Мектепке дейінгі кезеңдегі инклюзивті білім беруді ұйымдастыру және дамыту бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

  1. Инклюзивті білім беру туралы жалпы ұғым
  2. Инклюзивті білім берудің мақсаты, міндеті
  3. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңі
  4. Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар
  5. Инклюзивті білім берудегі факторлар
  6. Инклюзивті юілім беруді шешу жолдары

1. Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды және білім үрдісінде толық енгізу әлеуметтік бейімдеуге жынысына, шығу тегіне қарамай балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарды белсенділікке шақыруға, балаларды түзету-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдану, қоршаған ортаның балалардың жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімдеріне жағдай туғызу, яғни жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға арналған мемлекеттік саясат.

Инклюзивтік оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала - біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз. Ата-аналардың басым бөлігі балаларының оқу-тәрбие мәселесіне келгенде жайбарақаттығы, салғырттығы басым. Көптеген ата-аналар балаларының тілі жай шыққанына, есте сақтау қабілетінің нашарлығына дер кезінде мән бермейді, білікті маманға апарып көрсетпейді. Тіпті баласының болашағына алаңдайды дегеннің өзінде қаражат жоқтығын сылтауратып қозғала қоймайды. Олардың көбі психологиялық-медициналық-педагогикалық көмектің қызметі тегін екенін логопедтен, дефектологтан, психологтан тегін кеңес алуға болатынын білмейді. Соның кесірінен баланың ақыл-ой дамуы нашар деңгейде екенін мектепке барғанда белгілі болады.

Елімізде инклюзивті білімнің нашар дамуы ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекттік білім бағдарламасында сипатталып, оның жоспарлы дамуына әсер ететін қауіп-қатер ретінде елімізде мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедек балалардың көбеюі атап көрсетілді және екі кезеңге белгіленген инклюзивті білімді жүзеге асыруға мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде ҚР-да 2015 жылға қарай инклюзивті білім беру мен мүмкіндігі шектеулі балалардың 25% қамту көзделсе, инклюзивтік білім беруге жағдай жасау 30%, 2020 жылға қарай 70% ұлғаяды. Инклюзивті біліммен қамтылған балалар үлесі даму мүмкіндігі шектеулі балалардың 50% құрайтын болады.

2. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балаларды психологтық-дәрігерлік-педагогикалық қолдауды іске асыру және инклюзивті білім беруді орындау арқылы тең құқылы тұлға болуға мүмкіндік жасау.

Міндеті:

  • әлеуметтік бейімделу, тәрбиелеу, білім беру үрдісіне барлық қатысушылармен ерекше сұранысқа ие балалардың жағымды, өзара қарым- қатынасын қалыптастыру;
  • олардың сұраныстары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жан-жақты дамуына жағдай туғызу керек және әлеуметтік тұрғыда дұрыс мінез- құлық қалыптастыру;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларға бөбекжайда қажетті құралдармен қамтамасыз ету;
  • балалардың денсаулықтарына, жүйке жүйесінің дамуына жүйелік бақылау ұйымдастыру;
  • баланың даму деңгейіне таңдап алынған бағдарламаның жеткен жетістіктеріне үнемі бақылау жүргізіп отыру;
  • көңіл - күйі және тұлғалық дамуының кемшіліктеріне, жоғары деңгейдегі түзетулер жасау.

3. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру 4 кезеңде жүргізіледі:

Мектепке дейінгі ұйымда балаға консилиум мамандары кешенді динамикалық бақылау жасау арқылы қамтамасыз етіледі. Консилиум құрамына директордың бұйрығымен дефектолог, логопед, әлеуметтік педагог, психолог, медбике, дене шынықтыру нұсқаушысы, топ тәрбиешісі енгізіледі. Мамандар бөбекжайға қабылданған мүмкіндігі шектеулі балаларға 2 апта мерзімінде жеке бақылау жүргізеді.

Жұмыстың түзетушілік-дамытушылық кезеңінде балаға әсер ететін шаралар кешенін қарастырады. Жетекші әрекет түрін қалыпқа келтіру және жетілдіру, жеке даму кемшіліктерін түзету, яғни мүмкіндігі шектеулі баламен жеке дамыту, түзету жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың мектепке дейінгі білім берушілік кезеңі. Балаларды мектепке дейінгі ұйымда оқу іс-әрекетін меңгеру тәсілдеріне үйретуді, әрбір жас кезеңіне тән олардың танымдық белсенділігін дамытуды, сондай-ақ баланың жеке басының мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, топ тәрбиешілері мектепке оқуға даярлауды қарастырады.

Әлеуметтік тәрбие жұмысы. Әлеуметтік педагог мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып, ата-анасымен пікірлесіп отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайды, яғни бала мен отбасының дербестігін арттыруға, дамуында ауытқушылығы бар тәрбиеленушілердің қалыпты дамыған құрдастары арасында ерте, толыққанды әлеуметтік кіріктіруге, мектепалды баланың әрекеті мен мінезіндегі адамгершілік бағыттарының қалыптасуына, мүмкіндігі шектеулі баланың жеке басының қасиеттеріне бақылау жүргізеді.

4. Инклюзивті білім беру саласын дамытуға арналған бағыттар:

  • Қоғамның, жалпы білім беретін мектепке дейінгі ұйымдардың мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдауына дайын болуы.
  • Инклюзивті білім беру идеясын таратуда, шектеулі мүмкіндіктері бар балаларға толерантты, дұрыс қарым-қатынастың қалыптасуына бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын қамтамасыз ету.
  • Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін мамандар арасында тәжірибе алмасушылықты қамтамасыз ету, дұрыс тәжірибелерді баспалар, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату.
  • Аймақтарда инклюзивті білім беру мәселесі бойынша Үйлестіру кеңесін құру.
  • Ата-аналар қоғамдастығының мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқығын және мүдделерін іске асыруға және оны қорғауға қатысуы, оқыту үрдісінің өзіне және түзету көмегін іске асыруға қатысуы;
  • Инклюзивті білім берудің көпаспектілік мәселесіне ғылыми зерттеулер өткізу.
  • Инклюзивті мектепке дейінгі ұйымда жұмыс істеу мақсатында педагогика қызметкерлерін даярлау;
  • Педагогикалық ЖОО және медициналық колледждерде кіші жастағы балалармен жұмыс істеу мақсатында мамандарды даярлау жүйесін жасау.
  • Арнайы (түзету) мекемелері мен жалпы білім беру мекемелері өзара сабақтастықта жұмыс жасау.
  • Мүмкіндігі шектеулі балаларды ерте кезден бастап түзетуді қолға алу жүйесінің басымдылығын қолдау.
  • Кіші жастағы балаларды дамыту қызметі жүйесінің жұмысының нормативті-құқықтық және ғылыми-практикалық негізін жасау.
  • Мектепке дейінгі мекемелерде мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту үрдісінің мониторингін жасау.
  • Жүйке және дене дамуы бұзылған тәрбиеленушілерге, жанұясына кеңестік көмек көрсету, баласының оқу және тәрбие үрдісіне ата - анасын қатыстыру, өйткені, оларда даму ерекшелігіне деген оң қарым - қатынас қалыптастыру.

5. Қазіргі уақытта инклюзивті білім беруді дамытудағы нақты факторлар: объективті және субъективті қиындықтар болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары мен мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік бейімдеу
Қазақстандағы инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың заманауи тәжірибесі
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті білім беруді ұйымдастыру мен әдістемелік негіздер
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастырудың педагогикалық ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы
Инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері мен іске асыру тетіктері
Ресурстық орталықтарда инклюзивті білім беруді үйлестіру ерекшеліктері
Инклюзивті білім беруді дамытудың тарихи-философиялық аспектілері
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беруді басқарудың теориясы мен тәжірибесі
Инклюзивті білім беру жағдайында көру қабілеті зақымдалған мектепке дейінгі оқушыларға көмек көрсету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz