ФЕРМЕНТТЕР—ТІРШІЛІК НЕГІЗІ туралы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ФЕРМЕНТТЕР -- ТІРШІЛІК НЕГІЗІ
Тірі организмдер үнемі қозғалыста және тепе-теңдікте болады, яғни организмге сырттан қоректік заттар еніп түрады және керексіз өнімдер сыртқа шығарылады. Бүл құбылысты зат алмасу деп атайды. Зат алмасудың қалыпты жүруін орталық нерв жүйесі және эндокрин (ішкі секреция) бездерінің гормондары реттейді. Эндокрин бездері- өз әсерін ферменттер арқылы іске асырады.
Организмнің барлык клеткасында бір мезгілде белгілі ретпен және өзара үйлесімді де алуан түрлі химиялық реакциялар жүріп жатады. Ал ферменттер осы реакцияларды миллиондаған есе жылдамдатады. Тіршіліктің мағынасы да осында. Егер ферменттер катыспаса, организмдегі химиялық реакциялар ете баяу да тәртіпсіз жүрер еді. Мұндай жағдайда тіршіліктің өзі де болмайды. Сондықтан да ферменттер барлық тіршілік процестерініц негізі болып табылады. Ал ферменттер әсерінің қандай болмасын бұзылуы әртүрлі жайсыз қүбылыстарға душар етеді.
Фермент дегеніміз -- белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші. Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны белгілі. Осыран сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды, өйткені, олар тірі материяда әрекет жасайды. Фермент (латынның тілінде fermentum -- ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде -- enzym, en -- ішкі, zyme -- ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады.
Ферменттерді және олар катализдейтін реакцияларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады. Ферменттер жөніндегі ілім қалай дамыды? Фермент қатысатын процестермен адам өте ерте кездерден бері-ақ таныс болатын. Тіпті ерте заманнын өзінде-ақ қантты заттарды ашыту жолымен спирттік ішімдіктер алғаны белгілі. Ферменттер катысатын процестерді ғылыми тұрғыдан зерттеу XVII ғасырдың орта кезінен басталады. Осы кезде Гельмонт канты бар сұйық заттардың ашуы ерекше қоздырушылар көмегімен жүретінін анықтаған. Осыдан кейін Лавуазье ашу кезінде қант түгелдей көмір қышқыл газға және спиртке айналатынын анықтады.
XIX ғасырдың ортасында кейбір фермент препараттары (уыттан -- амилаза, қарын сөлінен -- пепсин, т. б.) бөлініп алынды Сөйтіп, катализ және катализаторлар жөніндегі ілім жарыққа шықты (Берцелиус және басқалар). Бұл кезде атқарылған зерттеу жүмыстары ферменттердің химиялық зат екенін, олардың негізі биологиямен байланысты екенін дәлелдеді.
Луи Пастер спирттің ашу процесін зерттеп мынадай қорытындыға келеді: ашу процесін жүргізетін химиялық заттар емес ашытқының, яғни тірі клеткалардың тіршілік әрекеті болып табылады. Ол ферменттер тірі ашытқыдан ажырамайды, олармен біртұтас деп санады. Ашуға қатысты мүндай көзқарас 1897 ж Бухнер ашқан тамаша жаңалыққа дейін ұзақ уақыт сақталып келді. Ол қүрамында тірі клеткалар жоқ ашытқы сөлін сумен бөліп алады. Осы сөлдің өзі-ақ қанттың тез ашытып, спиртке және көмір қышкыл газға айналдырғанын көреді. Осылайша қантты ыдыратып ашытатын ашытқының тірі клеткалары емес, керісінше олар жасап шығарған фермент (химиялық зат) екенін дәлелдейді. Ферменттің қантты ашытқы өнімдеріне айналдыратын катализатор екенін анықтайды.
Спиртті ашу кезіндегі қатализатордың химиялық табиғатын анықтау ферментті процестер жөніндегі зерттеуді алға апаруға дем беруші үлкен күш болды және соның нәтижесінде көптеген ферменттер бөліп алынып зерттелді. Ферменттер әсерінің теориясы (Э. Фишер, 1890 ж.), ферментті реакциялардын кинетикасы (Л. Михаэлис пен М. Ментен, 1913 ж.) жөніндегі жүмыстар жарық көрді. XX ғасырдын бас кезінде И. П. Павлов және оның әріптестері ас қорытушы ферменттердің белоктық табиғаты жөнінде өте маңызды мәліметтер алады. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ферменттерді бөліп алу.Ферменттер әсерінің кинетикасы туралы ақпарат
ФЕРМЕНТТЕР—ТІРШІЛІК НЕГІЗІ
Ферменттер өндірісі
Гемоглобин эритроциттің құрамына кіретін белок
Ферменттердің жалпы қасиеттері
Микробиология
Ферменттермен жұмыс істеу әдістемесі
Биотехнологияда қолданылатын микроорганизмдер
Биологиялық активті заттарды түзуші микроорганизмдер
Органикалық заттар медицинада
Пәндер