Turbo Pascal тілінің сипаттамасы


Turbo Pascal тілінің сипаттамасы

Паскаль тілін 1968-1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Қазіргі кезде бұл программалау тілі оқып-үйрету үшін ғана емес, басқа да салаларда кеңінен қолданыларды. Паскаль тілінің қазіргідей танымал болуына Турбо Паскаль (Turbo Pascal) пакетінің пайда болуы өз әсерін тигізді. Бұл программалау тілі алгоритмдерінің тиянақтылығымен, компиляторының жылдам әрекеттілігімен және программаларды құратын және орындайтын құралдарының қолайлы болуымен ерекшеленеді. Паскаль тілінің басқа программалау тілдерінен басты ерекшелігі ретінде осы тілде жазылған программалардың қарапайым алгоритмдік тілдерге барынша ұқсас келетіндігін айта кету керек.

Turbo Pascal 7. 0 ортасы

Турбо Паскал программалау жүйесінің негізгі компоненттеріне - Паскаль тілінің компиляторын, программалардың бастапқы мәтінін құрып-өңдейтін және программа мәтінін орындайтын (қателерін табатын) құралдарын жатқызады. Осы компоненттердің барлығы өңдеушінің бірыңғай ортасын құрайды. Программалаушы Паскаль тілінде программа құрған кезде осы бірыңғай ортада жұмыс істейді.

Программаны іске қосу

Turbo Pascal 7. 0 программасын іске қосу үшін:

1. С: каталогында орналасқан* Turbo Pascal 7. 0 қапшығын ашу.

2. Turbo Pascal 7. 0 қапшығынан BIN қапшығын тауып ашу.

3. BIN қапшығынан turbo (. exe) файлын ашу.

Осы әрекеттерді орындағаннан кейін экранда төмендегідей терезенің пайда болғанын көресіз.

Программа терезесін функционалдық мақсаттарына сәйкес төмендегідей үш бөлікке бөлуге болады:

  • Меню жолы
  • Жұмыс аймағы
  • Қалып-күй қатары

Меню жолына өту үшін F10 пернесін басу керек. Меню жолы төмендегідей бөліктерден тұрады:

  • File. Файлдармен орындалатын негізгі әрекеттерді (құру, ашу, сақтау . . ) орындауға мүмкіндік береді.
  • Edit. Программа мәтінін өңдеуге қажетті негізгі операцияларды (көшіру, кірістіру, үзінділерді алып тастау, соңғы әрекеттерді болдырмау. . ) орындауға мүмкіндік береді.
  • Search. Мәтін үзінділерін іздеп табуға және оларды басқа үзінділермен алмастыруға мүмкіндік береді.
  • Run. Дайын болған программа мәтінін іске қосатын командалар жиынтығынан тұрады.
  • Compile. Программаны компиляциялауға мүмкіндік береді.
  • Debug. Программадағы қателерді табу процесін жеңілдететін командалар жиынтығынан тұрады.
  • Tools. Турбо Паскальдің кейбір қосымша құралдарынан тұрады.
  • Options. Жұмыс істеуге қажетті компилятор мен программаны өңдеу ортасының параметрлерін орнатуға мүмкіндік береді.
  • Window. Программа терезелерімен орындауға болатын барлық негізгі операцияларды атқаруға мүмкіндік береді. (терезелерді ашу, жабу, орындарын ауыстыру, өлшемдерін өзгерту) .
  • Help. Программа жөнінде қосымша анықтамалық ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Менюдегі жолындағы команда бөліктерін жылдам таңдау үшін пернелердің арнайы комбинацияларын пайдалануға болады. Ол үшін Alt пернесін басып тұрып, меню пунктінің атауында қызыл түспен ерекшеленген әріпті басу керек.

Жұмыс аймағында программа жазып отырып, программаның әр түрлі терезелерін: мәтінді өңдеу терезесін, көмек терезесін, программаны жөндеу немесе баптау терезелерін ашуға болады. Жоғарыда көрсетілген мысалда программаның бір ғана терезесі - программа мәтінінің терезесі ашулы тұр. Осы терезенің басында файлдың аты жазулы тұр (NONAME00. PAS) .

Қалып-күй қатарында программа жұмысы кезінде орындауға болатын операциялар мен оларды таңдауға мүмкіндік беретін пернелердің комбинациясы туралы мәлімет бейнеленіп тұрады.

Турбо Паскаль ортасының негізгі командалары мен осы командаларды жылдам орындауға мүмкіндік беретін пернелердің комбинациясы:

  • Ctrl+F9- программаны орындау, іске қосу
  • Alt+F5- пайдаланушы экранын көру
  • F2- программаны сақтау
  • F3- сақтаулы тұрған программаны ашу
  • Alt+F3- белсенді терезені жабу
  • Alt+X- Турбо Паскаль ортасынан шығу
  • F1- жанама көмек
  • Ctrl+F1- курсор орналасқан оператор жөнінде анықтама алу
  • Alt+Backspace- соңғы әрекетті болдырмау
  • Ctrl+Y- жолды алып тастау
  • Shift+стрелки- мәтін блогін ерекшелеу
  • Ctrl+Insert- ерекшеленген блокты буферге көшіру
  • Shift+Insert- буферден кірістіру
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Turbo Pascal тілінде циклдармен жұмыс
Турбо Паскаль бағдарламысының тарихы
Turbo Pascal программалау тілі
Turbo Pascal бағдарламалау тілі
Turbo Pascal программалау тілі туралы жалпы түсінік
Turbo Pascal тілінің операторлары жайлы
Турбо Паскаль жүйесінде қосалқы программаларды ұйымдастыру технологиясы туралы
Turbo Pascal 7.0 интегралдық программалау ортасын пайдалану
Turbo pascal тілі
Құрылымдық модульдік программалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz