Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Адам ақылды, кішпейіл, әділ, батыл да қайрымды болуға тиіс.Тек сонда ғана оның осынау Адам деген мәртебелі атпен аталуға құқылы болады.К.Г. ПаустовскийКІРІСПЕЗерттеудің өзектілігі. Жеке адам дегеніміз - қоғамның мүшесі ретіндегі адам. Әр адамның рухани байлығы оның басқа адамдармен байланысының алуан түрлілігіне, өмірге белсене қатысуына байланысты болады.Қоғамдық дамуының нәтижесінің ең басты көрсеткіші ол - жеке адамның даму процесіне байланысты. Сондықтан егеменді еліміз Қазақстанда, қоғамда қандай да бір орынға ие бола алатын нақты бір іс-әрекет түрімен айналыса алатын алдына мақсат қоя отырын, болашағын жоспарлай алатын, мақсатына жетуде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білетін өзіндік дүниетанымы, көзқарасы қалыптастыратын, өз ойын дәлелдей алатын, білім алып, тәжірибе жинақтайтын, істеген ісіне есеп бере алатын, өмірлік ұстамы, идеялары, мұрат сенімі болатын, жалпы айтқанда жеке адамды қалыптастыру.Қашан да болмасын, психология ғылымының ең негізгі мәселесі мен тақырыбы өзектілігі мен көкейкесті мәселесі - жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды зерттеу болып табылады. Әрбір жеке адамның дамуының жоғарғы жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді. Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады. Яғни кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кишек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, сыртқы ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түріне жататына күмән келтіруге болмайды. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы ұғым.Зерттеу өзектілігі жеке адамды дамыту қажеттілігінен туындап отыр. Қорыта келгенде, жеке адамды жан-жақты және үйлесімді дамуына әсер етуші негізгі факторлардың бірі болып-қарым-қатынас болып табылады. Қоғам мүшесі жеке адам әр түрлі қатынастардың, әсіресе, материалдық игіліктерді өндіру және тұтынуға байланысты туындайтын қатынастардың ықпалында болады.Қоғам жеке адамға мектептегі оқу мен тәрбие, радио, теледидар және де басқа бұқаралық насихат құралдары арқылы идеологиялық ықпал етеді. Жеке адамның қалыптасуына сонымен бірге оның өзі кіретін әлеуметтік топтың психологиясында әсер етеді. Қарым-қатынас процесінде адамдар бір-біріне ықпалын тигізеді, соның нәтижесінде көзқарастағы, әлеуметтік таңындағы ортақтық және қоғамға деген қатынастардың өзге де түрлеріне, еңбекке, адамдараға, өз басының қасиеттеріне ортақ көзқарас қалыптасады. Демек, жеке адамның өмірдің материалдық және саяси жағдайларын бейнелеуі ірілі-ұсақты әлеуметтік топтардық, ал социализм жағдайында-тұтас қоғамның идеологиясы мен психологиясына орайласып келеді екен.Жеке адамның сыртқы ортамен қарым-қатынас ауқымы неғұрлым кең болса, оның өмірдің әр қилы жақтарымен байланысы соғұрлым алуан түрлі болады, ол қоғамдық қатынастар дүниесіне соғұрлым тереңірек бойлайды, соғұрлым оның өз рухани дүниесі байи түседі.Жеке адамның әлеуметтік табиғатын талдап, оның тұлға екендігі жайында сөз еткенде, біз оның биологиялық жан екендігін естен шығармаймыз, тек антропологиялық ерекшеліктеріне ғана-дене құрылысы, қарапайым инстинктері сияқты психикалық процестері мен қасиеттерін зерттеу жағына т.б көңіл аудармаймыз. Біз, тірі организімнің бойында жүріп жатқан химиялық реакцияларының жаратылыстану-ғылыми мәніне көңіл бөлмейміз. Адамды биологиялық және әлеуметтік құбылыстардың бірлігі ретінде қарастыру оның тұлға ретінде түсіндірудің психологиялық ұғымына жатады.Жұмыстың мақсаты. Жеке адам түсінігіне сипаттама жасай отырып, жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларды, қозғаушы күштерін, жолдары мен құралдарын ашып көрсету.Жұмыстың міндеттері:-Жеке адам туралы жалпы түсініктерді салыстыра зерттеу.-Жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері мен қоғамдық мәнін зерттеу.-Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдарын жеке-жеке зерттеу.-Жеке адам дамуының қозғаушы күштері мен факторлары зерттеу.Зерттеу пәні. Жеке адамның қалыптастыру жолдары мен құралдары.Зерттеу объектісі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.Жұмыстың әдіснамалық және теориялық негізі. Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторларын зерттеу мәселесісіне Л.С. Выготскийдің, В.Н. Мясищев, В.Т. Ананьев, А.А. Бодалев іс-әрекеттік ықпалын тигізді. Сонымен қатар шетел психологтары Зигмунд Фрейд, Джордж Герберт, Гарольд Гарфинкельд өз концепциядары мен теориялары зерттеу жұмысына негіз болды. Зерттеуге әдістемелік өзек болған еңбектер - Г.С. Абрамова, А.А. Бодалев, Ганс Айзенк, Л. Первин, О. Джон, В.С. Мухина, В.Н. Куницына, Б.Д. Парыгин т.б. жұмыстары болды.Зерттеу әдістері мен әдістемелері. Зерттеуге қойылған мақсаттарды шешу мен болжамдарды тексеруде бірін-бірі толықтырушы және бірін-бірі тексеруші әдістер қолданылды. Л.С. Григореваның Психология и личность атты еңбегінде жеке адамның қалыптасуындағы әсер ететін қозғаушы күштер мен құралдар кеңінен көрсетілген. В.Ф. Ряховтың Жеке адамның қарым-қатынас деңгейін анықтайтын тест, Стюзен Деллингердің жеке адамның ерекшеліктерін анықтайтын Психогеометриялық тест қолданылды. Сонымен қатар жас ерекшелігіне байланысты бастауыш мектепжасындағы баланың қалыптасуына қозғаушы күштерді анықтауға арналған Отбасы суреті тесті қолданылды.Зерттеудің негізгі кезеңдері.Бірінші кезең - ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесі бойынша психологиялық -педагогикалық әдебиеттерді жинақтау және оларды оқып-үйрену, зерттеу мәселесінің қазіргі кездегі хал-ақуалын анықтау істері жүргізілді. Осының негізінде зерттеу параметрлері, әдіснамасы, зерттеу объектісі, пәні, болжамдары, әдістері анықталды.Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға жүйелі - құрылымдық талдау жүргізілді. Жас ерекшелігіне байланысты жеке адамның даму ерекшеліктері ашылып, қарым-қатынас даму динамикасын зерттеуге арналған экспериментті-эмпирикалық жұмыстар жүргізілді.Белсенділік іс-әрекетпен, оның бағдар-мақсатымен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты. Іс-әрекеттің белсенді болуы жайында психологияда әр алуан көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі -- Австрия ғалымы З. Фрейдтің пікірі. Ол адамның белсенділігі инстинктті әрекеттеріне, соның ішінде жыныстық еліктеу мен өзін-өзі сақтау инстинктіне байланысты дейді.Адам мұндай инстинкттерге шек қойып, оларды тежейді, өз бойындағы күш-қуатын сақтап, оны басқа мақсаттарға, мәдени қажеттіліктерін өтеуге жұмсайды. Сөйтіп, ол өзінің мінез-құлқын саналы түрде басқарады. Алайда, З. Фрейд пен оны жақтаушы зерттеушілер адамның-белсенділігі сол жыныстық еліктеудің шеңберінен шыға алмайды деп, Эдип комплексі дейтін мәселе көтеріп, ерте замандағы грек жазушысы Софоклдың Эдип патша атты шығармасының сарынын уағыздайды.Ғылыми зерттеулерінде кемшіліктер болғанымен де, З. Фрейдтің адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық құбылыс екендігін дәлелдеп беруінің өзі-айтарлықтай жаңалық. Дегенмен, оның белсенділік әрекеттің қозғаушы күші жыныстық қатынастарға сәйкес дамиды дейтін пікірін көптеген шетелдік психологтар орынсыз деп санады. Атап айтатын болсақ, А. Кординер, Е. Фромм, К. Хорни, З. Фрейд көзқарасының кемшілігін ашып көрсете алмаса да, өздерінше жаңа фрейдизм деген ағымды тудырды.Жаңа фрейдизм ағымы адам тіршілік еткен ортасына тәуелді болып, сол ортаға бейімделгіш келеді деп санады. Жаңа фрейдшілдердің ойынша, тіршілік ортасына бейімделген адам әлеуметтен өзінің ғашығын іздейді, соған ұмтылады, билік үшін күресте беделге ие болады, адамдар тобының ырқына көніп, мақсатына жетуге талпынады.К. Хорни адам қоғамнан аулақ болып, ғашығымен мұңдасып, оңаша сырласқысы келеді дейді. Сөйтіп, жаңа фрейдшілдер адамның белсенділігін асыра дәріптеп, оған мистикалық өң берді. Ал шын негізінде адамның белсенділік іс-әрекеттері ғылыми-материалистік тұрғыдан қарастырылуы тиіс болатын.Белсенділік әрекет адамның қажеттіліктерін қанағаттандырып, мұқтаждықтарын өтеу әрекет-терімен ұштасады.Курс жұмысының құрылымы. Курс жұмысы екі тарау және тараушалардан құралған.Бірінші тарауда: Жеке тұлға феноменіне түсініктеме бере отырып, жеке адамды зерттеудің мақсат-міндеттері және қоғамдық мәнін ашуға бағытталған зерттеулер бандалған.Екінші тарауда: Жеке адамның қалыптасу жолдары мен құралдары, дамуының қозғаушы күштері және факторлары көрсетілген. Курстық жұмыс кіріспеден, тарау, тараушалардан, қорытынды бөлімінен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымша бөлімдерінен құралған. Жалпы көлемі 31 бет (1 интервал).І ТАРАУ.ЖЕКЕ АДАМ ФЕНОМЕНІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗЕРТТЕУЛЕР МЕН ЖЕКЕ ТҰЛҒА ТҮСІНІГІНЕ СИПАТТАМАЖеке адам жөніндегі түсінік және жеке адамның қасиеттеріЖер бетінде адам ұзақ эволюцияның барысында өзінің жануарлын морфологиясын өзгертіп, денесінің тік жүру қалпына келуі, сөйтіп алдыңғы аяқтарының жүру қызметінен босап, қолға айналуы нәтижесінде пайда болды, бұған қоса дыбысты сөйлеу тілінің қалыптасуы-мұның бәрі мидың дамуына алып келеді. Адамның морфологиясыныц өзгерісі оның қоғамдық, дәлірек айтқанда, ұжымдық өмір сүруінің материалдың бірлігі, негізі десе де болады.Адам биоәлеументтіктің бірлігі ретінде туады. Демек ол дүниеге келгенде толық қалыптасқан анатомия-физиологиялық жүйе түрінде келмейді; ол әлеуметтік жағдай барысында қалыптасады.Жеке адам түсінігі адам түсінігіне қарағанда біршама тар мағынаға ие. Оның қоғамдьқ мәні мен әлеуметтік функциясы жеке адам сипатта-масының ең басты көрсеткіштері болып табылады. Жеке адам тек қана қоғамдьқ ғылымдардың: тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика тағы басқалардың зерттеу объектісі.Жеке адам-қоғамда белгілі бір жағдайға ие және белгілі бір қоғамдық ролін атқаратын, саналы индивид. Роль дегеніміз - жеке адамның атқаратын әлеуметтік қызметі. Мәселен, ата-ананың ролі - балаларын тәрбиелеу, мектеп директорының ролі-мұғалімдер ұжымын басқару және оқушыларды оқыту барысын ұйымдастыру.[2].Жеке адамның позициясы дегеніміз-оның қатынастарының жүйесі. Жеке адамның мәнді қатынастарына: өмірдің материалдық жағдайларына, қоғамға және адамдарға, өзіне-өзі мойнына алған міндеттерге, қоғамдьқ, еңбек міндеттеріне деген қатынастар жатады. Бұл қатынастар жеке адамның адамгершілік бейнесін,оның әлеуметтік бағдарын сипаттайды.Қатынастарды тек олардың объектіге деген бағытына қарап қана айырмайды, сондай-ақ олардың аңғарылу деңгейіне байланысты да ажыратады. Әдетте қатынастарды аз аңғарылған және терең түсінілген деп бөледі. Аз аңғарылатын қатынастар дегеніміз-қуанту мен жек көру сезімдері. Терең түсіну дегеніміз - принципті қатынастар, олар ситуация таланттарымен емес, жеке адамның қалыптасқан адамгершілік мұратымен, ішкі сенімімен, парызбен міндеттерді сезінумен анықталады. Сөйтіп, материалистік философия мен психология жеке адамда әлеуметтік мәні тұрғысынан қарастырады. Жеке адам дегеніміз-ол да сол адам, тек ол бұл ретте қоғамдық мәні мен қоғамдық іс-әрекеті жағынан қарастырылады. Физиолог адамда организм ретінде зерттейді, әлеуметтанушы адамда жеке адам ретінде қарайды. Міне,сондықтан да жеке адаммен оның құрылымын анықтағанда әлеуметтік және биологиялық жағына бірдей орын беретін кейбір психологтармен келісуге болмайды. Жеке адам дегеніміз-саналы индивид. Жеке адамның қоғамдық ролін оның психологиясын талдамай тұрып түсіну мүмкін емес: іс-әрекетпен айналысу себебін, қабілеті мен мінез-құлқын, ал кейбір жағдайларды тіпті дене құрылысын тексеруге болады.Жер бетінде адамнан қастерлі,адамнан артық еш нәрсе жоқ. Себебі адам бір бойына бүкіл әлемді сыйғызып тұрған ерекше құбылыс. Ұлы ойшылдар адамға мынадай анықтама береді: Адам-ақыл иесі, Адам-сана иесі, Адам-бостандық иесі. Ақыл, сана және бостандық-адамның адамдық жігерлігінің сипаттамасы.Адам жөнінде психологияда сөз қозғасақ, онда нақтылы жеке адам туралы айтатынымыз рас. Сонымен қатар адам жөніндегі ұғымда басқа да бір-біріне өзара жақын көптеген түсініктер бар: адам, индивид, даралық, тұлға. Жалпы алғанда бұл ұғымдар бір ғана мағына бергенімен, ал өмірде, ғылымда олардың әр-түрлі түсініктері болады.Индивид жеке адам -бұл әлдебір тұтастықтың өкілі ретіндегі жеке кісі (адамзатқа қатысты бір адам, белгілі бір әлеуметтік топтың өкілі). Жеке адам ретінде жарық дүниеге келгенде адам біртіндеп жеке адам ретінде қалыптасады. Бұл процестің тарихи сипаты бар: дүниеге келгеннен кейін адам қоғамдық қатынастардың белгілі, тарихи тұрғыда қалыптасқан жүйе-сіне қосылады.Жеке адам дегеніміз-әрбір кісінің әлеуметтік сипаттамасы, яғни мұның мәнін оның сапалы, не қаны, не дене құрылысы ғана білдіріп қоймайды, оның әлеуметтік сапасы айқындайды. Еңбектену арқылы пайда болған тіл-ойлау мен сөйлеуді тудырады, ал тілдің негізінде сөз жасалады. Сөз арқылы, сөйлесудің нәтижесінде адамдардың өзара қатынасы қалыптасып, жоғары тиімділікке қол жеткізеді. Адамдар тіл арқылы өздерінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсіндіруге ұмтылады.Адам жаратылысынан іс-әрекет етуші тұлға, оның барлық ерекше қасиет-тері еңбектің нәтижесінде, тарихи даму арқылы қалыптасқан. Жеке адамның қоғамда өмір сүруі нәтижесінде бойына жинақтайтын сапалық қасиеті олардың өндірісте, қоғамдық еңбекте қалыптасатын күрделі және көпсапалы қатынастарын анықтайды. Даңқ, ақыл, байлық, тартымдылық және дарын-бәрі де адамның сапасы. Бұлардың әрқайсысы шын мәнісінде мазмұнды, себебі бір адамның мақсат-мүддесі адаммен қатынасы арқылы жүзеге асырылады. Жеке адамның осы қасиеттері қоғамнан ажыратылса, оның жеке басының сапасы затпен қамтамасыз етілмеген ақшаның сатып алу қабілетіндей ғана болып қалады.Даралық-жеке адамның өзіне ғана тән белгілі бір сипаттамасы. Мұны әр адамның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас ұштасуы деп түсінген жөн.Даралық-адамды басқадан ажырататын өзіндік ерекше өзгешелігі. Әрбір адам айналадағы дүниені өзгеше түсініп, өзгеше қабылдайды, оның ақыл есінің, ойының, зейінінің өзіне гана тән ерекшеліктері бар құштарлығы мен өзіндік қиялы, өз қызығуы мен ұғатып, көңіл-күйінің ерекшеліктері, азды-көпті эмо-циялық тебіреністері, күшті не нашар дамыған ерік-жігері, түрлі мінез-бетістері болады. Адамның ішкі жан дүниесі, яғни қалыптаса келе қол жеткізген мені - ең тереңде жататын барынша нәзік те бағдарланатын өлшем. Жеке адамның ішкі жан дүниесі сол адаммен бірге туып, дамып жетілетін соның өзіне ғана тән нәрсе. Жеке адамның белгілі дәрежедегі психикалық және әлеуметтік тұрғыда даму деңгейі сол адамның өз алдына маңызды мақсаттар қойып,оларды орындай алуына мүмкіндік тудырады, оның бойында дербес көзқарас пен қарым-қатынас қалыптасып, өзіндік адамгершілік талаптар қоюмен іс-әрекетіп бағалауларына түрткі болады. [3].Жеке адамға белгілі дәрежеде сипаттама берегенде оның белсенділігін бірінші кезекте қарастыру керек. Белсенділік-адамға өмірдегі өз орнымен жағдайын анықтауға, ұстаған адамзаттың позициясын аңғаруға мүмкіндік тудырады.Адамның адамдығы негізінен алғанда оның іс үстінде немесе адамдар арасында болсын, өзін-өзі көрсете білуі арқылы анықталады. Жеке адамның өзін-өзі жасай алу қабілеті оның тағдырын, қоғамға қаншалықты бағалы екендігін, әрине, сондай-ақ бағалардың соған деген қатынасты мәнді түрде белгілейді.Жеке адам-белгілі бір әлеуметтік ортада атқарылатын елеулі іс-әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның себепшісі де. Қоғамдағы экономикалық саяси, әлеуметтік қатынастар әр-түрлі көріністерге ие болады. Олар әрбір жеке адамның әлеуметтік сапасын және оның іс-әрекетінің мазмұнын айырып, ажыратады. Атап айтқанда, адам осы процестің барысында өзін қоршаған ортамен қарым-қатынаста болады және сыртқы әлемге деген өзінің көзқарасын қалыптастырады. Адамның әлеуметтік қатынасы әлеуметтік сапа ретінде оның іс-әрекетінде және тәртібінде көрінеді. Адамның әлеуметтік сапасының элементтеріне оның белгілі бір іс-әрекетінің мақсаттары: әлеуметтік орнымен атқаратын әлеуметтік нормалармен құндылықтар, пайдаланатын жүйе белгіле-рі, әлеуметтік ролін орындауда мүмкіндік беретін білімдердің жиындығы, білім дәрежесі мен арнаулы дайындығы, әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері, жігері және шешім қабылдауға дербестік дәрежесі жатады. Осы элементтердің жиынтығы-жеке адамның әлеуметтік сапасы жөніндегі түсінікті айқындайды.Даралық дегеніміз-өзіндік өзгешілігі бар жеке адам. Даралық туралы сөз қозғағанда жеке адамның өзінше бөлек сыр-сипатын айтады. Әдетте даралық деген сөзбен жеке адамды басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір басты қасиетін көрсетеді. Кез-келген адам өзінше дара, бірақ кейбір адамдардың даралығы тайға-таңба басқандай, мен мұндалап айқын көрініп тұрады да, басқаларыныкі онша байқала қоймайды.Даралық интеллектілік, эмоциялық, еріктік салаларда немесе психикалық іс-әрекеттің барлық саласында бірден көрінуі мүмкін. Интеллектінің өзіндік ерекшілігі оның басқалар байқай бермейтіндігі көре білу қабілетінде, ин-формацияны өңдеу ерекшіліктерінде, яғни алдына мәселе қойып, оның шеше білуінде болып табылады. Сезімдердің ерекшелігі олардың белгілі біреуінің шеттен тыс дамуынан эмоциясының өте шапшаңдығынан көрінуі мүмкін. Ерік ерекшелігі ерік-жігердің күшінен, таңғажайып ерліктен немесе асқан ұстамды-лықтан көрініс табады. Өзінділік нақтылы адамның бойындағы қасиеттердің оның мінез-құлқы мен іс-әрекеттеріне ерекше өң беріп, үйлесін табады деу керек.Даралық жеке адамды нақтырақ, дәлірек, солай болған соң да толығырақ сипатайды. Ол жеке адамның психологиясын зерттеген кезде де, сондай-ақ психологияның басқа бағыттары қарастырылғанда да зерттеудің тұрақты обьектісі болып табылады Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы адамдармен қарым-қатынас процесінде жүзеге асады. Жеке адам ұғымын индивид пен адамның ерекшелігі (индивидуальность) жөніндегі ұғымдардан ажырата білу қажет. Индивид ұғым кісінің адам баласына жататынын ғана білдіреді. Ал жеке адамның ерекшелігі жайындағы ұғым бір адамның екінші адаммен салыстырғандағы физикалық және психологиялық ерекшеліктерін, тек өзіне тән қасиеттерін білдіреді. Жеке адам ұғымы адамның өзіне тән қасиеттері мен атқаратын әлеуметтік қызметін түгел қамтиды. Идеализм жеке адамды әлеуметтік өмірден тыс, тарихты өз бетімен жасайтын рухани жан деп есептейді. Тарихи материализм жеке адамды қоғам дамуының нәтижесі, әлеуметтік ұжымның бір бөлігі, мүшесі деп ұйғарады. [5].Жеке адамның дамуын филогенетикалық және онтогенетикалық тұрғыдан түсінуге болады. Адам өзінің жеке басын алғашқы қауымдағы ру бірлігінен ажыратып, ұжымнан бөлініп шыққаннан кейін барып жеке адам пайда болады. Онтогенетикалық тұрғыдан қарағанда индивид дайын күйінде жеке адам атрибутымен тумайды. Жеке адамның қарым-қатынас, еңбек негізінде қалыпта-сады. Яғни, қарым-қатынас біріккен іс-әрекет қажеттілігін туғызатын, адамдар арасындағы байланыстың дамуын орнататын күрделі көп жоспарлы процесс, адамдардың танымдық хабарлар, алмасуы, өзара түсілуі, бірін-бірі қабылдауы. Қарым-қатынассыз жеке адамның ешбір психикалық функциясы да психикалық процессі де, толығымен дамып, қалыптаспайды. Қоғамдағы және топтағы жеке адамның өмірі қарым-қатынассыз болуы мүмкін емес.Жеке адамның бойында қаыптасқан бағытылық онымен байланысты қабылдаулармен эмоциялық реакциялардың таңдалып алуына әкеліп соғады. Міне, сондықтан да адам болмыстың қажеттілігіне, мүддесіне және бағдарына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаның дамуы
Жеке тұлға тәрбиесі
Тәрбие — жеке түлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы ретіңде
Жеке тұлға, әлеуметтік жағы, адамның бойындағы әлеуметтік сапалар
Жеке тұлға - өзінің қалыптасу барысында өзіндік дамуының объектісі
Тұлғаның ақыл - ойының қалыптастыру процесі
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
Әлеуметтік педагогикалық факторлардың жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын арттыру жолдары
Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде
Психологияда тұлға мәселесі
Пәндер