Әртүрлі функциялар негізінде мультиплексордың комбинациялық схемасын құрастыру және төрт разрядты адрес арқылы демультиплексордың құрылымдық схемасын жобалау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Ақпараттық технологиялар факультеті

Мамандығы: Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері

Тақырыбы: “Əр түрлі функциялар арқылы мультиплексордың комбинациялық схемасын құрастыру. Төрт разрядты адрес арқылы ақпараттар берілетін демультиплексордың құрылымдық схемасын құрастыру. ”

Орындаған:Каржауов. Б. А

Топ: 1908

Қабылдаған:Асет А

Алматы 2020 ж

Цифрлық құрылғыларда кейде цифрлық ақпаратты m құрылғыдан n құрылғыға беруде канал ретінде пайдаланылады. Бұл үшін каналдың кірісінде мультиплексор деген құрылғыны қолданып, Am кодының адресіне m ақпараты қосылып, ал шығысында DM канал құрылғысы қабылдағышқа ақпараттың келуін қамтамасыз етеді, оның цифрлық адресі An. Компьютерлік сұлбатехникасында қарастырсық: мультиплексор цифрлық сигналдың түйіншегі, m адрестік кірісінен ортақ шығысына арналған коммутация болып саналады. Басқаша айтқанда мультиплексорлар бірнеше кіріс шиналардан бір шығыс шинаға түсетін сигналдарды берілген ретімен коммутациялау үшін пайдаланылады. Мультиплексордың, мысалы, 16 кірістер 3 мен 1 шығысы болуы мүмкін. Бұның мағынасы мынада: егер бұл кірістерге цифрлық сигналдардың 16 қайнар көздерін, яғни ретімен келетін цифрлық сӛздердің генераторларын қоссақ, онда кез келген генераторлардың байттарын жалғыз бір шығысына беруіне болады. 16 арналардың ішінен кез келген арна үшін селекцияның 4 кірісі (24=16) болуы тиіс, бұл кірістерге арнаның екілік адрес беріледі. Мысалы, мәліметтерді арнадан беруі үшін селекцияның кірістерінде 1001 кодын орнатуы керек. Осыған байланысты, мультиплексорларды селектор-мультиплексорлар деп жиі атайды

Мультиплексордың 2 түрі бар:аналогты және сандық.

Аналогты мультиплексор кірісті шығыспен тікелей электрлі түрмен қосады. Кірісі мен шығысы арасындағы кедергілері көп емес, шамамен оншақты ОМ-ға тең болады. Ал сандық мультиплексор кірісі мен шығысын электрлі қоспайды, тек кірістен шыққан логикалық дәрежені (0 немесе 1) шығысына көшіреді. Кейде аналогты мультиплексорды кілттер деп атайды. Мультиплексорды коммутатор түрінде көрсетуге болады, ол бірнеше ақпараттық кірістердің ішінен бір кірісті шығысымен байланыстырады. Коммутатор рұқсат етуші (стробтаушы) және адрестік кірісі бар басқарушы схема арқылы жүзеге асады. Адрестік кірістегі сигнал қандай ақпараттық каналдың шығысына қосылуын анықтайды. Егер ақпараттық канал n саны адресік кірістің m саны тең болса n=2, огда бұл толық мультиплексор деп аталады. Ал егер n<2 болса, онда мультиплексор толық емес деп аталады.

Рұқсат етуші (стробтаушы) кірісті мультиплексордің функционалды көрсеткішін кеңейтуге қолданады. Оларды мультиплексордің разрядын көбейту үшін және мультиплексордің басқа узелдермен синхронды жұмыс істеуін атқарады. Рұқсат етуші кірістегі сигналдар белгілі кірісті шығысымен байланыстыруына рұқсат беруіне де, бермеуіне де мүмкіндігі бар. Құрылғының барлық жұмысын да тоқтата алады. Басқарушы схема ретінде көбінесе дешифраторды қолданады. Сандық мультиплексорда коммутатор мен дешифратордың логикалық элементтері бірлеседі.

Мультиплексорлар MUX (ағылшынның multiplexor деген сөзінен шыққан) немесе MS (multiplexor selector) белгілерімен белгіленеді. Жұмысқа рұқсат беруші Е кірісі мультиплексордың функционалды мүмкіндіктерін кеңейту үшін де қолданылады, мысалы, мультиплексордың ақпараттық кірістерінің санын көбейту (кіріс сөзінің разрядттылығын өсіру) үшін және оның жұмысын басқа құрылғылар жұмысымен синхрондау үшін керек. Мультиплексор универсалды құрылғы болып табылады, оның негізінде түрлі комбинациялық және тізбекті сұлбалар жасалынады. Мультиплексорлар параллельді коданы тізбекті кодаға түрлендіруге арналған сигналдардың коммутатор-селекторы ретінде жиі қоданылады. Сонымен қатар, мультиплексор екілік сандарды разрядтар бойынша жылжуын қамтамасыз ететін комбинациялық жылжыту құрылғысы ретінде де қолданылады. Мультиплексорлар, мысалы, МП І8088 құрылғыда адресы мен мəліметтерді бірдей шығыстарына беру үшін пайдаланылады. Бұл микросұлбалардың шығыстарының жалпы санын азайтуға мүмкіншілік береді. Басқарудың микропроцессорлық жүйелерінде алшақтық объектілерінде орнатылған бергіштерден (датчиктерден) ақпаратты бір байланыс сызығы бойымен беруі үшін де мультиплексорларды пайдаланады. Екі арналы мультиплексор НЕМЕСЕ, ЕМЕС жəне екі ЖƏНЕ бөлшектен тұрады (1 сурет) . Екі арналынған мультиплексорды логикалық түрлендіргіштің көмегімен модельдеу нəтижесінде оның шығыс сигналы келесі өрнекпен бейнеленіледі: OUT = BC`+AC. Яғни адрес бар кіріс С =0 болған жағдайда, сигнал В арнадан шығысына кетеді, ал С =1 боған жағдайда, сигнал А арнадан шығады. Бұл мультиплексор жұмысынығ логикасына сəйкес келеді. Мультиплексорлар бірнеше кіріс шиналардан бір шығыс шинаға түсетін сигналдарды берілген ретімен коммутациялау үшін пайдаланылады. Мультиплексордың, мысалы, 16 кірістер 3 мен 1 шығысы болуы мүмкін. Бұның мағынасы мынада: егер бұл кірістерге цифрлық сигналдардың 16 қайнар көздерін, яғни ретімен келетін цифрлық сӛздердің генераторларын қоссақ, онда кез келген генераторлардың байттарын жалғыз бір шығысына беруіне болады. 16 арналардың ішінен кез келген арна үшін селекцияның 4 кірісі (24=16) болуы тиіс, бұл кірістерге арнаның екілік адрес беріледі. Мысалы, мəліметтерді арнадан беруі үшін селекцияның кірістерінде 1001 кодын орнатуы керек. Осыған байланысты, мультиплексорларды деп жиі атайды.

Мультиплексордың 4-ке 1 ережесінің жұмысының кестесі:

Кірістер
Шығыстар
Кірістер: A1
Шығыстар: A0
F
Кірістер: 0
Шығыстар: 0
D0
Кірістер: 1
Шығыстар: 1
D1
Кірістер: 1
Шығыстар: 0
D2
Кірістер: 1
Шығыстар: 1
D3

Демультиплексор (Demultiplexer) - мультиплексор орындайтын операцияға қарама-қарсы жұмыс істейтін құрылғы, яғни берілген жұмыс алгоритміне байланысты топтық ағынды бірнеше арналарға бөледі. Сұлбалапды демультиплексорлар DMX және DMS арқылы беріледі.

Кейде мультиплексор мен демультиплексорларға селектор терминінде қолданнады.

N=4 болғанда демультиплексордың иллюстрациясы және Y{1-3}ке дейін ақпарат кіріс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фотоэлектрлік жүйелер үшін 12 В заряд контроллерінің схемасын жобалау және құрастыру
Программаны құрудың техникалық тапсырмасы мен техникалық жобалау кезеңдері: алгоритмдердің құрылымдық схемасын дайындау
Есік-терезе ойықтарының темірбетон маңдайшаларын өндіретін зауыттың өндірістік құрылымдық және технологиялық схемасын жобалау
Транзисторлық күшейткіштің құрылымдық схемасын таңдау және негізгі есептеулер
Атырау ЖЭО-ның жылу схемасын құрастыру, негізгі жабдықтарды таңдау және техникалық-экономикалық негіздеме
Керамикалық кірпішті жартылай құрғақ әдіспен өндіретін зауыттың өндірістік құрылымдық схемасын сызу
Жоғары вольтты кабель желілерінің ақауларын диагностикалауға арналған индукциялық қабылдағыштың принциптік схемасын жобалау
Циклопропанкарбонил амидтарының Шоттен-Бауман бойынша бағытталған синтезі, құрылымдық сипаттамасы және 1-(циклопропанкарбонил)-4-фенилпиперазиннің технологиялық схемасын жобалау
Нан зауытының электрмен жабдықтау схемасын жобалау, цехтық электрлік жүктемелерді есептеу және трансформаторларды жаңарту ұсыныстары
Шифратор және дешифратор: цифрлық комбинациялық құрылғылардың теориясы мен жобалау әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz