Өлкенің өсімдік жамылғысы
Өлкенің өсімдік жамылғысы.
Қызылорда облысының табиғи байлықтарының бір қайнар көзі-өсімдіктер әлемін жете зерттеп, алуан түрлі табиғи қорларын тиімді пайдаланып, оларды әрі қарай сақтап, көбейтіп, сирек кездесетін, жойылуға таянған түрлері мен бірлестіктерін қорғау үшін өсімдіктерді танып білудің орны ерекше.
Кейiнгi жылдары айтылып жүргенғылыми әдебиеттердегi есептер бойынша Қызылорда облысы көлемiнде 756-819 аралығында мәдени және жабайы өсiмдiк түрлерi бар.Қазақстан Республикасынық өсiмдiк түрлерiн 5754деп есептегенде облыстың өсiмдiк түрлерi оның 15-16құрайдыОлардың арасында мал азықтық өсiмдiктер 212 түрден 30,7, шипалы (дәрiлiк) өсiмдiктер 54 түрден (7,8), балдық өсiмдiктер 92 түрден (13,3) тұрады. Осы өсiмдiк түрлерiнен 1981 жылы жарық көрген Қазақстан Республикасының Қызыл кiтабына төмендегi түрлер кiргiзiлген: қоңыр жүзгiн, борщов қызғалдағы, қара жемiстi итжүзiм, леман күшаласы, кiшi наяда, бүршiктi альдрованда, спиралдi валлиснерия, дәрмене жусан. Сонымен қатар сұрғылт жапырақты тораңғыл тобы да құрып кету қаупiнде. Осы өсiмдiк түрлерiнiң жай-күйлерiн зерттеп және оқып бiлуде олардың тұқымдастарын, туыстарын және түрлерiн анықтаудың үлкен маңызы бар.
Өсімдіктерді шөл және шөлейт өсімдіктері, шалғындық өсімдіктер, саябақ және бақтың ағаш-бұта өсімдіктері, су және батпақ өсімдіктері, тау өсімдіктері, мәдени өсімдіктер, арамшөптер, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктер деп топтастырылудың өзі жергілікті табиғи ландшафтың құрылымына қарай өсімдіктердің бейімделу ерекшеліктерін, алуантүрлілігін айқындай түседі.
Қызылорда облысының көп бөлігін шөл және шөлейт жерлер алып жатыр. Шөл және шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады.
Көктемде топырақ құрамындағы ылғалдың мол қорын бойына тез сіңіріп алып, жаздың басында вегетациялық өсу мерзімін тоқтататын эфемерлі өсімдіктер жылдам дамиды.
Шөлді аймақтағы өсімдіктер бірлестігін негізінен астық тұқымдастары- бұталы, құмды бұталы, эфимериодты-жартылай бұталы, бұталы-сексеулді, эфимериодтарға бай үлкен шөптермен және жартылай бұталықты және эфимериодты - псаммофитті- бұталардан тұрады. Шөлді және шөлейт аймақтардағы өсімдіктерді түрлік құрамына қарай бірнеше топқа біріктіруге болады: құмды шөл өсімдіктері, сазды шөлдер өсімдігі, тастақ шөл өсімдіктері, сортаң шөл өсмдігі. Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедағы, боздан құралады. Кейде жусан көлемді жерлерді алып жатады.
Қызылорда облысы аумағында өсетін өсімдік жамылғысы 81 тұқымдастың 391 туысына жататын 819 түрден тұрады. Жабайы өсетін өсімдіктер тіршілік формасына қарай 7 ағаштекті түрден, 82 бұтадан, 44 жартылай бұташықтардан, 256 көпжылдық өсімдіктерден, 267 біржылдықтардан, 11 бір және көпжылдықтардан, 23 екіжылдық өсімдіктерден құралған.
Облыс аумағында сексеуіл мен тораңғыл тоғайлар кең таралған. Онда басым кездесетін ағаштекті өсімдіктерге байланысты жиделі, талды, тораңғылды және жиделі-талды т.б. болып келеді. Қазіргі кезде Арал теңізінің кеуіп-тартылуына байланысты тоғайлар саны азаюда. Жиденің белсенді түрде таралуы байқалады. Тораңғылдың арасындағы Қызыл кітапқа енген Көкшіл сұр терек тек өзен жағалауларында ғана кездеседі. Ағашты-бұталы тоғайларға (қопа) өңіріміздің барлық жерінде көптеп кездесетін жыңғылдар мен шеңгелдер жатады. Бұталы тоғайлардың шөлге айналуына орай олар қара сексеуілден тұратын қопаларға ауысады. Сексеуілді тоғайлар тұзды топырақтарда өседі. Олар тұзды топырағы бар жерлерде тұтас алапты алып жатуы немесе жекелей де шоқ-шоқ болып әр жерде кездесуі мүмкін.
Облысымыздың аумағында шөлде өсетін өсімдіктер қауымдастығының доминантты бөлігіне жусандар: Лерх (ақ) жусаны (Artemisia lerchiana), қара жусан (A.pauciflora), құм жусаны (A. arenaria); көпжылдық сораңдар - бұйырғын (Anabasis salsa), күйреуік (Salsola orientalis), қара баялыш; псаммофитті (құмда өсетін) жүзгіндер бұталары, ақ баялыш және күміс түстес қоянсүйек (құм акациясы), құмда өсетін астық тұқымдастар: селеулер (бетеге), мортықтар, жауқияқ немесе раң және т.б. жатады. Астрагалдар, жүзгіндер және бидайықтың әртүрі құм мен оның төменгі бөлігінде өседі. Төмпешікті - төбелі құмдарда ақ сексеуіл, жыңғыл, жусан өседі. Сырдария өзені жағасында қамыс қопалары кездеседі.
Қызылорда облысының оңтүстік аулдандарына қарай сәуір айының екінші жартысында көлікпен жолға шықсаңыздар жолдың екі жағынан көз ала алмайсыздар, тіпті гүлден кілем төсеп тастағандай әсер аласыздар, керемет көздің жауын алатын бұрын-соңды көрмеген гүлзарға тап боласыздар. Бұл көктемнің жаршысындай болған биіктігі небары 30-35 см болатын көктемгі эфемерлер мен эфемероидтар. Егер осы гүлдерді жаяу араласақ олардың арасынан көкнәр, қызғалдақ, жуа, шырыш секілді өсімдіктердің әсем гүлдеріне тап боласыздар.
Қызылорда облысында нағыз қылқан немесе жалпақ жапырақтан тұратын орман жоқ. Орман деп отырғанымыз өзен мен көл жағасындағы ағаш-бұтадан тұратын, сонымен қатар шөл-шөлейтті жерлердегі бұта өсімдіктерінің алқаптары. Суға жақын жердегі тоғайларда қамыс, қоға кездеседі. Өзен арнасынан қашығырақта биік бұталар - шеңгел, тал, тікенекті жиде, шырғанақ, арнаның құрғақ жерлерінде жыңғыл, сексеуіл, орыстікен өседі. Жыңғылдыңжапырақтары қызғылт, гүлі ақ болады. Жантақ және басқа тамыры ұзын, тереңге кететін өсімдіктер де бар.
Сыр өңірінен сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер түрлері:
1. қоңыр жүзгін (Callіgonum treste lіtu),
2. қарапышақ (Emіnіum Lehmannhіі Cіralіaceac),
3. Борщов қызғалдағы (Tupіla borszowіі Regel),
4. бүршікті альдрованда (Aldrovanda vesіculosa.),
5. хива сораңы (Salsola chіwensіs),
6. қаражемісті итжүзім (Bryonіa melanocarpa Nabіev),
7. тораңғыл (Populus pruіnosa Schrenk),
8. Корольков қызғалдағы (Tulіpa Korolkowіі Regel),
9. аласа мерендера (Merendera robusta Bunge),
10. соғды қызғалдағы (Tulіpa Sogdіana Regel),
11. кіші наяда (Najas mіnat all),
12. спираль валшенерия (Vallіsnerіa spіralus.),
13. шығыс акантолеписі (Eschіnops acontholіpіs),
14. түкбас жолжелкен (Schіschіnіa),
15. шай жапырақ (Centaurea nіtіda).
Қорғауды қажет ететін өсімдіктер: каспий жуасы, бүзе қызғалдағы, леман қызғалдағы, сары резеда. Бұл өсімдіктердің кейбіреуі қорықшалардың аумағында.
Қызылорда өңірінің өсімдік жамылғысын төрт топқа бөліп қарастыруға болады:
1. сазды жазықтардың өсімдігі,
2. тастақты жердің өсімдігі,
3. тау алды жазықтарының өсімдігі,
4. Сырдарияның атыраулық өсімдіктері.
Аумақ бойынша олар келесі ретпен орналасқан: саздақ шөлдер өсімдігі негізінен облыстың солтүстік аймақтарында, құмды жазықтар - оңтүстікте, Сырдарияның ескі және жаңа атырауы орталық аймақты қамтиды.
Қызылорда облысының өсімдіктер әлемінің өкілдері
Грейг қызғалдағы- Tulipa greigii Regel - Тюльпан Грейга.
Тау алды жазықтарда, қиыршық тасты беткейлер мен далаларда өсетін көпжылдық, сәндік өсімдік. Биіктігі 20-50 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2,5-4 см, терілі ішкі жағынан қара-қоңырқай түсті қабықшасы түп жағы мен ұшында түкті, сабағының жоғарғы жағы қалың түкті, жапырақтары 3-4, иілген, бұйра, жылтыр, беткі жағында қөкшіл-күлгін дақтары болады, жоғарғы жапырақтары азды-көпті түкті, гүліне дейін жетеді, ең төменгісі созылыңқыдан кең жұмырлыға дейін,ені 3,5-8 см, гүлі біреу, гүлсеріктерінің жиектері қызыл немесе сарғыш-қызыл, ортасында қызыл жолақты, ал түпкі негізінде сары түсті қара дағы болады, ұзындығы 5-15см, сыртқылары жұмыртқа тәрізді иіліп, ішкі шеңберінен қысқалау келеді, аталықтары гүлқоршауынан 3 есе қысқа, тозаңдары сары жіпшесінен 2 есе ұзын, жатынының ауыз отырмалы, қорапшасының ені 2-3 см, ұзындығы 4-6 см. IV-V айларда гүлдейді. Эндем.
Борщов Қызғалдағы- Tulipa borszczowii Regel -Тюльпан борщова.
Құмды шөлдерде өсетін эфемероид. Биіктігі 20-40 см, жуашығы жұмыртқа тәрізді, жуандығы 2-4 см, қабықшалары қатты, терілі қара-қоңырлау түсті ішкі жағынан қалың түкті болады, сабағының жер үсті бөлігі жер астыңғысынан 1,5-2 есе қысқа, тегіс, жапырағының саны -4, жылтыр, бұйралау, түксіз, гүліне дейін жетеді, төменгілері қандауырлы немесе созылыңқы - қандауырлы, ені 1,5-3 см, гүлі біреу, гүлқоршауының жиектері сары, сарғыш-қызыл, түп жағында қара-күлгін түсті дақтары болады, ұзындығы 3-6 см,сыртқылары ромб тәрізді, ішкілері керіүшбұрышты - жұмыртқа тәрізді, аталықтары гүлқоршауынан 3 есе қысқа, жіпшелері мен тозаңдары күлгін түсті, жатынының аузы отырмалы, қорапшасының қалыңдығы 2см, ұзындығы 4,5см. V-айда гүлдейді. Эндемик.
Леманн күшаласы - Eminium lehmannii (Bunge) O.Kuntze -Эминиум Леманна.
Мәртебесі: Саны қысқарып бара жатқан, сирек кездесетін түр. Қызылқұм шөлінде, Қаратау етегінде (оңтүстік бөлігі) құмды, құмды-малта тасты шөлдерде, сары топырақта және шағыл тасты беткейлерден аласа тау белдеуіне дейін өседі. Ерекше сәндік өсімдік, гүл шоғыры цилиндр тәрізді собық, оның сыртын ерекше жапырақ жапқыш жауып тұрады. Ірі тақталы жапқыш жапырақтың (ұзындығы 10см, ені 5 см) ішкі жағы қара күлгін түске боялған. Көптеген ұсақ гүлдері дара жынысты. Олар собық бойына жиналған, аналықтары түбіне,аталықтары жоғарғы жағына орналасқан. Гүл шоғырының ортасында тұқымсыз біз тәрізді гүлдер, ал ұшында - ұзын цилиндірлі жапқыштың түсі сияақты қосалқысы орналасқан.Сондықтан күшаланы халықта қара қалам немесе қара пышақ жүзі деп атайды. Шикі түйнектері улы, жергілікті тұрғындар тышқандар мен терісі бағалы ұсақ аңдар ұстау үшін у ретінде пайдаланады, кептірілгендері- ревматизм дәрісі. Шағын топ болып, анда - санда кездеседі. Мәдени түрде жақсы өседі, тұқымын шашыпта көбейеді.Ақсу-Жабағылы қорығында қоғалады.
Бүршікті альдрованда -Aldrovanda vesiculosa L. -Альдрованда пузырчатая.
Көпжылдық су өсімдігі, сумен еркін ағып жүретін тамырсыз өсімдік; жіңішке сабағында 6-9-дан шоқталып жапырақтары орналасады, әр уақытта су астында болады. Кеңейген сағақшаның ұшында екіжақтаулы жапырақ тақтасы орналасқан, жақтаушалар бір-біріне иіле орналасқан. Жапырақ тақтасының жиегі орныққан, үшкірлеу, сезімтал, бір клеткалы, түктер бар. Орталыққа жақын шырыш бөліп шығаратын бездер орналасқан, ал негізгі жүйкеде көптеген асқорыту бездері бар. Гүлдері ақ, дара, ұзындығы 4-5 мм, энтомофильді, бірақ олар жиі тозаңданбай қалады. Қыстап шығатын бүршіктері үзіліп түсіп, су ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz