Еліміздегі кәсіпорындардың түрлері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз ел болғанына да, міне жиырма жыл болды. Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шетелдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде.

Бұл курстық жұмыста мына тақырыптар қарастырылған: кәсіпорынға жалпы түсінік беріле отырып, кәсіпорынның экономикасы және оның негізгі факторлары, инновация, кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, кәсіпкердің құқықтары, кәсіпкерлік қызметтің түрлері, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық құқықтық нысандары, серіктестіктердің түрлері, акционерлік қоғам, кооператив, бюджеттік кәсіпорындар, корпорация, ассоциация, концерн, холдинг, картель, синдикат, трест, кәсіпорынның жіктелуі, кәсіпорынды ұйымдастыруда қажетті құжаттар тізімі. Мемлекеттік кәсіпорындардың міндеті мен мақсаты, кәсіпорындарды құру, мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні, кәсіпорын өнірген тауарлардың бағасы, кәсіпорынның мүліктік құқықтарын жүзеге асыру шарттары, кәсіпорынның қызметін қаржыландыру, кәсіпорын қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу, кәсіпорынның жауапкершілігі, кәсіпорынның жарғылық және резервтік капиталары, мемлкеттік кәсіпорынарды тіркеу және қайта тіркеу.

Сонымен бірге бұл курстық жұмыста еліміздегі ең ірі кәсіпорынардың бірі ПетроҚазақстан туралы аталып өтіледі. ПетроҚазақстан компаниясының геологиялық барлауы, оның акционерлері, компанияның шығу тарихы, және атаулы негізгі күндері туралы баяналады.

Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік-экономикалық әлеуетті еселей амытуа кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.

Кәсіпорын ұғымына жалпы түсініктеме

Кәсіпорын - белгілі бір өнім өндіретін немесе халыққа қызмет көрсететін заңды тұлға.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелігі - өнімді өткізу мен көрсетілген қызметтен түскен пайдада ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқа да ьұтыну қорларының жиынтығынан (әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан және тағы басқа қаражаттардан көрінеді.

Қазіргі жағдайда капитализімге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып ұсақ және орта мөлшердегі кәсіпорындар құрылып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды . Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы . Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардын болуы дүниежүзінің практикада экономикалық тиімді ісі болып табылады . Қазіргі замандағы экономикадағы ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланысты. Орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы, көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмаларда зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадорлар бар . Олар жоғары дәрежеде ғылыми - техникалық жаңа әдістер қолдана алды. Ал, екінші жағынан, соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын алады . Ол әсіресе күрделі қаражатты және қызметкерлер кооперациясын көп талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады . Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмысты көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болды. Кәсіпорын экономикалық қызмет көрсететін заңды категория, олар халыққа қажетті тауар өндірумен айналысады. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Соның негізінде оларға заңды статус беріледі. Осы мүмкіндігіне орай міндеттемелеріне сәйкес жауапкершіліктері болады. Кәсіпорындар азаматтық процестерде, сотта, шаруашылық сатысында және аралық сотта өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық, құқылық, формалары бар:

  1. мемлекеттік кәсіпорын
  2. серіктестік
  3. акционерлік қоғам, бірлестіктер

Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың 90 пайызы ЖШС болып отыр. Мемлекеттік кәсіпорын құқылы статусы әртүрлі. Олардың жағдайын анықтан реттейтін заң актілері жоқ. Іс жүзінде әрбір кәсіпорын мемлекетпен рынок арасындағы финанс мүмкіндік қатынастарын реттейтін арнайы қорларға сәйкес ұйымдастырады. Жеке кәсіпорын. Бұл топқа заңды шаруашылық дербестігі жоқ кәсіпорындар кіреді. Олар мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енеді. Тікелей немесе құрылымдық тұрғыдан бір министрлікке, ведомостыларға не жергілікті басқару органдарына бағынады. Олар пайдадан табыс төлемейді.

Кәсіпкерлік сфераның қандайында болмасын, кәсіпкер капитал жұмсап өзіне тезірек пайда табуы мақсат нтіп қояды. Ол үнемі пайда табуын көздейді. Бұл үшін ол өндірісті үзбей, жалғастыра жүргізуі керек, яғни ұдайы өндіріс болуы қажет. Басқа кәсіпкерлермен бәсекеде уақыт ұтқан алдымен жеңіске жететін болғандықтан, капиталдың қызмет ететін уақыт мерзімін сипаттайтын көрсеткіштер ең маңызды экономикалық көрсеткіштерге жатады

Бәсекеге қабілетті өнім кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз етеді, ал мұның өзі экономиканың жалпы дамуына оң әсерін тигізеді. Кейбір өндірушілер үшін өнім сапасы жеке мәселе ғана емес. Ол біртіндеп халықтың өмірінің жалпыұлттық сапа мәселесіне айналып келеді. Мұны сапа саласында жетекші болып табылатын соғыстан кейінгі уақытта Жапония экономикасының даму мысалында көруге болады.

Серіктестік - кәсіпкерлік қызметке қатысушылар мен олардың әріптестерінің бірігуі. Серіктестік шаруашылықтарға әріптестердің қатысуы жазбаша келісімдер мен шарттар түрінде бекітіледі.

Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:

  1. Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
  2. Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіетестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дапып келеді. Егер толық серіктестікке оын ұйымдастырушылардың бәрі жеке адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде (мәселен банкртотқа ұшырағанда), өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.

Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.

Аралас (командитті) серіктестікке бір немесе бірнеше қағысушылар несие берушілер алдында бүкіл мүліктермен жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі олардың әрқайсысының қоғамдастыққа қосқан үлесі (салымы) бойынша шектеледі.

Бүкіл мүліктерімен тәуекелге барып отырған қатысушы қоғамдастықтың ішкі мүшесі немесе толық серіктестіктер, ал тек қана қосқан үлестерінің мөлшер шамасына сәйкес тәуекел етушілер сыртқы қатысушылар немесе командиттер деп аталады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - алдын ала белгіленген пайызшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Онын мүшелерінің (жеке және заңды иегерлері) қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуелділік жасай алады.

Акционерлік қоғам - рұқсат ету жолымен құрылатын заңды құқығы және өзіндік жарғысы бар бірлестік. Акционерлер болуға жеке адамда заңды тұлғалар да хақылы. Акционерлік қоғам құру үшін нотариус куәландырған серіктестік келісім шарты жасалады, оны қоғамның жарғысы деп атайды. Акционерлік қоғамды ұйымдастырушылар санына шек қойылмайды. Ұйымдастырушы тіпті бір адам болуы да мүмкін.

Акционерлік қоғамның негізгі капиталы акцияларға бөлінеді, акцияның ақшалай сомасы негізгі капитал көлеміне сай келуі шарт.

Акционерлік қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізіліп тұрады. Онда тексеру және есеп (санақ) комисиясы құрылады. Олардың мүшелері бір немесе бес жылға сайланады. Сонымен қатар директорлар кеңесі (бақылау кеңесі) ұйымдастырылып, оның төрағасы бір жыл мерзімге тағайындалады. Ал директорлар кеңесі атқарушы директорды және оның мүшесін сайлайды.

Мемлекеттiк кәсiпорындарға:

шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорындар;

жедел басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiпорындар жатады.

Мемлекеттiк меншiктiң түрлерiне қарай кәсiпорындар:

республика меншiгiндегi кәсiпорындар - республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар;

коммуналдық меншiктегi кәсiпорындар - коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар болып бөлiнедi.

Басқа мемлекеттiк кәсiпорын құрған мемлекеттiк кәсiпорын еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Заңмен белгiленедi.

Мемлекеттiк кәсiпорындар қызметiнiң негiзгi мiндет-мақсаты қоғам мен мемлекеттiң қажетiне қарай айқындалатын мынадай әлеуметтiк-экономикалық мiндеттердi шешу болып табылады:

Мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн материалдық жағынан қамтамасыз ету және қоғам мүддесiн қорғау;

Экономиканың жеке меншiк секторы қамтымаған немесе жеткiлiксiз қамтыған қоғамдық өндiрiстiң буындары мен салаларында бiрiншi қажеттiлiктегi тауарларды өндiру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету) ;

Мемлекеттiк монополияға жатқызылған немесе бақылау және қадағалау функцияларын қоспағанда, мемлекеттiң функциясы болып табылатын салалардағы қызметтi жүзеге асыру.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн Қазақстан .
Коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың атаулы тiзбесiн тиiстi жергiлiктi .

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты республикалық меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын республикалық мемлекеттiк меншiкке билiк етуге Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) орындайды.
Министрлiктер, агенттiктер, ведомстволар және Қазақстан Республикасының Yкiметi уәкiлеттiк берген өзге де мемлекеттiк органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органдары (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органдары) болып табылады.

Коммуналдық меншiк құқығы субъектiсiнiң коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты функцияларын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) жүзеге асырады.
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң әкiмияты не жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, әкiм уәкiлеттiк берген атқарушы орган (бұдан әрi - мемлекеттiк басқару органы) коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындарды мемлекеттiк басқару органы болып табылады.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Ұлттық Банктiң шешiмi бойынша, коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын - Қазақстан Республикасы Үкiмет белгiлеген тәртiппен жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша құрылады.

Мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшысы уәкiлдi орган болады.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты бойынша осы Заңның 18-бабында айтылған талаптарға сай .
Қазыналық кәсiпорынды құруға, егер ол өзiнiң мiндет-мақсаты талаптарға сай келген жағдайда жол берiледi.

Қызметiн Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттiк кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құру монополияға қарсы органның алдын ала келiсiмiмен жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк кәсiпорын өзi мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылған деп саналады және заңды тұлғаның құқығына ие болады.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Бұл заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу туралы заң актiлерiнде көзделген жағдайда мемлекеттiк кәсiпорын қайта тiркеуге жатқызылады.

Жарғы мемлекеттiк кәсiпорынның құрылтайшы құжаты болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысын мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) бекiтедi.

Мемлекеттiк кәсiпорынның жарғысында: кәсiпорынның түрi, оның фирмалық атауы, құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) туралы мәлiмет, кәсiпорынның тұрған жерi, оның қызметiнiң мәнi мен мақсаты, басшының өкiлеттiгi, жұмыс режимi, кәсiпорын мүлкiнiң құралуы мен табысты бөлу тәртiбi, кәсiпорынды қайта ұйымдастыру мен оның қызметiн тоқтату шарттары болуы тиiс. Жарғыда сондай-ақ кәсiпорын мен құрылтайшы (уәкiлеттi орган), кәсiпорынның әкiмшiлiгi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастары айқындалады. Жарғыда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелерболуымүмкiн.

Мемлекеттiк кәсiпорынның фирмалық атауында мүлiк иесi мемлекеттiк меншiктiң қай түрiне (республикалық немесе коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы көрсетiлуi керек.
Жедел басқару құқығындағы кәсiпорынның фирмалық атауында оның қазыналық болып табылатындығы көрсетiлуi тиiс.

Мемлекеттiк кәсiпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және фирмалық атауы бар мөрi болады.

Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсатын, мемлекеттiк басқару органының ұсынуы бойынша, оның құрылтайшысы (уәкiлеттi органы) айқындайды, бұл кәсiпорынның жарғысында бекiтiледi және шаруашылық жүргiзу құқығындағы кәсiпорындарға қатысты.

Мемлекеттiк кәсiпорындарға мемлекеттiк бақылау және қадағалау функцияларын беруге жол берiлмейдi.

Мемлекеттiк кәсiпорынға өз Жарғысында көрсетiлген қызметiнiң нысанасы мен мақсатына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруына, сондай-ақ мәмiлелердi жасауына тыйым салынады.

Кәсiпорынның жарғысында айқындалған, қызмет мақсатына қайшы жасаған мәмiлесi заңдарда белгiленген тәртiппен оның құрылтайшысының (уәкiлдi органының) талабы бойынша күшi жоқ деп танылуы мүмкiн.
Кәсiпорын басшысының кәсiпорынның қызметiнде жарғыдан тыс iс-әрекет жасауы еңбек мiндеттерiн бұзған болып табылады және белгiленген ретпен тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту шараларын қолдануға апарып соғады. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органының мыналарға:

Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң басым бағыттарын айқындауға;

Мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарын, оның iшiнде жоспарлы қаржылық көрсеткiштерiн, оларды берудiң мерзiмдiлiгi мен Тәртiбiн қарауға және бекiтуге;

Уәкiлеттi органға тиiстi есептi ол белгiлеген мерзiмде табыс ете отырып, мемлекеттiк кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметiнiң жоспарлы көрсеткiштерiнiң орындалуын бақылауға және талдауға; V032250

Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын жекелеген мемлекеттiк бiлiм беру кәсiпорындарының бiрiншi басшыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейтiн тәртiппен басшыны тағайындауға және оны аттестаттаудан өткiзуге;

Мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң мақсатқа сай пайдаланылуын және сақталуын бақылауды жүзеге асыруға;

Осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға өкiлеттiктерi болады.

Заңды тұлға ретiнде кәсiпорынның органы мемлекеттiк басқару органына есеп беретiн кәсiпорынның басшысы болып табылады.

Мемлекеттiк басқару органы кәсiпорынның басшысымен қатынасты Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы ресiмдейдi.
Еңбек шартында, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгiленген талаптардан басқа, кәсiпорын басшысының таза табыстың белгiленген бөлiгiн бюджетке уақтылы аудармағаны және қаржы-шаруашылық есептiлiгi туралы мәлiметтердi уақтылы табыс етпегенi үшiн жауапкершiлiгi айқындалады.

Кәсiпорын басшысы меншiк иесiнiң (уәкiлеттi органның) және мемлекеттiк басқару органының алдында кәсiпорындағы iстiң жай- күйi үшiн тiкелей жауапты болады.

Кәсiпорын басшысы жеке дара басшылық жасау принциптерi бойынша iс-қимыл жасайды және кәсiпорынның барлық мәселелерiн осы Заң мен кәсiпорын жарғысы белгiлеген құзыретiне сәйкес дербес шешедi.

Басшы кәсiпорын атынан сенiмхатсыз iс-қимыл жасайды, барлық органдарда кәсiпорынның мүддесiн бiлдiредi, осы Заңмен белгiленген шектерде кәсiпорынның мүлкiне өкiмдiк етедi, шарттар жасайды, сенiмхат бередi, банкiлiк есеп-шоттарын ашады және өзге де мәмiлелер жасайды, барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар бередi.

Басшы өз құзыретi шегiнде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкердi кәсiпорынға жұмысқа қабылдайды және онымен еңбек шартын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы лауазымға тағайындайтын немесе лауазымнан босататын кәсiпорын қызметкерлерiнiң номенклатурасы кәсiпорынның жарғысында белгiленедi.

Басшының орынбасарларын кәсiпорын басшының ұсынысы бойынша мемлекеттiк басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басшының орынбасарларының және кәсiпорынның басқа да басшы қызметкерлерiнiң құзыретiн басшы белгiлейдi.
Басшының орынбасарлары өздерiнiң құзыретi шегiнде кәсiпорынның атынан iс-қимыл жасайды, оны мемлекеттiк органдарға және басқа кәсiпорындарға танытып бiлдiредi, шаруашылық операцияларын және сенiмхатсыз шарттар жасап, сондай-ақ кәсiпорын қызметкерiне сенiмхат бере алады.

Кәсiпорынның мүлкiн құны кәсiпорынның дербес балансында көрсетiлетiн кәсiпорынның барлық активтерi құрайды.

Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, пайлар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды

:
оған меншiк иесi берген мүлiктiң

өз қызметiнiң нәтижесiнде сатып алынған мүлiктiң (ақшалай табыстарды қосқанда) ;

заңдармен тыйым салынбаған өзге де қаражат негiздерiнiң есебiнен қалыптастырылады.

Мемлекеттiк кәсiпорындардың негiзгi құралдарға жататын, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығында бекiтiлген мүлiкке, сондай-ақ оларға тиесiлi акцияларға қатысты сатуға және сыйға беру мәмiлелерiн жасасуға құқығы жоқ.

Шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы мүлiктi алып қою туралы шешiмде уәкiлеттi орган мемлекеттiк кәсiпорынға кейiннен мүлiктi баланстан шығара отырып, оны өзге тұлғаға бергенге дейiн ұстаудың және сақталуын қамтамасыз етудiң мерзiмдерiн белгiлеуге құқылы.

Заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорынды республикалық иелiктен коммуналдық иелiкке бергенде немесе керiсiнше iстегенде, не мемлекеттiк басқарудың бiр органының бағынысынан басқа бiр органның бағынысына берген кезде ондай кәсiпорын өзiне тиiстi мүлiкке шаруашылық жүргiзу құқығын (жедел басқару құқығын) сақтап қалады.

Мемлекеттiк кәсiпорын тұтас алғанда мүлiк кешенi ретiнде жылжымайтын мүлiк болып танылады және мемлекеттiк меншiк құқығының объектiсi болып табылады.

Мүлiктiк меншiк ретiнде кәсiпорынның құрамына оның қызмет етуiне арналған мүлiктiң барлық түрлерi, оның iшiнде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикiзат, өнiмдер, жер учаскесiне құқығы, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметiн дараландыратын белгiлерге құқықтар (фирмалық атауы, тауар белгiлерi) және басқа да айрықша құқықтар енедi.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын жөнiнде ол бiртұтас мүлiктiк кешен ретiнде болғанда мәмiлелер (кепiлге беру, жалдау және басқалары) жасауы - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша, ал коммуналдық кәсiпорын жөнiнде - жергiлiктi атқарушы органның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

Егер бұл шарттар мемлекеттiң тапсырысында көзделген болса, кәсiпорынның тауарларды (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) сатып алушы немесе сатушы ретiнде шарттар жасаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Мемлекеттiң тапсырысы, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын ұсыну нысандары мен түрлер бойынша медициналық көмек көрсететiн денсаулық сақтау ұйымдарын қоспағанда, кәсiпорынға мемлекеттiк басқару органы арқылы жеткiзiледi.

Мемлекеттiң тапсырысында қамтылмаған өнiмдердi (жұмыстар атқаруды, қызметтер көрсетудi) кәсiпорын өз бетiмен сатады.

Заңдарда тыйым салынған, оның жарғысында көзделмеген, қызметтi жүзеге асырудан кәсiпорынға түскен табыс, сондай-ақ сатылатын тауарлардың (жұмыстар атқарудың, қызметтер көрсетудiң) бағасын көтеру нәтижесiнде түскен табыс Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджетке алып қойылады.

Кәсiпорын мемлекеттiк органдардың заңсыз iс-әрекеттерiне, оған қоса ол уәкiлдi органның кәсiпорын пайдасын алып қоюға, мүлiктi қайта бөлуге, мемлекеттiң тапсырысын беруге, кәсiпорын шығаратын тауарларға (жұмыстар атқаруға, қызметтер көрсетуге) баға қоюға байланысты жасаған, сондай-ақ кәсiпорынның құқығы бұзылатын басқадай iс-әрекеттерiне белгiленген тәртiп бойынша сотқа шағым жасауға құқылы.

Республикалық мемлекеттiк кәсiпорын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмiмен, ал коммуналдық кәсiпорын - жергiлiктi атқарушы органның шешiмiмен қайта ұйымдастырылады және таратылады.
Кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және таратуды, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша мемлекеттiк басқару органы жүзеге асырады.

Таратылған кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлкiн уәкiлдi орган қайта бөледi.
Таратылған кәсiпорынның ақшасы осы кәсiпорынның кредит берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалатын мүлкiн сату нәтижесiнде түскен ақша қаражатымен қоса тиiстi бюджеттiң табысына есептеледi.

Мемлекеттiк кәсiпорын жекешелендiру туралы заңдарда белгiленген тәртiппен жекешелендiрiледi.

Шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорын мынадай қызметтер аясында құрылуы (бұрын құрылғандарды iс-әрекет жасауы) мүмкiн:

қару-жарақты және оның оқ-дәрiсiн, қорғаныс құралдарын, әскеритехникасын, қосалқы бөлшектердi, санатталатын элементтер мен оның приборларын әзiрлеу, өндiру, жөндеу және сату; босатылған әскери-техникалық құралдарды қайта өңдеу және жою (құрту, ұқсату, көму) ;

уранды және басқа бөлшектенетiн материалдарды, сондай-ақ одан жасалатын бұйымдарды алу, өндiру, тасымалдау, қайта өңдеу, көму және сату; арнаулы қорғаныс құралдарын қолданбай-ақ пайдалануға болатын нормадан асатын мөлшерде радиоактивтi заттары бар өнiм шығару және сату;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі жайлы
Инвестициялар экономикалық дамудың ресурстары ретінде
Франчайзинг жүйесі
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын жетілдіру бағыты
Инвестиция ұғымы және олардың жіктелуі
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Қазақстандағы құрылыс салаларына шолу
Франчайзер үшін артықшылықтар
КӘСІПОРЫНДАРДА ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz