Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
6- шi дәріс
Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта. Қауіпті және зиянды факторлардың классификациясы
Адамның белсенді өмірінің едәуір көп уақыты нақты өндірістік ортада жүзеге асатын мамандығы бойынша мақсатқа бағытталған жұмысқа жұмсалады. Қабылданған нормативтік талаптар сақталмаса, оның жұмысқа қабілеті мен денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.
Өндірістік орта- табиғи-климаттық және зиянды және қауіпті факторлар (шу, вибрация, токсинді булар, газдар, шаң, иондаушы сәулелер, т.б) қамтитын адамды қоршаған ортаның бір бөлігі.
Қауіпті деп белгілі бір жағдайларда денсаулықтың бұзылуы мен ағзаның өлуіне, жұмыс қабілетігін және профессиональды ауруларды әкелетін факторлар жатады.
Сондай-ақ еңбек шарты өндірістік жағдайдан немесе жұмыс мінезінен тәуелді.
Жұмыстың мінезі мен организациясы, еңбек коллективіндегі ара-қатынастар жұмыс қабілеттілігіне және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Олар жұмыс қабілеттігін азайтатын, ауру деңгейін жоғарылататын немесе басқа да кері нәтиже беретін барлық факторлар "өндірістік (профессианальды) зияндықтар" деп аталады.
Қауіпті және зиянды факторлар бөлінеді:
Токсинді заттардан пайда болатын, организмге нашар әсер ететін химиялық;
Физикалық, себебі шуыл, діріл және тербелістің басқа түрлерінің әсері, иондамайтын және иондайтын сәулелер, климаттық параметрлер (температура, ылғалдылық және ауа қозғалғыштығы), атмосфералық қысым, жарықтандыру деңгейі, сондай-ақ фиброгенді шаңдар.
Биологиялық, патогенді микроорганизмдерден, микробты препараттардан, биологиялық пестицидтерден, сапрофитті споратүзуші микрофлорамен, микроорганизмдермен, микробиологиялық құрал-жабдықтардың продуценті болып табылады.
Зиянды факторларға сондай-ақ:
Физикалық (статикалық және динамикалық) шамадан көп салмақ салу-қиындықтарды көтеру және алып жүру, дененің ыңғайсыз жағдайы, теріге ұзақ уақыт қысым, буындар, бұлшықеттер және сүйектер.
Физиологиялық - қозғалыс активтілігінің аздығы (гипокинезия).
Жүйке-психикалық перегрузкалар ақыл-ойға салмақ түсу, эмоциональды перегрузка, анализаторларға салмақ түсу.
Адамның еңбек әрекеті және өндірістік ортасы ғылыми-техникалық прогресс өнімдерін интенсивті пайдалану барысында және әлеуметті-экономикалық туындылар арқасында үнемі өзгеріп отырады.
Қабылданған еңбек әрекетінің физиологиялық классификациясына сәйкес қазіргі уақытта еңбек формаларының мына формаларын ажыратады.
1. Бұлшықет энергиясын көп мөлшерде қажет ететін еңбек формалары.
Еңбек операциясының бұл формасы механикаландырылған заттар жоқ кезде қолданылады және энергиялық шығын 17-ден 25МДж (4000-6000ккал) және одан да көп болуын талап етеді.
Бұлшықет жүйесін дамыта отырып және зат алмасу жүйесін ретке келтіретін физикалық еңбектің бірқатар кемшіліктері бар. Бәрінен бұрын бұл еңбек өтімділігінің төмендеуіне және физикалық күшті қалпына келтіруге арналған жұмыс уақытының 50%-ға дейін жететін үзілістердің қажеттілігі.
2. Еңбектің механикаландырылған формалары.
Еңбектің бұл формаларында жұмысшылардың тәуліктік энергетикалық шығындары 12,5-17МДж(3000-4000 ккал) арасында өзгеріп отырады.
Еңбектің механикаландырылған формалары бұлшықетке түсетін салмақ сипаттамасын өзгертеді және іс-қимыл бағдарламаларын күрделендіреді. Механикаландырылған еңбек мамандықтары арнайы білім мен біліктілікті талап етеді.
Механикаландырылған өндіріс жағдайында бұлшық еттер қимылы көлемінің азаюы байқалады, жұмысқа аяқ-қолдардың ұсақ бұлшықеттері қатыстырылады, олар механизмдерді басқаруда аса қажет үлкен жылдамдық пен қимыл-әрекет дәлдігін қамтамасыз етуі тиіс. Қарапайым және көбінесе қайталанып отыратын қимылдардың біркелкілігі, еңбек барысында қабылданатын ақпарат көлемінің аздығы және біркелкілігі еңбектің бір сарындылығына әкеліп соғады.
3.Жартылай автоматтандырылған еңбекпен байланысты формалар.
Жартылай автоматтандырылған өндіріс еңбек нысанын жасау-өңдеу процесінен адамды босатады, оны толықтай механизмдер атқарады. Адамның міндеті автоматтандырылған линияларға күтім жасау және электронды түрінің сипатты белгілері-бір сарындылық, жоғары жылдамдық пен жұмыс, жүйкеге салмақ түсу.
Автоматтандырылған еңбек формаларының физиологиялық ерекшеліктері - бұл жұмысшылардың іс-қимылға тұрақты дайындығы және пайда болған ақауларды жылдам жоюға реакциясы.
"Оперативті күтудің" бұл функциональды жағдайы шаршау деңгейіне қарай әр түрлі және жұмысқа қатынасына, қажетті қимыл жылдамдығына, алдағы жұмыс үшін жауапкершілігіне және т.б. байланысты болады.
4.Еңбектің топтық формалары-конвейер.
Бұл форманың ерекшелігі-жалпы процестің жеке нақты операцияларға бөлінуі, оларды орындау тізбектілігі, детальдың әр жұмыс орнына конвейердің жылжымалы лентасының көмегімен автоматты түрде жеткізілуі болып табылады.
Еңбектің конвейерлік формасы берілген ырғақ пен жылдамдыққа сай қатысушылардың бірдей жұмысын талап етеді. Осындай жағдайда, жұмысшы операцияға қаншалықты аз уақыт жұмсаса, жұмыс соншалықты бірсарынды және оның мазмұны қарапайым болады.
Бірсарындылық-конвейерлі еңбектің жағымсыз салдарының бірі, уақытынан бұрын шаршау мен жүйке жүйесінің шаршауынан көрінеді. Бұл құбылыс негізінде іс-қимыл барысында дамитын шығармашылықтың дағдарысқа ұшырау процесі, анализаторлардың пайда болуын азайтады, көруді төмендетеді, реакция жылдамдығын азайтады, тез шаршау көбеюі жатыр.
5.Өндірістік процестерді және механизмдерді басқарумен байланысты еңбек формалары.
Адам басқару жүйесіне керекті оперативті мүше-басқару процесі неғұрлым төмен автоматтандырылған болса, адамның қатысуы соғұрлым көп болады. Физиологиялық көзқарас тұрғысынан өндірісті басқаруды екі негізгі формаға бөледі: оның біреуінде басқару адамның жиі активті әрекетін талап етеді, екіншісінде-сирек қажет етеді. Бірінші жағдайда жұмысшының үзіліссіз қарауы көпсанды қозғалыстарда немесе речедвигательді акттарда, екіншісіде-жұмысшы негізінен әрекетке дайын жағдайда болады, оның реакциясы аз санды.
6.Интелектуалды еңбектің формалары
Бұл еңбек профессиялармен көрсетіледі, мысалы, конструкторлар, инженерлер, техниктер, диспетчерлер, операторлар және т.б сияқты материалды өндіріс ортасына қатысты болады, және оған жатпайтын -ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, жазушылар, артистер, суретшілер.
Интелектуалды еңбек үлкен көлемдегі әртүрлі информацияларды қайта жасау және анализ болып табылады,және де бұның соңы-жадтың мобилизациясы және көңіл қою,стрессті жағдайлардың жиілігі.Дегенмен,бұлшықет салмақтары,заңға сәйкес,тәуліктік энергошығынды 10-11,7МДж(2000-2400ккал) тәулігіне құрайды.
Интелектуалды еңбек үшін гипокинезия сипаттайды, адамның қозғалыс активтілігін айтарлықтай азайту, ол организм реактивтілігін нашарлатады және эмоциональды салмақты көбейтуге алып келеді. Гипокинезия жақсы емес өндірістік фактор болып табылады, жүрек-қан тамыр потологиясының себептерінің бірі болып табылады.
Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында профессионалды әрекет ортасында творчествалық элементтің рөлі өседі. Келген компьютерлік ғасырда көптеген профессияларда, физикалық еңбектің артықшылығы, ақылды компаненттің үлесі артады, басқару функциясы мен контроль электронды техникаға тәуелді.
Ақылды еңбек ақпаратты қабылдау және қайта жұмыс жасаумен байланысты, сенсорлы аппараттың кернеуін қажет етеді, жады, сондай-ақ ойлау процестерінің активациясы, эмоциональды ортамен байланысты.
Ақылды еңбектің формалары операторлық, басқаратын, творчестволық еңбек, медицина қызметкерлерінің еңбегі, мұғалімдердің еңбегі, оқушылардың және студенттердің еңбегі деп бөлінеді. Олар еңбек процесінің организациясына, түсетін салмақтың біркелкілігіне, эмоциональды кернеудің деңгейңне байланысты ажыратылады.
Операторлық еңбек. Заманауи көпфакторлы өндіріс жағдайында алғашқы план басқару және бақылау функцияларының технологиялық линиялардың жұмысын, тауар айналымын, сатып алушыларға қызмет көрсетеді. Мысалы, көтерме сауда базасы диспетчерінің немесе супермаркеттің бас әкімгерінің жұмысы қысқа уақыт ішінде өте көп ақпарат көлемін қайта өңдеумен және жүйке-эмоционалдық салмақтың жоғарылағандығымен байланысты.
Басқару еңбегі-мекемелер мен өндіріс орындары басшыларының еңбегі, ақпарат көлемінің шамадан тыс өсуімен, шешімді жылдам қабылдаумен, жеке басының жоғары жауапкершілігімен, ішінара даулы мәселелердің туындауымен сипатталады.
Шығармашылық еңбекпен айналысудың неғұрлым қиын формасы, есте сақтау қабілетінің жоғары болуын, зейінді шынықтырады, сол арқылы жүйкеге эмоционалдық салмақ түсіреді. Бұл педагогтардың, бағдарламашылардың, дизайнерлердің, ғылыми қызметкерлердің, жазушылардың, сазгерлердің, әртістердің, суретшілердің, сәулетшілердің, конструкторлардың еңбегі.
Мұғалімдердің, сауда және медицина қызметкерлерінің, қызмет көрсетудің барлық саласы қызметкерлерінің еңбегі адамдармен тұрақты қарым-қатынас, жауапкершіліктің жоғарылығы, уақыт жетіспеушілігі және дұрыс шешім қабылдау үшін ақпараттың аздығы арқылы айқындалады да, жүйке-эмоционалдық салмақтың жоғары деңгейін қалыптастырады.
Оқушылар мен студенттердің еңбегі-бұл есте сақтау, зейін, қабылдау, стрестік жағдайлардың (емтихан,сынақ) туындауы сияқты психикалық функциялардың ширығуы.
Адамның еңбектің әр түрлі формаларымен шұғылдануын ой және дене еңбегінің физиологиялық негіздерін міндетті түрде есепке ала отырып, табысты жүзеге асыруға болады, ағзаның еңбекке қабілеттігін көтеруге қажетті шараларды жүзеге асыру, еңбек ұтымдары мен жекке жұмысшаларға қолайлы жағдай жасау арқылы.
Өндіріс ғимараттары мен жұмыс орындарына және аймақтарға, сол сияқты микроклиматқа қойылатын санитарлық-техникалық талаптар. Құрылыс нормалары және ережелерінде (СНиП) және өндіріс орнын жобалаудың санитарлық нормаларында көрсетілген.
Өндіріс орнын орналастыратын алаңқайды елді мекендер дамуының басты жоспарын басшылыққа ала отырып таңдайды. Алаңқайдың өлшемдерін құрылыс-санитарлық нормаларға сәйкес, болашақта өндіріс орнының кеңею мүмкіндігін ескере отырып анықтайды. Алаңқай құрғақ, су шаймайтын, күн сәулесі тура түсетін, табиғи желденетін, салыстырмалы түрде тегіс жерде, су көзіне жақын, артық сулар ағып кететін жерде орналасуы тиіс. Көлік құралдарының еркін жүруін, еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік шарттары сақталған, сол сияқты өрт қауіпсіздігінен қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өндіріс орындарын бірі екіншісіне кері әсер етпейтіндей етіп орналастыру қажет.
Өнеркәсіп өндіріс орындарының санитарлық классификациясы күтімге алынған және жасылдандырылуы тиіс санитарлық-қозғалатын аймақтың көлемін қарастырады. Жасыл желектер жер үлесінің қолайлы микроклиматына, адам ағзасы мен оның жүйке жүйесіне игі әсер етеді. Ғимарат ішін де жасылдандыруды жүргізу қажет (жұмыс бөлмелерінің интерверлерін, цехтарды, сауда залдарын, кеңселерді т.б). Жасылдандырудың санитарлық-гигиеналық және эстетикалық маңызы зор, себебі ауа құрамын жақсартады, жылдың ыстық мезгілінде температураны төмендетеді, ылғалдылықты жоғарылатады. Иісі, түсі, жапырақ сыбдыры адамның еңбекке қабілетін көтеруге игі әсер етеді.
Ғимараттар арасында санитарлық бөліністердің маңызы зор. Егер ғимараттар терезелер арқылы жарықтандырылса, онда санитарлық бөліністер жер деңгейінен қарама-қарсы ғимарат карнизіне дейінгі ең үлкен биіктіктен кем болмауы керек.
Қабылданған ережелерге сәйкес, өндіріс орындарында қалдықтар мен қоқыстарды жинауға арналған арнайы орындар болуы қажет. Оларды орналастыру жергілікті-санитарлық эпидемиологтялық қызмет орындарымен келісіп жүзеге асырылады.
Өндірістік ғимараттар мен ғимараттардың көлемді жоспарлау және конструктивті шешімдері СНиП талаптарына жауап беруі тиіс (технологиялық және санитарлық бөлімі).
Бір жұмысшыға шаққанда өндіріс ғимарттарының көлемі 15м[3] кем болмауы, ауданы-4,5м[2] кем емес, биіктігі -3,2 м болуы керек. Өндіріс ғимараттарында тиісті тазалық сақталуы тиіс.
Шаң мөлшері көп бөлінетін өндіріс орындарында ғимараттарды тазалауды шаңсорғыш құрылғылардың көмегімен және гидрожуу арқылы жүргізуге болады.
Жылу бөлінетін ғимараттар (20ккал(3мс))с.с зиянды газдар, булар, шаң бөлінетін өндірістерді ғимараттар мен ғимараттардың сыртқы қабырғасының жанынан орналастырған дұрыс. Көп қабатты ғимараттарда мұндай өндіріс орныдарын жоғары қабаттарға орналастырып, оларды ағып келетін-сыртқа шығатын желдеткішпен қамтамасыз ету керек.
Жылытылатын өндіріс және қосалқы ғимараттарда ерекше дымқыл бөлмелерді ескермегенде, сыртқы қоршаулардың ішкі қабатында конденсаттың жинақталуына жол беруге болмайды. Сондықтан мұндай ғимараттардың қабырғаларын қорғаушы-әрлеуші буизоляциялық қабатпен қаптайды.
Қабырғаларды әрлеу эксплуатациялағанда қатты гигиеналық және экономды болып эстетикалық талаптарға жауап беруі тиіс. Арнайы зауыттарда шығарылған әрлеу элементтерін қолдануға кеңес беріледі: панелдер, қалқандар және әр түрлі формадағы және түрлі түсті плиталар жасанды құрылыс материалдарының азық-түлік тауарларын қабылдау, сақтау сатуға арналған ғимараттардағы сол сияқты жуатын және жуынатын бөлмелердегі қабырға панельдері суға төзімді синтетикалық материалдармен, жылтыратылған плиткалармен көмкерілуі тиіс немесе майлы яки суға төзімді синтетикалық бояулармен 1,8м биіктікке дейін боялуы керек.
Өндіріс ғимараттарының едендерін ыңғайлы тазалауды қамтамасыз ететін және аталған ғимараттың эксплуатациялық талаптарына сай келетін материалдардан жасау керек.
Әдетте, өндіріс орындарына қосалқы санитарлық-тұрмыстық бөлмелер болуы керек (киім ілетін, жуынатын бөлмелер, әжетханалар, темекі тартатын бөлмелер, тамақ ішу пункттері, әйелдердің жеке гигиенасы бөлмелері, т.б). Бұл бөлмелердің құрылымы, өлшемдері және құрал-жабдықтары санитарлық сипаттамасына, өндірістік процесстерге, жұмысшылардың санына, т.б факторларға байланысты болады және СНИП-те анықталады (құрылыс нормалары және ережелері).
Өндірістегі жұмысшылардың еңбегін қорғау үшін сыртқа шығатын есіктер мен өтпелі жерлерді, сатылар мен алаңқайларды дұрыс жоспарлау мен орнатудың маңызы зор. Олар құрылыс, эксплуатациялық, санитарлық-техникалық және өртке қарсы талаптарға жауап беруі тиіс.
Ғимараттардың ішінде технологиялық құрал-жабдықтарды рациональды орналастыру технологиялық процесстерді ұйымдастыруға, еңбек өнімділігінің артуына және оның қорғалуына ықпал етеді. Құрал-жабдықтардың орналасуы оларды эксплуатациялауға ыңғайлы және қауіпсіз болуы тиіс.
Өндіріс орындарының сумен қамтамасыз етілуінің еңбекті қорғауда маңызы орасан. Өндіріс орны ішетін сумен, шаруашылық-гигиеналық, өндірістік және өртке қарсы мақсаттарға жұмсалатын сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Сумен қамтамасыз етудің екі түрі ажыратылады: орталықтандырылған және орталықтандырылмаған. Орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуде су ортақ қолданылатын құбыр жолдары арқылы жеткізіледі, ал орталықтандырылмаған жағдайда - жергілікті су көздерінен алынады (құдықтардан, бастаубұлақтардан, т.б су көздерінен).
Шаруашылық ішуге жарамды сумен қамтамасыз ету су көздерін таңдауды жергілікті әкімшілік және санитарлық-эпидемиялық қызмет орындарымен келісе отырып жасау қажет. Судың сапасы ішуге жарамды судің мемлекеттік стандартына (МЕСТ) сай болуы тиіс. Қайнамаған суды ішуге тек қана санитарлық-эпидемиалогиялық қызмет органдары ғана рұқсат бере алады.
Барлық өндіріс орындарына санитарлық және ережелер мен нормаларға сәйкес ағын суларды қабылдау, жою, залалдандыру, сол сияқты оларды белгілі бір бөліктерге жеткізуге арналған канализациялық құрылғылар болуы тиіс. Канализациясы жоқ өндіріс орындарында аула әжетханалары және бетон шұқырлар орнатылады, олар қауіпсіздік эксплуатациялық және санитарлық-гигиеналық нормаларға жауап беруі тиіс.
Өндірістік және қосалқы ғимараттардағы жарық, жылыту, желдету және ауаны салқындату адамның денсаулығын сақтауға және оның еңбекке қабілетін көтеруге жағдай жасайтын қолайлы ортаның оптималды өлшемдерін өндірістік микроклиматты қамтамасыз етеді.
Өндірістік ғимараттардағы ауа температурасы жылдың суық және өтпелі кезеңдеріндегі жұмыстың ауырлығына байланысты 14-тен 21 -қа дейін, жылы кезеңде 17-ден 25-қа дейін болуы керек.Ылғалдылық мөлшері-60-70 көлемінде,ауаның қозғалу жылдамдығы -0,2-0,5мс көп емес.Жылдың жылы кезінде ғимараттардағы ауа температурасы сырттағы температурадан 3-5-тан көп болмауы,бірақ 28-тан жоғары емес,ол ауаның қозғалу жылдамдығы -1мс дейін болуы тиіс.
Өндірістік жағдайларды,олардың адам ағзасына әсерін комплексті зерттеумен,сол сияқты оларды жақсарту мен енгізу шараларын жасаумен еңбек гигиенасы және өндіріс санитариясы қызметі айналысады.
Еңбек гигиенасының құрамдас бөлігі-бұл адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өмір қауіпсіздігі және өндірістік орта
ӨНДІРІСТІК МИКРОКЛИМАТТЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІ
Еңбек қорғаудың құқықтық – ұйымдастырушылық мәселелері
Тәуекелдікті басқару жүйесі
АҚ «ҰССО» сынау лабораториясында өнімнің сапасын талдау
Химия өнеркәсібі географиясы
Қоршаған ортаны қорғау туралы ақпарат
Шектеулі рауалы шығарындылар нормативтерін есептеу және анықтау
ШОРТАНДЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БІЛІМ ОРТАСЫНЫҢ ЖЫЛТУ ҚАЗАНДЫҒЫ ЖӨНІНДЕ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ АТМОСФЕРАНЫ ЛАСТАУШЫ КӨЗ РЕТІНДЕ СИПАТТАМАСЫ
Жұмыс орнындағы ауаның зиянды заттарынан қорғау
Пәндер