Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы көлік жолын экономикалық негіздеу



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
5 Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы көлік жолын экономикалық
негіздеу

5.1 Техникалық - экономикалық негіздеу есебі

Техникалық-экономикалық негіздеу есебі мекеменің құрылыс негізіндегі
экономикалық негізі үшін және ғимараттар мен үймереттердің техникалық-
экономикалық негізі үшін құрылады.
Құрылыстың есептеу бағасы техникалық-экономикалық есеп заңымен
қарастырылады және ол пландық капиталдық құрылыс құрғанда саналады және
құрылыстағы ғимаратты жобалағанда қателігі аз болуы керек.
Топографиялық-геодезиялық өндірістің экономикалық-ұйымдастыру
ерекшеліктері төмендегілерге:
1) өндіріс технологиясы,
2) еңбек объектілерінің физика-географиялық және экономикалық
жағдайларының алуан түрлілігі,
3) еңбектің өзіндік ерекше сипаты,
4) жұмыстың түрлері мен процестері бойынша түпкілікті нәтижелерді
ұстау және тағайындау ерекшеліктері [22].
Өндіріс технологиясымен келісілген ерекшеліктер ең алдымен далалық
және камералдық жағдайларда жұмыс істеудің кезектілігінің қарастырылуымен
байланысты. Бірақ, далалық жұмыстардың орындалуы қоршаған ортаның, жер
бедері, өсімдік жамылғысы, климат және т.б., әсерімен байланысты және
ұзақтығы далалық мерзіммен шектелген. Мерзімділік, далалық жұмыстың
орындалуының экспедициялық қажеттілігін ескертеді. Далалық жұмыстардың
экспедициялық сипаты бөлімше ішінің және бөлімшенің өзінің жұмыс
орындарының тарамдалуымен, сонымен қатар орындаушылардың үнемі орын
ауыстыруымен сипатталады. Өндіріс мерзімділігі еңбек күшінің қолданылуының
тиімділігін төмендетеді. Далалық жұмыстар өндірісінде бар негізгі қорлар
(аспаптар, құралдар, құрал-жабдықтар) далалық мерзімділік уақыт аралығында
ғана қолданылады, ал басқа жағдайларда қолданылмайды. Бұл жағдайда маңызды
ерекшелік - далалық жұмыс процесінде бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына
еңбек жабдықтарының орын аустыруында жатыр. Еңбек жабдықтары мен адамдардың
орын ауыстыруы далалық бригадаларды транспортпен қамтамасыз ету
қажеттілігін тудырады. Сонымен, топографо-геодезиялық өндірісте транспорт,
автокөліктер, тікұшақтар және т.б., тікелей өндіріс күші болып табылады.
Бір жұмыс орнынан басқа жұмыс орнына орын ауыстыруға кеткен уақыт, жұмыс
уақыты болып табылады және жұмыстың көп түрлерінде қозғалыс жылдамдығы
еңбек өндірісіне тікелей әсер етеді [23].
Сондықтан, далалық топографиялық-геодезиялық жұмыс өндірісінің
тиімділігі транспорт таңдауға және оның үздіксіз жұмыс істеуіне тікелей
байланысты.
Жұмыстың орындалуының экспедициялық сипаты объектіде далалық жұмыс
өндірісіне алдын ала дайындық шараларын өткізуге, ал жұмыс аяқталғаннан
кейін ликвидациялық шаралар өткізуге қажеттілік тудырады. Бұл шараларға
әсіресе сирек қоныстанған, алшақ орналасқан аудандарға кететін шығын жұмыс
өндірісіне кететін шығынның маңызды бөлігін құрайды. Мысалы, орталық
аудандарда ұйымдастыру - ликвидациялық шығындар жұмыс өндірісіне кететін
барлық шығынның - 0-15%, ал солтүстік аудандарда - 0-70% құрайды.
Жұмыс көлемін есептеуде Біріңғай уақыт нормалары және ізденіс
жұмыстарының бағалаулары жинағы және топографо-геодезиялық жұмыстарға
арналған іріленген сметалық бағалар СУР-2008 қолданылады. Топографо-
геодезиялық өндірісте техникалық жобалар, сметалар және жоспарларды құру
кезінде іріленген сметалық нормалар анықтамасы қолданылады.
Іріленген сметалық нормалар анықтамасында ең алдымен РМҚК
кәсіпорындарымен орнықты геодезиялық және топографиялық өндіріс процесіне
арналған іріленген сметалық нормалар бар. Іріленген сметалық бағалар (СУР-
2002) шаруашылық тәсілмен орындалатын топографо-геодезиялық жұмыстардың
құны, еңбекақысының нормаларын және еңбек шығындарын анықтау орындарын
және геодезия мен жер ресурстарын басқару агенттігінің геоинформациялық
жүйесі бөлімінде қолдану үшін міндетті болып табылады.
Іріленген сметалық бағалар еңбекті анықтауға және пландық өзіндік
құнын есептеуде қолданылмайды.
СУР-2008-нің құрамына келесі топографо-геодезиялық жұмыстардың
іріленген процесіне арналған сметалық бағалар, еңбекақы және еңбек шығынның
нормалары кіреді:
- мемлекеттік геодезиялық торлардың түсіріс негізін құру және дамыту;
- нивелирлеу;
- топографиялық түсірістер;
- құрылыс салынған территориялардың топографиялық түсірістері;
- топографиялық пландар мен карталар негізі;
- камералдық топографиялық жұмыстар;
- картографиялық және сызба дайындау жұмыстары;
- есептеу жобалық-сметалық жұмыстар, ДЭЕМ-ны қолдану арқылы жазу
жұмыстары;
- сандық картаға түсіру.
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарға іріленген сметалық бағалаулар
геодезиялық және топографиялық жұмыстарға біріңғай уақыт нормалары
негізінде есептелген. Сметалық бағалаулар 01.01.2002 жылы бекітілген
қолданыстағы нормативтік және техникалық құжаттармен (Қазақстан
Республикасының президентінің жарлығымен және сала, инструкция және
бағыттар бұйрығы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен)
қарастырылған құжаттарға сәйкес есептелген [23].
Топографиялық-геодезиялық жұмыстарға сметалық бағалаулар 01.01.2020
жылы бекітілген ағымдағы бағдарлауда әрбір процесс бойынша бірлігіне мың
теңгеден берілген. Бағалаулар құрамына негізгі шығындар баптары бойынша
өндіріс шығындары кіреді:

- негізгі еңбекақы (мамандар мен жұмысшылардың);
- қосымша еңбекақы (камералдық және далалық өндірістегі мамандар үшін
10,2% және 12,7% және жұмысшылар үшін 10,2%);
- біріңғай арнайы салық (21%, оның ішінде Қазақстан Республикасының
зейнетақы қорына жіберу);
- аудандық коэффициент 15%, далалық жұмыстар үшін бір жұмысшының
далалық үлесі 2304,4 теңге шамасында.
Әрбір процесс бойынша мамандар мен жұмысшыларға еңбекақы және еңбек
шығындары нормалары берілген. Мамандардың еңбекақысы нормалары құрамына
транспорттық және өндірістік жұмысшыларға негізгі және қосымша еңбекақы
кіреді.
Сметалық бағалаулар, еңбекақы және еңбек шығындары нормалары,
ұйымдастыру және ликвидациялық шараларды өткізуге кеткен шығынды есепке
алмағандағы тек қана топографо-геодезиялық жұмыс өндірісінің тура
шығындарын көрсетеді. Ұйымдастыру және ликвидациялық шараларды өткізуге
кеткен шығындар кәсіпорынның әрекет зонасына топографо-геодезиялық құны
бойынша геодезия қызметімен бекітілген нормалармен анықталады.
Сметалық бағалаулар рентабельділік деңгейін 20% шамадағы есепке
алуымен есептелген. Еңбекақы және еңбек шығындары нормаларының сметалық
бағалаулары белгілі далалық және камералдық жұмыстар кешеніне есептелген,
оның құрамына атауы мен жұмыс құрамының бейнеленуіне сәйкес соңғы
материалдарды шығаруға қажет барлық қызметтер мен процестерге кететін
шығындар кіреді.
Ұйымдастыру-ликвидациялық шараларды өткізуге кететін шығындар сметалық
бағалаулар мен нормалар барлық дайындық және қосымша жұмыстын негізгі
өндірісінің шығындарын есептейді: тозу, өндірістің техникалық дайындығын
жұмыстық жобалау, мамандарды оқыту, тұрақты және мерзімдік жұмысшылардың
топографо-геодезиялық жұмыстары, геодезиялық аспаптар мен құралдарды
тексеру, зерттеу және күнделікті жөндеу, өндірістік қызметкерлерді жұмыс
орнына және кері тасығандағы шығындар.
Нормативпен қарастырылған барлық жұмыс көлемінің толық емес көлемін
атқарған жағдайда жұмыс мөлшерінің төмендеуіне байланысты төмендететін
коэффициентті қолдану керек.
Сметалық есептерді есептеген кезде бағалар жинағында қарастырылмаған
қандай да бір үстемелер немесе коэффициенттер кіргізуге тыйым салынады.
Кейбір жағдайларда Геоақпараттық жүйелер немесе геодезия бөлімінің
рұқсатымен жұмысты ерекше жағдайда орындау кезінде бағалаулар өзгертілуі
мүмкін.
Жұмыс көлемін есептеу кезінде Іздестіру жұмыстарына арналған
есептеулер мен біріңғай уақыт нормалары жинағынан алынған мәліметтерді
қолданамыз. 5-аралық жұмыс түрлері бойынша алдымен далалық, сонан кейін
камералдық жұмыстарға арналған табиғи және еңбектік көрсеткіштер бойынша
көлемдер анықталады.
Триангуляция, полигонометрия және нивелирлеу бойынша жұмыс көлемі
тікелей схемадан анықталады (триангуляция кезіндегі белгілер соңы,
полигонометрия кезіндегі пункттер, реперлер, жүріс ұзындықтары және т.б.).
Еңбектік көрсеткіштер (бригада-айларда) кезіндегі жұмыс көлемі
мына формуламен есептеледі:
жұмыс көлемі * уақыт нормасы
173,1
(20)

мұндағы, 173,1-бір айдағы жұмыстық сағаттың орташа мәні.
Бригада-айлардың нормалар жоспарының орташа пайызын ескеріп
бақыланатын саны. Оны далалық жұмыстар үшін -100%-ға тең деп алуға болады
және ол мына теңдеу бойынша есептеледі:

- далалық жұмыстар бойынша еңбектік көрсеткіштегі жоспарланған жұмыс
көлемі.
Әрбір жұмыс түрі бойынша күрделілік (қиындық категориясы) ЕНПиР-ді
қолдану арқылы анықталады және оларды жұмыс объектісіне физико-
географиялық жағдайымен арақатынасын белгілеу Іздестіру жұмыстарының
орнын, уақыт пен бағалаулардың біріңғай нормалары нормативтік құжаттармен
және күрделі іздестіру жұмыстарына арналған бағалар жинағымен жұмыс кезінде
әрбір құжаттың басында келтірілген жалпы ережелер мен нормаларға қойылатын
ескертулерге ерекше көңіл бөлу керек [24].
Смета - бұл объектідегі жұмыс көлемінің орындалуының ақшалық сипатта
толық құны анықталған құжат.
Мемлекеттік қаржы қорынан төленетін, геодезиялық және топографиялық
жұмыстарды орындауын РМҚК кәсіпорындарында жұмыс құнына не жоспарлық кіріс,
не жоспарлық қор кірмейді. Сондықтан, сметада құн емес өндіріс қолданыстағы
нормативтер, яғни өңдеу нормалары, материалдар шығыны, транспорт, тарифтік
мөлшер, айлық жалақы және т.с.с. бойынша анықтайтын өндірістің нормативтік
шығындары анықталады. Бірақ кәсіпорындарда нормативтік өзіндік құнды
анықтау үшін сметаны қолданса, өндірісте оны шартты түрде сметалық құн деп
атау қабылданған.
Объектте жобаланған геодезиялық және топографиялық жұмыстардың жалпы
мемлекеттік толық сметалық құны, далалық және камералдық жұмыстар
өндірісіне ұйымдастыру-ликвидациялық шараларды өткізуге, уақытша
ғимараттар мен басқа да құрылыстарға кететін шығындардан тұрады. Сметаны
жасау үшін жұмысты орындау көлемі, негізгі материалдар сұранысы және
олардың салмағы, қиындық категориясы, өңдеу нормасы және т.с.с. құрылады.
Еңбек және ақша шығындарының есебі нормативтер және сметалық
бағалаулар бойынша орындалады. Сметалық есептер қолданыстағы нормативтік
құжаттарда қарастырылған еңбек шығындарының нормативтері мен бағалауларын
қолдануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда қаласының физикалық географиялық және экономикалық жағдайына сипаттама
Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы көлік жолының геодезиялық бөлу жұмыстары
Автокөлік жолдары
Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы көлік жолының геодезиялық толықтыру торларын жобалау
Қ.Р көлік саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін бағалау
Уақытша автокөлік тұрағы
Құбыр көлік инфрақұрылымы
Павлодар қаласының электр желісінің картасхемасы
Өсімдік шаруашылығының негіздері
Автожолдар
Пәндер