Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
1. Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Кез-келген оқу пәнінің білім беру мазмұнын мұғалім білім алушыға үйретудің педагогикалық негіздері білім алушының болашақ тұлға, субъект, қоғамның жеке адамы үшін білім көзінің қажеттілігі мен құндылығын,жаһандану дәуірінде әлеуметтік ортаның рухани және материалдық мәдениет нормалары мен ережелерін игеруге тән тәрбиелілік қасиеттерін анықтап, оның білім алушының бойында материалданудың құралдарын белгілейді. Аталған рухани және әрекеттік құндылықтардың білім алушыда материалдануына жетекші құрал пән мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті болып табылады. Сонымен бірге, білім алушының оқу-танымдық іс-әрекетіндегі белсенділік пен қалыптастатын танымдық дағдылардың өміршеңдігі де мәнді роль атқарады.
Көркем еңбек оқу пәні жалпы орта мектептің дәстүрлі бейнелеу өнері мен технология оқу пәндерінің білім беру мазмұнының кіріктірілуімен қалыптасып отыр. Жаңа оқу пәнінің білім беру мазмұны бес бөлімнен құралған: визуалды өнер, дизайн және технология, сәндік-қолданбалы өнер, үй мәдениеті мен тағам дайындау мәдениеті. Көркем еңбек оқу пәнінің білім беру мазмұнының құрылуындағы ерекшелік бейнелеу өнерінің оқу материалы бағдарламада бөлек құрылымданып, оның технология оқу пәнінің оқу материалымен үндестікте құрылымданбаған. Аталған екі оқу пәндерінің білім беру мазмұны шын мәнінде кіріктірілген болса, онда бейнелеу өнерінің оқу материалы технология оқу пәнінің оқу материалымен біріге үйлесуі орынды болар еді. Онда визуалды өнерінің білім беру мазмұны технология оқу материалдарында қолданбалы сипаты қалыптасар еді.
Білім алушыға бұл ескертпені түсіндіруіміз, көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздерін дұрыс анықтап, мазмұнын қисынды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Бірақ, бұл мазмұнда екі пәннің оқу материалының табиғи, үйлесімді, қисынды кіріктірілмеуіне сәйкес, алдымен дәстүрлі бейнелеу өнері мен технология оқу пәндерін үйретудің педагогикалық негіздерін бөлек, кейін жаңа оқу пәні көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздерін қарастыруға көшеміз.
Визуалды өнері табиғат пен қоғамның объективті шынайлылығын, рухани мен материалдық жетістіктердің мәні мен қажеттілігін меңгере түсінуге, білім алушының өзінің дүниеге көзқарасын материалдық сипатта әділ қалыптастыруа, өзінің әлемдегі дербес орнын табуға бағытталған айрықша танымдық және әлеуметтік оқу құралы болып табылады. Жалпы орта мектептің математика оқу пәнінде білім алушы таңбалар мен символдардың көмегімен абстрактілі танымдық әрекеттермен шұғылдана ғылыми білім көзінің құпияларына үйренсе, гуманитарлық оқу пәндерінде вербалды коммуникациямен қоғамдық және әлеуметтік құндылықтарға үйренеді. Жаратылыстану ғылым салалары бойынша білім алушы табиғаттың тірі және өлі тіршілік дүниесінің заңдылықтарын, өмірін, құбылыстарын танып біледі. Ал, визуалды өнері пәні сабақтарында білім алушы қоршаған ортаның тірі және өлі нысандарын, олардың күйін, құбылыстарын, өзара әрекеттерін көзбен шынайы қабылдап, олардың бейнесін дербес сезімімен, қалыптасқан көзқарасымен, түсінуімен, орындау қабілеті дәрежесімен кескіндеуге үйренеді. Басқа ғылым салаларына, өнер түрлеріне қарағанда бейнелеу өнерінің құпиялы құралы - кескіндеу. Өнердің бұл саласына білім алушының танымдық білімі мен бейнені кескіндеу іскерлігі жеткіліксіз. Білім алушының бойында қоршаған ортаның нысандарының шынайы формасының орналасуын, басқа денелермен байланысын, күйін өзінің байқағыштығымен қабылдап, сезімімен бейнелеуді қажет ететін аса қабілет пен дарындылықты да қажет етеді. Сондықтан, жалпы орта мектептің төменгі және орта буын сыныптарында білім алушыны бейнелеу өнерінің жанрлар бойынша тәсілдеріне үйреткенімен, солардың ішінен кез-келген білім алушы аса зеректігімен, қызығуымен жоғары сыныптарда да жалғастыра бермейтіні дәлел бола алады. Олай болса, білім алушылардың арасынан шектеулі ғана білім алушы жоғары сыныпта да айрықша зеректігімен бейнелеу өнерін терең меңгеруге, кескіндерді орындау тәсілдеріне, шығармашылық еңбектерді философилық тұрғыда түсінуіне тұрақты қызығушылық танытып отырады. Өзіне тән бейнелеу өнері бойынша жұмыстарды орындаудың техникасы мен стилдерін шығармашылықта орындау белгілері де қалыптаса бастайды. Бұл болашақ жас суретшінің дербес тұлғалық қасиеттерінің, құндылықтарының даму динамикасы.
Білім алушының визуалды өнері бойынша танымдық құндылығы аталған өнер саласы бойынша бейнелеу өнері түрлері, жанрлары, олардың техникалық құралдары, көркем-мәнерлеу құралдары, композиция мен түстану заңдылықтары, кеңістіктің перспективасы, өнер түрлері мен жанрларын орындау техникалары мен тәсілдері, шығарма еңбектерді талдау, мәні мен мазмұнын анықтап түсіну, өзінің көзқарасымен баға беру тәсілдері, өз бетімен бейне кескіндерін орындау іскерлігі кіреді. Бұл танымдық құндылықтарды білім алушы бойына баулу мұғалім тарапынан ұзақ шыдамдылық қажет ететін оқыту процесі болып табылады.
Визуалды өнерінің түрлері мен жанрлары бойынша бейне кескіндерін білім алушыларға үйрету дидактикалық қағидаларға негізделеді. Орта буын сыныптарына жеке орналасқан нысандарды сауатты кескіндеуді кезеңдерге бөлу, көркем-мәнерлі құралдың көмегімен бейненің кеңістікте орналасқан көлемін шығару тәсілдерін, композиция заңдылықтарының орын алудың қарапайым белгілеріне үйретуден бастайды. Келесі сабақтарды кеңістіктегі бірнеше фигуралардан құралған нысандардың бейнесін кескіндеуге көшеді. Мұнда композиция мен түс тану заңдылықтарының орны кең таралып, мұғалім білім алушыға бейнелеу өнерінің заңдылықтарын туралы білімін қалыптастыра, оның тәжірибеде жүзеге асырылу амалдарына үйренеді. Білім алушы бейне кескінін әр түрлі жанрларда орындаудың техникалық және көркем-мәнерлі құралдарын таңдауға, дайындауға, орындауға да сомдалады.
2. Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері жалгасы
Визуалды өнері оқу материалын үйрену барысында білім алушының дүниеге көзқарасының белгілерін қалыптастыруға мұғалім танымал шығармашыл тұлғалардың еңбектерінің мазмұнын дұрыс қабылдауға, талдауға, түсінуіне, ашуға, баға беруге үйретеді. Соның аясында оның өзі үйренген іскерлік қабілеттері негізінде дербес қоршаған ортаның нысандарын, құбылыстары мен күйлерін, оларды болжамды жақсартуға бағытталған шығармашылық белгідегі бейне кескіндерін орындауға кіріседі. Білім алушы өзі орындаған жұмысының мазмұнын сыныптастарына ұсынып, олардың түсінуі мен баға беру және өзінің идеалының мазмұны және өзінің бағалауы арасындағы салыстырмалы ерекшеліктерді түсінуге ұмтылады. Яғни, әрбір адамның қоршаған ортаны, оның нысандары мен құбылыстарын әр түрлі қабылдап, өзінің көзқарасымен және түсінігімен әр түрлі баға беруін ұғына бастайды. Білім алушы бейнелеу өнері оқу материалының көмегімен, оның құпиялы тәсілдеріне үйрене, өзінің алғаш қалыптасып келе жатқан дүниеге көзқарас қасиеттеріне ие бола бастайды.
Білім алушының визуалды өнері оқу материалын меңгере танымдық дағдыларының қалыптасуы, олардың визуалды сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыруға да тікелей ықпал ететін құралға өтеді. Визуалды сауаттылық пен мәдениет білім алушының әлеуметтік өміріндегі, тұрмыстағы және кәсіби еңбегіндегі алуан түрлі бейнелі, таңбалы кескіндердің мәні мен мазмұнын сауатты қабылдап, оның мазмұны мен қызметін түсіне білетін дағдыларға ұмтылдырады. Қазіргі жаһандану әлемінде ақпараттардың дамуы мен коммуникативтік қатынастардың қарқындылығы артуын ықшамдауға мәтіндік сипаттағы таңбалардың бейнелі кескіндегі түрлеріне ауысу дәрежесіөсуімен байланысты. Оған үлгі ретінде шығыс мемлекеттерінде коммуникативтік қатынастардағы алуан түрлі күйді сипаттайтын иероглиф бірнеше сөйлемнің мағынасын түсіндіретін мүмкіндігі бар. Қазіргі ақпараттық құралдарда бір әрекетті, бір нысанның бейіндік қызметі бойынша ярлык символдарымен кескіндеу әлеуметтік ортада кеңінен таралуда. Сол сияқты қалалық жерлерде кез-келген нысандардың қызметі мен әрекеттерін, өнімнің түрі мен сапасын сараптай баға беруге, оның түрін таңдауға арнайы логотип симолдарының көмегімен адамдар тұтынуына, ағзасына пайдалануға бірден таңдауға кеңінен қолданып келеді. Кез-келген компания өзінің қызметін тұтынушыға ұсыну және өнімімен таныстыруға бейнелі мазмұндағы жарнамалармен хабарлап және жариялап келеді. Дәстүрлі мәтіндік сипаттағы жарнамалар мен хабарландырудың өтімділігі төмендеп, нарықты экономикада керісінше бейнелі жарнамалардың түрлері кең орын алып келеді. Сол сияқты кез-келген болашақ саяхатшы басқа шетелдерге барған жағдайда, сол жердің қалалық ансамбль кеңістігінде өзбетімен бағдар алуға, қажетті жеріне жетуге ықпал ететін әр түрлі бейнелердің сипаты бойынша бағдар алу күнделікті танымдық қажеттіліктерге айналып келеді.
Олай болса, болашақ жастарды бейнелеу өнері сабақтарында бейне кескініндегі түстер, символдар, бейнелі таңбалар, олардың композициясы мен мазмұнды мағынасын түсіндіре алуға бағытталған білімі мен тәжірибелік іскерліктерін қалыптасуына да потенциалы жоғары. Осыған байланысты бейнелеу өнері және дизайн сабақтарында нысандар мен компаниялардың, ұйымдардың логотиптерін, ақпараттарды ықшамдаудың ярлықтарын, әр түрлі жарнамаларды бейнелеп кескіндеу тапсырмаларын тәжірибелеу қажеттіліктен туындап отыр. Соның нәтижесінде білім алушы кез-келген логтоип, ярлық, жарнама, насихат, үгіттердің бейнелі сипатын талдау, мазмұнын түсіндіру, баға беру дағдылары, өздерінің болашақ өміріндегі коммуникативтік қатынастарда еркін, икемді, бейімді тасымалдануына мүмкіндік ала алады.
Білім алушы визуалды өнері бойынша білім беру мазмұнын үйренуде көркем-мәнерлі құралдардың көмегімен кеңістіктегі нысанның бейнесін көлемді, табиғи түстері және өңдерімен үйлесімді орындау тәсілдеріне сүйсіне, әсемдігінен ләззат алады. Визуалды өнерінде білім алушыны эстетикалық тәрбиеге баулу нақты орындалған шығарма жұмыстың нәтижесіне, шығармашылық өнімдердің мазмұнына тамсанумен шектелмейді. Оқу барысында білім алушы бейне кескінін композиция мен түстің, кеңістік перспективасының заңдылықтарын дұрыс қолдана сауатты, мәнерлі кескіндеу, шығарма жұмыстардың қандай сәттеріне назар аударып, қабылдау, басты идеясын анықтау, көркем мәнерлігінің бейнелі материалдануын талдау мен бағалау тәсілдерін зеректікпен қолдана ашу әрекеттері де білім алушының эстетикалық тәрбие қасиеттеріне кіреді. Осы қабілеттері мен құндылықтары шығармашылық жұмыстардың мазмұнын, идеясын ашуға және түсінуіне мүмкіндік береді. Білім алушылардың бейне кескіндерге тамсану, сүйіспеншілігімен қызығушылық таныту, әсемдігіне баға беру, ләззат алу шығармашылық жұмыстардың мазмұны бойынша жағымсыз күйлердің орыналуы мен оның мазмұнын сезімі арқылы түсіну де эстетикалық тәрбие қасиеттерінің белгісі. Олай болса, білім алушының эстетикалық тәрбие қасиеттерін меңгерудің негізіне, оның бейнелеу өнері бойынша меңгерген танымдық білім мен іскерлік құралы болып табылады.
Визуалды өнері білім алушыларды адамгершілік, ұлттық және патриоттық, экологиялық тәрбиелеуге потенциалы жоғары құралдардың қатарына кіреді. Бұл тәрбиелеу түрлерінің құндылықтарын жүзеге асырылуы бейнелеу өнерінің оқу материалы(білім беру мазмұны) емес, білім алушының меңгерген білімі мен тәжірибелік іскерлігін тәжірибелеуге бағытталған мұғалімнің сабаққа құндылық мақсаттарды аталған тәрбие түрімен жанасатын тақырыптық тапсырмаларды анықтаумен байланысты болып келеді.Білім алушылардың ынтымақтастық, достық, бір-біріне көмек беру, адал, әділ болу, мейірімді болу, шындыққа ұмтылу қасиеттерін қалыптастыруға мұғалім сурет, кескіндеме тақырыптарында танымал суретшілердің тақырыптық шығарма жұмыстарын талқылау, оның басты идеясы мен мәнін, мазмұнын анықтап ашу, түсіндіру әрекеттерін білім алушылардың өзбетімен анықтау тәсілдерімен шешуге ұмтылады. Соның үлгіілі тәжірибесінде білім алушыларды адамгершілік тәрбиенің қасиеттерін бейне кескіндерінде басты идея етіп таңдауға, оның мәні мен мазмұнын біртұтас композицияда орындау тапсырмаларымен бекітілу жүргізіледі.
Адамгершілік тәрбиенің қасиеттерін қалыптастыру визуалды өнерінің тақырыптық сабақтардың тапсырмасымен бірге, мұғалімнің пән сабағында білім алушының оқу-танымдық іс-әрекет жұмыстарын ұйымдастыру формаларына да тәуелді болып келеді. Мұлғаімнің тапсырмаларды жеке, жұп, топ, ұжымдық формада беруі. Топтық жұмыстарда білім алушылардың бір тапсырманы шешуге негізгі міндеттерді өзара бөлісу, оның ішінен көшбасшыны анықтау. Әрбір білім алушы өзінің міндеттерін шешу негізінде, ортақ тапсырманың жалпы мазмұнын біртұтас құрап, оны өзара талқылау, тапсырманы орындау барысында бір-біріне қолдау жасау, көмек беру сияқты адамгершілік тәрбиенің қасиеттерінің қалыптасуына құрал болып табылады.
Ұлттық және патриоттық құндылықтарды білім алушыға баулу тәжірибе үлгісі ретінде суретшілердің шығарма жұмыстары, сәулет өнері мен сәндік-қолданбалы өнері, мүсіндеу мен замануи дизайн оқу бөлімдерінде үлгілі бұйымдардың даму тарихы туралы мәліметтермен ақпарат беріп, оның Қазақстан визуалды өнері мен қазіргі өнер саласының сабақтастықта дамуын әңгімелеу, түсіндірумен ұласуын кең тәжірибелеудің тиімділігі жеткілікті. Сонымен бірге, білім алушының ұлттық қолданбалы сипаттағы бұйымдардың үлгілерін жасатуды ұсыну, ұлттық нақыштағы бұйымдардың бренд үлгілерін жасампаздықпен орындауға үйрету тәсілдерін демонстрациялау арқылы білім алушының уәжі мен қызығуын тудыру қажет етеді. Қазақстандағы көне сәулеттердің конструкциялары мен қызметтерін, олардың ұлттық конструкция, безендіру элементтері замануи сәулетті ғимараттарда сақталуын үлгілі ғимараттарды демонстрациялау. Осы ақпараттарды білім алушылардың қабылдауымен, оларды тақырыптық сабақтарда түрленген бейне кескіндерін жасампаздықпен салуға ұмтылдыру ұлттық және патриоттық құндылықтардың қалыптасуына негіз бола алады.
Сол сияқты білім алушының экологиялық мәдениет құндылықтарына баулу тақырыптық сабақтарда шығарма жұмыстарының үлгілері бойынша басты идеясын анықтау, мәні мен мазмұнын түсінуге талқылау әрекеттерін орындап, соның тәжірибесінде білім алушыға қоршаған ортаның әсемдігі мен тазалығын сақтау, табиғаттың ластануы мен бүлінуі себептерін бейне кескінінде орындау тапсырмаларын беріп, түрлі экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған жобалы тақырыптарды шығармашылықта орындап, өзінің жұмыстарын сыныптас- тарымен бірге талқылау, өзін-өзі бағалау дағдыларымен жұмыстарын қорғауды тәжірибелеудің тиімділігі аталған экологиялық құндылық белгілерінің қалыптасуына негіз бола алады.
Білім алушыны технология оқу бөлімі бойынша өзін-өзі анықтау мен мамандықты өзбетімен таңдау, өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған кәсіби алды даярлыққа қажетті қасиеттерін қалыптастыруға ұмтылдырады. Соның ішінде өзінің болашақ кәсіби мамандық түрін таңдауға сенімділігі мен жауапкершілігін қалыптастыру. Өзіне - өзі мақсат қою болашақ іс-әрекеттерді жоспарлау мен ұйымдастыру, әрекеттерді орындаудың бірізді тәсілдерін орындау мен оның сапасын бақылау және бағалау қасиеттеріне де баулуға ықпал етеді. Соның нәтижесінде кез-келген еңбек түрінің жұмыс орнын, құралдары мен материалдарын күтуге, сақтауға, жақсартуға ниеттелінеді. Осы құралдар мен материалдардан жасалған материалдық құндылықтарды құрметтеуге, дәріптеуге, оларды көбейтуге деген екіпінін шабыттандырады. Еңбек барысында тиянақтылық, ұқыптылық, ұтымдылық, тиімділік еңбек қасиеті белгілері- нің еңбекке баулу тәрбиесінің ажырамас бөлігі екеніне материалдарды өңдеу, бұйым жасау барысында түсіне бастайды.
Технология саласы бойынша білім алушының экологиялық, экономикалық, эстетикалық тәрбие қасиеттерін әрбір тақырыпта біріге қарастыру пән сабақтарында кеңінен тәжірибеленеді. Өйткені, әрбір материалдан жасалатын бұйымды жобалау кезеңінде анықталады. Өндірістегі бұйымды жобалау сияқты оқу тапсырмаларын орындау мазмұны, яғни, жобалау кезінде шикізат материалының өзінің адам өміріне қауіпсіздігі, материалдан жасалатын бұйымның тұтынушы үшін тиімділігі мен денсаулығы мен өміріне қауіпсіздік жақтарын сараптап анықтау арқылы, білім алушыларды экологиялық тәрбие нормаларының қалыптасуына ықпал етеді. Сол сияқты экономикалық және кәсіпкерлік мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын әрекеттердің бірі - білім алушы жасалатын өнімнің шикізат құны, кететін еңбек шығыны, өнімді сатуға қойлатын баға құны, өнімнің логотипі мен жарнамаға кететін шығын, өнімді тұтынушыға жеткізу шығыны. Осылардың барлығын өнімді жобалау кезінде есептеулер мен оны тұтынушыларға ұсыну әрекеттерінің барлығы білім алушының экономикалық, кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуына себеп болады. Эстетикалық мәдениеттің қалыптасуы да пән сабақтарында жасалынатын бұйымның дизайны тұтынушы үшін комфортты, тиімді және қолайлы болуына конструкциясын алуан рет түрлендіре, жасампаздықпен түпнұсқалы үлгісін алып нобайын бекітумен өнімді материалдандыруға жібереді. Осы жобалаудағы дизайн іс-әрекеті, оның факторларын толық ескере конструкциясын жетілдіру немесе тұпнұсқалы үлгісін жасау әрекетіндегі іскерлік, қолданатын шығармашылық тәсілдер білім алушылардың эстетикалық құқндылық- тарын қалыптастыруға ықпалдасады.
Көркем еңбек оқу пәнінің сабақтарында Қазақстанның Мәңгілік ел идеясының жеті құндылықтарын білім алушының бойында қалыптастыру мұғалімнің міндетіне кіреді. Бұл жеті құндылықтарды баулуға (Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы; қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбішілік пен келісім; зайырлы қоғам және жоғары руханият; индустрия- ландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім; жалпыға ортақ еңбек қоғамы; тарих, мәдениет пен тілдің ортақтығы; еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу) тәжірибе сабақтарының тақырыптық мазмұны сәйкес түрлерінде кең тәжірибелеу орын алады.
Қорыта айтқанда, көркем еңбек пәні сабақтарында білім алушының эстетикалық, адамгершілік, ұлттық және патриоттық, еңбек, денешынық- тыру, экологиялық, экономикалық және кәсіпкерлік мәдениетінің қалыптасуына өміршең, потенциалды құралдар құрамына кіреді. Жалпы орта мектептің басқа оқу пәндеріне қарағанда көркем еңбек оқу пәнінің тәрбиелілік құндылықтардың қалыптасуындағы ерекшелік - білім алушының өнімді еңбектерді жобалау мен материалдандырумен байланысты жүруінде болып табылады. Оқытудың барысында жоғарыда аталған мәдениеттің қалыптасуына көркем еңбек оқу пәні мұғалімінің кәсіби зеректігі, эрудициясы, әдістемелік құзыреті мен шеберлігі мәнді орын алады. Пән сабақтарында білім алушының қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыруға алуан белсенді әдістерді кең тәжірибелеу. Мұғалім сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда оқу бөлімінің тақырыптық сабақ тапсырмалары білім алушының танымдық дағдыларын дамытумен бірге, оның құндылық қасиеттеріне ықпал ететін түрлерін біріге таңдау.Олардың сұранысын қанағаттандырып қоймай, танымдық және тәрбиелілік құндылықтарын дамытуды да көздеу мұғалімнің қисынды әдістемелік тәсіліне кіреді.
3. Қазіргі оқыту технологияларының негіздері.
Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жүйелі білімдерді меңгеру, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдануға оқыту және болашақ педагогтың кәсіби-тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін дамыту, мемлекетімізде жүргізіліп жатқан білім беру реформасының мақсаттары мен талаптарын жүзеге асыру жаңа технологиялардың құзырына жатады.
Технология ұғымы соңғы кездері педагогикалық әдебиеттерде жиі қолданылатынын кездестіреміз. Қолданылатын ұғымдарды ажырату мақсатында келесідей негізгі ұғымдарды қарастырамыз, олар: техника, технология, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, білім беру технологиясы т.б.
Жалпы технология деген ұғым гректің techne-өнер, кәсіп, шеберлік, ал logos-ғылым, ілім деген сөздерден құралған, сонда оның қазақша мағынасы шеберлік туралы ілім дегенді білдіреді.
Жалпы педагогика оқулығы бойынша технология - материалды өңдеу процесінің жиынтығы немесе материалды өңдеу тәсілдері туралы білім жиынтығы. Мағынасы бойынша технология- түрлендіруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәсіл.
Технология- тәртіп бойынша реттеліп жоспарланған іс-әрекет, процесс және педагогикалық тәсілдердің жиынтығы түрінде берілген педагогикалық жүйе болып табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың шет елдегі авторлары- Дж. Кэролл, Б.Блум, Г.Гейс және т.б. Ал білімге қатысты технологиялық бағытты жүзеге асырумен айналысқан ресейлік авторлар- П.Я.Гальперина, А.Г.Ривина, Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько және т.б.
Қазақстандық ғалымдардың Ж.А. Қараев, Г.М.Құсайынов, М.М.Жанпейісова, Қ.Ж.Қожахметова, С.А.Ұзақбаева, Н.Оразақынова және басқа ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылуда.
Оқытуды технологияландыру бағытындағы алғашқы қадам 1940-50 жылдар аралығында оқыту процесінде техникалық құрал-жабдықтарды пайдалануды білдіреді. Оқытуды технологияландыру бағытындағы екінші қадам көбіне зерттеушілер педагогикалық технологияны енгізуді және оны жалпы өңдеу мәселелерін ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына жатқызады, сонымен қатар ең алдымен америкалық, ал кейінгі европалық мектептерде оқытуды құруда технологиялық ыңғайдың пайда болуымен байланыстырылады.
Технологияландырудың үшінші қадамы ең басында - педагогикалық технологияларды оқу процесін технологияландыру ретінде түсінді; оның басты бағыты және қаланған негізі - бағдарламалық оқыту болды. Ол 70-жылдардың аяғы мен 80-жылдың басында техникалық құралдар мен бағдарламалық оқытумен қатар педагогикалық технология оқушылардың оқу процесі үстінде танымдық іс-әрекетті басқару теориясын және педагогикалық қызметті ғылыми тұрғыда ұйымдастыру жолдарын қарастырады.
Оқытуды технологияландыру бағытындағы төртінші кезең 80-жылдардан бастап оқытудың ақпараттық және компьютерлік құралдарымен бірлікте қарастырылады.
Педагогикалық процесті технологияландырудың негізгі белгілері: жалпы білім беру жүйесіндегі білім беру өндірісін үйлестіру, стандарттау; шығармашылық процесті ұйымдастырудың неғұрлым жоғары деңгейіне көтеру; ұйымдастыру сатысының негізінде және арнайы технологияларға сәйкес білім беру жүйесін тәртіпке келтіру.
Бүгінгі күні педагогикада технология ұғымының келесі түсіндірмелерін кездестіруге болады:
Оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері немесе формасы ұғымдарының синонимі ретінде қолданылады;
Нақты бір педагогикалық жүйенің синонимі (оқытудың дәстүрлі технологиясы, мектепке және т.б. арналған В.В.Давыдов, Д.Б.Элбконин жүйесі);
Берілген қасиеттері бойынша азық алуға мүмкіндік беретін әдістер және процестер тізбектілігі мен олардың жиынтығы ретінде қарастырылады.
Педагогикалық технология дамуының негізгі белгілері білім берудегі технологиялар түсінігінен оқыту технологияларына ауысуы, ал кейіннен педагогикалық технология терминдерінің өзгеруі болып табылады. Осы терминдер мазмұнының өзгеруі үш кезеңді қамтиды:
50 жылдардың басы, ол мектептерде әр түрлі техникалық құралдардың пайда болуымен сипатталады;
50-60 жылдар, оқыту процесіне технологиялық жағынан қараумен сипатталады. Оқыту технологиялары түсінігін педагогикалық процесті жоспарланған нәтижеге алып келетін, ғылыми сипаттау (құралдар мен әдістер жиынтығы) ретінде ұғына бастады;
70-жылдар, ол педагогикалық базасының кеңеюімен сипатталады. Осы кездегі педагогикалық технологияның негізін информатика, телекоммуникация теориясы, жүйелі талдау мен педагогикалық ғылымдар (оқыту технологиясы, танымдық іс-әрекетін басқару теориясы, педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру, оқыту процесін белсендіру) құрды. Осы процестің негізгі бір ерекшелігі- компьютермен жабдықталған және жаңа дисплей кластарының пайда болуы, педагогикалық бағдарлама құралдары санының өсуі мен олардың сапасы, интерактивті бейне жүйесін қолдану болды.
Педагогикалық технологиялардың мән-мағынсын ашу үшін білім беру технологиясы, педагогикалық технология, оқыту технологиясы, жаңа ақпараттық технологиялар сияқты ұғымдарды қарастыру қажет.
Білім беру технологиясы- білім беру стандартында және мемлекеттік бағдарламаларда ұсынылған білім беру әрекетін жүйелі ұйымдастырудың тәсілін, оның жалпы мақсаттық және мазмұндық бағыттарын, ұйымдастыру құрылымы мен формасын түсіндіреді, ортақ білім беру кеңістігіндегі дамудың жалпы стратегиясы. Білім беру технологиясының мақсаты-педагогикалық жүйені жетілдіру болып табылады.
Оқыту технологиясы- педагогикалық технология түсінігіне жақын, яғни ол белгілі бір пән шеңберінде педагогикалық технология сұрақтарын, тақырыптарын, нақты оқу материалын меңгеру жолын бейнелейді. Сонымен қатар оқыту технологиясы қойылған мақсатты қамтамасыз етуде оқыту әдістерін, құралдарын, формалар жүйесін қарастырады. Оқыту технологиялары аумағын зерттеп, оның нәтижелерін талдай келе педагогика ғылымдарының докторы В.В.Гузеев негізгі төрт идеяны белгіледі: дидактикалық бірліктерін бекіту; оқыту қорытындысын жоспарлау және білімді саралау; білім беру процесінің психологиясы; компьютерлендіру.
Педагогикалық технология- білім беру технологиясын жүзеге асырумен түсіндіріледі, оған нақты пәнге байланысты емес,оқу-тәрбие процесін жүзеге асыратын заңдылықтар тән. Педагогикалық технология ғылым мен практиканың басқа да салаларында кеңінен таралған, әр түрлі арнайы технологияларды, жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық және т.б. біріктіреді. Педагогикалық технология педагогтар жеке басының шығармашылық күш-қуатын өрістетуді қамтамасыз етудегі, адамаралық және іс-әрекеттегі қарым-қатынасты рухани жоғарлатудағы, кәсіби еңбекте адамгершілік жүйе болып табылады.
Оқытудың жаңа технологиялары ғылымға және тәжірибеге негізделген әр түрлі білім саласын кең түрде игеруде, оларды іс жүзінде пайдаланғанда аумағы кең, жаңа мәліметтер мен күнделікті іс әрекеттегі ұсыныстарды іске асыруда аса пайдалы.
Жаңа білім беру технологиясын іске асырудың қажетті шарты ретінде мынадай әдіснамалық принциптерге міндетті түрде баса көңіл аудару аса маңызды:
Мұғалімнің педагогикалық кәсіби қабілетіне сену принципі;
Оқытудың кез-келген уақыт аралығында берілген пәннен студенттің кепілді дайындығының болу принципі;
Оқу процесінің модульдік жобалау принципі;
Ұйымдастыру және оқыту технологияларын қолдану мен қалыптастырудағы мәліметтердің дұрыстығы, шындыққа сәйкестілік принципі;
Жаңа технологияны жобалаудағы мазмұндық, бірізділік, мотивациялық жақтарының бірлігі принципі.
4. Технология мен оқыту әдістемесінің өзара байланысы.
1.Педагогикалық процесс түрінде белгілі бір қағидалар жүйесіне негізделген педагогикалық технология іс-әрекеттің ішкі және сыртқы байланысын көрсететін, осы принциптің негізінде қарым-қатынасы, педагогтың жеке дара өзіндік ерекшелігінің біртұтас бірлігі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты педагогикалық технология мен тәрбие жұмысының, сабақ беру әдістемесінің арасындағы ерекшеліктерді көрсетуге болады.Оқу процесіндегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдер арасында айырмашылық жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ екеуі екі бөлек ұғым және әдістеме технологияға қарағанда мағынасы әлде қайда кең ұғым болып саналады.
Әдістеме- әдістер кешені мен педагогтың жеке даралық қабілеті негізінде қарастырылады. Әдістеменің пәні - білім берудің мақсатын, мазмұнын, оқу процесінің ұйымдастыру әдістерін, түрлерін, құралдары мен тәсілдерін қамтитын әдістемелік жүйе.
Басқаша айтқанда, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруді қарастырады, не үшін, неге және қалай оқыту керек? Ал технология мақсатқа жетудің нақты іс-әрекетін, оның жолдарын қарастырады, сондықтан да технология ұғымы жоғарыда берілген үшінші сұраққа ғана жауап береді.
Мұны ғалым К.Өстеміров Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары атты еңбегінде төмендегі суреттегідей қарастырады.
Әдістемелік жүйе Ә Д І С Т Е М Е мақсат мазмұн әдістер формалар құралдар тәсілдер
Т ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz