Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Атырау жоғары медициналық колледжі ШЖҚ КМК

Реферат

Тақырыбы:
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері.

Орындаған: Мейіргер ісі 2 курс. 339 топ студенті Жаймуканова Айгуль

Тексерген: Микробиология пәнінің мұғалімі

Атырау-2020 жыл
МИКРОБИОЛОГИЯНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

Микробиологияның дамуы басқа ғылым салалары сияқты өндіріс тəсілдеріне, практикалық жұмыстардың талабына, жалпы ғылым мен техниканың дамуына тығыз байланысты. Микробиология жеке ғылым болғандықтан, оны зерттеудің өзіндік əдістері бар. Бұл əдістер практикада кеңінен қолданылып жүр. Микробиология, ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлардың зиянкестеріне қарсы күресуде, шырынды, азық - сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады. Жалпы микроорганизмдер əлемінің табиғаттағы маңызы орасан зор. Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды, олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нəтижесінде тіршілікке қажетті заттар қайтадан пайда болады. Микроорганизмдердің қоршаған ортаны ластанудан тазартуда айта қаларлықтай маңызы бар. Ірі өндіріс орталықтарында, қалаларда қалдық заттардың көптеп жиналуы тіршілік үшін аса қауіпті. Сондықтан оларды уақытында осы зиянды заттардан тазартуда микроорганизмдерді қолданады. Микроорганизмдердің адам, жануарлар мен өсімдіктер тіршілігіне зиянды əсер ететіні де мəлім. Қазіргі кезде олардың əсерінен болатын аса қауіпті аурулар белгілі болды жəне олармен дəйекті күресу шаралары белгіленіп отыр. Бұларға қарсы күресте басқа микробтардан алынатын антибиотиктерді, емдік вакцина, сарысуларды қолдану жақсы нəтиже беріп отыр. Көптеген дəрі - дəрмек өнеркəсібінің фабрикалары осы антибиотиктерді жəне басқа да емдік препараттады өндіреді. ХХ ғасырдың өзінде микробиологиядан ғылымның жаңа саласы - вирусология бөлініп шықты. Алғаш рет орыс оқымыстысы Д.И.Ивановский 1892 жылы вирустарды зерттеп шықты. Құтыру, қызылша, шешек, полиомиелит сияқты ауруларды қоздырушылар өте майда вирустар екені белгілі болды. Оларды егжей - тегжейлі жете зерттеу біздің ғасырдың 40 - жылдарында жасалған электронды микроскоптар көмегімен жүзеге асырылды.

Микробиологияның даму кезеңдері

Табиғатта тірі организмдер сан алуан. Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар əлемінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер - микроорганизмдер елеулі орын алды. Сыртқы пішініне жəне тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге жəне адамға орасан зияның тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік əрекетін ерте бастан - ақ өздерінің күнделікті жұмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып, одан айран, түрлі жеміс - жидектерден шарап, квас жəне сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болған. Микробтардың пайдалы əрекетін қолданып қана қоймай, адам олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы əрекетіне қарсы күрескен. Мəселен, Қытайда, Индияда жəне Кавказда шешек ауруына қарсы адамға арнаулы препараттар егетін болған. Жұқпалы аурулармен сырқаттан адамдарды оқшаулап, жеке күткен. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін тұздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды əрекетіне қарсы күрестің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары.

Микробиологияның даму тарихы 3 кезеңнен тұрады:

1. Морфологиялық кезең - ХVII ғасырдың басында басталады. Микробиология тарихында Рим профессоры Афанасий Кирхердің (1601 - 1680 ж. ) есімі ерекше орын алды. ХVІ ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсердің алғашқы микроскопты құрастырғаны мəлім. Əрине, бұл өте қарапайым аспап еді. Тек ХVІІ ғасырдың аяғында ұлғайтып көрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан - жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу голландия əуесқойы Антон Ван Левенгуктың (1632 - 1723 ж. ) есіміне байланысты. Ол заттарды 160 - 300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы қарапайым микроскоптың көмегімен ол жай көзге көрінбейтін микробтар əлемін ашты. 1665 жылы Левенгук Антон Ван Левенгук ашқан табиғаттың құпия сырлары атты кітабын шығарды.
ХVIIІ ғасырдағы шведтің көрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней өзінің Табиғат жүйесін жасағанда жануарлар мен өсімдіктерді белгілі бір тəртіппен орналыстырғаны мəлім. Микробиология ғылымының одан əрі дамуында орыстың көрнекті табиғат зерттеушісі М.М.Тереховский еңбегінің маңызы зор болды. Ол табиғатта микробтардың шығу тегін зерттеуде тұңғыш экспериментік əдісті қолданды жəне микроорганизмдерді адамның күнделікті тұрмыс - тіршілігінде пайдаланудың мүмкіндігін дəлелдеді. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында микробиология баяу дамыды. Оба ауруын жоюда ұзақ жылдар аянбай күрес жүргізген орыстың көрнекті дəрігері Д.Самойлович. Осы ауруды қоздырушы көзге көрінбейтін организм дегенді айтты.
2. Физиологиялық кезең - ХІХ ғасырда француз ғалымы Луи Пастердің еңбектерімен басталады - ол жұқпалы аурулардың пайда болуында микроорганизмдердің маңызы зор екенін ғылыми дəлелдеді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында өнеркəсіптің өрлеуіне байланысты ғылым мен техника қарқынмен дамыды. Микробиология ғылымының көрнекті қайраткері жəне осы ғылымның негізін қалаушы француз ғалымы Луи Пастер (1822 - 1825 ж.) табиғатта жəне өнеркəсіпте кездесетін ашу процесстері микроорганизмдерді əсерінен болатынын дəлелдеді. Сөйтіп, ол микробиологияда физиологиялық бағыттың негізін қалады. Көптеген микробиологиялық əдістер, яғни қоректік ортаны даярлау, оны заласыздандыру (стерилизация) - Пастер еңбегінің жемісі. Адамда кездесетін жұқпалы аурулардың арғы тегін зерттей келе Пастер оларды қоздырушы микроорганизмдер екенін анықтады жəне мал мен адамды бұл аурудан сақтандырудың жолдарын көрсетті. Микробиология ғылымының дамуында неміс ғалымы Роберт Кох (1843 - 1910 ж.) еңбектерінің маңызы зор. Ол туберкулез, тырысқақ ауруларының қоздырушы микроорганизмдерін тауып, зерттеп, олармен күрестің нақты шараларын көрсетті. Орыс ғалымы Л.С.Ценковский (1822 - 1887 ж.), ботаник болса да, қарапайым микроскоптық организмдерді зерттеді.
3. Иммунологиялық кезең - бұл орыс ғалымы И.И.Мечниковтың иммунитет теориясынан басталады. Микробиология ғылымына елеулі үлес қосқан орыс ғалымы И.И.Мечниковтың (1845 - 1916 ж.) еңбегі зор. Оның əсіресе иммунитет жəне бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз жəне оның иммуниттегі рөлі туралы тыңғылықты ілім жасады [1-13бет]. Академик Н.Ф.Гамалея (1859 - 1949 ж.) микробиология жəне бактериология саласында көп еңбектер жасады. Ол көпжылдық еңбектерінің нəтижесінде микробтар əлеміндегі ерекше организмдер - бактериофагтарды ашты. Орыс ғалымдары Д.К.Заболотный (1866 - 1929 ж.) мен Т.А.Тарасевич (1868-1927ж.) оба, мерез, туберкулез тағы басқа да ауруларды зерттеудегі табыстарымен əлемге əйгілі болды. Бұл ғалымдар елімізде зор қарқынмен дамып отырған эпидемиология ғылымының негізін қалады. Микробиология тарихында орыс ғалымы Д.И.Ивановскийдің (1864-1920ж.) алатын орны ерекше. Ивановский бұдан бұрын ешкім байқамаған темекі теңбілі жəне рябуха деген ауруларды зерттей отырып, олардың əрқайсысы өз алдына жеке ауру екенін жəне бұл ауруларды қоздырушылардың өзі осы аурулардан болатынын анықтады. Сөйтіп, мөлшері жағынан əдеттегі микрооргнаизмдерден бірнеше есе кіші, арнаулы бактериялық сүзгіден өтіп кететін вирус деп аталатын микроорганизмдердің ерекше бір түрін тапты. [1-12бет]. С.Н.Виноградский (1856 - 1953 ж.) - топырақ микроорганизмдерін зерттеген. Орыстың көрнекті ғалымдарының бірі С.Н.Виноградский ілімін одан əрі дамытқандардың бірі - В.Л.Омелянский (1867 - 1928 ж.). Ол клетчатканы ыдырататын микроорганизмдерді зерттеп, бұл құбылыстың бірқатар жақтарын анықтады. Ол 1909 жылы жазған Микробиология негіздері деген оқулығымен əйгілі болған ғалым. Оның бұл еңбегі бірнеше шет тілдерге аударылды. С.Н.Виноградский микроорганизмде болатын химосинтез құбылысын ашты. Микробиология тарихында орыс ғалымы М.С.Ворониннің де өзіндік орны бар. Ол бұршақ тұқымдас өсімдіктер тамырында тіршілік ететін жəне тіршілігі барысында ауадағы атмосфералық азотты өз бойына сіңіре алатын микроорганизмдердің ерекше тобын - түйнек бактерияларын тауып, оларды жете зерттеді. С.А.Королев пен А.Ф.Войткевич сүт қышқылы бактерияларының тіршілігін зерттеуде көп жұмыстар жүргізді. [4. 8--12бет]
Бертін келе микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен, теориялық жəне практикалық жетістіктермен толықтырылды. Қазіргі кезде микробиология ғылымы басқа да салалармен тығыз байланыста, олардың əдіс - тəсілдері жəне басқа да жетістіктері микробиологияда кеңінен қолданылады.

Микробиология пəні жəне міндеттері. Микроорганизмдердің морфологиясы

Микробиология - жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық биохимиялық қасиеттерін жəне табиғатта жүріп жатқан процестердегі рөлін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянының жан-жақты зерттейтін ғылым. Микробиология - биологияның бір бөлігі, микроорганизмдердің сыртқы ортамен бірлікте өмір сүруін, дамуын зерттейтін ғылым, сонымен қатар микробиология микроорганизмдердің қасиеттерін макроорганизмдерге əсерін зерттейді. [4. 18-19бет].
Микробиология бірнеше салаға бөлінеді:
Жалпы микробиология - микроорганизмдердің құрылысын, өмір сүруін, табиғатта таралуын, тұқым қуалаушылығын жəне өзгергіштігін зерттейді.
Медициналық микробиология - адамда ауру тудыратын микроорганизмдерді сонымен қатар ауру тудыратын микроорганизмдер əсерінен организмде болып жатқан процесстерді зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу, олардан алдын - ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы жəне арнаулы əдістерін жасауды қарастырады.
Ауыл шаруашылық микробиология немесе агромикробиология - өнімін арттыру үшін тыңайтқыштарды дайындауда қолданатын микроорганизмдерді зерттейді.
Ветеринарлы немесе малшаруашылық микробиология - жануарларда ауру тудыратын микроорганизмдерді зерттейді.
Өнеркəсіптік микробиология - антибиотиктерді, дəрілік заттарды, азық түліктерді дайындау кезінде қолданатын микроорганизмдерді зерттейді.
Микробиологияның негізгі міндеттері: бізді қоршаған ортада суда, топырақта, адам, жануар организмінде кездесетін микрорганизмдердің қасиеттерін зерттеп, олардың пайдалы қасиеттерін адамға пайдалану, сонымен қатар адаммен жануарларда ауру тудыратын микроорганизмдерді зерттеп жұқпалы ауруларды емдеу жəне алдын алу үшін колдану.
Медициналық микробиология бір неше салаға бөлінеді:
Бактериология - бактериялар туралы ғылым. Вирусология - вирустар туралы ғылым. Иммунология - организмді патогенді жəне патогенді емес агенттерден қорғану механизмдерін зерттейтін ғылым. Микология - адам үшін патогенді саңырауқұлақтарды зерттейді. Протозоология - бір клеткалы патогенді организмдерді зерттейді. Паразитология - гельминттерді зерттейді.
Медициналық микробиологияның міндеттері:
Жұқпалы аурулардан сақтану, емдеу үшін, диагноз қоюға лабораториялық əдістерді дамыту. [3.6 - 7 бет]
Микроорганизмдердің морфологиясы.
Микроорганизмдер (лат. мicros - кішкене) - жай көзге көрінбейтін кішкене организмдер. Бұларға қарапайымдар, спирохеталар, саңырауқұлақтар, бактериялар, вирустар жатады, оларды микробиология ғылымы зерттейді. Микроорганизмдер мөлшері микрометрмен (мкм) өлшенеді. Микроорганизмдер прокариоттарға жатады.
Бактериялар. Бактериялар - бір клеткалы хлорафилсіз организмдер. Бактерия клеткасының орташа өлшемі 2 - 6 мкм. Сыртқы пішініне қарай бактериялар негізінен үш топқа бөлінеді: шар тəрізділер - коккалар, таяқша тəрізділер - бактериялар, иірілген - бацилдар жəне спираль тəрізділер. Шар тəрізді бактериялардың түрлері коккалар деп аталады, олардың диаметрі 0, 5-1мкм. Кокктардың пішіні əр түрлі: сфералық, сопақша, ланцет тəрізді. Шар тəрізді бактериялардың бір-бірден, дара орналасуы микрококкалар, екі-екіден қосақталған түрлері диплококкалар, оларға ланцет тəрізді пневмококкалар жəне сопақша келген - гонококктар, менингококктар жатады. Өзара тіркескен моншақ тəрізділенгендері - стрептококкалар, төрт - төрттен тіркескендері - тетракоккалар, сегіз - сегізден текшеленгендері - сарциналар делінеді. Ал, олардың стафилококкалар деп аталатын тобындағы шар тəрізді бактериялардың орналасуы жүзімнің шоқ жемісіне ұқсайды. Кокктар сыртқы ортада кең таралған, сонымен катар адам жəне жануар организімінде кездеседі. Таяқша пішінділері - бактериялар деп аталады. Орташа өлшемі 1 - 6 ұзыны, 0, 5 - 2 мкм қалыңдығы. Бактериялар бір бірінен сыртқы пішініне қарай айырмашылығы бар: ішек таяқшасының шеттері дөңгеленген болуы мүмкін, кесінді - түйнеме таяқшасы, шеттері қалың - дифтерия таяқшасы т. б. Ұзындығына , диаметріне, клеткалар ұшының пішініне, споралар түзілуіне қарай бірнеше топқа бөлінеді. Спора түзуші топтарын - бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тəрізді бактерияларды клеткаларының орналасу тəртібіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: диплобациллалар немесе диплобактериялар - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медицина жетістіктеріндегі, дәрігердің тәжірибесінде медициналық микробиологияның қосқан үлесі
Микроскопиялық әдістер. Инфектология ғылымының микробиологиядағы орны
Биолог ғалымдар және олардың ғылыми еңбектерін оқу үрдісінде пайдалану жолдары
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
1946 жылғы Қазақ Ғылым Академиясының құрылуы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері. Отандық ғалымдардың еңбектері
Медициналық микробиологияның тарихи дамуындағы микробиология, вирусология және иммунологияның алатын орны
Санжар Асфендияровтың тарихи мұрасы
Микробиология пәнi және мақсаты, оның қазiргi таңдағы биология, медицина, өнеркәсiпте алатын орны
Цитологияның даму тарихы мен зерттеу әдістері туралы алған ұғымдарын қосымша-материалдар арқылы дамыту
Пәндер