Су ресурстарына пайдалануға жарамды жер үсті және жер асты сулары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Су ресурстарына пайдалануға жарамды жер үсті және жер асты сулары жатады. Су Жердегі органикалық өмірді, адамның өмірін, оның шаруашылық қызметін қолдау үшін қажет. Су факторы қоғамдық өндірісті орналастыруға үлкен әсер етеді. Сумен жабдықтаудың ірі көздеріне бағдарлай отырып, су айдындарына өнеркәсіптің көптеген салалары (электр энергетикасы, қара және түсті металлургия, целлюлоза-қағаз, химия өнеркәсібі және т.б.), егіншілік (күріш себу, мақта шаруашылығы және т. б.) жатады. Су ресурстары-тек айқын су қоймасы өндірістері үшін ғана емес, қалаларды дамыту, халықтың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін де маңызды фактор.
Әсіресе, жер бетінде қоры шектелген тұщы суға адамдардың қажеттілігі зор. Оның гидроферасын құрайтын жердегі судың жалпы қоры (мұхиттар мен теңіздер, өзендер, көлдер, батпақтар мен су қоймалары, жер асты сулары, мұздықтар мен қар, топырақ ылғалдылығы мен атмосфера булары) 1 386 млн текше км бағаланады. Гидросфераның қалған 2,5% - ы жер шарындағы тұщы су ресурстарын құрайды.
ТМД елдеріндегі ішкі ағынсыз бассейнге 2 ірі көл-теңіздер Каспий мен Арал жатады, бұл екеуі де шөлдердің арасында орналасқан. Каспий мен Арал теңіздері бірдей ендікте жатқанына қарамастан, олардың бір-бірінен өзіндік ерекшеліктері бар, атап айтсақ, деңгейлердің әртүрлілігі, тұздылығы , т.б.
Каспий теңізі әртүрлі тарихи дамуды басынан өткізген. Б. ғ.1000 жылдарында бұл теңіздердің деңгейі дүниежүзілік мұхит деңгейінен 32м тереңде жатқан. Оның құрлықтағы жағалауларында бірнеше қуатты қамалдар мен әртүрлі бағыттағы тас жолдар салынған. Ал, қазіргі кезде сол қамалдардың дуалдары мен жолдары су астында теңіз деңгейіненінен 4м төменде жатыр. Каспий теңізі 80%- жуық суды Волга өзенінен алса, қазір Волга суын көптеген суқоймаларын толтыру үшін және ауыл шаруашылығында пайдаланудың артуына байланысты Каспийдің деңгейі 28м-ге жетеді.
Арал теңізіне келсек, ол да көптеген тарихи жолдардан қалыптасқан.Х ғасырда мұздықпен қоректену көлемінің азаюына байланысты Аралдың суы төмендеді, яғни Сырдарияның құя беріс атырауында Жаңакент қаласы салынған. Ал ХVIғ Сырдария өзені суының көбеюіне байланысты Арал теңізінің деңгейі көбейіп, Сырдария атырабының көп бөлігі су астында қалды. Ал, қазіргі кезде Арал теңізінің құрғақтанып, суының жоғалуы негізгі мәселе болып отыр.
Каспий теңізі, ауданы 363 мың км2, көлемі -78 мың км3, орташа тереңдігі 180м, ең терең жері 1025м. Бұл теңіз дүниежүзі бойынша ең үлкен ағынсыз бассейін болып саналады. Теңіздің қазан шұңқыры әртүрлі жастағы төмен түскен тектоникалық құрылымдардан пайда болып, оның морфологиясы мен жағалық типтерінде әртүрлі болды. Теңіз қазан шұңқыры 3 бөлікке бөлінген. Солтүстік бөлігі ( солтүстіктен Маңғышылақ түбегіне дейін)-су аздау болып келеді, орташа тереңдігі 10 м-ге жетеді. Ал, орталық бөлігінің тереңдігі 500-800 м-ге жетеді, ол Красноводск қаласына дейінгі аралықты алып жатыр. Ал,оңтүстігі өте суы мол және терең болып, оның жағалауларында лайлы вулкандар тараған .
Климатына келсек, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылып жатыр, қыста теңізге Азия максимумы ықпал етіп, төменгі қысымды аймақтарда солтүстік-шығыс бағытындағы желдер соғып тұрады. Қаңтар айындағы орташа температура теңіздің орталығы мен солтүстігінде 00С, ең оңтүстік шетінде +8-100 С-қа дейін төмендейді. Тек солтүстігінде ғана мұз қатып, сол мұздар қаңтардан наурыз айына дейін жатады. Ал,жаздыгүні шілде айының орташа температурасы солтүстікте +24, оңтүстігінде +26+280С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстікте 200мм, ал оңтүстік-батыста Ленкорань қаласында 800мм.
Каспий теңізі транспорттық бағытта зор маңызға ие болып отыр, сонымен бірге балық шаруашылығы үшін өте тиімді, әрі қолайлы теңіз болып табылады.
жатыр. Ал,оңтүстігі өте суы мол және терең болып, оның жағалауларында лайлы вулкандар тараған .
Климатына келсек, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200км-ге созылып жатыр, қыста теңізге Азия максимумы ықпал етіп, төменгі қысымды аймақтарда солтүстік-шығыс бағытындағы желдер соғып тұрады. Қаңтар айындағы орташа температура теңіздің орталығы мен солтүстігінде 00С, ең оңтүстік шетінде +8-100 С-қа дейін төмендейді. Тек солтүстігінде ғана мұз қатып, сол мұздар қаңтардан наурыз айына дейін жатады. Ал,жаздыгүні шілде айының орташа температурасы солтүстікте +24, оңтүстігінде +26+280С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері солтүстікте 200мм, ал оңтүстік-батыста Ленкорань қаласында 800мм.
ТМД елдерінің өзендері. ТМД елдері өзен жүйелеріне өте бай деп айтуға болады. Олардың жалпы су ағындары 2963398км болса, ұзындықтардың қосындысы 9647864км-ге жетеді. Барлық өзендер халық шаруашылықта қолданылып, оның дамуы үшін маңызды роль атқарады. Өзендер негізінен кеме шаруашылығы, орман ағаштарының тасмалдау үшін, электр энергиясын өндіру үшін, егістіктерді суару үшін, сол сияқты халықты ауыз сумен қамтамасыз етіп балық аулау үшін пайдаланады. ТМД елдерінің барлық өзендері суларын Тынық, Атлант, Солтүстік Мұзды мұхиты мен ішкі ағынсыз Арал- Каспий бассейіндерінің 14 теңізіне апарып құяды. Өзен бассейіндерінің шекаралық тау жүйелері, қыраттар, үстірттер, ормандар, батпақтар, далалар мен шөлдер арқылы өтеді. Өзендерді бірнеше бөліктерге біріктіреміз.
1)ТМД елдерінің территориясындағы таралу ауданы ең үлкен Солтүстік Мұзды мұхит бассейіні, оның аудандары- 11,7 млн м2. Бұл мұхиттың 6 теңізі (Ақ, Кар, Баренц, Лаптевтер, Шығыс Сібір) Уралдан және Шығс Европа жазығынан келетін көптеген өзендерді қабылдайды, яғни ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖЕР АСТЫ СУЫН ҚОРҒАУ
Халықаралық табиғи ресурстар
Ақмола облысының көлдер жүйесіне толықтай сипаттама
Ақмола облысының су ресурстарын пайдалану және қорғау
Су ресурстарын тиімді пайдалану және қорау
Қазақстан Республикасында су ресурстарын құқықтық қорғау
Зырян өндірістік алаңы, Грехов кенішінің өндірістік алаңы және Малеев кенішінің өндірістік алаңы
Шығыс Қазақстан облысының ірі өзендері
Қазақстанның өнеркәсіптік қалаларының экологиясы
Негізгі өзен бассейндері
Пәндер