Табиғат - баға жетпес сый жобасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

«Табиғат -баға жетпес сый» жобасы

Осы оқу жылында «Табиғат -баға жетпес сый» атты жоба бойынша жұмыс жасау ұсынылады. Жоба әрекеті дегеніміз -қоғамға қызмет етуге бағытталған бұл әрі зерттеу, әрі шығармашылық әрекеттің тәжірибеде жүзеге асырылуы болып табылады. Жоба жұмысы бүкіл оқу жылы бойына жүргізіледі. Жобаны дайындау көздеріне өзін-өзі тану оқулығы, танымдық кітаптар, телехабарлар, ғаламтор, отбасы мүшелерімен, сыныптастарымен, достарымен, өмірі өнегелі адамдармен және әрине, табиғатпен байланыс, сондай -ақ қызықты істерге, шараларға қатысу, оларды өткізуге атсалысу және іс-әрекеттің басқа да түрлері жатады.

Жоба сендерге адам мен табиғаттың байланысын қаншалықты терең түсінетіндеріңді, қоршаған ортаның, өздерің тұратын жердің өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғап, сақтап қалу үшін көптеген пайдалы және қайырымды істер жасай алатындарыңды дәлелдеуге мүмкіндік береді. Жобамен жұмысты аяқтаған соң, оның қорытындылары мен қол жеткізген нәтижелерін фильм, слайдтық таныстырылым немесе бейнеролик және т. б. түрде қорғап, жалпы іске қосқан өз үлестеріңді көрсетесіңдер.

Жобаны жүзеге асыру барысын көрсету үшін оқушы дәптерінде Жоба күнделігі берілген.

Жобаның бірінші кезеңінде жобаның мақсатын анықтап, «табиғат» ұғымына қатысты сұрақтарға жауап беру керек. Бұл кезең -шешімі табылуға тиіс міндеттерді анықтауға мүмкіндік беретін зерттеу кезеңі. Туған өлкенің табиғатын зерделеңдер. Бұл үшін, мысалы, мектептерің орналасқан жердің, демалыс орындарының, қала сыртындағы жердің табиғатын зерттеуге болады. Сонымен бірге түсірілген суреттер мен бейнематериалдар бойынша коллаж құрастырып, бейнероликтер даярлауға, қаланың белігілі адамдарымен, БАҚ өкілдерімен, қоғам қайрткерлерімен, бір сөзбен айтқанда белсенді өмірлік ұстанымы бар тұлғалармен кездесулер өткізуге болады.

Бірінші кезеңдегі орындалған жұмыстың қорытындысы ретінде өздеріңнің қайырымды достарыңды шақырып, тақырыптық кеш өткізуге, өмірі мен еңбек жолы басқаларға үлгі өнеге болатын тұлғалармен кездесулер ұйымдастыруға, оқушылардың табиғат туралы салған суреттер байқауын өткізуге болады. Мүмкін, сендер өздерің адам өміріндегі табиғаттың алатын орнын, оның маңызын терең ұғынуға мүмкіндік беретін басқа да қызықты әрі пайдалы істердің түрін ойлап табатын шығарсыңдар.

Жобаның екінші кезеңінде сендердің табиғатқа, қоршаған әлемге жасайтын қамқорлық пен көрсететін жалпы істің нақты жоспарын жасау керек. Өздеріңнің осы қайырымдылық шараларыңа төменгі сынып оқушыларын да тартыңдар. Олармен бірге табиғат аясында сабақ өткізуге, табиғат туралы суреттер байқауын ұйымдастыруға қатысып, сыныптарда табиғат бұрышын жасауға көмектесіңдер. Төменгі сынып оқушылары үшін адамның табиғатта өзін-өзі қалай ұстау керектігі туралы жаднама даярлап, өсімдіктер мен жануарлардан келетін пайда туралы айтылатын бояма-кітапшалар даярлаңдар.

Үшінші кезеңде ойластырылған идеялар мен жоспарлар іске асырылады. Сонымен қатар қоршаған табиғатты қорғау, мектеп ауласы мен өз үйлеріңнің ауласын, демалыс орындарын жақсарту жолдарын ойластырып, достарыңмен бірге әрекет жасап, айналаға көмектесіңдер. Өздерің және достарыңмен өткізген сенбіліктерді, ағаш отырғызуға байланысты еңбек десанттарын, табиғатты қорғау акцияларын сурет және бейнематериалдар арқылы көрсетіңдер.

Төртінші кезең - қорытындылаушы кезең. Бұл кезеңде жобаның нәтижелерін рәсімдеп жариялап көрсетіңдер. Бұл -бейнеролик, фотоколлаж, слайдты таныстырылым, көркем туынды немесе басқа да түрде болуы ықтимал. Мүмкін бірнеше жанрдың мүмкіндіктерін қатар пайдаланатын шығарсыңдар?

Жобаға қатыса отырып, сендердің жалпыадамзаттық құндылықтарға сәйкес өмір сүрудің маңыздылығын, адамның өзі бір бөлшегі болып табылатын табиғатты аялау және қорғаудың қаншалықты маңызды екендігін түсіне білгендеріңе сенімдіміз.

Сендерге жоба жұмыстарын жүргізу арқылы өздеріңнің ең бір батыл және қайырымды идеяларыңды жүзеге асыруда табыстар тілейміз!

«Табиғат -баға жетпес сый» жобасы

1 кезең

  1. Жобаның мақсатын анықтап, жоба бойынша қандай сұрақтарға жауап беру қажет екендігін айқындаңдар.
  2. Өздерің туған өлкенің табиғатын зерттеңдер. Ол жердің табиғи байлықтарын, адамдарға қандай пайда әкелетінін, жалпы жағдайын және адамдардың табиғатқа қарым-қатынасын сипаттаңдар.
  3. Мектеп айналасының, тұрғындар демалатын орындардың, қала сыртындағы аймақтың табиғатын бақылаңдар. Айналадағы жасыл аймақты суретке немесе бейнетаспаға түсіріп, орындалған фото-бейнематериалдар негізінде фотоколлаж құрастырыңдар немесе бейнеролик дайындаңдар.
  4. Қала (ауыл) тұрғындарымен табиғат жағдайы туралы сұхбат жүргізу үшін сұрақтар әзірлеңдер.
  5. Қаланың (ауылдың) белгілі адамдарымен, Бақ өкілдерімен, қоғам қайраткерлерімен, бір сөзбен айтқанда белсенді өмірлік ұстанымы бар тұлғалармен кездесулер өткізіңдер.
  6. Жобаның бірінші кезеңінің қорытындысын шығармашылық кеш, радио немесе телехабар, қабырға газеті, бейнесюжет түрінде шығарыңдар.
  7. Бірінші кезеңдегі атқарылған барлық жұмыстың, атап айтқанда жобаның мақсатын анықтаудан бастап сұрақтар қоюға дейінгі барысын Жобаның күнделігінде көрсетіңдер.

«Табиғат -баға жетпес сый» жобасы

2 кезең

Өздеріңнің табиғатқа, қоршаған әлемге жасайтын қамқорлықтарың мен көмектеріңді көрсететін жалпы істің нақты жоспарын жасаңдар:

  1. Адамның табиғатта өзін-өзі қалай ұстауы керектігі туралы жаднама даярлаңдар.
  2. Өсімдіктер мен жануарлардан келетін пайда туралы айтылатын шағын бояма кітапшалар даярлап, төменгі сынып оқушыларына сыйлаңдар.
  3. Төменгі сынып оқушыларымен табиғатқа, хайуанаттар паркіне серуенге шығыңдар. Кішкентай балалармен бірге құстарды, аңдарды, өсімдіктерді суретке түсіріп, фотоколлаж жасаңдар.
  4. Жан-жануарлар, құстар, жәндіктер туралы әңгімелерді тауып, оларды төменгі сынып оқушыларымен бірге оқыңдар. Оқылған кітаптар бойынша «Адам және оның кіщі бауырлары» атты суреттер байқауын ұйымдастырыңдар.
  5. Оқылған кітаптар бойынша «Қыс қатал жыл мезгілі болса да . . . » атты суреттер байқауын ұйымдастырыңдар. Өздеріңнің кішкентай достарыңмен бірге құстар мен жануарларға жемсауыт жасап, оларға үнемі жем салып жүріңдер.
  6. Кішкентай балалармен бірге «қоқыс» қанша өмір сүретінін анықтап, әртүрлі қоқыс түрлері жөнінде хабарлама дайындаңдар. Қоршаған ортаның ластануымен күрес тәсілдерін ойлап табыңдар.
  7. Төменгі сынып оқушыларының сынып бөлмелерінде табиғат бұрышын жасап, оның мекендеушілерін қамқорлыққа алыңдар.

«Табиғат -баға жетпес сый» жобасы

3 кезең

Жобаның үшінші кезеңі бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай ойыншықтарының құрамындағы зиянды химиялық заттар
Кейбір адамдар өмірін өзенмен теңиді
Мектеп оқушыларына өзін-өзі тану пәнін оқытудың ерекшеліктері
Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесі мен дамуы. Олардың өзара баланысы.
Шығыс-Қазақстан облысы жайлы ақпарат
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі анималистік мақал - мәтелдер
Сәкен Сейфуллин лирикасындағы табиғат көрінісі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің қазіргі көрінісі мен жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz