Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс және оның теориялық, әдіснамалық негіздері


Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үрдіс және оның теориялық, әдіснамалық негіздері
Педагогикалық үрдістің мәні мен құрылымы . Педагогикалық үрдіс- білім алушы тұлғасының жағдайын ӛзгертуге бағытталған, мазмұны жағынан толықтырылған және арнайы ұйымдастырылған тәрбиешілердің жүргізуші және бағыттаушы әрекетінің және баланың белсенді әрекетінің негізіндегі ӛзара әрекеттесу процесі. (Б. Т. Лихачев) .
Педагогикалық үрдіс - белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған және тәрбиеленушілердің қасиеттері мен сапаларын алдын-ала анықталған жағдайға ӛзгеруіне әкелетін тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің дамып отыратын ӛзара әрекеттесу процесі (И. П. Подласый) .
Біртұтас педагогикалық үрдіс - жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекеттесу процесі (Н. Д. Хмель - Қазақстанда біртұтас педагогикалық процестің теориясын қалыптастырушы ғалым) .
Сонымен, біртұтас педагогикалық үрдіс - ол оқытушы мен білім алушылардың ӛзара әрекеттесу процесі болып табылады, оның барысында әлеуметтік тәжірибе тұлғаның қасиеттеріне алмасады.
Біртұтастық - ол педагогикалық процестің синтетикалық қасиеті, ол оның дамуының жоғары деңгейін, онда қызмет ететін субъектілердің саналы әрекетінің нәтижесін сипаттайды. Біртұтас педагогикалық процеске оны құраушы компоненттердің ішкі тұтастығы, олардың үйлесімділігі тән.
Біртұтас педагогикалық процестің негізгі белгілері - мақсаттылық, екіжақтылық және тұтастық. Мақсаттылық - БПП әр уақытта белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталады, яғни нәтижесі алдын-ала болжамданады. Екіжақтылық - процестің нәтижесінің тиімділігі оқытушы мен білім алушылардың әрекеттерінің ӛзара байланыстылығына және белсенділігіне байланысты. Тұтастық - процестің нәтижелілігі оның шеңберінде іске асырылатын тәрбие мен оқытудың үйлесімді ұйымдастырылуына байланысты.
Жоғары мектептегі біртұтас педагогикалық үрдіс келесі компоненттерден тұрады: мақсат, мазмұн, әдіс-тәсілдер және формалар, нәтиже, оқытушы әрекеті, білім алушы әрекеті. Оны келесі сызба арқылы кӛрсетуге болады.
Педагогикалық процестің бӛліктерінің өзара байланысына талдау жасаудың маңыздылығы оқытушының практикалық жұмысының тиімділігін арттыру саласында ғана емес, оның алдын ала жоспарланған нәтижелер алу үшін мектептің жақсы тәжірибесін модельдеуде белгілі маңызы бар.
Қойылған міндеттерге жетудің тиімділігін анықтайтын құралдар мен әдістерді таңдап алу оқытушылардың әдіснамалық ұстанымдарына байланысты. Нақты айтса, ол оқытушының тұтас педагогикалық үрдіс заңдары мен заңдылықтарын білуіне байланысты.
Педагогикалық үрдіс мәнін анықтайтын келесі педагогикалық үрдіс заңдары айқындалған:
- бала өзінің белсенді шығармашылық іс-әрекеті негізінде ғана өткен ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесінің мұрагері болады. Осыдан жасалатын Әдіс-тәсілдер, формалар мазмұн Оқытушы әрекеті Нәтиже студент мақсат әрекеті қорытынды, жоғары мектепте студент кәсіби білім мен іскерлік жүйесін меңгеру үшін белсенді және саналы ізденіс пен шығармашылық әрекеттерінің субъектісіне айналу керек.
- Индивидтің тұлға ретінде дамуы ӛзін жүзеге асыра алатын және өз орнын табуға даяр, белгілі бір әлеуметтік-азаматтық статуста («барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы ретіндегі») әлеуметтену үрдісінде, социумға кіру барысында жүзеге асады, жас өсе келе бірте-бірте әлеуметтік белсенділік әлемі кеңи түседі.
- Педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлықтарының және оның әрбірінің табысын оқытушылар мен білім алушыларды біріктіретін орталықтан жекеге бӛлінетін іс-әрекет қамтамасыз етеді.
Педагогикалық үрдістің заңдары - оның мәндік ерекшеліктері, демек, тұтастықта және жеке бӛліктерде де кӛрінеді. Бірақ, педагогикалық үрдістегі реттелген ӛзгерістер немен байланысты екендігін білу үшін құбылыстардың, бӛліктерін, элементтер (компоненттердің) үрдістің қалай өзара байланысатынын, қалай заңдар заңдылықтарда кӛрінетіндігін елестету керек.
Заңдылықтардың үздіксіз жаңарып, үздіксіз қайталану тенденциясы болады. Осыдан заңдылық деген ұғым туындайды. Заңдылықтар дегеніміз жүйенің өз ішіндегі және жоғары сатыдағы жүйелермен байланыстары. Заңдылықтарды білу, біріншіден, практикалық әрекетте тиімді нәтижелерді алуға, екіншіден, педагогикалық үрдістің моделін жасауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдістің заңдылықтарын зерттеу өткен ғасырдың 20- шы жылдарында-ақ басталған болатын. Бірінші болып ол тұжырымдамаларға түсініктеме берген М. А. Данилов болды. Ол барлық педагогикалық үрдістің заңдылықтары ішінен ең маңыздысы ретінде екеуін - педагогикалық үрдістің мақсаттылығы және ондағы білім алушының белсенді позициясын баса кӛрсетеді. Сонымен бірге, М. А. Данилов педагогикалық үрдісте кӛптеген факторлардың ықпалы ұдайы байқалатындығы және олардың жағдайлар мен уақыттардың алмасуымен байланысты ӛзгеріп тұратындығына назар аударады.
Сондықтан, педагогкалық үрдіс заңдылықтарын кӛрсету маңыздылығы артады, оларға төмендегілер жатады:
- педагогикалық үрдістің қоғамның әлеуметтік-экономикалық талаптарына сәйкес болуы;
- педагогикалық үрдістің белгілі бір мақсатқа бағытталуы; - педагогикалық үрдістің нәтижелігі білім алушының белсенді, субъектілік позициясына байланысты;
- педагогикалық үрдістің тиімділігі білім алушылардың жас ерекшеліктерінің және білім алушылар ұжымы мен жеке мүшелерінің даму деңгейіне байланысты.
Тұтас педагогикалық үрдісті жүзеге асыру үрдістің мәнін оқытушылар мен білім алушылар арасындағы іс-әрекеттермен алмасу ретінде ғана емес, сонымен бірге үрдіс деген ұғымды қандай да болмасын құбылыс сияқты даму үстінде болатынын ескеру қажет. Дамудың қозғаушы күштері - пайда болатын және жеңуге болатын (шешілетін) қарама-қайшылықтар болады. Оқытушының педагогикалық үрдістің қозғаушы күштерін білу, пайда болып келе жатқан қайшылықтарды (субъективті пайда болатын қиыншылықтар ретінде анықталатын) таба білу іскерліктеріне сүйене отырып және оларды әрекетке келтіріп жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сонымен ол құбылыстың ӛзінің нақты дамуына әсерін тигізеді.
А. С. Макаренко педагогикалық үрдістің қарама-қайшылықтылығын, диалектикалығын кӛрсеткен болатын. Н. К. Крупская еңбектерінде де оқушылар іс-әрекеттерін ұйымдастыруда диалектикалық тәсілдің керек екендігін жазғанда дәл осыны айтады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz