Еліміздегі алғашқы баспалардың пайда болуы

1809 жылы Қазан университетінде баспа ашылады. ХІХ ғасырда Қазан қаласы Орта Азия және Қазақстан халықтарының мәдени-ғылыми мұраларын жинап, зерттейтін, жарыққа шығаратын орталыққа айналды. Сонымен қатар ХІХ ғасырдың 2-жартысында Орынбор, Уфа, Ташкент, Санкт-Петербург, Троицк, Астрахан қалаларында да қазақша кітаптар шығаратын баспалар құрылды. Бұлардың ішінде "Ағайынды Каримовтар", "Шарқ", "Тұрмыш", "Умид", "Урнәк", т.б. Баспалардың рөлі ерекше болды. Қазақ тіліндегі тұңғыш кітап -- Қазан гимназиясы баспаханасы шығарған "Сейфүл-мәлік" қиссасы (1807). 1851 ж. Қадырғали Жалайдидың "Джами-ат-тауарих", Ы. Алтынсариннің "Қырғыз хрестоматиясы" 1879), "Қамбар туралы поэма" (1882), "Мұхаммед Ханафия" (1882), "Қыз Жібек" (1894), "Қозы Көрпеш хиссасы" (1890), 20 ғ-дың басында "Хисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны" (1900), "Хисса Алпамыш" (1901), 1909 жылы А. Құнанбаевтың өлеңдер жинағы, "Қазақтың айнасы" (1910), "Қазақша әліппе" (1910), С. Көбеевтің "Қалың малы" (1913), т.б. кітаптар осы баспалардан шыққан. 1917 жылға дейін қазақ тілінде 700-ге жуық кітап басылды.
Қазан төңкерісінен кейін кітап басу ісі бірден мемлекет иелігіне алынды. "Мемлекеттік баспа туралы" қабылданған декрет (29.12.1917) бойынша Баспа ісін қайта құруға қажет материалдық-техникалық база мен кітап қорлары мемлекет пен халық меншігіне берілді. 1917 жылдың аяғында БОАК-тың (Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің), Санкт-Петербург, Мәскеу кеңестерінің жанынан Баспа бөлімдері ашылды. Ұлт істері жөніндегі Халық комиссариаты (Ұлт халкомы) құрылды. Оны И.В. Сталин басқарды. Қазақ халқының аса көрнекті саяси қайраткері Т. Рысқұлов орынбасары болды.
1917-1919 жылдары Баспа жұмысын Оқу халкомы мен Ұлт халкомы құрған Мұсылман істері жөніндегі комиссариат басқарды. Ұлт халкомында 11 бөлім мен комиссариаттар жұмыс істеді. 1918 жылы 12 мамырда бұларға Қырғыз (Қазақ) бөлімі қосылды. 1918 жылы қараша айында өткен мұсылман коммунистердің Бүкілресейлік І сьезінде мұсылмандық ұйымдардың Орталық бюросы сайланды. Бюро құрамына Қазақстаннан Сейтқали Меңдешов енгізілді. Бюро Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тілдерінде әдебиеттер шығаруды қолға алды. Ол 1919 жылы күншығыс халықтары тілдерінде жеті млн жаңа газет, кітапша және бетшелер басып таратты. 1924 жылға дейін Ұлт халкомы жанында екі баспа -- Батыс және Шығыс Баспалары жұмыс істеп келген-ді. Шығыс Баспасын Н. Төреқұлов басқарды, ал осы Баспадағы қазақ тіліндегі әдебиеттер бөлімінің меңгерушісі Ә. Байділдин болды. 1924 жылы мамырда жоғарыдағы екі Баспаның негізінде КСРО халықтарының Орталық баспасы (Ортбас) ұйымдастырылды. 1924 жылы 13 маусымда "КСРО халықтарының Орталық баспасы туралы Ереже" бекітілді. Орталық баспамен қатар Түркістан мемлекеттік баспасы (Түркмембас) да қазақ тілінде кітаптар шығарып отырды. Ол 1920 жылы наурыз айында Ташкентте құрылған болатын. "Түркмембас" Орта Азиядағы тұңғыш кітап Баспасы еді. 1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680 570 дана, өзбек тілінде 214 7850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233 800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылып шықты. 1918 жылы қараша айында Ордада баспа және аударма бөлімдері ашылды. Бұл бөлімдер "В.И. Лениннің Америка жұмысшыларына хатын", "РКФСР Конституциясын (Негізгі заңын)", сол жылы Верныйда (Алматыда) РСДРП(б) Жарғысы мен партия бағдарламасын шығарды. 1920 жылы 3 қарашада Қырғыз (Қазақ) АКСР ОАК-і "Қазақ мемлекеттік баспасы туралы декрет" қабылдады. Сол жылғы 24 қарашада оның ережесі бекітілді. 1921 жылы тамызға дейін бұл баспа ОАК қарамағында болды. 1921 жылы 9 тамызда Оқу халкомы құрамында Мемлекеттік баспаны басқаратын Бас басқарма құрылды. Бұған қоса осы халкомда арнаулы ғылыми бөлім -- Академиялық орталық ұйымдастырылды. Орталықтың құрамында ғылыми-әдеби кеңес болды, ол оқулықтар жасаумен, саяси әдебиеттерді тәржімалаумен айналысты.
1921-1922 жылдарда Қазақстанда 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде Мемлекеттік баспа (Госиздат) тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. "Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы" Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа "Қазақстан баспасы" (Казиздат) болып қайта құрылды. Осы жылдары өз алдына Қазақ техникалық баспасы ұйымдастырылды. 1930 жылдан Ресей Біріккен мемлекеттік баспасының (ОГИЗ-дің) Өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады. Қазақстан Баспаларының саны 4-ке жетті: "Қазақстан баспасынан" Қазақ партиялық Баспасы, Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет Баспасы, Комсомол-жастар Баспасы бөлініп шықты. Қазақ техникалық Баспасы "Қазақстан" Баспаның құрамына кірді. Мамандандырылған Қазақфото Баспасы жұмыс істеді. Сол жылдары Полиграфия және баспа Бас басқармасы ұйымдастырылды. 1941 жылдың басында республикадағы барлық Баспалар қосылып, Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы аталды (Каз ОГИЗ). Соғыстан кейін Баспалар қайтадан даралана бастады, кейбірі жаңадан ашылды. Соның бірі Қазақстан ғылым академиясының "Ғылым" (1945) Баспасы. 1947 жылы КазОГИЗ-ден Қазақ оқу-педагогика баспасы (кейінгі "Рауан"), 1950 жылы Қазақ мемлеттік көркем әдебиет Баспасы (кейінгі "Жазушы") бөлініп шықты. Сол жылы Қазақ біріккен мемлеттік Баспасы өзінің алғашқы атын қайта алып, Қазақ мемлекеттік Баспасы болды. Ол 1962 жылы "Қазақстан" аталды. 1962 жылы 1 наурызда Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы әдебиеті Баспасы (кейінгі "Қайнар") жұмысқа кірісті. 1968 жылы "Қазақ энциклопедиясы" бас редакциясы аталатын аса ірі Баспа дүниеге келді. Өндірістік қуаты өте зор "Дәуір" газет-журнал Баспасының да жұмыс қарқыны арта түсті.
Ұлттық негізде құрылған жаңа баспаның алғашқы өнімі - Әліппе. Бұл - қазақ баспа ісінің қарлығашы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы.
Қазақ баспа ісінің тарихынан сөз қозғау үшін алдымен баспа және кітап, баспасөз деген ұғым-түсініктердің мағынасын білуіміз шарт. Қазақтың төл жазбасында жарық көрген кітаптардың шығуымен кітаптардың тарихын бастай аламыз. Ұлттың жазуының тарихы тым көнеде, ерте заманнан басталатынын ескерсек, тек жаңа заманғы үрдістердің қалыбымен жарық көрген кітаптарды, ілгерішіл басылымдарды, оны дайындап шығаратын ортаны (баспа ісін) осы мақаламызда арнайы сөз етеміз.
Жазба әдебиетінің дамуынан болған кітаптар шығару ісі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының кезеңімен тұспа-тұс келеді. Алайда осы орайда қазақ ақын-жырауларының шығармалары мен көне хисса-дастандардың, ертегілер мен батырлар жырының жарияланып тарағанын жоққа шығармаймыз. Фольклорлық мұралардың бірнеше мәрте бастырылып көршілес Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Астрахан және Санкт-Петербург қалаларындағы жеке меншік баспалардан жарық көргені белгілі. Алайда өзімізде жеке баспа болмағандықтан ұлттың ұлы ақыны Абайдың жырлары кітап болып 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көргенін айта кетуіміз лазым. Бұл уақытта Ресейде баспа ісі жанданып, біршама жетіліп, бір ғана жазушы, баспагер Н. Новиков баспахана, кітапхана, мекемелер ашып, кітап дүкендерін ұйымдастырған.
Қазақтың оқыған азаматтарының топтасып, елі мен жерінің қорғанына айналу және жас қазақ баласының көкірегіне сәуле құю үшін газет ашып, баспа ісін жандандыру үшін ұлттың саяси көсемі Әлихан Бөкейханның тікелей басшылығымен Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы Қазақ газетін шығарды. Алғашқы қазақ журналы Айқаптың бас редакторы Мұхамеджан Сералиннің де түпкі мақсаты қазақтың санасы ояту, патшалық отаршылдықтың зардаптарын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz