Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және міндеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Музыкалық білім беру педагогикасының пәні және міндеттері

Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді.
Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды.
Музыкалық білім беру педагогикасы - қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірибесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірибесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі барысында бірте-бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады.
Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері.
Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады.
Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардың ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.
Ән салу, музыкалык шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозгалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бірізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.
Басқа да өнер түрлері сияқты музыка - танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембр мен гармонияның мәнерлілігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы - тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының өресін биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зср.
Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу әдістемелік құрал «Музыкалық этнография»
Музыкалық білім беру педагогикасының маңызы және педагог - музыканттың әдіснамалық мәдениеті жайында
Музыкалық білім беру педагогикасының жалпы мәселелері
Музыкалық білім берудегі сатылай кешенді кешенді дамудың ерекшелігі
Музыка танушылар мен ғалымдар музыкалық білім жөнінде
Орта топ балаларын музыка тыңдауға үйретудің ерекшеліктері (4-5 жас)
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Музыкалық білім берудегі бағдарлама сипаттамасы
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы балалардың музыкалық тәрбиесі
Пәндер