Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамды бөліктері
№5 апта: СӨЖ
Қазіргі мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің құрамды бөліктері
Тәжірибелік сабақтың тапсырмалары:
1.Құзыреттілік педагогикалық категория ретінде.
2.Құзыреттілік білім беру жүйесіндегі негіздері.
3.Педагогикалық құзыреттілік түрлері.
4.Педагогиқалық құзыреттілік құрылымы.
5.Құзыреттілік тәсіл негізінде 12-жылдық мектептің білім мазмұнын модернизациялау.
Құзіреттілік дегеніміз - оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілеттілігі. Бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыруда қатысымдық әдістің маңызы зор.
Құзыреттілік терминіне алғаш анықтама беріп, лингвистикаға енгізген американдық ғалым Н.Хомский. Оның пайымдауынша, құзыреттілік термині грамматика білімдеріне негізделеді. Жалпы алғанда, құзыреттілік дегеніміз- жеке тұлғаның белгілі бір мәселені шешудегі өзара байланысты білім, білік дағдыларының жиынтығы және адамның жеке өзінің іс- әрекет, қызмет саласына сай құзыреттерді меңгеруі.
Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру -- кезеңдік үдеріс, яғни педагогикалық іс-əрекетте үнемі кəсіби шеберлікті арттыру қажет жəне аталған сатылар əрдайым қайталанады, бірақ жаңа сапада. Өзін-өзі дамыту үдерісі биологиялық, əлеуметтік жеке тұлғалық ерекшеліктерге байланысты, ол жеке өмірін саналы ұйымдастырса, өзіндік дамуында қамтиды. Кəсіби құзыреттілікті қалыптастыру үдерісі əлеуметтік ортаға тəуелді болып келеді, сондықтан орта кəсіби өзіндік дамуды ынталандыруы қажет.
1. Педагогты оқыту процесінде оның құзыреттілігінің қалыптасуына тікелей қатысы бар бірізділік ұстанымының ерекше мәні атап көрсетіледі. Мәтіннен алынған бөлек бір блок педагогқа қажетті кәсіби құзыреттілікті қамтамасыз етпейді. Кәсіби құзыреттілік мәселесі бойынша зерттеулерді талдауды ескере отырып, педагогикалық бейіндегі мамандарға қатысты қарастырылатын ұғымды нақтылаймыз. Жоғарыда айтылғандарға сай педагогтың кәсіби құзыреттілігі маманның тұлғалық сапалы сипаттамасын ұсынады, оған пәндік сала және педагогика психология саласы бойынша да ғылыми-теориялық білім жүйесі енгізіледі.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігі - бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.
Педагогтың кәсіби құзыреттілігінің келесі компоненттерін бөлеміз: мотивациялық-еріктік, функционалдық, қарым-қатынастық және рефлексиялық.
* Мотивациялық-еріктік (мотивация - себептер жүйесі) компонентке мотивтер (себептер, дәлелдер), мақсаттар, қажеттіліктер, құнды тіректер енеді, мамандықта тұлғаның шығармашылық көрінуіне ықпал етеді, кәсіби қызметке қызығушылықтың болуын білдіреді.
* Функционалдық (лат. functio - орындау) қандай да бір педагогикалық технологияны жобалап жүзеге асыру үшін мұғалімге қажетті, жалпы жағдайда педагогикалық қызмет әдістері туралы білім түрінде көрінетін компонент.
* Қарым-қатынастық (коммуникативтік) (лат. communico - байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын) құзыреттілік компонентіне ойын анық, нақты жеткізе білу, көз жеткізе білу, дәлелдеу, дәлел құра білу, талдау, ойын айта білу, рационалды және эмоционалды ақпаратты жеткізе білуі, өзара қарым-қатынас орната білуі, әріптестер әрекеттерімен өз әрекетін келістіруі, әртүрлі іскерлік жағдаяттарда қарым-қатынастың озық стилін таңдау, диалог ұйымдастыру және қолдау көрсету енгізіледі.
* Рефлексиялық (лат. reflexio - артына назар аудару) компоненті өз қызметінің және өз дамуының, жеке жетістіктерінің деңгейінің нәтижесін саналы бақылай білумен; креативтілік, алға ұмтылушылық, серіктестікке бағытталу, шығармашылық, өзіндік талдауға бейімділік сияқты қасиеттер мен ерекшеліктерді қалыптастырумен анықталады. Рефлексиялық компонент жеке жетістіктердің бағыттаушысы, адамдармен қарым-қатынаста жеке мағынаны іздеу, өз-өзін басқару, және де өз-өзін тануды, кәсіби өсуді, шеберлікті жетілдіруді, мағыналы шығармашылықты қызметті оятушы және жұмыстың дара стилін қалыптастыру болып табылады.
2. Құзыретті педагог қалыптастырудың педагогикалық міндетінің таралу деңгейіне қарамастан оның шешімінің аяқталу айналымы ойлау - әрекет жасау - ойлау үштігіне тоқталады және педагогикалық қызметтің компоненттерімен және соларға сай білімдермен сәйкес келеді. Нәтижесінде мұғалімнің кәсіби құзіреттілігінің моделі оның теориялық және практикалық дайындығының бірлігі ретінде орындалады. Бұл жерде педагогикалық біліктер төрт топқа біріктірілген.
* Тәрбиенің объективті процесінің мазмұнын нақты педагогикалық міндеттерге аудара білуі: жеке тұлғаны және ұжымды олардың жаңа білімді белсенді игеруге дайындығының деңгейін анықтау үшін зерттеу және осы негізде ұжымның және жеке оқушылардың дамуын жобалау; білім беру, тәрбиелеу және дамыту міндеттері кешендерін анықтау, оларды нақтылау және басым міндеттерді анықтау.
* Логикалық аяқталған педагогикалық жүйені құра білу және қозғалысқа келтіру: білім-тәрбие міндеттерін кешенді жоспарлау; білім процесі мазмұнының негізделген таңдауы; оны ұйымдастыру түрі, әдістері және құралдарының дұрыс таңдауы.
* Тәрбие компоненттері мен факторлары арасында өзара байланыстарды анықтай білу және орнату, оларды әрекетке келтіру: қажетті жағдайларды тудыру (материалдық, моральдық-психологиялық, ұйымдастырушылық, гигиеналық және т.б.); оқушы тұлғасын белсендендіру, оны объектіден тәрбие субъектісіне айналдыратын іс-әрекетін дамыту; біріккен іс-әрекетті ұйымдастыру және дамыту; мектептің ортамен байланысын қамтамасыз ету, бағдарлауға келмейтін сыртқы әсерлерді жүйеге келтіру.
* Педагогикалық қызметтің нәтижесін есепке ала білу және бағалау: мұғалім қызметінің нәтижесін және білім процесін талдау және өзін-өзі талдау, басым және бағынышты педагогикалық міндеттердің жаңа кешенін анықтау.
Білім беру мазмұнында түсініктердің, іс-əрекет тəсілдерінің жəне жеке позицияның көрініс табуы тəжірибесінің кіріктірілуі білім алушының өзіндік іс-əрекет тəжірибесін оқытушымен бірлескен шығармашылық іс-əрекетте жүргізіледі. Бұл жерде құзыреттілік оқыту нəтижесі бола отырып, одан тікелей шықпайды, керісінше, индивидтің өзіндік дамуының, тұлғалық жəне іс- əрекеттік тəжірибені қорытудың салдары болып табылады.
Жаңа сапаға қол жеткізу үшін берілетін білімдердің, іскерліктердің, дағдылардың санын арттыру шарт емес. Бұл жерде тек берілетін білім көлемін ұлғайту арқылы жоғары сапаға қол жеткізу мүмкін болмайтындығын айта кету керек. Егер біз сапаға сан арқылы қол жеткізу жолымен жүретін болсақ, онда тиісінше қалыптастырылатын құзыреттіліктердің саны да шекіз болып шыға келеді. Бұл өз кезегінде оларды шын мəнінде қалыптастыруды қиындатып, білім беруге құзыреттілік тұрғыдан келудің мəнін жояды. Сондықтан негізгі немесе басым құзыреттіліктерді іздеу барысында кілттік (базалық) құзыреттіліктер түсінігін қолданылады. Кілттік (базалық) құзыреттіліктер дегеніміз -- неғұрлым спецификалық құзырлар қалыптастыруға негіз болатын кең спектрлі əмбебап құзыреттіліктер.
3. Соңғы зерттеулерде педагогикалық құзыреттілік деп маманның өз іс-әрекетінде білімін, білігін және әрекетті орындаудың жалпылама тәсілін жұмылдыра білу қабілетін айтады. Педагогикалық-психологиялық зерттеулерде құзыреттілік тың төмендегі түрлері анықталған:
* коммуникативті құзыреттілік - әр тілде ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасау технологиясын меңгеру (бұған компьютерлік бағдарламалар, интернет арқылы қарым-қатынас жасау кіреді);
* ақпараттық құзыреттілік - қажетті ақпаратты өздігінше іздеу, талдау, зерттеу білігі - педагогикалық іс-әрекетті нормативті - құқықтық тұрғыда қамтамасыз ету, ақпараттық технологияларды меңгеру;
* жалпы мәдени құзыреттілік - ұлттық, жалпыадами мәдениет саласындағы білімнің болуы; тұлғалық аксиологиялық жүйені меңгеруі; түрлі этномәдениетке толеранттылық таныту;
* танымдық-шығармашылық құзыреттілік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz