Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы курсының типтік оқу бағдарламасы
Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-сыныбы үшін
Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы
курсының типтік оқу бағдарламасы
1. Түсінік хат
1. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты халыққа Жолдауындағы: Тәрбиенің құрамдасы - патриотизм, мораль мен парасаттылық нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық, тәннің де, жанның да дамуы заңға мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан, барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс, - деген ұстанымдарын ескере отырып, әзірленді.
2. Елдiң табысты дамуының басты шарты - iшкi саяси тұрақтылықты, азаматтық татулық пен ұлтаралық келiсiмдi қамтамасыз ету, әрі қалыптасқан этникалық қауымдастықтардың терең тарихы негізінде этносаралық қатынастар мәдениетiн арттыру болып табылады.
3. Арнайы курс бағдарламасы жастарымызға тәрбие берудегі басты бағыттардың бірі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін дамытуды қарастырады. Бағдарламаның болашақ ұрпақты толерантты әрі өзге этностардың құндылықтарын құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелеудегі маңызы зор.
4. Пәнді оқыту мақсаты:
оқушыларға Қазақстанның көпэтносты қоғам ретінде қалыптасу тарихын белгілі заңдылықтар мен тарихи үдерістер негізінде таныстыру. Қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды жолдары мен шарттарын түсіндіру.
5. Оқыту міндеттері:
1) этнос ұғымының адам өміріндегі рөлін, оның басты белгілері мен қызметтерін көрсету;
2) Қазақстан аумағындағы этномәдени үдерістердің негізгі заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіндіру;
3) этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихын кезеңдер арқылы ашып көрсету;
4) этностардың бай этникалық тарихы, мәдениеті және олардың қоғам өмірін ұйымдастырудағы қызметтерімен таныстыру;
5) көпэтносты, әрi көпконфессиялы қоғам құрудағы қазақстандық тәжiрибенің ерекшеліктерін айқындау.
6) Этносаралық қатынастардың қалыптасу тарихы этностар өмірінің әртүрлі сатыдағы даму деңгейінің барлық қырларын қарастыратындықтан, пәнаралық байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыс белгілі бір этносқа ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойынша жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Курс тақырыптарына байланысты пәндер тізімінен тек тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математика цикліндегі пәндерді де көруге болады.
7) Оқу жүктемесінің көлемі:
8-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында - 34 сағат.
2. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
8. Курстың білім мазмұны төмендегідей тарауларды қамтиды:
9. Кіріспе: пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері, өзектілігі. Қазақстан халқы, оның күрделі этникалық құрамы. Қазақ этносының ұлт құру және мемлекет құру әлеуеті. Қазақстан Республикасының этносаралық қатынастар саласында ұстанатын саясаты (1 сағат).
10. Этнос әлемі (3 сағат):
1) Этнос ұғымы: этнос ұғымының мәні. Негізгі түсініктер: этникалық тарих, ұлттық мемлекет, унитарлық мемлекет, федерация, титулдық этнос, көпэтностық қоғам, этносаралық коммуникация, диаспора, интеграция, ассимиляция, консолидация (1 сағат);
2) Жер - этностар мекені: алғашқы этникалық бірлестіктердің пайда болуы (антропогенез, расогенез және этногенез). Этностардың қалыптасуына ықпал ететін түрлі факторлар (тарихи, географиялық, саяси, мәдени). Ірі миграциялық үдерістердің жер шарының этникалық бет-бейнесінің қалыптасуына тигізген әсері (1 сағат);
3) Қазіргі замандағы этникалық қарым-қатынастар: Жер бетін мекендеген этностарды тілдік, антропологиялық, шаруашылық, діни ерекшеліктері бойынша жүйелеу. Қазіргі әлемдегі этностардың өзара қарым-қатынастары және негізгі үдерістері (1 сағат).
11. Көне және ортағасырлардағы Қазақстанның этносаралық қарым-қатынас мәдениеті (3 сағат):
1) Қазақстанның этникалық тарихы: Қазақстан этно-саяси бірлестіктерінің әлем этностарымен қарым-қатынасы тарихынан. Қазақстан территориясын мекендеген халықтардың өзара этногенетикалық және мәдени сабақтастығы (1 сағат);
2) Қазақтардың өзге халықтармен қалыптасқан қарым-қатынас жүйесі: Қазақ мемлекетінің саяси-дипломатиялық мәдени байланыстары. Қазақ одағына кірген өзге этникалық топтар мен ұлыстар және олардың қоғамға интеграциялануының механизмдері (кірме, ру құрамына ену, төлеңгіттер институты, шалақазақтар). Тамыр болу, қонақжайлылық дәстүрі (1 сағат);
3) Қазақ халқының мәдениеті. Дәстүрлі рухани және материалдық мәдениет - ұлттық сана-сезімді қалыптастырушы фактор. Ұлттық стереотиптер (1 сағат).
12. Көпэтносты Қазақстанның қалыптасу тарихы (13 сағат):
1) Өзге этнос өкілдерінің Қазақстанға қоныстануының алғашқы кезеңі: ХVІІІ ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының этникалық территориясы мен халқы. Ресей, Қытай, Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынасы (1 сағат);
2) ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформалары және этникалық құрамдағы өзгерістер: ХІХ ғасырдың басындағы Ресей реформаларының қазақ қоғамындағы этносаралық қатынастарға тигізген әсері. Казак-орыстардың жергілікті халықтармен мәдени-тұрмыстық байланыстары. Шаруашылықтағы өзара байланыстар. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің үлгілерін қабылдауы. Жайық, Орынбор, Сібір, Жетісу казак-орыстары қоныстарының қалыптасуы. Отырықшы қоныстардың пайда болуы (1 сағат);
3) XIX ғ. этникалық құрамның күрделенуі: Қазақстанды крестьяндық (қарашекпен) отарлаудың кезеңдері. Ұйғырлар мен дүнгендердің қазақ жеріне қоныс аударуы. Жергілікті халықтармен мәдени тұрмыстық байланыстары. Дәстүрлі қазақ мәдениетінің отырықшы мәдениет үлгілерін қабылдауы (1 сағат);
4) Қазақ жеріндегі этносаралық қарым-қатынас ХІХ ғасырдың зиялы қауымының назарында: А.И.Левшин, Т.Г.Шевченко, Ш.Ш.Уәлиханов, Г.Н.Потанин, С.Бабаджанов, В.В.Радлов, Ы.Алтынсарин, Н.И.Ядринцев, В.К.Фон Герн, И.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Ж.Көпейұлы, т.б. қазақ жерін мекендеген этностардың мәдени ерекшеліктері және қарым-қатынастары жөнінде (1 сағат);
5) Алаш зиялыларының этносаралық қатынастарға қатысты ұстанымы: Алаш бағдарламасындағы ұлыс және ұлт саясатының көріністері. Алашорда үкіметінің мемлекет құру және этносаралық мәселелерді шешу үшін жүргізген күресі (1 сағат);
6) Кеңес үкіметінің орнауы: 1920-1930 жылдардағы саяси-қоғамдық және демографиялық ахуал. КСРО құрамында Қазақ республикасының құрылуы және территорияның межеленуі. 1921-1922, 1932 жылғы аштық. 1929 жылғы переселен басқармасының құрылуы. Демографиялық жағдайдағы өзгерістер (2 сағат);
7) Қазақстан - үлкен депортациялық лагерь: 1930-1950 жылдардағы тұтас халықтарды елімізге жер аудару тарихынан. Олардың көрген қиыншылықтары мен жаңа жерге орнығуы. Лагерьде азап шеккендер. Қазақ халқы тарапынан қамқорлық (2 сағат);
8) Тың және тыңайған жерлерді игеру кезіндегі этникалық үдерістер: Тың игеру науқаны кезінде республикаға келген халықтар. Демографиялық жағдайдың күрт өзгеруі (2 сағат);
9) Кеңес үкіметінің ХХ ғасырдың 2-ші жартысында республикада жүргізген ұлттық саясаты: білім беру, мәдениет салаларындағы саясат. Халықтар достастығы зертханасы идеясы. Қазақ тілінің жағдайы. Қазақстандағы кіші этностардың жағдайы (1 сағат);
10) Қазақстан - егеменді мемлекет: КСРО-ның ыдырауы. КСРО-ның ұлттық саясатының дағдарысы. Қазақстанның егемендік алуы. Алғашқы декларация мен тәуелсіздік туралы заң (1 сағат).
13.Тәуелсіз Қазақстан - көпэтносты және көпконфессиялы мемлекеттің жаңа үлгісі (6 сағат):
1) Егеменді еліміздің ұлттық саясаттағы алғашқы қадамдары: отарлық жағдайдан шынайы тәуелсіздікке өту үдерісі. Ата заң. Қазақстанды мекендеген этностар мен этникалық топтардың арасында жаңа қатынастардың қалыптасу тарихы. Қазақстанның мемлекеттік және ұлттық рәміз-нышандары (1 сағат);
2) Қазақ ұлты өзге этникалық топтардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz