Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
1.Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.

1917 жылдың 27 ақпанда болған Ақпан буржуазиялық - демократиялық революциясының нәтижесінде Ресейде патша үкіметі құлатылды. Экономикалық күйзеліс және орыс әскерлерінің жалғасып жатқан империалистік соғыс майдандарындағы жеңілісі, сонымен қатар елде жұмысшылар қозғалыстары мен аграрлық қозғалыстың өсуі, Орта Азия мен Қазақстанның байырғы халықтарының 1916 жылғы көтерілістері Ресейдің орасан зор апат алдында тұрғанын дәлелдеді. Жалпы бұл революцияның басты мақсаты феодалдық сарқыншақтарды жою еді, халық көтеріліс кезінде бостандықты, теңдікті қолдап, патша үкіметіне қарсылық танытқан болатын. Осылайша бұл көтеріліс Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
Ақпан төңкерісінен кейін Қазақстанда қос үкімет орнады. Сонымен қоса Уақытша үкімет және жұмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі құрылды. Оның Қазақстандағы комиссарларына Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, М.Шоқай сайланды. Ұлт зиялылары мен көтеріліс басшылары демократияның орнатылуына байланысты ұлттық автономияны құратын кез келді деген көзқараста болды. 1917 жылы наурыз, сәуір айларында әр жерден жұмысшы мен солдат депутаттарының Кеңестері, қырғыз(қазақ) ұлттық комитеттері құрыла бастады. 1917 жылдың 5 наурызына дейін Қазақстанда да қоғамдық негіздегі атқару комитеттері құрыла бастады. Мәселен, 3 наурызда Көкшетауда, 4 наурызда Қызылжарда, 5 наурызда Семейде біріккен қоғамдық ұйымдардың атқару комитеттері құрылды. Бұл ұйымдарға түрлі әлеуметтік топтар мен саяси партиялар мүшелікке ұмтылды. Бұл халықтың демократиялық басқару дәстүріне құлшына араласқанын аңғартады. Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқығындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеуліктерді алып тастауы болды. Ресей тарихында алғаш рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл шешім бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында кадеттерден, эсерлерден және өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен өлкелік, облыстық және уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ә.Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты қызметтер атқарды.
1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мұсылмандар съезі болып өтті. Съезде ұлттық-территориялық федеративті негіздегі демократиялық республика ұлттық автономия құру мәселелері қаралды.
Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бұл өлкенің отар ретінде әлеуметтік-экономикалық және саяси даму деңгейіне, оның көпұлттығы мен халқының құрамы негізінен ұсақ буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мұнда патша өкіметі құлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар - Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері және мұсылмандар ұйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бұрынғы саясатты жүргізсе, ал ұлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті тұрғындарды алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысты.
Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары, әсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының әлеуметтік негізін құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға әрекет жасалған "Алаш" партиясы іс жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді. Тарихта "Алаш" партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 жылдың 21-28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана және Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық милициясын ұйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ісі; сот ісі; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Құрылтай жиналысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мұсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын құру туралы және т. б. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы органы сайланды. Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дәуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық ұлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде "ұлтшылдықтың", "буржуазияшылдықтың" ешқандай да белгісі болған емес. "Алаш" қазақ халқының нағыз ұлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ ұрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

2.Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.

Қазан төңкерісі -- 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатысты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік II съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және биліктің барлығы Кеңестің қолына өткендігін жариялады.
Темір, Қостанай, Петропавл уездерінде, Бөкей даласында, Жетісу, Сырдария, Ақмола облыстарында шаруалардың жаппай бой көрсетулері болды. Перовскіде солдатқа алынғандардың әйелдерінің жаппай манифестациясы, Павлодарда, Петропавлда, Верныйда, Әулиеатада, т.б. қалаларда еңбекші әйелдердің бой көтерулері болып өтті. Монархиядан қалған күйзелген шаруашылық пен төніп келе жатқан ашаршылық, Уақытша үкіметтің халыққа нақты кепілдік бере алмауы, ұсақ буржуазиялық бұқара арасында анархиялық пиғылдардың өршуі жалпы ұлттық дағдарыстың ушығып кеткенін дәлелдеді.
Жер мен бітім туралы тарихи декреттердің қабылдануы, миллиондаған адамдардың арманына сай келетін Кеңес өкіметінің Ұлт саясаты жөніндегі бағдарламасының жариялануы революцияның тез жеңіске жетуіне ықпалын тигізді.
Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін ұлттық, ең алдымен ұлттық-мемлекеттік құрылыс мәселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған "Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында" және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің "Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне" үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған "Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы" қабылданды. Бұл құжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік құрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декларацияда "Кеңестік Ресей Республикасы еркін ұлттар одағының негізіндегі кеңестік ұлттық республикалардың федерациясы түрінде құрылады" делінген.
Қазақ зиялылары мемлекет құру процесінің кеңестік жолмен шешілуімен келісе алмады. Мұндай қарсылықтың себептері мынада еді: бірінші - қазақ зиялылары әуел бастан тәуелсіз ұлттық автономия құруды жоспарласа, екінші - олар Қазан төңкерісін қабылдамады, сөйтіп Кеңес үкіметін мойындамады, оны заңсыз орнаған үкімет деп есептеді. Сондықтан да „Алаш" зиялылары ұлттық мемлекет құру үшін күрес жүргізді. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Е.Ғұмаров, Е.Тұрмухамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғ.Бірімжанов құрастырған бағдарламаның жобасы "Қазақ" газетінің 1917 ж. 21 қарашадағы санында жарияланды. Бағдарламаның жобасы он пункттен тұрды. Осы бағдарлама Құрылтай жиналысына сайлауда "Алаш" партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 ж. 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен Екінші жалпықазақтық съезде қазақ халқының әр түрлі топтарының өкілдерін біріктірді. Съезде қазақ автономиясы құрамына Бөкей ордасы, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу облыстары және Закаспий облысымен Алтай губерниясының қазақтар мекендеген аудандары енуге тиіс деп шешті. Съезд Уақытша үкімет құлатылғаннан кейін қалалар мен селоларда, далада қазақтардың өмір сүруіне қауіп-қатер туғызған бей-берекеттік күннен-күнге күшейіп бара жатқандығын атап көрсетті. Сондықтан съезд қазақ халқын "аман алып қалу мақсатымен" "Уақытша Халық Кеңесі" түріндегі билік құру, оған Алаш-Орда (алаш автономиясының үкіметі) деген ат беру жөнінде шешім қабылдап және бүкіл қазақ халқына "бағынатын үкіметіміз осы деп сеніп... басқа үкіметті мойындамай, өз үкіметінің әмірін екі қылмай орындау керектігі" баса ескертілді. Съезд қазақ милициясын құру жоспарын жасады.
Ұлттардың өзін-өзі билеу құқығын талап етуін заңды процесс ретінде түсінген "Алаш" азаматтары Кеңес өкіметімен келіссөздер жүргізіп, ұлттық автономия мәселесін шешуді қолға алу мақсатында 1918 ж. наурызында Мәскеуге барып, В.И. Ленинмен және И.В.Сталинмен кездесіп, оларға 1917 ж. желтоқсанда өткен екінші қазақ-қырғыз съезінің қаулысын табыс етті. И.В. Сталин қаулымен танысқаннан кейін 19-20 наурызда жауап қатады. Сөз Алашорда автономиясының мәртебесі туралы болды. Алайда өкінішке орай Ұлт істері жөніндегі халық комиссары Алашорданың қойған талап-шарттарына тікелей ресми түрде жауап бермеді. Себебі алашордалықтардың автономия құру жөніндегі талаптары кеңес өкіметінің мүддесіне қайшы келетін еді.

3.Қазақстан азамат соғысы жылдарында.
Азамат соғысы 1918-1920 жылдары болып өтті. 1918 жылдың мамыр айында Қазақстанның Орынбор, Орал, Жетісу аймақтарында алғашқы ошақтары пайда болды. Өздерін Ақтар деп атаған күштер большевиктерге қарсы Азамат соғысын бастады. Ақ гвардияшыл Кеңес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары
XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялар және олардың Қазақстанға әсері
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы
Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы пәні және оның міндеттері
Ресейдегі ақпан буржуазия-демократиялық көтерілісі және оның Қазақстанға ықпалының ерекшеліктері
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Ұлттық мемлекеттілікті қалпына келтіру жолындағы саяси элитаның қызметі (ХХ ғ. алғашқы ширегі)
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Семей облыстық қазақ комитетінің мүшесі
Ақпан революциясынан кейін
Пәндер