Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе 3
1. Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы 4
2. Казцинк компаниясының бөлімшелері 5
3. Өнім түрі 10
4. Металл мырышты өндіру процестері 13
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 19

Кіріспе
Түсті металлургия - алға бастап келе жатқан Қазақстандағы өндірістік кешен. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуы осы өндіріске тікелей байланысты.
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының металлургия өнеркәсібін, атап айтқанда түсті металлургия кәсіпорындарын дамытудың негізгі өңірлерінің бірі болып табылады. Мұнда түсті металдарды өндіру және байытудан бастап оларды металдық қорыту қорғасын, мырыш, мыс, кадми және т.б. таза металдарды бөліп алу сатыларына дейін жүзеге асады. Облыс өнеркәсібінің басты түсті металлургиясы Казцинк, Өскемен титан-магний комбинаты, Үлбі металлургиялық зауыты АҚ-дары, Қазақмыс корпорациясы, АҚ-ның Шығыс Қазмыс бөлімшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісінің РМК Қазақстан монета сарайы, Қазниобий Ертіс химия-металлургия зауыты, Ертіс сирек элементті компаниясы, Қазмырыштех ЖШС-терін қамтиды. Бұл кәсіпорындар өздерінің шығарған сан алуан, бағалы өнімдері бойынша дүние жүзіне белгілі [1]. Қазіргі уақытта Қазақстанда түсті металдардың негізгі өндірушілерінің бірі, түсті металдардың әлемдік нарығында жақсы танымал Казцинк ЖШС болып табылады.
Қазцинк компаниясы - Қазақстанның түсті металлургия көшбасшыларының бірі. Қазцинк - мыс, бағалы металдар және қорғасын сияқты металл түрлерін өндіретін ірі мырыш өндіруші компания. Компанияның негізгі міндеті - жұртшылыққа, қоршаған ортаға және адамдар денсаулығына тәуекелді барынша азайта отырып, ілгерілей даму және табиғи ресурстар мен қуат көздерін ыждағаттықпен пайдалану арқылы меншік иелеріне, қызметкерлеріне, әріптестеріне, қоғамға орнықты құндылықты жасау.
Казцинк компаниясының мырыш зауыты ЦВ, ЦВО, ЦОА маркалы мырыштар, ЦАО 3, ЦАО 4 алюминий мырышы қорытпаларын өндіреді. Мырыш және оның қорытпалары өнеркәсіпте кең таралған. Бұл зауыттан өндірілетін мырыштар аккумулятор, автомобильдер, теңіз кемелері, теледидарлар және т.б қолданылады.

1. Қазцинк компаниясының жалпы сипаттамасы
Қазцинк - Қазақстандағы аса ірі мырыш өндіруші компания. Компанияның негізгі кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында орналасқан. Компания 1997 жылы қаңтарда құрылған. Glencore International AG бас инвестор болды. Қазцинк компаниясын Қазастур Цинк Аг фирмасы (Швецария) басқарады.
Казцинк өзі құрылғаннан бергі жылдар ішінде өндірістік қуаттар мен өнім өндіруді барлық бағыттар бойынша едәуір арттырды. Компания өндіріс шығындарын мейлінше азайта отырып, әлемдік мырыш саласындағы озат кәсіпорындар бестігіне кіруді мақсат тұта даму үстінде [2].
Казцинк алғашқы сапа менеджменті жүйесіне халықаралық DIN EN ISO 9001 стандартына сәйкестік сертификатын 2004 жылы алды. 2006 жылы DIN EN ISO 14001 және BS OHSAS 18001 сәйкес экология менеджменті жүйесі және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесі сертификатталды. Сонымен қоса, Казцинк ЖШС ISO 9001, ISO 14001, OHSAS 18001 және ISO 50001 стандартты талаптарына сәйкес келетін интеграцияланған сапа менеджменті, қоршаған орта, денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігін, энергия менеджментін қамтамасыз ету жүйесін құрып сертификаттады. Жүйе тиімді қолданылуда және ауық-ауық растау серификатынан өткізіліп тұрады [3].
Казцинк ЖШС негізгі миссиясы: жұртшылыққа, қоршаған ортаға және адамдар денсаулығына тәуекелді барынша азайта отырып, ілгерілей даму және табиғи ресурстар мен қуат көздерін ыждағаттықпен пайдалану арқылы меншік иелеріне, қызметкерлерге, әріптестер мен қоғамға орнықты құндылық жасау.
Негізгі стратегиялары:
1. Адамға және қоршаған ортаға әсерді азайту: ең озық тәжірибелерді енгізуді жалғастыру және оларды жаңа технологиялардың дамуына қарай адамға зиянды әсерді төмендету және өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, сондай-ақ жазатайым оқиғалармен кәсіби сырқаттардың асқыну ықтималдығын болдырмау мақсатында қолдану.
2. Пайдалылықты арттыру: кен орындары мен өндірістердегі өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету үшін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арқылы өндірістік және басқару үдерістерін тұрақты түрде жетілдіріп отыру.
3. Өндіру ұзақтығын ұлғайту: жұмыс істеп тұрған кен орындары мен жаңа алаңшалар шектеріндегі геологиялық барлау жұмыстары жөніндегі мақсатты іс-шаралар негізінде геологиялық ресурстар мен резервтер өсімін қамтамасыз ету.
4. Өзіндік капиталды молайту: жаңа активтерді біріктіру және игеру арқылы компанияны жергілікті және өңірлік ауқымда кеңейту. Жаңа активтер сатып алған кезде капиталдандыруды ең жоғарғы шекке жеткізуге бағытталған басты мақстатты көрсеткіштерді - сапаны, көлемді, бейімділікті және адал бағалауды негізге алу.
5. Қабылданған міндеттемелерді әрқашан орындау: қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігіне назар аудара отырып, топтың барлық кәсіпорындарында, қатысы бар барлық өңірлерде корпоративтік және әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары стандарттарына сай болу [2].
Қазцинк құрамына Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Лениногор полиметалл комбинаты, Зырян мырыш комбинаты, Ленингор жөндеу-механика зауыты акционерлік қоғамдары, Текелі кен байыту комбинаты мен Бұқтырма су-энергетикалық кешені енеді. Кәсіпорын металды мырыш, тазартылған қорғасын, мыс концентратын, металды кадмий, күкірт қышқылын, электр және жылу энергиясын өндіреді. Қазцинктің барлық өнеркәсіптік алаңшарлары, қосалқы бөлімшелерді қоса алғанда, бірыңғай интеграцияланған өндірістік тізбекке енгізілген. Карьерлер мен кеніштерде өндірілетін шикізат жаңартылған байыту фабрикаларында өңделеді, содан кейін металлургия кешендеріне жөнелтіледі, онда жоғары сапалы дайын өнім шығарылады. Компанияның әр өнеркәсіптік алаңшарында заманауи технологиялар мен жабдықтар қолданылады, олар еңбек қауіпсіздігін арттыруға және өнімділікті ұлғайтуға мүмкіндік туғызады [2, 4].

2. Казцинк компаниясының бөлімшелері
Компания кен өндіруден бастап оларды тазартылған металдар ала отыра өңдеуге дейінгі түсті металдар өндірудің толық циклын қамтитын интеграцияланған сапа, қоршаған орта, денсаулық сақтау, еңбек қауіпсіздігі менеджементі жүйесін; өндірісті инфрақұрылыммен, көлікпен, ресурстармен қолдайтын және қамтамасыз ететін қосалқы бөлімшелер құрды. Казцинк бөлімшелері Өскемен, Риддер, Серебрянск, Көкшетау, Жәйрем, Алтай жерлерінде орналасқан [2].
Өскемен қаласында орналасқан зауыт 6 бөлімшеден тұрады:
* Өскемен металлургия кешені;
* Казцинк-Энерго;
* Казцинк-Транс;
* Казцинк-Ремсервис;
* Казцинк-Автоматика;
* Казцинк-ТемірТранс;
Өскемен металлургия кешенінінің құрамына мырыш, қорғасын, мыс, бағалы металдар өндіру, күкірт қышқылы зауыттары кіреді. Өндірістік алаңша Өскемен қаласының ішінде Казцинк басқармасыныі жанында орналасқан [2, 5].
Мырыш зауыты стандартты технолошияны қолданады: ерітінділерді, электролиздерді - аздаған ерекшеліктерімен күйдіру, сілтісіздендіру және тазарту жұмыстарын жасайды. Мырыш зауытына қажетті шикізат ретінде Малеев кенішінің және басқа да кәсіпорындардың сульфидті мырыш концентраттары қолданылады [6].
2012 жылы қорғасын өндірісі қайта құрамдалды, күкіртті ангидрид шығындарын азайту үшін қорғасын зауытында жаңа экологиялық ISASMELT технологиясы енгізілді. ISASMELT технологиясы газдарды тиімді түрде қайтадан өңдеп, оларды тауарлы өнім - күкірт қышқылына айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл зат - нарықта қажетті тауар болып табылады. ISASMELT технологиясы балқыту жабдықтарының абсолютті бітеулігімен және аз көлемде толықтау кәдеге жаратуға болатын концентрациясы жоғары газ алуға жарамдылығымен ерекшеленеді. Қорғасын өндірісі қайта құрамалау еңбек қауіпсіздігі мен өнімділігін арттыруға, жұмыскерлердің еңбек жағдайын жақсартуға, энергия сыйымдылығын азайтуға, пайдаланылған шикізатты ауқымды көлемде қайталанып өңдеуге, экологиялық көрсеткіштерді жақсартуға мүмкіндік береді [2].
Мыс зауыты қуаты 70 мың тонна болатын мысты өндіреді. Казцинктің ең жаңа өндірісі 2011 жылы ашылған. Мыс зауытының құрылысы төрт жыл жүргізілді. Жаңа өндірісті жобалауға, салуға, жарықтандыруға және іске қосуға Қазақстанның жетпіс компаниясынан, сондай-ақ әлемннің он мемлекетінің шетелдік компанияларынан бес мыңнан астам әртүрлі маман қатысты. Жұмыста Австралияда, Германияда, Финляндияда және Швецияда пайдаланып келе жатқан технологиялық тәсілдер мен жабдықтар қолданылды. Мыс зауытын салған кезде заманауи технологияларды пайдалану керемет нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беруде. Мыс өндірісі іске қосылғаннан кейін бірді-бір тонна қатты қалдық пайда болған емес. Суайналмалы жүйесі зиянды заттардың тарауын болдырмауға мүмкіндік берді [2].
Аффинаж өндірісі. Қорғасын тазарту кезінде күміссіздендіру үдерісінде алынған күміісті мырыш көбігі қайта айналымдағы мырышты құрамында күміс бар қорғасынннан бөліп алу үшін электртермиялық тәсілмен қайта өңделеді. Құрамында күміс бар қорғасын купеляция пештерінде Доре қорытпасын шығара отыра қайта өңделеді. Доре қорытпасы аффинаждалған күміс ала отыра электролиттік тазартудан өтеді. Аффинаждалған алтын Казцинк дайындаған технология бойынша екі технологиялық тәсілмен жүргізіледі: тазартылмаған алтыннан электртазартылған анодтар алу, тазартылмаған алтынды химиялық тәсілмен еріту, содан кейін таза алтынды талғамдап шөктіру. Аффинаждалған алтын құймалар ретінде шығарылады (Au құрамы 99,99%). Аффинаждау өндірісінің қуаты жылына 52 т алтын және 990 т күмісті құрайды, екі металл да Лондон бағалы металдар биржасында GoodDelivery тізіміне енгізілген (маркасы Deer ) [7].
Күкірт қышқылы зауытында 2012 жылға дейін күкірт бар газдарды кәдеге жаратудың екі тәсілі қолданылып келді. 2012 жылы мыс зауытының газдарын қайтадан өңдеу үшін канадалық SNC бельгиялық Mecs компаниясы жасаған қостүйіспелі технология - қосарлы адсорбция технологиясы қолданылып, Lavalin фирмасының жобасы бойынша жаңа күкірт қышқылы зауыты бой көтерді. Сондай-ақ күкірт қышқылын өндіретін үшінші күкірт қышқылы цехы ашылды. Өзара байланысты үш күкірт қышқылы қондырғысы құрамында күкірт бар газдарды толықтай тазартуды қамтамасыз етуде [2].
Казцинк-Энерго бөлімшесінің негізгі міндеті - өз электр желілері бойынша компанияның өнеркәсіптік алаңдарына электр энергиясын беру және бөлу. Казцинк-Энерго қызметкерлері желілік электр жабдықтарын сынақтан өткізеді және оларға диагностика жасайды, энергетикалық объектілерді жаңғыртумен және қайта құрылмалаумен шұғылданады. 2011 жылы компания энергетиктерінің ерекше мақтанышы - ЭБЖ-31 іске қосылды. Ұзындығы 100 км болатын жоғары вольтті желі жүруге өте қиын таулы-орманды жерлерден, теңіз деңгейінен 600-1800 м биіктіктен өтеді. Оны тарту үшін мамандарға бұлттан да жоғары биіктікте жұмыс істеуге тура келді [2].
Казцинк-Транс - жүктер мен жолаушыларды автомобиль көлігімен тасымалдаумен айналысады. Автопаркте 616 көлік техникасы бар [2].
Казцинк-Ремсервис бөлімшесі - әртүрлі жабдықтарды, көтеру құрылғыларын, қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды жөндеумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Бұл бөлімше сондай-ақ түсті және қара металдардан бөлшектер жасайды. Дайын өнімнің ең жеңілінің салмағы 10 грамм, ал ең ауыры - 18 тоннадан асады. Бөлімше мамандары, сонымен қатар, жабдықтарға диагностика жүргізеді [2].
Казцинк-Автоматика бөлімшесі 2009 жылы 1 қазанда құрылды. Бөлімше технологиялық үдерістерді автоматтандыру, сондай-ақ байланыс, бейнебақылау, өрт және күзет сигнализациясы жүйелерін жасайды, өндіріске енгізеді және оларды реттеп-бақылап отырады. Казцинк-Автоматика мамандары Қазақстанда тұңғыш рет Риддер-Сокольный және Тишин кеніштерінде радиосәуле шығару желісінің канадалық жүйесін енгізді. Ол бүкіл кен қазбаларын толықтай радиобайланыспен қамтуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Жәйрем кен байыту комбинатының салынып жатқан фабрикасын автоматтандыру жүйесі жасалуда. Жаңа өндіріс Қазақстандағы және әлемдегі жоғары технологиялық және жарақтандырылған өнеркәсіптік алаңдардың бірі болмақ [2].
Казцинк-ТемірТранс - бұл өнеркәсіптік кешенге теміржол жолдары мен қозғалмалы құрам, сондай-ақ жүк терминалдары кіреді. Негізгі міндеті - компанияның өндірістік бөлімшелері жіберген жүктердің үздіксіз қозғалысын ұйымдастыру [2].
Риддер жерінде 7 кеніш орналасқан:
* Долинный кеніші;
* Казцинкмаш;
* Казцинк-Шахтострой
* Риддер байыту фабрикасы
* Риддер металлургия кешені
* Тишин кеніші
* Риддер-Сокольный кеніші
Долинный кенішінің құрылысы 2015 жылы басталған. 2017 жылы ақпанда үңғылау жұмыстарынан алғашқы ілеспе кен өндіру басталды. 2018 жылы Долинный кенішінде алынған алғашқы өнеркәсіптік кен Риддер байыту фабрикасында сәтті өңделді. 2019 жылы негізге желдету қондырғысы мен бетон-толтыру кешені іске қосылды. Бұл екі объектінің пайдалануға берілуі - кеніш құрылысындағы маңызды кезеңнің аяқталуы болып табылады [2].
Казцинкмаш бөлімшесінің негізгі қызметі - жабдықтарға арналған қосалқы бөлшектерден бастап, ірі көлемді бірегей механизмдер мен агрегаттарға дейінгі өнеркәсіптік өнімдер шығару. Казцинкмаш мамандары флотациялық машиналар, шарлы және стерженьді диірмендер, конусты ұстағыштар, керамикалық сүзгілер мен ультраұсақ диірмендер сияқты күрделі техникалар дайындайды. Бұл бөлімшенің қызметкерлері сондай-ақ кен өндіру жабдықтарын жөндейді. Өнеркәсіптік кешен Чехияның, Германияның, Францияның, Жапонияның және Бразилияның жетекші өндірушілерінің жабдықтарымен жарақталған. Казцинкмаш бұрынғы кеңес одағы кеңістігінде және Еуропада бірінші болып ультраұсақ ұнтағыш диірменін жасап шығарды. Ол көптеген параметрлері бойынша әлемдік ұқсас жабдықтардан озық тұр. Ұнтақтау 10 микронға дейін жетеді [2].
Казцинк-Шахтострой бөлімшесінің негізгі міндеті - жерасты және жерүсті кен орындары объектілерін салу. Казцинк-Шахтострой мамандары геологиялық барлау, кен-дайындық, монтаждау және электржөндеу жұмыстарының барлық түрлерін орындайды. Сонымен қатар, Казцинк-Шахтострой ағаш өңдеу өнімдерінің кең номенклатурасын, бетондар мен ерітінділердің әртүрлі маркаларын шығарады [2].
Риддер байыту фабрикасында Тишин, Шубинск және Риддер-Сокольный кеніштерінің кендері және Старый қалдық қоймасының құрамында алтын бар қалдықтары қайтадан өңделеді. Өңделетін кен түрлерінің алуан түрлігіне байланысты (құрамында мырыш, қорғасын және мыс бар сульфидтен бастап, құрамында алтын бар кварцты қалдықтарға дейін) байыту фабрикасында бірқатар түрлі технологиялық схемалар қолданылады. Мырыш концентраттары Риддер металлургия кешеніне, қорғасын және алтын концентраттары өңдеу үшін қорғасын зауытына, ал мыс концентраттары - Өскемен металлургия кешенінің мыс зауыты жеткізіледі. Қалдықтар қаладан 4 км қашықтықта Талов қалдық қоймасына гидравликалық тәсілмен сорылады, одан су технологиялық процеске қайтарылады [2].
Риддер металлургия кешеніне қажетті негізгі шикізат - байыту фабрикасының концентраттары болып табылады. Атмосфералық сілтісіздендіру қондырғысы кешенге кез келген шикізатты, оның ішінде минералдық құрамы күрделі кендерді қайтадан өңдеуге мүмкіндік береді. Жаңа технология Германиядан келген мамандармен бірлесіп жасалып, өндірске енгізілді. Мұндай әдістің басты артықшылықтарының бірі - қалдық қалмайтындығы және таза су шығынын барынша азайтуға мүмкіндік беретін айналымды сумен жабдықтау. Риддер металлургия кешені мырышты стандартты гидрометаллургиялық тәсілмен қайнап жатқан қабатты пештерде күйдіруді, ерітінділерді гидролитикалық және цементтеу тазартумен өңделген электролитпен екі сатылы шаймалауды, электролизді дәйекті пайдалана отырып өндіреді. Зауыт жылына 110 000 т жоғары маркалы металл мырыш және мырыш-алюминий қорытпаларын шығарады. Күкірт газын кәдеге жарату процесінде кәсіпорын шығаратын күкірт қышқылы сатылады [2].
Тишин кеніші - Қазақстандағы негізгі кен жұмыстарын өздігінен жүретін шахта машиналарымен жүргізуге арналған жабдықтармен жарақтандырылған алғашқы кеніш болды. Онда толтыру жұмыстарында түйіршектелген қожды (қож - өндіріс қалдықтарынан пайда болған материал) ультраұсақ ұнтатаудың жаңа әрі тиімді технологиясы игеріліп, өндіріске енгізілді. Кеніш құрамында мырыштың орташа мөлшері 4,6% және мыс пен қорғасынның жиынтық құрамы шамамен 1% болатын 1,4 млн т полиметалл кенін өндіретін жерасты өндірісі болып табылады. Өндіру өздігінен жүретін жабдықты пайдалана отырып, негізінен шыңдау арқылы камералық өңдеу әдісімен жүргізіледі. Содан кейін кен темір жолмен Риддер байыту фабрикасына тасымалданады [2].
Риддер-Сокольный кеніші 1789 жылдан бері пайдаланылуда. Кен өндіру жерасты тәсілмен жүргізіледі. Одан алынған кенді байыту фабрикасында әртүрлі металдар, оның ішінде құрамында алтын бар концентраттарына қайтадан өңдейді. Кеніш жылына орташа құрамы 3,50 тжыл деңгейінде адтын мен шартты алтынды құрайтын 2,3 млн т кен өндіреді [2].
Серебрянск жерінде 1 кешен орналасқан:
* Бұқтырма гидроэнергетика кешені
Бұқтырма гидроэнергетика кешені электростансасы ұзақмерзімдік концессия негізінде Казцинк құрамына кіреді. Онда жинытық қуаты 675 мВт болатын әрқайсысы 75 мВт-тық 9 агрегат орналасқан. Бұқтырма ГЭС-сы бөгені әлемдегі ең мықты бөген болып табылады. Сарапшылар тұжырымы бойынша оның негізін ұстап тұрған материал беріктігін әлі 900 жыл сақтай алады. 2019 жылы Бұқтырма ГЭС-сындағы жұмыс істеп тұрған басқару пульті Канадада жасалған цифрлы үлгімен алмастырылды. Құрылғы бұрынғыдан да көп технлогиялық параметрлерді санай алады, ал ол әртүрлі үдерістерді бақылауға және агрегаттар қуатын реттеуге мүмкіндік береді [2].
Көкшетау жерінде 1 бөлімше орналасқан:
* AO Altyntau Kokshetau
Казцинк компаниясының алтын өндіру бөлімшесі болып табылады. Өндіру ашық тәсілмен жүргізілуде. Altyntau Kokshetau-да жылына орта есеппен 15 тоннаға дейін алтын өндіріледі. Өнеркәсіптік алаңға алтын кен орны мен 2009 жылы пайдаланыға берілген байыту фабрикасы кіреді. Ол Канада, Австралияда, АҚШ-да, Швецияда, Финляндияда, Германияда, Италияда және Ресейде өндірілген ең заманауи, жоғары технологиялық жабдықтармен жабдықталған. Байыту нәтижесінде алынатын Жоре қорытпасы Өскемен металлургия кешенінің аффинаж заводына жөнелтіледі [2].
Жәйрем кентінде 1 бөлімше орналасқан:
* Жәйрем КБК
Жәйрем полиметалл кен орны Қазақстандағы мырыш-қорғасын, барит-полиметалл, сондай-ақ темір-марганец кен қорлары бай полиметалл кендерінің ең үлкен учаскелерінің бірі болып табылады [2].
Атай қаласында 2 кеніш орналасқан:
* Малеев кеніші;
* Алтай КБК-нің байыту фабрикасы
Малеев кенішінде мырыш, мыс, қорғасын, алтын, күміс игеріледі. Компанияның аса ірі жерасты кенішінің құрылысы 2000 жылғы маусымда аяқталды. 2017 жылы Pitram инновациялық жүйесі іске қосылды, ол цифрлы технологиялардың көмегімен бұрынғыдан да қауіпсіз жұмыс жағдайлары мен жоғары еңбек өнімділігі деңгейін қамтамасыз ете отыра, кенішті онлайн режімде басқаруға мүмкіндік берді [2].
Алтай КБК-нің байыту фабрикасы Малеев кен орнының полиметалл және мыс-мырыш кендері, сондай-ақ мыс қождары мен мырыш өндірісінің клинкері қайтадан өңделеді. Содан кейін құрамында мырыш, қорғасын, мыс және алтын бар концентраттар Өскемен металлургия кешеніне жеткізіледі. 2019 жылы байыту фабрикасының ұнтақтау және флотациялау учаскесінде жабдықтарды жаңғырту жүргізілді.
Компания бөлімшелері орналасқан қалалардың әлеуметтік дамуына үнемі қатысып, маңызды жобаларына инвестиция салады [2].

3. Өнім түрі
Мырыш және оның қорытпалары өнеркәсіпте кең қолданылады. Мырыш - элементтердің периодты жүйесінің II-тобындағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
KAZZINC ЖШС КОМПАНИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАРЫ
Текелі қаласындағы қорғасын -мырыш кен орны
Шығыс Қазақстан облысы туралы мағлұмат
Қалдықтар - потенциалды шикізат көзі
Өндірістік практика өту туралы есеп: «Жобаларды басқару» (“Intelligent computer Services” мысалында)
Казцинк ЖШС ӨМК-да тазартылмаған мыс құрамындағы таза мыстың мөлшерін фотометриялық әдіспен анықтау
Шығыс Қазақстан қазіргі экномикалық жағдайы
Акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәні
Ауыр металдардың топырақ қасиеттеріне әсері
Қалдықсыз және аз қалдықты технологияларды өндірісте пайдалану өзектілігі
Пәндер