Вирусқа қары заттар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
«Вирустардың инфекциялық қасиеттері, вирустық инфекциялардың ерекшеліктері»

Орындаған: Тұрсын Назерке

Тобы: 212 Б

Қабылдаған: Сайлаубек Қазына

Алматы 2022

Жоспар:

І Кіріспе.

  1. Вирустар патшалығы.
ІІ Негізгі бөлім.
  1. Вирусқа қары заттар.
  2. Вирусқа қарсы заттардың әсер ету механизмдері.
  3. Инфекция және инфекциялық процесс туралы түсінік
  4. Инфекциялық процесстің даму кезеңдері.
  5. Вирусты инфекциялардың ерекшеліктері және түрлері.
ІІІ Қорытынды.

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Вирустар патшалығы

Вирус (лат. vīrus - «у») - тірі организмдердің ішіндегі жасушасыз тіршілік иесі. Ол нуклейн қышқылынан немесе дезоксирибонуклеин қышқылынан құралған нуклеопротеидтерден, сондай-ақ ферментті нәруызбен қапталған қабықшадан - кабсидтерден тұрады. Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан корғайды. Кейбір вирустардың құрамында нуклеин қышқылдарынан басқа көмірсулар, май текті заттар, биотин (Н витамині) және мыс молекулалары кездеседі. Вирустар тек тірі жасушада өніп-өсіп көбеюге бейімделген. Электрондық микроскоппен 300 мың есе үлкейтіп қарағанда, оның пішіні таяқша тәрізді, жіп тәрізді немесе іші қуыс цилиндр пішінді болатыны дәлелденді. Вирустар тірі организмдердің барлығын уландырады. Қазіргі кезде вирустардың жылы қанды омыртқалыларды уландыратын 500-дей, ал өсімдіктерді уландыратын 300-ден астам түрі белгілі болып отыр. Вирустардың биологиясы, теориялық және практикалық зерттеу арқылы анықталады.

Бактерияларды зақымдап, ерітіп (лизис) жіберетін вирустарды бактериофагтар деп атайды. Бұларды алғаш рет 1915 жылы Ф. Туорт сипаттап жазды. Кейбір бактериофагтың пішіні итшабаққа ұқсайды. Олардың денесі - басы, құйрығы және іші қуыс тармақталған базальді түтікшелерден тұрады. Вирусты сыртынан нәруыз қабаты қаптайды, ішінде ДНҚ немесе РНҚ болады. Басының мөлшері 40 нм, ал «құйрығының» ұзындығы 20-22 нм-ге тең. «Құйрығының» ұшы - нәруыз молекуласынан тұратын қуыс түтік.

Бактериофагтарды алғаш рет 1915 жылы ағылшын вирусологі және бактериологі Ф. Туорт сипаттап жазғандығы белгілі. Бірақ бұл тіршілік иесі ерте кезден зерттеле бастаған болатын. Мысалы, топалаңды қоздыратын бактерияларды ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1898 жылы орыс микробиологі Н. Ф. Гамалея алғаш рет анықтаған. Іш сүзегі бактериясын ерітіп жіберетін бактериофагтарды 1917 жылы канадалық бактериолог Д’Эрелль (Ф. д’Эрелль) байқаған.

Вириондардың икосаэдрикалық құрылымы
А. Липидты қабықшасы жоқ вирус (мысалы, пикорнавирустар) .
B. Қабықшасы бар вирус (мысалы, герпесвирустар) .

Зерттеушілер осындай көзге көрінбейтін бактериялардың паразитін егжей-тегжей зерттеп жазды да, оларды бактерия «жеушілер» немесе «жалмаушылар» деп атады. Бұдан кейінгі зерттеушілер басқа бактерияларды ерітіп жіберетін табиғатта көптеген бактериофагтардың бар екендігін анықтаған болатын. Олар ауру қоздырғыш бактерияларды ғана жоймай, пайдалы түрлерін де жояды. Бактериофагтар өндіріске, тамақ өнеркәсібіне және тағыда басқа көп зиян келтіреді. Мысалы, олар пайдалы с. т қышқылы бактерияларын ерітіп жіберіп, алынған сүт тағамдарының сапасын төмендетеді.

Вирус ұғымы 1899 жылы ғылымға алғаш рет голландиялық ғалым Мартин Бейерник енгізді. 1935 жылы америкалық вирусолог Уэндел Стэнли вирусты кристалл күйінде бөліп алды. Осы кристалдарды сау темекі өсімдігіне енгізгенде, ол теңбіл ауруымен ауыратынын дәлелдеді. 1898 ж. неміс ғалымы Фридрих Лефлер сиыр аусылының қоздырғышы аусыл вирусын, ал 1911 жылы америкалық ғалым Фрэнсик Ронс тауық саркомасының вирусын тауып зерттеді. Қазіргі кезде жылы қанды жануарларда ауру тудыратын вирустардың бес жүздей, ал өсімдіктерде үш жүздей түрі белгілі. Кейбір қатерлі ісік ауруын тудыратын вирустардың адам мен жануарларда вирустық микрофлорасы қалыптасады. Вирустардың пішіні әр түрлі (мысалы, таяқша, иілгіш жіпше тәрізді, сфералық, көп қырлы, тағыда басқа) . Вирустың жасушадан тыс (вириондар) және жасуша ішінде тіршілік ететін топтары бар. Барлық вирустар шартты түрде жай және күрделі болып бөлінеді. Жай вирустар - нуклеин қышқылдары мен ақуызды қабықтан (капсид) тұрады; бұларға таяқша, жіп және сфералық формалары жатады. Күрделі вирустар - нуклеин қышқылы мен капсидтен басқа, липопротеидті мембрана, көмірсу және ферменттерден тұрады. Вириондардың мөлшері 15 - 350 нм (кейбір жіптәрізді вирустардың ұзындығы 2000 нм-ге жетеді) ; негізінен вирустарды тек электрондық микроскоп арқылы көруге болады. Вирус тек бір типті нуклеин қышқылынан (ДНҚ немесе РНҚ) тұрады. ДНҚ -да вирустардың молекулалық саны 106 - 200Һ106, ал РНҚ-дағы вирустардікі - 106 - 15Һ106 болады. Вирустардың көптеген жылдар бойы тіршілік ортасында әрекетсіз жата беру қабілеті бар. Олар дамуына қолайлы жағдай туғанда бірнеше минуттың ішінде көбейіп, өзіне тән қасиеттерін көрсете алады. Адам мен жануарларда жиі кездесетін вирусты көпшілігі 60ӘС-та қыздырғанда тіршілігін немесе ауру қоздырғыштық қасиеттерін жояды. Ал темекі теңбілінің вирусы 10 минут бойы 90ӘС-қа дейін, сары ауру вирусы отыз минут бойы 80ӘС-қа дейін қыздырғанда ғана тіршілігін жояды. Вирус ультракүлгін сәулелер мен химиялық заттарға (қышқыл, сілті) төзімді келеді. Тотықтырғыш заттар вирустың белсенділігін жояды, ал барлық тотықсыздандырғыш заттар олардың тіршілігіне қолайлы келеді. Мысалы, полиомиелит фенолдың 0, 5%, күкңрт қышқылы аммонийдың 50%-дық ерітіндісінде сақтала береді. Ал тотықтырғыштарда, мысалы, сутек асқын тотығы немесе марганецқышқыл калий (1%) ерітіндісінде олар тіршілігін тез жояды. Вирус көбеюі бес сатыға бөлінеді: жасушаға ену; жасушада вирус нуклеин қышқылының құрылуын қамтамасыз ететін ферменттердің түзілуі; вирус құрылым бөлшектерінің жиналуы; одан вирионның түзілуі; ересек вирустың жасушадан шығуы. Вирус бактериялар клеткасына жасуша қабырғасы арқылы өтсе, жануарларда жасуша мембранасы арқылы адсорбцияланады. Өсімдіктерге вирус тек қана жасушаның зақымдалған жерінен ғана ене алады. Бір жасушаны «іштей жеген» вирустар көршілес жасушаларға ауысып, барлық организмді зақымдап, ауруға шалдықтырады. Вирустарды молекулалық биология зерттейді. Вирустар нуклеин қышқылдарының гендік қызметін ашу үшін (генетикалық кодты анықтау) пайдаланылады.

Негізгі бөлім.

Вирусқа қарсы заттар

Бұл макроорганизмде вирусты инфекцияның дамуына жол бермейтін дәрілік топты айтамыз. Вирустар - олар ферментті жүйесі, қабықшасы жоқ жасуша ішілік паразиттер. Олар РНК немесе ДНКдан тұрады. Сондықтан вирусты инфекцияның емінің біраз ерекшеліктері бар. Көптеген препараттар тәжірибеде вирусосцидті әсері болса, клиникалық жағдайда тиімсіз болып келеді.

Вирустар жасуша ішілік облигатты паразиттер. Вирусқа қарсы заттар макроорганизмнің жасушасын зақымдамай жүрмейді. Вирусқа қарсы заттар қолдану тиімділігі аздау, ал кері әсерлерінің туындауы жоғары. Вирустар жасуша цитоплазмасында немесе ядросында болуы мүмкін. Егер дәрілік зат цитоплазматикалық вирустарға әсер етіп, паразиті ядрода орналасатын болса онда ол тиімсіз және керісінше. Сондықтан жеке препараттардың әсеріне байланысты үлкен талғамдылық қажет. Вирусты аурулардың алғашқы клиникалық көріністері вирустардың өсуінен және көбеюінен байқалады. Вирусқа қарсы препараттардың вирусқа қарсы әсерінің механизмі көп жағдайы вирустар көбеюін тежеумен жүреді. Соған байланысты аурудың клиникалық симптомдары байқалмастан бұрын бастау қажет, бірақ ол мүмкін емес.

Вирусқа қарсы заттардың әсер ету механизмдері.

Пуриндер және перимидиндердің аналогтары - ДНК-полимиразаны тоқтатып, вирус репликациясын тежейді вирус ДНК синтезі тоқтайды; Дидезоксинуклеотетр -қайтымды транскриптазаны тежеп ДНК синтезі тоқтайды вирус репликациясы тоқтайды; Адамантанаминдер - энлосоманың рН жоғарылатып вакуольдерде ацидификация төмендеп Энлосома жасуша мембрана иесінің вирусты қабақшамен бірігуі тежеліп вирустың абцорбциясымен енуі төмендейді вирустың генетикалық материалының цитоплазма жасуша иесіне өтуі тоқтайды; Фосфоноформиаттар -пуриндердің фосфорленуін тежеп ДНК полимеразаның белсенділігін тоқтатады вирус ДНК синтезінің ақауы пайда болады; Тиосемикарбазон туындылары - вирусты бөліктердің кеш ақуыз қабықшаларының синтезін тежейді; Иммуноглобулиндер - вирустың беткей антигендеріне антидене құрайды адам жасушасына вирусты ң енуіне жол бермейді; Интерферондар -адам жасушасына рибосомальды ферменттерді бөледі: протеинкиназаны вирустың алғашқы пептидті тізбегінің құрылуыни бұзады; РНК-аза белсендіріліп вирустың и-РНК деградацияланады; фосфодиэстераза т-РНК соңғы нуклеотидтеір бұзылып вирустың өндірілуі тежеледі. Антибиотиктер - ересек вирусты бөліктердің қабықшасының түзілуі барысында қабықшаның жиналуын бұзады.

Препараттарға сипаттама. Ацикловир (зовиракс, вирулекс) ағзаға түскеннен кейін белсенді түрге айналып- үшфосфат нуклеозид- ДНК синтезін тежейді. Осы процесске жауапты фермент тиминкиназа вируста адамның жасушасында болады, бірақ ферменттің вирусты формасы адам жасушасының ферментіне қарағанда ацикловирмен белсенді байланысып 1 млн. Есе тез үшфосфат түзеді. Ганцикловир цитомегаловирустарға белсенділігі жоғары. Ішке қолданылады. Жағымсыз әсерлері: гематотоксикалық, энцефалопатия, иммунодепрессия, репродуктивті жүйенің бұзылуы, мутогенді, тератогенді, канцерогенді. Жүйелі ұшықты инфекцияда және ветреная оспада жергілікті, ішке және көктамырға қолданылады. Ұшықты инфекциядан және оның неврологиялық асқынуларынан өлімін төмендетеді. Рибавирин (виразол) - пуринді нуклеозидтердің аналогтары, көптеген вирус РНК-ның репликациясын тежейді(миксо-, арено-, ретровирустар)

Идоксуридин (керецид) - тимидиннің аналогтары, ДНК вирусының орнын басып, мультипликация процессін тежейді. Соған қарамастан препарат талғамсыз әсер етеді- вируспен инфицирленген жасушаға ғана емес, сүйек миында, бауырда, бүйректе орналасқан вирусты инфекцияның айналасындағы жасушаға да әсер етеді. Сондықтан улылығына байланысты препаратты жүйелі емес, жергілікті қолдану қажет. Көздің ұшықты инфекциясында қолданылады. Идосуридинді жергілікті қолданғанда везикулезді бөртпемен жүретін терінің қызаруы болуы мүмкін. Кейде оны вирусты инфекцияның ошақтары ретінде қабылдайды, бірақ ол удосукридиннің әсерімен байланысты гистаминнің бөлінуімен жүретін жергілікті тітіркендіргіш реакциясы. Метисазон (марборан) оспа вирусында тиімді. Ішке тағайындайды. Шынайы оспаның алдын алу және оспа вакцинациясынан кейінгі болатын асқынуларды төмендету үшін қолданылады. Қарсы көрсеткіштері: бауырдың, буйректің, АІЖ ауыр аурулары. Зидовудин (азидотимидин) ЖИТС-ВИЧ инфекцияда қолданылады. Иммунды жеткіліксіз адамға лимфотропты РНК құрамды вирус лимфоцитіне енген соң, қайтымды транскриптаза әсерімен матрицада ДНК синтезі жүреді, содан лимфоциттердің зақымдалуы жүреді. Азидотимидиннің әсер ету механизмі осы айтылған ферментті тежеумен байланысты. Әсіресе ол ауру белгілерінің пайда болуы алдындағы вирус тасымалдаушыға әсері тиімді. Кері әсерлері: микроцитарлы анемия, нейтропения, лейкопения, гепатомегалия, бас ауру, дәмнің бұрмалануы, диарея, миалгия, гипертермия, қалтырау, кардиалгия, депрессия.

Интерферон Вирусқа және микробқа қарсы әсерінен басқа төмендеген иммунитетті белсендіре отырып, ісікке қаосы әсер көрсетеді. Ағзаның көптеген қызметіне, соның ішінде ОЖЖ қызметіне әсер етеді. Клиникада келесі препараттар қолданылады:- α - 2А-интерферондар:реаферон, роферон; - α-2В- интерферондар: нитрон-А, инрек, виферон; - α-2С- интерферондар: берофор, эгиферон, велферон; - β- интерферондар: бетасерон, фрон; - γ-интерферондар: гаммаферон, иммуноферон. Қолданылуы:Тұмаудың емінде және оларды алдын алуда, сонымен қатар вирусты респираторлы ауруларда, вирусты гепатитте. Парентеральды енгізген кезде: қалтырау, бас ауру, миалгия, артериальды қысымның төмендеуі, аритмия, тахикардия, қарыншалық экстрасистолия, қан түзілудің және ОЖЖ қызметінің бұзылуы, шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, құсу болуы мүмкін.

Интерфероногендер Интерфероногендер ағзаның қатысты тіндерінде өзіндік интерферондарды түзеді және қатаң түрде түр және жасуша сәйкессіздікке ие болады. Антигендік қасиеті жоқ. Полудан (полиаденил-уридил қышқылы) . Оны көздің вирусты ауруларында қолданылады. Коньюктива ішіне немесе көздік тамшы ретінде тағайындайды. Басқа синтетикалық интерфероногендер: неовир, циклоферон, амиксин. Олардың әсер ету спектрі кеңірек. Бұл препараттарды тұмаудың, ЖРВИ, вирусты гепатиттердің, ұшықты энцефалиттердің және арбовирусты этиологиялы аурулардың алдын алу және емдеу үшін қолданылады.

Инфекция және инфекциялық процесс туралы түсінік.

Инфекция (іnfectio-жұғу, жұңіқтыру) - сыртқы және әлеуметтік ортаның тиісті жағдайында патологиялық, қорғаны сбейімделу және компенсаторлық реакциялардың дамуын қамтитын қоздырғыш пен макроорганизм арасындағы күрделі кешенді комплекс.
Инфекциялык процесс-организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және физиологиялық қызметін бұзатын патогенді микробтар макроорганизмге енгенде пайда болатын және дамитын физиологиялық және патологиялық, адаптациялық және репарациялық реакциялардың жиынтық көрінісі.
Қарапайымдар қоздырған осындай процесті - инвазия дейді.

  • Инфекция пайда болып дамуы үшін 3 фактор керек;
  • Патогенді микроорганизм. Макро- және микроорганизмнің өзара әсерлесуі болатын қоршаған орта.
  • Қабылдаушы макроорганизм.
  • Жұқпалы аурулардың соматикалық аурулардан ерекшелігі; қоздырғыштың болуы жұқпалылығы аурудың кезеңдері мен өтуі (4 кезеңі болады) арнайы иммунитет пайда болуы
  • Патогенділік - микроорганизмнің инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігі, ол микробтың түрлік қасиеті, микроорганизмнің патоморфологиялық, патофизиологиялық және клиникалық көріністермен сипатталады. Ол микробтардың әртүрлі патогенділік белгілеріне (капсула түзу, ферменттер және токсиндер бөлу т. б. ) жауап беретін гендермен байланысты (tox-ген т. б. )

Вируленттілік - патогенділіктің жоғары дәрежесі немесе сандық мөлшері, ол арнайы бірліктермен (DLM, DCL, LD 50) өлшенеді.
DLM (dosis letalis minima) - тірі микробтардың өлім туңызатын ең аз дозасы, жұқтырылған жануарлардың 80-90% өліммен аяқталады.
DCL (dosis certa letalis ) - сөзсіз өлім туғызатын дозасы. Жұқтырылған жануарлардың 100% өліммен аяқталады.
LD 50 - жануарлардың 50% өлім туғызатын доза.

Вируленттілік факторлар:

  • Адгезия - жабысу, ол микроютарда арнайы адгезиндердің (рецепторлардың), кірпікшелердің тейхой қышқылы (гр+бактерияларда) ЛПС және липопротеидтер (гр- бактериялар) сыртқы қабатында мембаналық ағуыздардың (капсула құрамындағы) болуымен байланысты.
  • Колонизация - шырышты қабаттарда жылдам өсіп-өніп, микробтық қабықша құрып, патологиялық процесс қоздыру қаблеттілігі .
  • Пенентрация - эпителиялық жасушалардың, лейкоциттердің немесе лимфоциттердің ішіне енуі.
  • Инвазия - шырышты қабаттар және дәнекерлік тіндер арқылы өтіп, аймақтық тіндерге таралу қабілеті.
  • Патогендік ферменттер - гиалуронидаза, нейроминидаза, коагулаза, фибринолизин, лейкоцидин, уреаза, лецитиназа, протеаза, ДНК-аза, дикарбоксилаза т. б.
  • Антифагоциттік белсенділік - фагоциттердің әсеріне қарсы тұру қабілеттілігі, ол көбінесе капсула түзетін бактерияларға тән (пневмококктар, оба таяқшасы, клебсиелла, т. б)
  • Агрессиндер - органимзнің қорғаныс күшін басып тастайтын және қоздырғыштың патогенділігін күшейтетін заттар
  • Токсиндер (ақуыздар, липополисахаридтер) - микроб жасушасының ішінде эндотоксин немесе сыртқы ортаға бөлініп шығатын экзотоксин улы заттар.
  • Экзотоксин - химиялық табиғаты бойынша - ақуыздар: термолабильді, органотропты, улық антигендік және иммуногенді қасиеті күшті: формолиннің әсерінен анатоксинге айналады.
  • Эндотоксин - химиялық табиғаты бойынша ППС термостабильді: органотроптылығы жоқ, улық, аентигендік және иммуногендік қасиеті төмен: формолиннің әсерінен анотоксинге айналмайды.

Әсер ету механизмі бойынша

  • Цитотоксиндер - субжасушалық деңгейде ақуыздардың синтезделуін тежейді (дифтериялық токсин)
  • Мембрано токсиндер - беткейлік мембраналардың өткізгіштігін күшейтеді, нәтижесінде жасушаның өзінше реттелуін бұзады (лейкоцидин, гемолизин т. б. )
  • Функционалдық тежегіштер (блокаторлар) - энтеротоксиндер (ішек инфекциялары), нейротоксиндер (ботулизм, сіреспе) Эксфолиатиндер (нәрестелердің күлдіреуік ауруын қоздырады) және эритрогендер (скарлатина кезінде бөртпе шығуға әсер етеді) .
  • Инфекция көздері (источник) :Ауру адам немесе жануарлар
  • Бактерия тасымалдаушыларБерілу факторлары:Тағамдар, топырақ, ауа, су, шаң, нәжіс, тұрмыстық заттар, жеміс-жидек, көкөніс, жәндіктер, медициналық саймандар т. б.
  • Жұғу жолдары:Трансплацентарлы (вертикальды) - қызамықКонтактылы (жанасу) - тікелей жанасу - жыныстық жолмен жанама жол - тұрмыстық заттар арқылыТрансмиссивті- жәндіктер шаққанда (безгек) Фекальды-оральды (алиментарлы, тағамдық) - ауыз арқылы жұғу (іш сүзегі, гепатит А, полиомиелит) Ауалы-тамшылы (респираторлы) - тыныс алу жолдары арқылы жұғу (қызылша, тұмау) Парэнтеральды (ятрогенді) - әр түрлі инъекциялар кезінде жұғу (гепатит В, ЖИТС)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Вирустардың организмге таралуы, енуі, орналасуы.Инфекцияның түрлері және оларға сипаттама. Иммунитеттің механизмдері
Микроорганизмдер - антибиотиктердің продуценттері
Қан физиологиясы
Вирустар, түрлері және организмге орналасуы
Инфекция түрлері және оларға сипаттама
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары туралы ақпарат
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныш реакциялары.Қанның тобы мен резус – факторының заңдылығы
Вирустардың гентикалық аппараттарының ерекшеліктері. ДНҚ-сы бар және РНҚ-сы бар вирустар
Организмнің арнайы және арнайы емес қорғаныс реакциялары. Қан топтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz