Атмосферадағы ауаның ластануын туғызатын негізгі себептер



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Атмосферадағы ауаның ластануын туғызатын негізгі себептер
3. Ауа ластанудың адам ағзасына тигізер кері әсері
4. Қорытынды

1. Кіріспе

Атмосфера - бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Ол жер шары халықтарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге тең келмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Атмосфера бірнеше қабаттан тропосфера, озон, стратосфера мезосфера термосфера және экзосферадан тұрады. Тропосфера мен озон қабатының тіршілік үшін маңызы ерекше. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Шекарасы болмайтын атмосфера ауасының ластануы оп оңай әрі ластану барлық жер бетіне тез арада-ақ таралады.
Атмосфералық ауаның ластануы қазіргі замандағы ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Халық санының өсуі мен адамның өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық әрекеттерінің қарқынды жүруі ауаның қауіпті масштабта ластана бастауына және күтілмеген салдары дамуына әкеп соқты. Жалпы, биологиялық процесс үшін оттегінің маңызы өте зор, ал көмірқышқыл газы фотосинтез процесіне өте қажет. Адам тамақ ішпеуге бар, бірақ тыныс алмай өмір сүре алмайды, себебі адам организмінде оттегі қоры шектеулі. Ол 2 - 3 минут қана тыныс алуына жетеді, ал бес минут өткен соң, ауа келмегендіктен адам организмінде орнына келмейтін процесс басталады, ми қабаты жұмысын тоқтатады, биологиялық өлім келеді.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау күрделі әрі аса өзекті мәселелердің бірі. Атап айтқанда, ауаның ластануы. Қазақстанның тарихи табиғи жағдайлары жағымсыз әсерлерге қарсы тұра алмады, бұл орны толмас салдарға әкеліп отыр. Тың және тыңайған жерлерді игеру, топырақтың жалпы эрозиясына әкелді, Семей полигонында ядролық қаруды сынау - табиғатты радиоактивпен ластандырды, су ресурстарын есепсіз пайдалану - Арал көлінің толық дерлік жойылуына әкелді. Ал ел ойланбастан өз дегеніне жету мақсатында кезектен кезек өнеркәсіптерді салуда. Нәтижесінде атмосфера ластанып, адамдардың өздеріне ауру әкеліп зардабын тигізуде. Қазақстанның ұлан-ғайыр аумағын қамтыған экологиялық ахуал сын сызығына жетті, бұл адам денсаулығының ғана емес, ұлттық ген қорының да бұзылуына (нашарлауына) әкелетіні сөзсіз.

2. Атмосферадағы ауаның ластануын туғызатын негізгі себептер

Негізінен, ауа ластануын 2 түрлі факторға бөле аламыз. Ол антропогенді, яғни, адам қолымен жасаса, екіншісі - табиғи жол болып табылады. Ондай табиғи қосындыларға шаңдар жатады, олар, негізінен, өсімдіктер түрлерінен, вулкандардан, эрозияға ұшыраған топырақтан, ғарыш шаңдарынан тұрады және өрт түтіндері, газдар да жатады. Ал негізгі антропогендік көздер қатарына өнеркәсіп орындарының кейбір салалары, автокөлік, және жылу энергетикасы жатады. Қазақстанда тұрақты өнеркәсіп орындарының көздерінен атмосфераға жыл сайын (1995 ж - 3,1млн. г,1997 ж - 2,37; 1998 ж - 2,33) зиянды заттар шығады атмосфераға кететін зиянды қосындылардың жартысына жуығын энергетика, ал түсті металдар - 22,7%, қара металдар - 15,7% береді.
Атмосфераға зиянды заттарды шығаруда автокөліктер үлкен орын алады. Автокөліктерден ауаға шығарылатын пайдаланылған жанармай газдарының құрамына 200-ден аса химиялық қосылыстар кіреді. Қазақстанның үлкен қалаларында автокөліктердің зиянды заттарды шығарудағы үлесі 60 - 80 % құрайды. Ал Алматы қаласында -- 90 %. Бүгінде елордада машиналардың саны 343 мыңнан асады. Демек, атмосфераның тазалығы Астана үшін де түйткілді мәселе. Ең көп тарайтын улы заттар - углеродтың оксиді (СО), күкірттің диоксиді (SO2) азоттың оксиды (МОх) көмірсутегі (Cn Hm) және қатаң заттар (шаң). Атмосфераға одан да улы заттар шығады, мысалы, фтордың қосындысы, хлор, қорғасын, сынап және бензапирен. Осы күндері атмосфераға 500-ден астам улы заттар шығады екен, оның саны күннен күнге ұлғаюда. Автокөлік тек ауаны ғана ластап қоймай, сонымен қатар, жанармайдың жану үрдісіне де оттегінің көп мөлшерін жұмсайды. Бір автокөлік жылына 4 т жуық оттегіні тұтынады. Атмосфераның ластануына көліктердің басқа да түрлері өз үлесін қосады. Әсіресе, соның ішінде, ұшақтардың алатын орны ерекше, себебі, олар ұшуы кезінде де және көтерілуі мен қонуы кезінде де ауаны ластайды. Ластаушылардың ауаға түсуінің шыңы ұшақтардың көтерілуі және қонуы кезінде әуежайда байқалады. Мысалы, бір Боинг ұшағы көтерілген кезде бөлінетін заттардың мөлшері, 6850 Фольксваген жеңіл автокөлігінен бір уақытта шығатын шығарындылардың мөлшеріне тең.
Қазақстан жағдайында ауа бассейнінің ластануы көбінесе қатаң континентальды ауа райына да байланысты. Жауын-шашын мөлшері өте аз болғандықтан, ауаның табиғи тазаруы нашар. Мысалы, Алматы, Шымкент, Ленинагор, Зырян, Глубокое қалаларында ауа бассейіндерінде табиғи ауа ағыстары балмайды, соның себебінен қалалар үнемі қалын зиянды улы тұманмен оранып жатады. Ауа бассейінің құрамында ауыр металлдардың болуы да өте қауіпті.
Қазіргі таңда ауаны ластауға жер шарындағы мемлекеттер өзінің экономикалық даму деңгейіне қарай түрліше үлес қосып келеді. Біздің республикамызда атмосфера ауасына шығарылатын зинды заттар мен газдар, т.б. бөгде химиялық қосылыстар Казгидромет ғылыми-зерттеу институтының үнемі бақылауында болып отырады. Ол көршеткіштер әр жылға және тоқсанға жіктеліп Ақпараттық экологиялық бюллетень журналы арқылы көпшілікті хабардар етеді. Атмосфераның ластану индексін (АЛИ) бағалау бойынша 1995-2000 жылдар аралығында ауасы ең көп ластанатын қалаларға Ленингор, Зырян, Алматы, қалалары кіреді. Әрине бұл үнемі өзгеріп отырады. Өйткені аталған қалалардағы өнеркәсіптің т.б. ластану көздерінің жұмыс істеу қарқыны бірдей емес. Мысалы, 1995 жылдары ең көп ластанған қалалардан бірінші орынға Жезқазған, Балқаш қалалары шықса, ал 1999-2001 жылдары Ленингор мен Өскемен шығып отыр. Бұл жерде қара металлургияның ластағыштары және түсті металлургия кәсіпорындарынан шығатын қалдықтар көп. Алматы мен Зырян қалаларының зиянды заттарды сейілтуге метерологиялық жағдайы қолайсыз.

3. Ауа ластанудың адам ағзасына тигізер кері әсері

Жалпы, бұл айтылып отырған мәселелердің барлығы экологиялық проблемалар қатарына жатқандықтан, демек, халықтың денсаулығы зардап шегіп отыр деген сөз. Сол себепті адамдардың денсаулығын қадағалап, осы жағдайды шешіп алу керек. Әрине, егер бізді қоршап тұрған табиғат әсем де, көз тарталық сипатта болса, қандай ғажап болар еді. Сонымен қатар, адамдардың денсаулығы мықты, экологияның әсерінен туатын дерттің саны аз болса, адамдар әр жұмысқа қабілетті, ел экономикасының одан әрі дамуына әсер етер еді. Ұлан - ғайыр кең даламыз бар, ал сонда тұратын халықтың саны тек 17 миллиондай ғана, демек бізге дені сау, білімді, қабілетті ұрпақ қажет.
Атмосфералық ауаның қарқынды ластануы тұрғындардың денсаулығына тікелей де және оның тіршілік ортасына басқа орта арқылы да қолайсыз әсер етеді. Ластаушылардың адам ағзасына атмосфера арқылы түсуі негізгі түсетін жолы болып табылады, себебі тыныс алу - үзіліссіз үрдіс, осыған байланысты тәулік ішінде өкпе арқылы ауаның өте үлкен, 10-12 м3 дейінгі, көлемі өтіп отырады. Альвеолалар бетінің үлкен ауданы ауаның ғана емес, сонымен бірге, оның құрамындағы ластаушылардың да еш кедіргісіз қанга тез өтуіне жағдай жасайды. Осы жолмен түскен ластаушылардың қолайсыз әсерлері, басқа жолдармен түсуіне қарағанда, тез және айқын білінеді, себебі зиянды заттар улануды жоятын табиғи тосқауыл - бауыр арқылы өтпей, қанмен бүкіл ағзаға тарайды.
Атмосфераны ластаушылар адам ағзасына жедел және созылмалы әсер етуі мүмкін. Жедел ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы атмосфералық ауа ластануының мониторингі
Атмосфераның қасиеті
Көлік жүйелерінде экологиялық тәуекелдерді басқару
2010-2012 жылдары аралығында атмосфералық жауын-шашынның химиялық құрамының өзгеруі
Атмосфераның табиғат пен тірі организмдер тіршілігіндегі рөлі
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Атмосфералық ауаны ластаушы заттар
Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және анықтау
Биосфераның ластануы туралы ақпарат
Ашық тау өндірімдері
Пәндер