Зоологияның даму тарихы, жануарлар әлемінің жүйесі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Аты- жөні: Уринбасарова Ақкүміс
Курс: 2
Мамандық: 6В05101 - ғылыми биология
Тақырыбы: Зоологияның даму тарихы, жануарлар әлемінің жүйесі

Зоология - жануарлар туралы ғылым (zoon-грек тілінен аударғанда жануар дегенді білдіреді, logos-ілім). Ол тірі табиғатты зерттейтін биология (bios-өмір) ғылымының бір саласы.
Барлық тірі ағзалар бес патшалыққа бөлінеді: вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар жэне өсімдіктер мен жануарлар. Зоологиялық ғылыми-зерттеу арқылы жануарлардың халық шаруашылығындағы рөлі анықталады. Олардың ішіндегі пайдалылары, ауылшаруашылығы және орман шаруашылығының зиянкестері, түрлі аурулар таратушылары ажыратылады. Зоология зерттеу мақсатына байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жануарлар жүйеленімі, жануарлар морфологиясы, жануарлар анатомиясы, жануарлар эмбриологиясы, жануарлар гистологиясы, жануарлар физиологиясы, жануарлар генетикасы, жануарлар палеозоологиясы және зоогеография. Сондай-ақ зерттейтін объектілеріне қарай зоологияның: протозоология, энтомология, ихтиология, герпетология, орнитология, териология бөлімдері бар
Зоология ғылымының өзі бір-бірімен тығыз байланысқан бірнеше салалардан тұрады:көптүрлілігін, олардың туыстық байланысын, филогенетикалық шығу тегін, таксономиялық категорияларын зерттеп, жіктейді. Систематика барлық жоғарыда аталған салалардың кемістігін жинақтап, жалпы қорытынды мәлімет береді.
Зоологияның ғылыми негізін алғаш рет қалаған ежелгі грек оқымыстысы Аристотель болды (б.э.д. 384-322 жж.). Ол жан-жақты білімді адам болған, өзінің Жануарлар тарихы, Жануарлар бөлімдері туралы, Жануарлардың пайда болуы деген еңбектерінде 454 түрлі жануарды зерттеп, сипаттаған. Салыстырмалы-анатомиялық сипаттамалармен қатар Аристотель еңбектерінде жануарлардың жыныстық ерекшеліктері, көбеюі, балықтар, құстар, сүткоректілердің эмбриональдық дамуы, бунақденелілердің метаморфозы туралы мәліметтер бар. Ол алғаш рет Дененің біркелкі бөліктері, яғни ұлпалар мен біркелкі емес құрамдық бөліктер, яғни мүшелер туралы, гомологиялық (құрылысының ұқсастығы) және аналогиялық (ұқсас қызмет атқаратын) мүшелер туралы түсінік берді.
Аристотель жануарлардың нағыз систематикасын жасамаса да, оларды екі топқа бөлді:
Қаны бар жануарлар;
Қаны жоқ жануарлар.
Бірінші топ омыртқалыларды білдірсе, екінші топ омыртқасыздарға дәл келеді.Жануарларды және бүкіл тірі табиғатты зерттей келе, Аристотель оларды қарапайымнан күрделіге қарай жіктеп орналастырды. Аристотель бойынша Табиғат баспалдағы органикалық емес заттардан басталады да, одан кейін өсімдіктер, бекініп тіршілік ететін губкалар (Аристотель оларды зоофиттер жануар-өсімдіктер деп атады), төменгі сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыдағы жануарлар (ауамен тыныс алушы төртаяқтылар) және адам.
Аристотельдің жасаған жануарлар әлемінің жүйесі 2000 жыл бойы өмір сүрді. Ғылымның дамуында болған ұзақ уақыттық тоқыраудан кейін ХV-ХVІ ғасырларда жаратылыстану ғылымдары қарқынды дами бастады. Жер шарының географиялық зерттеулері көптеген жаңа түрлердің ашылуына мүмкіндік берді. ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда жануарлар мен өсімдіктер әлемін жіктеу, жүйелеу ісі қайта қолға алына бастады.
Жануарлар мен өсімдіктердің нағыз ғылыми классификациясының жасаған швед ғалымы Карл Линней (1707-1778) болды. К.Линней класс, отряд, туыс, түр деп аталатын систематикалық категорияларды енгізді. Түрді сипаттайтын қосалқы номенклатураның бұл түр екі латын сөзімен белгіленеді. Біріншісі туыстық атын білдірсе, екіншісі түрді білдірді.
К.Линней 4200 жануарды сипаттап, анықтап жіктеді, оның 400-ге жуығы омыртқасыздар еді. Барлық жануарларды Линней 6 класқа бөлді: 1. Сүтқоректілер; 2. Құстар; 3. Сұмпайылар; 4.балықтар; 5.бунақденелілер; 6. Құрттар.
Бірақ Линней жүйесінің өзінде кемшіліктер мол еді. Ол денесінің құрт тәрізді пішініне қарай отырып, бір-бірінен өте алыс тұратын жануарларды бір класқа жатқызып қойды (гидра, басаяқты, былқылдақ денелілер, медузалар, голотурийлер т.б.).
Линней барлық түрді о баста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зоология пәні және міндеттері. зоологияның дамуының негізгі этаптары. зоологияның басқа да ғылымдарымен байланысы
Төменгі сатыдағы жануарлар
Биология сабағында қосмекенділер класын оқыту
Биология кешенді ғылым ретінде
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
“Зоология” курсының кіріспесі
Жануарлардың құрылысы мен тіршілк әрекеттері
Қарағанды хайуанаттар бағының бөлімдері
Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану
Пәндер