Қай жаста қандай спортпен айналысқан дұрыс



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дайындаған: Зинатдинов Мадияр
Қай жаста қандай спортпен айналысқан дұрыс
Спортпен ақылға қонымды мөлшерде айналысудың, денсаулыққа оң әсер ететіні бәріне белгілі. Бірақ, бұл жағдайда жаттығудың денсаулыққа әсері әртүрлі болуы мүмкін.
Физикалық белсенділік жүрек ауруларының қаупін азайтып, онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінен қорғайды және 2-ші типті диабеттің дамуына жол бермейді.
Сонымен қатар, спорт біздің психикалық денсаулығымызды қалыпты жағдайда ұстап тұрады. Спортпен жаттығу кезінде ағза адамның көңіл-күйі мен өзін-өзі бағалауға оң әсерін тигізетін эндорфиндер өндіреді.
Бірақ, 20 жастағы мен 40 жастағы адамдардың бірдей спорт түрімен айналыспайтыны анық. Яғни, белгілі бір жасқа сай келетін спорт түрлері бар деп болжауға болады.
Егер физикалық белсенділікті таңдаған кезде жас факторын ескермесеңіз, кейбір жағдайларда денсаулыққа ауыр зиян келтіріп алуыңыз мүмкін.
Балалық шақта
Физикалық жаттығулар балалардың дамуына, бұлшық еттерінің қатайып, өзіне және өз күшіне деген сенімділігін дамытуға, сондай-ақ, салауатты ұйқы режимі мен сергектіктігін сақтауға көмектеседі.
Сондықтан кішкентай кезден бастап баланың әртүрлі қабілеттерін дамыту үшін түрлі спорт түрлерімен жаттығып көру маңызды. Оларға жүзуден, доп ойнап, күресуге дейінгі барлық спорт түрімен айналысуға болады. Сондай-ақ, балада саябақта немесе ойын алаңында ойнау секілді еркін дене белсенділігі үшін уақыт болуы керек.
Жасөспірім кез
Ғалымдардың айтуынша, бала есейе бастаған сайын оның спортқа деген қызығушылығы жоғалады, бұл әсіресе қыздарда көп болады.
Дегенмен, жасөспірім кезде спортпен айналысу тек дене бітімді қалыпта ұстауға емес, сондай-ақ стресс деңгейін төмендетіп, жасөспірімдерге тән қорқыныштан арылуға көмектеседі.
Осы кезеңде командалық спорт түрлерімен ойнаған жақсы болмақ. Бұл спортпен айналысуды ынталандыруға, жасөспірімнің адамдармен араласу ортасын кеңейтуге және оның тәртіпті үйренуіне көмектеседі. Ал егер командалық спорт түрімен айналысқыңыз келсеме, онда жүзу, гимнастика және жеңіл атлетикамен айналыссаңыз болады.
20 жаста
Сарапшылардың пікірінше, біз өміріміздің осы кезеңінде спортта жақсы нәтижелер көрсете аламыз. Себебі, бұл жаста реакция жылдамдығы өз шыңына жетеді, ал қалыпқа келуге көп уақыт кетпейді және басқа жасқа қарағанда дәл осы кезеңде қанға оттегі жылдам түседі.
Егер сіз қазір 20 жаста немесе сол шамада болсаңыз, онда осы жастағы ең жоғарғы нәтижеге жетуге тырысыңыз. Регби, жүгіру, ауыр және жеңіл атлетика секілді спорттың әр түрлі түрлерімен айналысып көріңіз.
Сондай-ақ, жаттығуларды әртүрлі етіп жасауға тырысыңыз. Баламалы аэробтық жаттығуларды анаэробты және күштік жаттығуларымен кезектесіп жасаңыз.
30 жаста
Бұл жаста бұлшықеттердің күштілігін және жүрек-қан тамырлар жүйесінің саулылығын сақтап қалу маңызды. Қағида бойынша, адамдар осы жаста отырып жұмыс істейтін қызметте болатындықтан және отбасылық мәселелер көбейе бастайтындықтан, спортқа уақыт табу қиын.
Сондықтан бұл жаста адамдар ақылмен әрекет етуі керек. Уақыт жетпейді деп жаттығуды тастап кетуге болмайды. Сіз көп уақыт алмайтын қысқа, бірақ өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорт - денсаулық кепілі!
Қозғалыс реакциясының жасырын уақыты
Денені шынықтыруға қажетті жаттығулар мен спорт түрлері
Мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесі
Қазіргі мектептегі дене тәрбиесі
Мектепке дейінгі мекеме,бастауыш, орта, жоғарғы сыныптарда және әр түрлі типтегі мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі
Самбо күресінен спорт мектептерінде қосымша спорттық білім берудің педагогикалық негіздері
Спорттық күрестің даму тарихы арқылы палуандарды дайындау ерекшеліктері
Еркін күресте болатын жарақаттар
Денсаулық - зор байлық. Жұмысқа қабілеттіліктің сатылары
Пәндер