Жердің экожүйедегі және қоғамдық өндірістегі орны және атқаратын рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Жердің экожүйедегі және қоғамдық өндірістегі орны және атқаратын рөлі

Экологиялық жүйе, экожүйе - тірі ағзалар жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында, белгілі бір тіршілік ету кеңістігін бірлесе пайдалануының тарихи қалыптасқан жүйесі. Экожүйе құрамына организмдер де, табиғи орта да кіретін тірі табиғаттың негізгі функционалдық бірлігі болып табылады. Экожүйенің құрылымын энергияны трансформациялаудың үш деңгейі (консументтер, продуценттер, редуценттер) мен қатты және газ тәрізді заттар айналымы құрайды. Экологиялық жүйелер туралы ұғымға алғаш рет 30-ы жылдары А. Тенсли (1935) түсініктеме жазды. Ресейде осыған жақын биогеоценоз туралы ұғымға 1944 жылы Н. Сукачев (1880-1967) түсініктеме берді. Қазіргі кезде экологиялық жүйелер туралы үғымға белгілі бір аумақтағы тірі және өлі элементтердің жиынтығы жатады.

Бірлестік - экожүйедегі барлық тірі ағзалардың жиынтығы. Егер тоғанды экожүйе ретінде қарастырсақ, ондағы бірлестікке балдырлар, итбалықтар, жәндіктер және балықтар секілді барлық тірі ағзалар кіреді.

Мекен орны - ағзаның экожүйеде алатын орны. Ол ағзаның физикалық орнын және басқа ағзалармен әрекеттесуін қамтитын экожүйеге байланысты кез-келген қасиетіне қатысты айтылады. Мәселен, ол немен қоректенеді және оны не қорек етеді. Бір түрге жататын даралар экожүйеде бір мекен орнын алады, себебі олар биотикалық және абиотикалық табиғат бөліктерімен әрекеттескенде, бірдей рөл атқарады.

Биомдар - территориясында өсімдіктердің айрықша түрлері басым және сәйкесінше экожүйенің кейбір түрлеріне мекен болатын Жердің үлкен аймақтары. Ерекше биомдар ұқсас климаттық шарттарға ие, сондықтан өсімдіктердің, жануарлардың және басқа ағзалардың ұқсас бірлестіктеріне мекен болады. Жердің басты биомдарына тропикалық ормандар, саванна, шөл, тундра, ішіне тайга да кіретін жалпақ жапырақты және қылқан жапырақты ормандар жатады.

Тайга - Жердегі ең ірі биом, ол Канаданың, Алясканың, Ресейдің және Скандинавияның көп бөлігін алып жатыр. Мұнда жылдық температура көрсеткіштері өте төмен және жауын-шашын мөлшері аз болатындықтан, өсу мерзімі қысқа болып келеді. Мұнда қылқан жапырақты ормандар басым, сол себепті тайга көбінесе бореальды орман деп те аталады.

Биоалуандылық экожүйедегі ағзалар санына және ағзалардың әркелкі типтерінің санына қатысты айтылады.

Қазіргі таңда Жердегі биоалуандылықтың жылдам төмендеуіне көптеген факторлар әсер етуде. Кейбір адамдардың пайымдауынша, біз жаппай жойылу кезеңінде өмір сүріп жатырмыз! Адам әрекеттерінің кесірінен мекен орталары бұзылуда, мысалы климаттың өзгеруі.

Тропикалық ормандар Жер бетіндегі ең жоғары биоалуандылыққа ие жерлер деп саналады. Ылғалды ормандар Жер бетінің шамамен 6%-ын ғана алып жатса да, ғаламшардағы барлық түрлердің жартысынан көбі сонда мекен етеді. Бұл экожүйелер экваторға жақын болғандықтан, жыл сайын көп мөлшерде күн сәулесін қабылдайды, сондықтан өте жемісті болып келеді. Өсімдіктер тез өседі де, көп өнім беріп, басқа ағзаларды қорекпен қамтамасыз етеді. Ылғалды тропикалық ормандар азықпен, материалмен, отынмен және медикаменттермен қамтамасыз етеді, сонымен қатар су айналымында маңызды рөл атқарады. Сол себепті ол атмосфера құрамына әсер ететін өмірлік маңызы зор ресурс болып табылады

қоғамдық өндірістегі орны және атқаратын рөлі

Қоғамдағы адамдар мен әлеуметтік топтар арасында қалыптасқан әлеуметтік және экономикалық қарым-қатынастар формаларының бірі. Оның жүйесі мен түрлері өндірістік қатынастардың тарихи дамуы мен ауысуына байланысты өзгеріп отырады. Жерді сол қоғамда қабылданған заңдарға сәйкес пайдаланады. Қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуы (егінші, мал бағушы тайпалардың бөлініп шығуы) және осыған байланысты отырықшылыққа көшу алдымен рулардың, тайпалардың және қауымдардың арасында, содан соң жеке жанұялардың арасында жер бөлінісін туғызды. Мұның өзі жерді пайдаланудың тұрақты формаларының құрылуына әкелді. Егістік жер, мыс., қауым меншігіне қалғанымен, әр егінші өзіне пайдалануға берілген егістікті өз күшімен өңдейтіндей етуі үшін қауым мүшелерінің арасында жер дүркін-дүркін қайта бөліске салынып тұрды. Қазақстанның табиғи-климаттық ерекшеліктеріне қарай жер әр түрлі дәрежеде, көбінесе, егіншілік, жайылымдықтар мен шабындықтар үшін пайдаланылады. Ол үшін жерді құнарландыру мәселесін қолға алып, жер байлығын мал өсіру мен егіншілікте тиімді пайдаланудың маңызы ерекше. [1]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Биоценоздар құрылымы және экожүйедегі энергия
АДАМ ЖӘНЕ БИОСФЕРА
БИОЦЕНОЗ, БИОГЕОЦЕНОЗ
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия жайлы
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған экологиялық қуыстар
Популяциялар экологиясы – демэкология жайлы мәлімет
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Экология пәнінен барлық мамандықтың студенттерінің өздік жұмыстарына арналған ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Экологиялық қуыстар туралы түсінік, потенциалдық және жүзеге асырылған қуыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz