Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті туралы


Тақырып №3. Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті
1. Көшпелілік мәдениет типологиясы. Көшпелілік түрлері мен жіктеу (көшпелілер мәдениеті) .
Көшпелілік тайпалық одақтар құрылған кезден-ақ өнім өндіру шаруашылығы ретінде орнығып, эволюциялық жолмен дами бастады. Табиғатты игеру және адамдардың практикалық іс-әрекетін бейнелейтін алуан түрлі дәстүрлі әдет-ғұрыптар, әпсаналар, қарапайым түсініктерді тудырды. Ертедегі көшпелілер дүние танымынын негізі - көк аспан, шексіз әлем болса, сол көк аспан мен шексіз әлемнің кұдіретті жаратушысы-көктегі Күн деп есептеді. Әрдайым көшіп-қонуға дайын отырған дала көшпелілері өз тұрмыс-әрекетіне лайықты мәдениет қалыптастырған. Мәдениеттің жалпы рухани және материалдық түрлері бар. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатады. Көшпелілер мал жаюдың тәсілдерін жетілдіре отырып, игерілмей жатқан жерлерді пайдаға асыруға қолайлы жағдай туғызды. Көшпелілердің материалдық мәдениеті көші-қонға ыңғайланып жасалған. Мұндай таза көшпелі мәдениет үлгілеріне біз жиналмалы, жығып-тігуі өте жеңіл киіз үйді, ер-тұрман, ат әбзелдерін, теріден, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтарын, бесігін, басқа да тұрмыстық заттарын жатқызамыз. Қазақ қауымының осы күнге дейін сақтап келе жатқан баспана түрі - киіз үй. Ол халықтың өмірлік салт -дәстүрінің таңбасы қызметін атқарады. Шексіз даланы көк теңізге теңейтін пікірдің жаны бар: көкжиекте, көк аспанның астындағы шексіздікте ақшағала дөңгелек киіз үйлер аралдар тәрізді, олардың арасын дала кемелері - түйелер мен ұшқыр қайық - аттар қосып тұр. Қатал үскірік аяздан, шілденің аптап ыстығынан қорғайтын, тез жинап, тұрғыза қоятын баспанаға киіз үй өте сай келеді. Мал шаруашылығы - егіншілікке карағанда бұқара халықтың барлығы қамтылмайтын, қамтығанның өзінде көшпелі кауымның бос уақыты көбірек болатын шаруашылық түрі. Сонымен қатар, шаңырақ- киіз үйдің тірегі, төбесі. Қазақ халқында шаңырақ-киелі ұғым ретінде қалыптасқан және ол туралы әртүрлі мақал-мәтел, тыйым сөздер көп кездеседі. Қазіргі күнге дейін қазақтардың басынан қандай күн өтпеді . . . Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман да, қиыншылық, аштықта да, репрессия кезінде де, қайғылы соғыс жылдарында да өмір сүрді, мойымады, талмады. Бұл қазақтардың төзімділігінің белгісі. Қонақжайлылық- қазақтардың ерекшеленетін қасиеттерінің бірі. Ежелден келе жатқан қалыптасқан қонақжайлылық қанымызға сіңіп кеткен. «Тас түскен жеріне ауыр, қонақ қонған жеріне ауыр» демекші, қазақтар өздеріне қарағанда, қонақтардың жағдайын көбірек ойлаған». Қазақ еліне, тарихына қызығатын әрбір адам алдымен, қазақтардың салт-дәстүрлері жайлы білуі шарт. Қазақтарда салт - дәстүрдің түрлері өте көп. Ол әртүрлі жағдайларға байланысты, тақырыптарға сай әрбір қазақ жадында сақталып қалған. Мысалы: «Қыз ұзату», «Жар-жар», «Шілдехана», «Тұсаукесер», «Сүндет той». Бұл салт - жоралғылардың өзіндік ерекшелігі мен мән - мағынасы бар. Қазақ халқында өзін - өзі ұстай білу ережелері де аз емес. Бұл қатарға «тыйым сөздерді» айтуға болады . Тыйым сөздер - деп жасауға болмайтын іс -әрекеттерді айтады . Оларға: "Дастарқан үстінде қатты сөйлеме"; "Қажетсіз сөзді айтпа"; "Нанды баспа"; "Аққуды атпа"; "Үлкен кісіге қарсы сөз айтпа", - деген секілді түрде кездеседі. Қазақ қауымында, тыйым сөздер мен қатар әртүрлі нақыл сөздер де көптеп кездеседі. Бұл қазақ халқының ертеден дана халық екендігін мойындаттырады. Қазақ қауымында «жеті» саны қадірлі болып саналады. Осыған орай, жеті санына байланысты көптеген салттар мен жоралғылар бар. Олардың қатарына: «Жеті жарғы», «Жеті қазына», «Жеті жоқ», «Жеті ата», «Жеті нан» немесе «Жеті шелпек», «Жеті керемет», «Жеті күн», «Жеті ғашық», секілді түрлері көп. «Жеті ата» дәстүрі бойынша, әрбір ер азамат өзінің ата-тегін білуі қажет. Ол ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене қатары бойынша жалғасуы шарт. Сонымен қоса, туысқан жігіт пен қыз ешқашан отау құрмаған. Бұл қазақ халқының қанының тазалығын білдіреді. Тікелей айтқанда, егер екі жастың жеті аталарында ортақ кісі кездеспейтін болса, жастардың үйленуіне рұқсат етілген. Сонымен қатар, қазақтар үш жүзге бөлінеді. Олар: «Ұлы Жүз», «Орта Жүз», «Кіші Жүз» деп аталады. Ал әрбір жүз бірнеше тарауларға бөлініп, руларға ұласады. Бұл да қанның тазалығына әсер етеді. Қортындылай келе, қазақтың асыл мұрасы жетерлік. Олардың күнделікті өмір сүру ережесіне де байланысты екенін ұмытпаған жөн. Қазақ елі - асыл да, ғажап мәдениетке бай, дана әрі киелі мекен.
Пайдаланылған әдебиеттер
1) Мәдениеттану негіздері: Оқулық. - Алматы: Дәнекер, 2000
2) Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd. ” ЖШС, 2005
3) Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т. б. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
2. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері,
культтері, наным-сенімдері.
Сақтардың құрамына массагеттер, аримаспылар, аргиппейлер, исседондар кірген. “Олардың жерлеу ғұрыптары, әдет - салты мен күнделікті тұрмысы ұқсас болған” деп жазады грек тарихшылары. Олар көшпелілердің “басқалармен достық, адал әрі шынайы қарым - қатынасындағы қайырымдылық пен әділеттілікті” атап айтқан.
Атырау облысы, Жылыой ауданынан табылған Аралтөбе қорымына қолбасшылық пен абыздықты қатар атқарған сармат көсемі мен әйелі қатар жерленген. Олардың жанына екі ат қоса көмілген. Мәйіттің басын оңтүстікке қаратып шалқасынан жатқызған. Көсемнің жанына жүзден аса жебе салынған қорамсақ, темір қылыш пен қанжар, қыш құмыра қойылған. Бұдан басқа шыны моншақ, жебе, қанжар сынықтары кездеседі.
Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың мәдениеті бір - біріне ұқсас. Олардың арасында марқұммен бірге аттарын көму салты кең тараған. Адамдар о дүниеде ат пен қару қожасына қажет болады деп ойлаған. Үлкен Берел қорғанында аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген.
Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар ата - баба аруағына, көк тәңіріне сиынған. Қабірге мәйтпен бірге оның мүліктерін көмген. Арнаулы рулық зираттар қыстаудың маңында орналасқан.
“Мұртты қорғанның” шығысқа бағытталуы бұл оба - ескерткіштерді салған тайпалардың күнге табынғандығын білдіреді. “Мұртты обалар” ерекше сыйлы, ең қасиетті, ақсүйек адамдардың басына салынған ескерткіштер болып саналады.
Бөлік тоқтала кетсек:
Сақтар.
Сақтар б. з. б. 1 мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Сақ заманында Еуразияның көшпелі тайпаларында мал өсіруге негізделген экономикалық базистің қалыптасмуы Оңтүстік Сібір, Алтай, Қазақстан, Еділ-Жайық, Қара теңіз жағасындағы қыруар ру-ұлыстар арасында айырбасты,, мәдениеттегі ұқсастықты қамтамасыз етті. Сондай-ақ тұрмыс-салт, тұрғын үйдегі ұқсастықты скиф-сақтардың үй-мекендері дәлелдей түседі. Геродоттың жазбаларында: сақтардың тақыр даланы мекендейтіні, ағаштың сөлін ішетіні, қысы-жазы өздерімен бірге жүруге ыңғайлы. Төрт, алты доңғалақты арба үстіне қондырылған көшпелі үйде тұрған. Оңтүстікте сабан кірпіш, солтүстікте бөренеден салынған үйлері де болған. Археология деректері көрсеткендей, сақтардың төбесі шатырланып және дөңгелете жабылған үйлері қазақ киіз үйінің бастапқы бастамасы еді.
Сақтар о дүниеде өмірдің жалғасы бар деп ұққан. Сондықтан да олар өлген адамды жерлеген кезде, онымен бірге тірі кезіндегі қызметші-күтушілері, ат, қару-жарақ, азық-түлік -бәрі қажет болады деп есептеп бірге көметін болған. Ер адам болса қару-жарақтары, әйел болсак әшекей бұйымдарын бірге көмген. Скиф-сақтардың мұндай дәстүрлі жерлеу салтын Алтайдағы Пазырық обасы, Жетісудағы Бесшатыр, Есік обаларының қазынды заттары дәлеледеп отыр. Қазақстан археологтары 1969 жылы ғылымда таңғажайып жаңалық ашты. Алматы облысындағы Есік қаласына таяу жерде көне сақ қорғанында археологиялық қазба жұмыстарын ждүргізу барысында сақ бекзадасының қабірі табылды. Онда жерленген адам «Алтын адам» деген атқа ие болды.
Онда 4 мыңға жуық алтын пластинкалар мен ілгектер болды. Есік қорғаны б. д. д. ҮІ-ІҮ ғасырларда салынған.
ХХ ғасырдың 90 жылдары Атырау облысының Жылыой ауданынан Есік адамына ұқсас сақ заманының ескерткіші табылды. Бұл қорғаннан қазып алынған жауынгердің қару-жарақтары мен сауыты түгелге жуық алтын бөлшектерден тұрады.
Археолог- ғалымдардың пікірі бойынша, Қазақстан жеріндегі Шілікті, Бесшатыр, Есік, Берел, Боралдай сияқты қорымдар сақтардың патшалары, көсемдері, атақты батырлары мен ақсүйектері жерленген қасиетті орындар.
Сақтардың мәдениетіндегі «Аң стилі» б. з. б. 7 ғасырдан бастап далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. «Аң стилі» өнері дәстүрімен сақтар алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. «Аң стилі» өнері негізгі адамның әр түрлі жануарлардан шыққандығы туралы ежелгі аңыздардан сақталған түсініктермен байланысты екендігін аңғартады. Әрбір ру, тайпа өзінің шыққан тегін әр түрлі аңдармен байланыстырған және оларды өздерінің қасиетті тұмары деп санаған.
Сақтар отқа, күнге, ата-баба аруағына, соғыс құдайларына табынған. Тіл заманалар көшінде эволюциялық жолмен дамитын аса күрделі құбылыс болғандықтан, скиф-сақтар ежелгі иран тілінде сөйледі деп кесіп-пішіп айту қиын.
Ғұндар.
Ғұндар - ежелгі замандағы еліміздің далалық өңіріндегі көшпелі тайпалардың бірі.
Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байқал өңірінде қоныстанған. Ғұндар Қазақстан жеріне Орталық Азиядан б. з. б. 1 ғасырдың соңы мен б. з. 1 ғасырында келген. Дәл осы кезеңде Еуразияның ұлан-байтақ даласында, соның ішінде Қазақстан жерінде де «Халықтардың ұлы қоныс аударуы» болды. Ғұндардың тарихы Қазақстан жерімен тығыз байланысты. Қазақстан жерінен табылған археологиялық қазбалардан және қытай жазба деректерінен де ғұндар туралы көп мәліметтер алуға болады. 5 ғасырға жуық уақыт ғұндар кең далаға билік жүргізді.
Ғұн дәуірінің археологиялық ескеткіштері - Қиыр Шығыстан Орталық Еуропаға дейінгі ұлан- байтақ жерге тараған ғұндардың көне ескерткіштерінің жиынтық атауы. Біздің заманымыздың 5 ғасырын қамтиды. Ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері үш топқа бөлінеді:
1. Шығыс ғұн ескерткіштері.
2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ескерткіштер.
3. Қазақстанның Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Еуропаға дейінгі ескерткіштер.
Сақина, сырға сияқты әшекей бұйымдар, кілем және түрлі ыдыстар ғұн тұрмысындағы биік талғам, жоғары мәдениеттің белгісіндей бізге жеткен.
Ғұндар көшпелі болған, мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отырықшы өмір сүріп, егін салған. Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың бәрі жауынгер саналған, олар табиғатынан батыр, ержүрек болған. Ғұн әскерінің негізі атты әскерлер болған. Олардың қару - жарақтары: садақ, семсер, қанжар, найза болған.
Ғұндар киіз үйлерде тұрған. Жүннен жасалған текемет, кілемдерді төсеніш еткен. Ағаштан төсек және үй тұрмысына керекті заттар жасаған. Олар өздері қолдан жасаған заттарды қадірлеген. Ат әбзелдерін өрнектеп, дөңгелек темірлермен әшекейлеген. Алтыннан, күмістен әшекей бұйымдар жасаған. Сүт, қымыз, айран, қаймақ құятын ыдыстарды қыштан, ағаштан жасаған. Мал терісінен сыртқы киімдер, бас киімдер жасаған. Үй ішіне орнатылған ошақ тастан жасалып, оның үстіне қазан асылған. Ғұндар ошақты қатты қадірлеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz