Гинекологиялық анамнез


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Өскен Әділет 23-01 2-тақырып Гинекология

08. 10. 2020

№1 Есеп

25 майда әйелдер кеңес орнына кезекті қабылдауға қайта босанатын әйел, мезгілі жеткен жүктілікпен келген.

Гинекологиялық анамнез: менархе 11 жастан, ретті, 6 күннен, 30 күн сайын, ауырсынусыз. Соңғы етеккірі 3 сентября. Жыныстық қатынас 20 жастан. Жүктілік - ІІ-ші, үш жыл бұрын ұрықтың көлденең келуінен кесір тілігі операциясы арқылы, уақытында босану болған. Операциядан кейінгі кезең ағымы ерекшеліксіз.

Жүктілік бойынша есепте 8 аптадан бастап тұрады. Тексерулерден толығымен өткен. Гинекологиялық және соматикалық патология жоқ.

Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері және шырышты қабаты түсі қалыпты, таза, Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдыр жоқ. Жүрек тондары анық, ретті. Пульс 78 рет\мин. АҚ 100/70 мм с. б. б. Дене температурасы - 36, 3 С Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыр, көкбауыр ұлғаймаған. Пастернацкий симптомы екі жақтан теріс. Зәрі еркін, ауырсынусыз. Нәжісі қалыпты.

Акушерлік статус: Іш аумағы - 99 см. Жатыр түбі биіктігі - 38 см.

Ұрық тігінен орналасқан, ІІ позицияда, басымен келген. Іштің алдыңғы қабырғасында операциядан кейінгі тыртық, біріншілік тартумен жазылған. Жатыр пальпациясы ауырсынусыз. Терідегі тыртықты қозғалтқанда, жатыр қабырғасында өзгерістер анықталмайды.

Тексеру нәтижесі:

-ЖҚА: Нв-104 г/л, эритроциттер - 3, 7*10 12 /л, лейкоциттер - 7, 0*10 9 /л, тромбоциттер - 154, 0, ЭТЖ - 22 мм/сағ

-ЖЗА : Реакциясы - қышқыл, тығыздылығы 1016, ақуыз - аbs, лейкоциттер -2-3 к\а

Тапсырма

1. Алдын ала диагноз қою.

Жүктіліктің 36 аптасы + 5күн. Ұрық тігінен орналасқан, ІІ позицияда, басымен келген.

2. Ұрық жүрек соғысын тыңдау. ІА және ЖТБ өлшеу. Ұрық болжам салмағын анықтау.

Ұрық жүрек соғысын тыңдау:

Ұрықтың аускультациясы жүктіліктің 21 аптасынан бастап акушерлік стетоскоппен немесе портативті құрылғымен жүргізіледі және тыңдалады. Осы әдіспен ұрық тірі ме, тірі болса орташа журек жиырылу санын, аритмияның кейбір түрлерін анықтауға болады. Жетілген ұрықтың жүрек жиырылу саны -110-160 соққы минутына. Брадикардия немесе тахикардия, аритмия анықталса шұғыл түрде қосымша тексеру әдістерін жүргіземіз.

Ұрықтың жүрек қызметін бағалау:

Ұрықтың жүрек қызметі анте- және интранатальды кезеңдерде ұрықтың жағдайының нақты және обьективті көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Оны бағалау үшін акушерлік стетоскоп көмегімен аускультацияны, электрокардиографияны (тікелей және тікелей емес) , фонокардиографияны және кардиотокографияны (КТГ) қолданады.

Тыңдау нүктелері

Іш айналымын өлшеу:

Іштің шеңберін өлшеуге кірісу үшін сантиметрлік таспаны әйелдің арқасы арқылы іштің шеңберін өлшейміз: алдында-кіндік

деңгейінде, артында-бел аймағының орта деңгейінде (жүктіліктің

соңында ол 90-100 см-ге тең) . Бұл пациенттің іш аумағы 99 см қалыпты.

Жатыр түбі биіктігін өлшеу:

Жатыр түбі биіктігін өлшегенде әйел арқасымен аяғын бүгіп жатуы керек. Пальпация әдісімен ұрықтың жатуын анықтаймыз, ал сантиметрлік лентамен жатыр түбі биіктігін өлшейміз. Жатыр түбі биіктігі қасаға сүйегінен бастап жатырдың түбіне дейінгі аралықты қамтиды. 38см норма

Ұрық болжам салмағын анықтау:

1-ші формула*OZH•VDM*= іштің айналымы-99 см

жатыр түбінің биіктігі -38 см= 99•38=3762г (бұл формуланың нәтижелері салыстырмалы және қателіктің 200-300г дейін болуы мүмкін) .

2-ші формула: (OZH+VDM) /4•100= (99+38) /4•100=3425 г

3. Жүктілікті жүргізу жоспарын құру.

-Қан анализі (36 аптада) ;

-Зəр анализі;

-RW (36 аптада) ;

-Іншектің тазалық дəрежесін анықтау үшін жағынды 36 аптада;

Беседа:

--осы жүктіліктің асқыну белгілерін анықтау (преэклампсия, қан кету, амниотикалық сұйықтықтың ағуы, ұрықтың қозғалысы)

--мәселелерді, сұрақтарды талқылау мүмкіндігімен ақпарат беру; «Емшек сүтімен тамақтандыру. Босанғаннан кейінгі контрацепция »

Тексеру:

- сыртқы акушерлік зерттеу (ұрықтың жағдайы) ;

- аяқтарды қарау (варикозды тамырлар)

- қан қысымын өлшеу;

- жатыр түбі биіктігін өлшеу (гравидограммаға қою)

- сыртқы акушерлік тексеру

- ұрықтың жүрек соғысы

- ақуызға зәр анализі

4. Анализдер нәтижесінің интерпритациясы.

Анемия І-дәрежесі, тромбоцитопения.

5. Стресстік емес тест. Көрсеткіш. Жүргізу ережелері.

Тыныштық жағдайда ұрықтың жүрек қызметіне сараптама жүргізуден басқа, КТГ көмегімен жүктілік кезінде спонтанды қозғалысына жүректің жиырылу қызметінің жауабы бойынша ұрықтың реактивтілігіне баға беруге болады. Бұл анасына окситоцин енгізуге, тыныс алу немесе шығаруға тынысты аз уақытқа тежеу, іш терісін термиялық тітіркендіру, физикалық жүктеме, үрпілерді үстемелдеу немесе акустикалық үстемелдеуге стресстік емес тест (СЕТ) және стресстік тест (СТ) .

Ұрықтың жүрек қызметін зерттеуді стресстік емес тестті (СЕТ) қолданудан бастаған жөн.

Стресстік емес тест (СЕТ) - ұрықтың жүрек- қантамыр жүйесінің оның қозғалысына реакциясын зерттеу болып табылады. СЕТ реактивті деп аталады: ұрықтың қозғалысымен байланысты 20 мин бойы ұрықтың жүрек соғысының екі немесе оданда көп жиілеуі немесе 15 соққы/ минутына кем болмауы және ұзақтығы 15 сек көп болуы.

СЕТ ареактивті: 40 мин бойы ұрықтың жүрек соғысының екі ретке дейін жиілеуі, 15 соққы/ минутына кем болуы және ұзақтығы 15сек аз болуы.

Реактивті стресстік емес тест

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Қой,ешкі мегежін ,иттер мен құстардың жыныс мүшелерінің анатомиясы мен физилогиясы
Мейірбике ісі ғылымның дамуы төмен деңгейде
Туғаннан кейінгі асқынулардың алдың алу
Жатыр мойны эрозиясы туралы
Гинекологиялық аурулардан анамнез жинау, медициналық құжатты толтыру
Пациентті клиникалық тексеру әдістері
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
Желін жарасы
Контрацепцияға гормоналды кеңес беру АЛГОРИТМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz