Қара өлеңнің зерттелуі
Қара өлеңнің зерттелуі
Fалымдар XIX ғасырдың ортасынан бастап-ақ қара өлеңге жеке жанр ретінде назар аудара бастады. Қaрa өлең деген aтауды алғаш хатқа түсіріп, арнайы пікір айтқандардың бірі Шоқан Уəлиханов болатын: Қара өлең - əдеттегі, үйреншікті өлең, бұл өлең - төрт жолдан құралған жеке шумақ. Əр шумақта жеке-жеке ой жатады, сондай-ақ бұл өлең дауысқа негізделеді. Көбінесе төрт жолды шумақтар мағынасыз болып келеді . Шоқан Уəлиханов осы қысқа ғана жазбасында қара өлеңнің дара қасиетін айқындайтын маңызды пікір қалдырған. Ауыз əдебиетін зерттеушілердің қатарында қара өлең жайлы М.Ғабдуллиннің мынандай пікірі кездеседі: Тұрмыс-салтқа байланысты əңгімелер айтылатын болса, онда өлең түрі де өзгереді, мұндай жағдайда жырдың орнына он бір буынды қара өлең қолданылады.
Ғалым-зерттеушілердің ішінде Б.Уахатов қара өлеңнің сегіз қасиетіне тоқталады:
Бірінші - қара өлеңнің құрылысы қашанда он бір буынды, төрт тармақты болады;
екінші - осы өлеңнің 1-2-4-жолдары ұйқасады да, 3-жолы ұйқаспай бос қалады;
үшінші - қара өлеңнің əр шумағында жеке бір ой (идея) айтылады; төртінші - əр шумақтың алдыңғы бір не екі жолы негізгі айтылар оймен тікелей байланысты болмайды, сырт тұрады;
бесінші - қара өлең көбіне жұртқа таныс, көп құлағына сіңген, жарым-жартысы жаттамалы жолдардан, теңеу,салыстырулардан тұрады;
алтыншы - қара өлең ойын-сауық үстінде айтылатын болғандықтан, мұнда үлкен күрделі мəселелер қозғалмайды, тек жиналған жұртты көңілдендіріп, күлдіруді көздейді;
жетінші - қара өлеңнің қосалқы жолдары негізінен халықтың тұрмыс-тіршілігінен, əдет-ғұрып, жора-жосығынан туған түсініктерді арқау етіп, табиғат дүниесін суреттейді;
сегізінші - қара өлең көпке əбден мəлім əн əуенімен орындалады. Сондықтан белгілі бір мелодия сазына кез келген қара өлеңді ыңғайлап айта беруге болады. Б.Уахатовтың бұл пікірі - қара өлеңнің ерекшеліктерін айқын көрсетіп берген құнды пікір. Сонымен қатар, қазақ ғалымдарының ішінде қара өлең туралы ой түйіп, пікір айтқандар - М.Əуезов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Ə.Тəжібаев, З.Ахметов, Ы.Дүйсенбаев сияқты ғалымдар. Рахманқұл Бердібайдың 1988 жылғы Қазақ əдебиетінде жарияланған мақаласында қара өлеңнің кейінгі жылдары зерттелуі жайлы мынандай пікір айтады: Осы орайда, соңғы кезде бұл олқылықтардың орнын толтыруға талпыныс жасап, қара өлең нұсқаларын ел аузынан жинап, архив қорынан теріп, бұрынғы-соңғы басылымдардан сүзіп, халық қазынасын халықтың өз игілігіне жарату үшін еңбектеніп жүрген қаламгерлер Ақселеу Сейдімбеков пен Оразақын Асқардың еңбегі құптауға тұрарлық игі қадам екенін атап өткен жөн. Иə, кейінгі кезеңде қара өлең жайлы ой қозғап, қара өлең үлгілерін жинастырып, елеулі еңбек етіп жүрген Оразақын Асқардың қара өлең жайлы зерттеуін айрықша атап өту қажет. Оның қара өлең үлгілерін ел аузынан жинапқұрастырған Қара өлең атты жинақ-кітабы мен бірнеше толымды зерттеу мақалалары бар.
Бұл кітапта қара өлеңнің он мың жолға жуық мол қоры жинақталған. Сонымен қатар, қара өлеңдерді 23 тақырыптық топтарға бөлген. Мысалы, өлең туралы, той бастар, көші-қон өлең, домбыра өлең, қыз өлең, жігіт өлең, бəдік өлең, қайым өлең, базар өлең, жұлдыз өлең, т.б. сияқты бөлімдерге бөліп, қара өлең нұсқаларын ұсынады. Оразақын Асқардың пікірі бойынша қара өлең айтыс, мақал-мəтел, əн, дастан, поэма сияқты əдебиет үлгілерінің пайда болуына түрткі болған. Қара өлең жайында, оның тарихи тек-тамыры мен жанрлық жəне көркемдік ерекшелігі турасында қазақ əдебиетін зерттеген еңбектерде, əртүрлі ғалымдардың, тарихшы əдебиетшілердің мұраларында аздаған пікірлер кездесіп қалғаны болмаса, толыққанды зерттеу еңбек жоқтың қасы болатын. Ал осы арнайы зерттелмей жатқан ауыз əдебиетінің қызықты саласын алғаш рет толыққанды зерттеп, жинақтаған ғалым А.Сейдімбек еді. Бұқара халықтың ауызша əдебиетінің төлтума үлкен бір саласы - қара өлең фольклоршы-ғалым Ақселеу Сейдімбектің кандидаттық ғылыми еңбегінің арнайы зерттеу объектісі ретінде тұңғыш рет назарға алынды. Халық арасына ең бір кең тараған, көпшілікке ұғынықты жанр А. Сейдімбек зерттеулеріндегі қара өлеңдердің жанрлық ерекшеліктері ретінде қазақтың қара өлеңін арнайызеттеп, 1989 жылы Қазақтың дəстүрлі халық лирикасындағы қара өлең жанры деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Одан кейін бұл еңбегін толықтырып, Мың бір маржан атты кітабын шығарады. Ақселеу Сейдімбектің бұл кітабы Тармақ, Бунақ, Ырғақ атты үш тараудан тұрады. Тармақ тарауында қара өлеңнің зерттелу жайы, тақырыптық аясы, құрылымдық ерекшеліктері сараланып, Бунақ тарауында қара өлеңге қатысты танымдық ақпараттар беріп, астарына үңілген, ал Ырғақ тарауында қара өлең нұсқаларының үлгілерін ұсынған. Еңбекте ел ішінде туындауын күні бүгінге дейін тоқтатпаған, өмірді шынайы бейнелейтін, қазақтың төлтума қара өлеңнің ел ішінде жиі кездесетін өлең екендігі, əр шумақта жеке-жеке ойдың түйінделетіндігі, оның төрт жолдан тұратындығы мен əнге қосып айтылатындығы сияқты өзіне тəн бірнеше ерекшеліктері нақты мысалдармен ғылыми тұрғыда талданған. Ақселеу Сейдімбектің бұл еңбегінде қара өлеңнің жанрлық ерекшелігіне, көркемдік шалымына, бітім-құрылысына, тарихи қалыптасу жолдарына, қоғамдық-əлеуметтік мəніне жəне əсер-ықпалына қатысты бірталай ғалымдардың ой-пікірлері ортаға салынып, өзінің тұжырымдарымен ойын түйіндей отырады. Əсіресе қара өлеңнің көркемдік-поэтикалық ерекшелігіне талдау жасап, халықтың тарихиəлеуметтік болмысымен біте қайнасқан төлтума қасиетіне назар аударады. Қара өлеңнің əн əуенмен тікелей баланысы, салт-дəстүрге қатысы бар синкретті сипаты жайлы да арнайы ой қорытқан. Сондай-ақ, кейбір қара өлең үлгілерінің көп нұсқалы болып келетіні, халық ақындарының шығармаларындағы теңеулермен ұқсас болып келетініне арнайы тоқталып, саралап берген. Бір қара өлең нұсқасының екінші бір нұсқамен қайталануы, əсіресе, халық əндерінде, халық композиторларының əн мəтіндерінде кедесетіні турасында айтқан. Бұл еңбекте қара өлеңнің 1001 шумағы сұрыпталып берілген, сонымен қатар қара өлең қайырмаларының алуан үлгісін молынан қамтыған. Бұған дейінгі зерттеулерде кездескен қара өлең нұсқаларынан бөлек қаншама мол мұра осы еңбекте жарық көрген. Зерттеу еңбектің құндылығы - қазақтың қара өлеңінің өзіндік орнын тарихи, мəдени өмірмен шендестіре қарастыруында. Одан əрі қарай өз еңбегінде Ақселеу Сейдімбек қара өлеңді тақырыптық жағынан саралап, қандай ой айтпақ болғанын талдап көрсетеді. Оның бұл орайда қара өлең адам қоғамының барша өмір-салтының, салтдəстүрінің, моральдық-этикалық нормаларының, сұлулық туралы таным-түсініктерінің, сезімкүйлерінің поэзиялық үлгідегі энциклопедиясы немесе галереясы сияқты деген пікірі шынымен де орынды. Осы сөзінің дəлелі ретінде ол бірнеше мысалдарды келтіреді. Мысалы:
Дүние, қудым сені жалықпай-ақ,
Судағы ұстатпайсың балықтай-ақ.
Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды,
Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ! -
деген жолдарда ғалым басы жұмыр пендеге бірақ рет берілер жарық дүниенің сырын білгісі келіп шарқ ұрған, өмірдің ащылы-тұщылы дəмін татқан адамның сергек санасын танытады деген ой айтады.
Ақселеу Сейдімбек кісілікті пір тұтқан, тек қана адалдықты аңсаған, соған лайықты ғұмыр кешуді өзінің өмірлік мұраты еткен адамның болмысын суреттейтін мына бір өлең шумақтарын ұсынады:
Баспадым жардың шетін құлай ма деп,
Ішпедім арық суын лай ма деп.
Жаманмен дос болуға мен қорқамын,
Күн туса ердің құнын сұрай ма деп.
Сонымен қатар А. Сейдімбек қара өлеңдерде өмірдің ауыр тауқыметін белшесінен кешіп жүрсе де мойымайтын, сол ауыр тауқыметке өзінің оптимистік рухын, сергек те сезімтал көңілін қарсы қоя алатын адамның тұлғасы сомдалған деген пікір білдіреді. Сонымен қатар қара өлеңде кездесетін:
Бойың түзу мылтықтың теміріндей,
Көзің қара ағаштың көміріндей.
Жақсыменен бір болған жалғыз сəтің,
Жаманның өтіп кеткен өміріндей, -
деген жолдар қазақ қызының бітім-болмысына тəн ортақ сұлулықты образды теңеумен тап басып елестетіп, əрі жақсы өткен жалғыз сəттің жаман өткен ғасырдан артықтығын тағы да халықтық талғам-түсінік тұрғысында жеріне
жеткізіп айта білген деген баға береді. Ақселеу Сейдімбектің осы айтылған барлық пікірлері мен талдауларына қарап шынымен де қара өлеңді адам өмірінің өлеңмен өрнектелген тұтас бір галереясына ұқсатасың. Қара өлең жолдары айтылған ортада түсінікті екенін, сол ортадағы адамдардың болмыс бітімдеріне, тағдыр-талайына тікелей қатысы бар астарлы емеурін сөздер екенін ғылыми тұрғыда дəлелдеп, ғылымдағы қалыптасып қалған қара өлеңде түсініксіз сөз тіркестері көп деген пікірге қарсы ой айтады. Оған мысал ретінде қара өлеңнің:
Боз беткейлі, ендеше боз беткейлі,
Боз беткейден жайылган мал кетпейді.
Шөбі жұмсақ, шаруаға, малға жайлы,
Бағаналы Мансарға жер жетпейді, -
деген жəне:
Бешпентім бар үстімде тайға алғандай,
Қадірім бар сəулеме ойға алғандай.
Өз елімде мен жақсы болып жүрсем,
Менің сəулем болады бəйге алғандай, -
деген шумақтарды алған. Автордың айтпақ ойын толық əрі дұрыс түсіну үшін осы өлеңдерді талдаған жолдарын өз сөзімен берген дұрыс деп есептейміз. Бірінші қара өлең туралы: Егер таным-талдаудың əбден құлақ сарсылтқан бірқақпай моделіне салсақ: Ау, айтқысы келіп, мақтағысы келіп отырғаны Мансар деген жері болса, бозбеткейі несі, боз беткейден мал кетпейдісі несі, айтар ой нағыз поэзияда шашырамай, шатқаяқтамай, шып-шымыр болып түсе қалу керек емес пе?! - деп кегжеңдеп шыға келер едік. Кез келген өнер, оның ішінде қара өлең де сырттан таңылған немесе алдын-ала кесіппішілген теориялық үлгі үшін дүниеге келмейді. Егер қара өлеңде алдымен ауызға боз беткей түссе, ол ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz