:
1) Икемді сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді) .
2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді) .
3) Бірлік икемді сұраныс - бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді) .
4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс - бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD=∞.
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды.
2. Сұраныстың қиылысқан (тоғыспалы) икемділігі - бір тауардың бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын немесе толықтыратын екінші бір тауарға (Y) деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:
EDx, y=∆Qy%/∆Рx%,
мұндағы, EDx, y - сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ∆Qy% - Y тауарына деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ∆Рx%-X тауары бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx, y >0) 0-ден үлкен немесе оң сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін-бірі алмыстырушы (субститут) тауарлар болып саналады (егерде, кофенің бағасы өсетін болса, онда оны алмастыратын шәйға деген сұраныс артады) . Егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx, y <0) 0-ден кіші немесе теріс сан болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - бірін-бірі толықтырушы (комплемент) тауарлар болып саналады (егерде, фотопленкаға баға өссе, онда оны толықтыратын фотоаппаратқа сұраныс көлемі төмендейді) . Ал егер қиылысқан икемділіктің мәні (EDx, y=0) 0-ге тең болса, онда бұл қарастырылып отырған X және Y тауарлары - өзара тәуелсіз тауарлар деп саналады, яғни бұл екі тауардың арасында ешқандай байланыс жоқ деген сөз (мысалы, қаламға деген бағаның өсуі сүтке деген сұранысты өзгертпейді) .
3. Сұраныстың табыс бойынша икемділігі - тұтынушы табысының пайыздық өзгеруіне байланысты тауарға деген сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруін сипатайтын сұраныстың сезімталдық дәрежесінің көрсеткіштік коэффициенті. Бұл икемділіктің коэффициенті мына формуламен беріледі:
EDI=∆Q%/∆I%,
мұндағы, EDI - сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ∆Q% - тауарға деген сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ∆I% - тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі. Әрине, бұл жерде табыс деңгейі сұранысқа әсер ететін маңызды факторлардың бірі болғандықтан, оның өзгеруінен тауарлардың әр типіне деген сұраныс әртүрлі жағдайда өзгеріп отырады. Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің пайыздық өзгеруіне қарағанда кем болса, онда сұраныс табыс бойынша икемді (EDI >1) . Егер табыстың пайыздық өзгеруі сұраныс көлемінің өзгеруіне қарағанда артық болса, онда сұраныс табыс бойынша икемсіз (EDI <1) болып табылады. Мысалы, біріншіден, табыс өскенде кәдімгі (қалыпты) тауарларға да сұраныс артады және ол кемімелі оң тәуелділікпен сипатталады. Яғни, уақыт өткен сайын табыстың өсуіне қарағанда бұл тауарларға сұраныс баяу қарқынмен өсіп отырады. Сондықтан, кәдімгі тауарлар үшін сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәні нөлден үлкен және 1-ден кіші (оң) болады: 0< EDI <1. Кәдімгі тауарлардың мысалына тамақ, киім-кешек, тұрмыстық тұтыну заттары жатады. Екіншіден, табыс өзгергенде бірінші қажеттіліктегі тауарлар үшін сұраныс өзгермейді және табыс бойынша сұраныс өте икемсіз (нөлдік мәнді) болып табылады: EDI =0. Бірінші қажеттіліктегі тауарлардың мысалына тұз жатады. Үшіншіден, табыс өскен сайын қымбат бағалы заттарға (сапалы) немесе ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс тез қарқынмен өседі. Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 1-ден үлкен (оң) болып келеді: EDI >1. Қымбат бағалы заттарға асыл тастар, қымбат автокөліктер, антиквариат бұйымдары, яхталар, тұрғын үйлер, т. б. жатады. Төртіншіден, табыс өскенде қалыпты емес немесе сапасыз тауарға (арзан) сұраныс төмендей береді. Мұндай тауарларға деген табыс бойынша сұраныс икемділігінің мәні әрқашанда 0-ден кіші (теріс) болып келеді: EDI <0. Бұл тауарлар бағасы және сапасы төмен жақын алмастырушылар болып табылады, яғни табыс өскенде тұтынушылар оның сапалы алмастырушыларын тұтына бастайды деген сөз. Сонымен, табыстың өзгеруіне байланысты осы аталған тауарларға деген сұраныс икемділіктерінің мәндерін график арқылы көрсете аламыз.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі дегеніміз - тауар бағасының бір пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі:
ESP=∆Q%/∆P%,
мұндағы, ESP - ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; ∆Q% - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ∆Р% - тауар бағасының
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz